Мінез, қылық, ақындық

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №3 162

Адамдық және айуандық,

Арашаға кімді, нені қоялық?

Мінез деген адамдықтың көлеңкесі,

Көрсеткен айна емес пе қылып анық.

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Бұл сырды талай дана қайталапты.

Махаббат адамдықтың-өзі  десем,

Бұл сөзге кім менімен дауласпақшы.

Пайғамбардан қалдырған өсиеті,

Махаббаттың бар деген жүз киесі.

99 санды жасырын адамзат несібесі,

Ал бірің адамдықты күзетпекші.

Абай дана насихаттап ой мен тілді,

Екеуін бірге ұстаған кемел деді.

Тіл ақылға бағынып, ойың еске,

Есті ойдың жақсы мінез бұл жемісі.

Естіліктің ұлтына сай бар қағидасы,

Ұлттық дәстүр ерекшелік, бұл парасы.

Ар мен Ес, махаббатпен сөз мінезі,

Ақындықтың үлгісі Абаймен жалғанғанды.

Қазаққа дәстүр еді Дәуіттей ұлы салған,

Есті сөз, ой мен тілі Құдайдан ажырамаған.

Ар сауытын тоқыпты Дәуіт бабам,

Ақындық салт, дәстүріңе ат байлаған.

Ал енді ақындар көп ұлтымызда,

Сөз өнері қасиетінен салтымызға.

Атадан қалған ақ сауытын арамдаған,

Ақындар бар сөзі уақ халқымызда.

Махаббатты жырламайтын ақын бар ма?

Сұрасаңшы ар білімінен хабары бар ма?

Шашын жайып, төсін ашып үгіт айтар,

Көт ашқаннан деді Абай жол сұрма.

Махаббаттың бір сипаты есті жан емес пе,

Жан күзеткен, ар сауытың нұр емес пе.

Арды білмей күйдім, сүйдім, ғашық болу,

Махаббат деп атаған ақын, жын емес пе?

Сенсең болды, Құдайға иман дейсің,

Қызылбастың дін салтын тура дейсің.

Бастағы бес мүшеңді де қорғай білмей,

Махаббатсыз жүрекке қалай иман енсін.

Өз арыңды, өз тәніңді сақтай алмай,

Жаныңа таза ақыл, ес тола ма?

Өз жанына, арына жақсылықты қыла алмай,

Махаббатты меңгерген жас бола ма?

Кемпір деген асыл сөзді мазаққа алған,

Қазағымда ақын да бар жүлде алған.

Көп жынды мәз болып қол соққанды,

Сынағанда арсыздықты ақын адам,

Мазақтадың деп қазағымды ашуланған

Ақын қатын бас жүлдені жеңіп алған.

Қалайша билер сөздің парқын біле алмаған

Сын мен мінді ажыратпай ақын болған.

Қазақтың ар сауытын былғады өңкей надан,

Қанша текті аталарың дәстүріңе ат байлаған.

Бас жүлдені алады ақын ессіз сөзбен,

Ойы бөлек қу тілмен, босқа күлген.

Аталы сөз айтқанды ұға алмайды,

Есті болсаң, түзетсеңші бұл жағдайды.

«Т.Б.К  Желтоқсан 2013)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *