Мемлекетін қазақ құрмаған

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 72

Ел басшылар неге сөзді ұқпайды,

Естілерге болып жүр бұл қайғы.

Үлкендерден ақсақалдық жоғалған,

Ата дәстүр ата жолын кім ұстайды?!

Егемендік ел болдық деп шулайды,

Дәстүрің жоқ неге мұны ұқпайды?

Қазақ елі- МЕКЕМЕ ғой тегінде,

Ата жолсыз егемендік болмайды.

Тәуелсіз мемлекет деп атайды,

Ата заңмен арсыздықты қорғайды.

Әлемнің бар  әдебіне бағынған,

Ар ұятсыз, қазақ ел боп тұрмайды.

Ел басшылар әлемге қол жайды,

«Цивилизация» азғын салтын қолдайды.

Ақ жаулығың жоғалғанда жан өлі,

Мемлекеттік өз жолың жоқ арнайы.

Елге басшы жобасыз құдай болмайды,

Ханың да төрелік қасиет қонбайды.

Еліктеген әлемнің дүние салтына,

Нұры түгіл сұлтандығы да болмайды.

Мал табарлар енді көпке бармайды,

Мемлекетті дін дәстүрсіз құрмайды.

Құдайдан пәрмен түсіп нұрын шашса,

Оянып  қазақ, діл елдігін де сұрайды.

Қараша желтоқсан мен екі айды,

Ниетіне халықтың Раббы қарайды.

Желтоқсанда тойдың арты азаппен,

Жалғандығын ескертумен сынайды.

(Қараша 2016 жыл)

***  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *