Қазақтың бар қуанышы

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 89

Қазақ неге қуандың,

Орындалды деп қалауым.

Орамалға тыйымды,

Биліктің займен тыйғанын.

Парызын Алла алмадың,

Бұған қалай қуандың.

Орындаламай дәстүрің,

Ықпалы артса шайтанның.

Жан, ділін ұлттың жойғанын,

Әуретін нәзік ашқанын.

Ашылды жол деп сұқтарға,

Албасты болмақ қыздарың.

Оқушы жүкті болғанын,

Қоқысқа туып тастасын.

Қуанышың осы үлкендер,

Зинақор қауым болғанын.

Ұятты жастың алмасын,

Қанына ділі толмасын

Дегенде болды қуаныш,

Дінші боп жастар қалмасын.

Жалаңаш қызға қарасын,

Үлкеннен рахат қалмасын.

Көздерін жүрсе суғарып,

Қызының көріп құрдасын.

Жақтырмай тәнін жапқанын,

Салты деп бұл араптың.

Шайтаннан болған қарсылық,

Білімді қауым алғаның.

Ұятсыз тәнін сататын,

Білсін деп жастай бағасын.

Еркіндік беріп қуандың,

Шет елге байға қашатын.

Қуандың неге қазағым,

Білсеңде тозақ азабын.

Доңыздай болып қылығың,

Ашықса жейтін ұрпағын.

Кейбіреу рас қуандың,

Тәрбиесін беріп баланың.

Ұлтыңнан тек жоғалса,

Болады қайда тұрағың?

Елдігін ұлттың алмадың,

Тәуелсіз мемлекет болмадың.

Әлемнің арсыз бөлімі,

Мекемесі болды құрғаның.

Ел басшы деп босқа атауың,

Мал табарлық бар заңдарың.

Ар-ұят деген сөзді айта алмай,

Елдігінді тастап қуандың!

Болады енді жылауың,

Тозаққа бірге құлауың.

Құдайдан түсіп лағнет,

Алдыңда елім сынағың!

(Қараша 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *