Сөз қадірін бар ма ұққан?

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 172

Сөздің құнын бағалатқан,

Шешеніне шапан жапқан.

Жиреншенің лашығына,

Жаяу барып дәмін татқан.

Жәнібектей ханың болған,

Уәзірлері әзір тұрған.

Қазақтың діл қадірінен,

Ғибаратты үлгі қалған.

Нұрсұлтандай басшы болған,

Жерін сатып ел шулатқан.

Ана тілін кемсітумен,

Үш тілменен бала оқытқан.

Өз ұлтын жамандатқан,

Дүниемен қазық қаққан.

Ақылыңды байлап қойып,

Арсыздықтың салтын алған.

Бұл да бір ақыр заман,

Ел билігі арын сатқан.

Әлемдерге қол жайғызып,

Әлеуметін тұралатқан.

Әйелдерін жанын сатқан,

Шайтанан -жын шерік қосқан.

Ел басшының мақтаны бұл,

Перғауындай құдай атқан.

Ел тағдырын тұралатқан,

Қарғыс жүгін арқалатқан.

Дінсіз билік құрағанымен,

Құтыла амас тәңірі хақтан.

Айтылғанмен күнде мақтан,

Қалауынсыз құдай жақтан.

Дін қадірін таба алмаған,

Құларсың түбі алтын тақтан.

Хабар келді тылсым жақтан,

Жалбарын деп ей Нұрсұлтан!

Орыс елінен сынақ келер,

Қазақ елін ойсыратқан!

Жақсың кім, болсақ жаман,

Хабар берер хақ шындықтан.

Ата жолсыз қияметтен,

Құтқарылмақ кім азаптан!

(Желтоқсан 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *