Желтоқсанмен  арандатпа!  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 76

Ұлт мінезі замана тағдырында,

Заманың меңгерумен сынағында.

Құдайшылдық қашанда алып шығар,

Көтертіп нардың жүгін ауырында.

Жындылықтың түрі көп ұлттығыңда,

Төзімсіздік танытып дін сынына.

Өзін-өзі көтеріп өзге ұлттан,

Зұлымдықты сатып алған тағдырына.

Бастықтарың негірден де егер болса,

Бағыныңдар деген өсиет пайғамбарда.

Жоңғар, қалмақ, орыстың жандаралы,

Басқарғанды қазақты тарихында.

Қазақтың даналығы төзім, сабырында,

Ұрпақтарын арандатпай сақтығында.

Ақырын бер құдайым деп жалбарынып,

Тектілігін бүлдірмеген тағдырында.

Желтоқсанда не ұттың шындығында?

Ақылмен, дін жаныңмен таразыла.

Құдайдан сынақ келіп құламаса,

Желтоқсаннан орыс қорқып басылды ма?

Төзімі ұлттың бұл ай сыналуда,

Дінсіздікке Құдайдың бар жауабы да.

Елінен орыс қайта сынақ салса,

Жынды жасты арандатып кәпір қылма!

Ұлт жарасы желтоқсан дін жанында,

Белгісі түседі қияметтік Раббының да.

Желтоқсанда ұшақтардан апат болып,

Қанша жаннан қан төгілді мұны ойла.

Арандатқан жындылар көп бүгін таңда,

Құдайын мазақ қылған тағдырында.

Ұлтшылдықпен алты ауыз араздықты,

Көбейтуге жан таласып дін бұзарға.

Ескерту аруақтардан тағы тыңда!

Ұрпағыңа лағнетін Құдай сатып алма,

Талайлардың тағдырын талқан қылып,

Ұлт тағдыры дін сынына қарсы тұрма!

Жындыларда Құдай жоқ ұғымында,

Тыңдамай жалғастырар ұранын да.

Құдайдан түбі жауап келген күні,

Не жаздым дейді бұлар шындығында.

(Желтоқсан 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *