Мөңке бидің болжамы орындалған

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 331

Кер замандық қазақтың талабы барды,

Адамдық қасиет жоғалды бәрі.

Жамандықтың салтына жалғанып алды.

Ақырзаман белгісін түгел алған,

Бабалары қазақтың болжамы барды.

Көлдеріміз құрғап табаны қалды,

Қазақтың жақсысы кетіп жаманы қалды,

Ата жолын соттатып масһабын алды.

Әулиесін жын-шайтан деген дінші,

Надандар дәстүрін қазақ мазағына алды.

Құрамалы қорғанды үйіміз болды,

Ақшаға сатылатын биіміз барды.

Халықтың елдігін тоздырған,

Жиналып мақтанған сөздері қалды.

Тойшыл мас ұлдарымыз барды,

Көзіңе тіке қарап бежірейетін,

Қыз, қатындар ерлердің шалбарын алды.

Қой қуаты, құйрық жағар дінің қалды,

Май құрықты қыз, қатынның көңілі азды.

Кесірліктен ішінде пышақ айналмас,

Жастардың іші толған суық қарлы.

Ата-ананы сыйлауды ескілікке алды

Ар-ұятсыз келіндердің билігі барды.

Ішетін сары судың түрлері артып,

Ішіп алып итше үруге үйреніп алды.

Арақ ішпей дүниеге мас үлкендар азды,

Жігіттікпен қоштаса алмай ақылы жарлы.

Қиналғанда ағайынға қолын бермес,

Шапағаттан мақұрым жақының барды.

Ит пен мысық достасып алды,

Хайуан артық ер әйелден ақылы барды.

Ә дегенде мә дейтін қатын-қалаш,

Жесірлікті артық көріп теңдігін алды.

Ертеңіміз бұлыңғыр күніміз барды,

Ақыл айтсаң кішілер жағаңнан алар,

Ар-ұятты сақтаған дәстүрің қалды.

Алашұбар ұғымсыз тіліміз болды,

Үш тілді алып, ұлттың діл жаны азды.

Үлкен-кіші ойсыз сөзге құмар боп алды,

Нұрлы отан, нұрлы жер, нұрлы жолмен,

Жер тәңірісі болмақшы билігің барды.

Зайырлы деп дін атын алды,

Шайырланып үндері жан, рұқы азды.

Алты ауыз араздықты мәңгілік деп,

Жоба қылып заңменен бекітіп алды.

Ұғымы дүдәмал елдігің болды.

Қазаншы болған еркегің барды,

Базаршы қатын шайтаннан жынға,

Гендірлік теңдікпенен айналып алды.

Өлең айтып көпшілікке жұлдызды атап,

Қыз, қатының сауықшыл мастанып алды.

Қияметтің түскен белгісі болды,

Қаланың көшелері көлге айналып,

Қыс па күзбе белгісіз ықылымын алды.

Бүгін өлсе туысың, ертең ұмыта салды,

Тыныштықты іздегенді тексіздік деп,

Соғысты аңсап жүргендер барды.

Құдайдың қарғысымен тұқымың азды,

Шайтандықпен ескі кекті тұтататын,

Жауластырар орыспен білімді барды.

Бөріксіз, суық ойлы үлкендер болды,

Жігіттікпен қоштаспай дүниеге құмар,

Жете, сана екі күнің дәстүрі қалды.

Масһабты тәңір қылған діншілер азды,

Ата жолын ұстанбаған тек жоғалды.

Мәңгілік жан көбейтсең қарсы болар,

Ақ жаулықты алдырмаған заңдарың барды.

Білімдерін кітап қылып артып алған,

Есеп білмес есектей ғалымың барды.

Бәрінен ең сорақы жаның тозар,

Жалаңаштық салт ұстанғаннан ар жоғалды!

Ар жоғалтып қазақтың иісі азды,

Көше толған мүрденің сасық исі,

Тыныспен кіріп ішіңе жылан боп алды.

Алтауың араз, дәм сезу қалды.

Арам мен адал астың парқы жоқ,

Шошқадай болмақ нәсілің қалды.

Билерің азып, болған етекбасты,

Нұрлы жол, мәңгілік ел заңдарын жазды!

Қияметтің мезгіліне елің  үйреніп алды,

Перғауынның еліндей жоғалу ғана қалды!

(Желтоқсан 2016 жыл)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *