Қияметтің сыны ел биліктің алжасуы

Бөлім: Қиямет мезгілі рухани сынақтар 113

Әлемдегі болып жатқан барлық рухани сынақтардың қазақ елінен де ашық бейнеленуі және онымен күресу жолдары мен заңдарының ұқсастығынан қазақ елінің де әлемдік барлық оқиғалардан шет қалмауына да белгі болады. Бірақ әлемдік дағдарыстың кілтін табуды жаратушы иеміз қазақтың еліне беріп, ібілістің де ең жоғарғы көмекшілері, яғни ібіліске айналған білімді, ілімді ел басқарушылары да қазақ елінен көрініс беруі де қияметтік сынның заңдылығы.

Қазақ халқының құдайдың патшалығында өмір сүріп, бұл кезеңдерде әлемге де үлгі, көш бастаушы болатын кезеңнің де артта қалғаны сөзсіз. Ал енді елдегі қандайда бір болып жатқан рухани сынақтардың, Құдайдан түсіріліп жатқан қазақ халқының дінсіздік, арсыздықпен, аталар жолы аманатын тастауымен ел билеушілердің де мұндай халықтың қалауын орындаушы болып; ой жоруға, ібілістің ықпалына бағытталған шешімдер мен заңдарды шығаруға да, қияметтік мезгілдің сынағынан деп білген жөн. Сондықтан дін бүлікшілерімен күресудің тәсілі деп халықтың жүрген тұрған орындарында, ұзақ уақыт қонаққа барған жерінде де өз елінің ішінде тіркеуге тұруға мәжбүрлеген заң шығарды ел билігіміз.

Бұндай халықтың өз бетінше күн көрісін де, өз елінде ерікті қозғалысын шектеуден қандай рухани сынақтың туындауы мүмкін дегенді Раббымыздан сұрап көрсек; Жауап; «Халықты ішіндегі ашу-ызасын қозғап дегбірсіздікке апарады. Өзара туысқандық, ағайындық қуат бөлісу, алмасу жоғалады. 7 түрлі сынақ белең алады. Халықтың арасында алып-қашпа сөздердің таралуына соқтырады. Жар құлақтанар және мойынсалдыққа әкеледі. 123 сандық (Абай 45 сөзінің сыры) қуаттық жүйенің бұзылуына соқтырады.

Ел билік тарапынан; Халық арасында өтірік ылаң шығару, босқындармен арада келісімге келумен байланысты саясаты болмақ. Екі жетінің шамасында халықтың арасында қақтығыс басталады. Бөгде елдердің ықпалымен айласына түсу опаты тұр. Ойсылқара атаның қолдауы түсіп, астамшылдыққа түскендердің жамандық істері жүзеге аспайды. Бұл жерде ел билеуші және халықтың өкілдері шайырлар ақылына жүгінулері керек. Халыққа жаппай мүмкін болғанынша тасаттық беруді үгіттеп орындату да керек! Алла тағала мұндай халықтың тілегін қабыл қылады, ел ішінде тыныштық орнайды!».

Ал енді көпшілік арасындағы есті, текті азаматтар екі естілікке байланғандықтан діннен бабалар аманатынан бас тартқан, әлемдік қара түнек күштерінің, жындардың еркінен өз ақылымен жол тауып шыға алмайтын ел билеушілеріміздің мұндай ой жорыған зұлымдыққа түсіп, екі аралық қазақ еліне жамандықты қалаушылардың ықпалына түсуден, елді арандатудан сақтауға амал қылған да жөн болар. (Қаңтар 2017 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *