Ертең ертең ертең деп,
Болашақты барладық.
Мәңгілік өмір сүрсем деп,
Ел билікке алдандық.
Жүз қадам аттасаң,
Бай болам деп мақтандық.
Ертең ертең ертең деп
Ел биліктен жоба алдық.
Дана болсын бар қазақ,
Жолды нұр деп атадық.
Отанымыз тұрсын нұрланып,
Партиямен иман жалғанып.
Үй салуға жер беріп,
Киелі орын қорым атадық.
Ғылымның үш негізін,
Үш тілмен болдық аларлық.
Жемісі ертең, ертең деп
Ұлы дала елі боларлық.
Тегің қазақ жалған деп,
«Овың» мен «евті» тасталық.
Ұрпағы болмай атаның,
Тозақтық атқа байладық.
Құдай емес сөз берген,
Орыстан тәңір жасадық.
Теңдес болып әкемен,
Атаны «банда» атадық.
Ертең ертең ертең де,
Нәсілін ұрпақ алмадық.
Жынды елді ертеңшіл,
Құдайдың барын сынарлық.
Дінмен соғыс ашуға,
Тіркетіп елді заң жазып.
Халықтың бәрі бүлікшіл,
Күмән салған тажалдық.
Билерің кеткен тазданып,
Бақытсыздың ол анық.
Пұшық болған еркектер,
Иіс сезбес арланып.
Жаулықсыз, жалаңаш қатын
Аспен қолдан у алып.
Бақытың соқыр көзінде,
Ашылмай маңдай сорланып.
Көңілі артқа май болған,
Іздемес арды ойға алып.
Ақ жаулыққа тиым заңға
Жүрген көп елде қуанып.
Көшкені бақтың осы ғой,
Бөріксіз хандар басқарып.
Ертең ертең ертең деп
Құдайды ауызға алмадық,
Құдайсыз мәңгі ел болмақ,
Арсыздықтан туды надандық.
Ұмытқан құдайды қазақ еліне,
Қиямет сағат соқты анық!
(Қаңтар 2017 жыл)