Ұлттың үлгісі біз қандаймыз?

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 115

Латынға көшсек алыстаймыз,

Орыстан дейді қашықтаймыз.

Алланың жібін тағдырын ұлттың,

Тарқатқан біз қатындаймыз.

Ата текке жалғанбаймыз,

Кер киесін алдырмаймыз.

Бүгінде біз ой жорыған,

Құдайдан еш қалыспаймыз.

Айттық бітті орындаймыз,

Білімдіміз жаңылыспаймыз.

Тылсымнан аян, уахи көріп,

Таза ақылға жалғанбаймыз.

Таңба өзгертіп қор жинаймыз,

Ұлттық сана деп атаймыз.

Қазақтың бар даналарын,

Ұрпағы енді мазақтаймыз.

Өлшемсіз үннен боқ жасаймыз,

Дамуын үннің бұғаттаймыз.

Кегің қайтар осылай деп,

Махаббатсыз ұлт дайындаймыз.

Дінді тәпсірмен мақұлдаймыз,

Құдайды бірақ танымаймыз.

Құдай айтты деген сөзді,

Жынды, мастай қабылдаймыз.

Біздер бүгін осындаймыз,

Ақыл деп білімді қисындаймыз.

Сана туралы жолдау айтқан,

Ел басшыны ойшыл атаймыз.

Құдайды айтпа бағынбаймыз,

Мәңгі елміз шайтандаймыз.

Жан ғылымын қайта түзеп,

Адамдыққа жалғанбаймыз.

Ақыл айтпа жақтырмаймыз,

Жастардан «әулие» дайындаймыз.

Санадан жаңа қала салып,

Ақылды қала деп атаймыз.

Терістелеген ой жинаймыз,

Білімді ақыл сана атаймыз.

Жете, зейін, жат, жад, зеректікті,

Зердеменен енді бақылаймыз.

Сананы ашып біз тастаймыз,

Әлемдерден деп қалмаймыз.

Дүниенің бар табысын,

Мал табуды сана атаймыз.

Тәңірсіз де көп жасаймыз,

Заманға сай әулие дайындаймыз.

Жүз пендеге табындырып,

Өзгеше бір ұлт құраймыз.

Кер жазуын ұнатпаймыз,

Сезімге лайық үн жасаймыз.

Латын харпін оңайлатып,

Екі жүзді болсақ деп ойлаймыз.

Ақиреттің жұртын біз тастаймыз,

Ұрпаққа енді жалғамаймыз.

Таңбамен келер көлеңкелер,

Семіздік, арсыздыққа жаңалаймыз.

Қысқартудан үнді арланбаймыз,

Құдаймен де санаспаймыз.

Жаңашылдық басты мақсат,

Имансыз тағдыр жасақтаймыз.

Хақысын көрші алдырмаймыз,

Орысты кәпір деп атаймыз.

Тырнағына Толстойдың алмағасын,

Шәкәрімді кәпір қылғандаймыз.

Мастықтан енді айықпаймыз,

Жалаңбастық салт ұстаймыз.

Басымызда төрт жынымыз бар,

Жүрекке сана жалғамаймыз.

Мирасын тектің жолғалтпаймыз,

Сөз ұғымын бұрмалаймыз.

Ойы бөтен сөзді ұрпаққа,

Білім қылып тықпалаймыз.

Осылай текті жалғандаймыз,

Ар, ұятты атамаймыз.

Отыз елге ұқсатумен,

Саналы болдың деп атаймыз!

Заманың талабы деп атаймыз,

Тәрбиесін талап ойламаймыз.

Жүгенсіз талапқа мініп алып,

Жынды болғанды аңғармаймыз.

Мал табатын ұлт жасаймыз,

Жол табудан алыстаймыз.

Санасыз боп қалса ұрпақ,

Табынар бізге армандаймыз!

(Мәуліт айы 2017 жыл)

****  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *