Зікірмен келген тағлымдар…

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 97

Зікірді дінші көп теріс ұққан,

Сезімге зікір айтып қызмет қылған.

Нәпсімен арамдарды тазартумен,

Құранның жеті үні жоқ жалғандырған.

Құран үні- Алла демі шыққан,

Тарихтың сырларынан уахи болған.

Ғылымнан құпия білім хабар беріп,

Аян-аят аруағыңа түсіп тұрған.

Мастығы адамзаттың қастық қылған,

Таза ойға қиянаты қарсы шыққан.

Нәпсінің қалауына түсіп алып,

Білімге теріс ойды ақыл қылған.

Құранның аятымен зікір қылсаң,

Жан тазарып, күнәдан азат болған.

Хақиқатты көруге кеңшіліктен,

Шындықтың жолы тура әуел бастан.

Зікірмен Алла демін жұтқан,

Рахметі жолын көріп жаны ұққан.

Хал ғылымы дегені даналардың,

Құранның үніменен, құс жолынан.

Бір мысал зікір оқып жалғандырған,

Ата жолы ордасында намаз болған.

Аққу, сұңқар, бес парызын білгендерге,

Алланың рахметі мен шипа алған.

Күнәдан ақталуға жан ғылымнан,

Маңдай көз ашылумен хикмет алған.

Үн келіп, қисса дастан оқылғанды,

Бұрынғы өткен тарих замандардан.

Египеттің елінде билік құрған,

Мысырдың қаласында патша болған.

Зұлымдық дінге қиянат жасағасын,

Пайғамбарлар көп келген ақыл айтқан.

Пайғамбарлық қасиет қонып жас балаға,

Сұранып барған екен бұл патшаға.

Ақыл айтып, сайраған көрсеткенін,

Құдайдың үкімдерін қылған жария.

Басындың деп мені басты ашуға,

Қолына садақ алып тұрды патша.

Жебесін көздеп атып жүрегіне,

Екі бөліп жарды жебемен бір атқанда.

Жеткізіп хақ әмірін қалды орнында,

Жүрегі қақ айрылып екі жаққа.

Қос періште көктен түсіп кетті алып,

Таң қалып уәзірлер тұрды тамашаға.

Бір Алланың құзырына кетті бала,

Құдыретінде Алланың шек бола ма?

Дүрлікті естігенде мұны қауым,

Зұлымдығына патшаның болып куә.

Тағынан түсіп, жатты құлап патша,

Ажалдың оғы атса бар ма шара?

Исрафил болды аты ол баланың,

Нәсіл болып тараған бұл бір пара.

Шәкәрім сопы әулиеден қалған мұра,

Патшаның кеудесіне шыққан жара.

Он бес жасар баланың қанын ішсе,

Жазылар деп ақыл берген шықты дана.

Маңдайында үш меңі бар мұндай бала,

Періштелік қасиет еді болған ұлтқа.

Құдайым бала берсең сана бер деп,

Астарлы нақыл айтқан атаң дана.

Ата жолы құдайдан түскен бала,

Исрафилдік нәсілден болып пара.

Номад деп қазақта мұны айтады,

Әлемнің көш басында тұрмақ дара.

Номадқа жалғанған әулиелер қазағымда,

Періштелер ақыл айтып, берген бата.

Оқ атқан періштеге заңмен соттап,

Зұлымдық қылды билік ата жолға.

Иманын сатқан билер заманаға,

Ар, ұятқа тыйым салып ел азарға.

Иман тектен таланттылар озып алға,

Дәреже, тақ айналды билік шатағына.

Діннен туып қиянат саналық жоғаларға,

Тәпсір біліп сенім алып дің боларға.

Тегі діңі — елдің ділі таза ақылдан,

Суғарылмай айналған жүрек тасқа.

Жан қозғалыс берілген адамзатқа,

Малың бар, нәпсі бейнең қолқабысқа.

Мал-ақша дүние ісін меңгеруге,

Он теңгені әйелзаттың жанға аларға.

Тоғызын  жұмсап нәпсі қалауына,

Бір теңгесін нәзік жаны жоғалтуда.

Ар, ұятқа төзімді тастап қойып,

Тоғызы айналды елдің тозағына.

Он бесте отау егесі деген қазағымда,

Әйел жаны он бес жаста жас балаша.

Жастығын қатын, қыздар ұрлатуда,

Қылығы жас, жаны кәрі қыздарыңда.

Жан көбейтер ділден білім жаңғыруға,

Құдайдан үкім түсті ата жолға.

Меңгеріп діл білімін, ақ сүт ішер,

Әулие–әмбилер батасымен ата жолда.

Ата жолда сыры мәлім сұңқар, аққуларға,

Ақ туын Айша ананың алып қолға,

Ақ сүттен құрт, майы, ірімшігін айырады,

Ата жолдың зікірмен жаны тазарғанда!

(Маусым айы 2017 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *