Саналы ақиретке көпір салмақ  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 111

Саналы иман дәнін көбейте алмақ,

Толық иман саналы деп аталмақ.

Таусылмайтын иманды сұраңдар деп,

Пайғамбардан өсиеті, сүннет болмақ.

Тегі діннің діңгегі иманға тұрақ,

Ағаш тектің жапырағы — жеміс болмақ.

Киелі жерден көркем сөзбен суғарылған,

Тамыры қабір, бұтағы көкте болмақ.

Ай астында төрт текке иман болмақ,

Көкте жұлдыз біздерден Бір аталмақ.

Жерден есік, көкке саты іздеп тауып,

Хикметімен мұғжизамен нұрын таппақ.

Тектен иман тағдырға нұрын алмақ,

Кәпірлер аузымен өшіруге құштар болмақ.

Сонда өз нұрын тағдырға тамамдайтын,

Алланың уәдесімен өмір тұрмақ.

Иманды келтірдім деп тілмен сайрап,

Қуат қоспай пайғамбарға қалай алмақ?

Тәпсірін ақыл қылып сана болмас,

Есектей кітаптарын жүрсе арқалап.

Иманды келтіреді ақыл жұмсап,

Ақылды жан жұмсап малын бақпақ.

Ұлтының бақшасына егін егіп,

Әйел егін, еркек малын жаймақ.

Бой өсіріп көлеңкесі ақирет бармақ,

Ата-ана әулетіне қуат қоспақ.

Ақиретпен саудасымен ризалығын,

Қауымының жүгін алып тазарттырмақ.

Екі қол ісің өсер болып әруақ,

Екі өмірдің тағдырын тұрған жалғап.

Үшінші өмірің бар арттан ерген,

Ата-баба тегіңнен киелі аруақ.

Шындықпен бейнелеген ғылым болмақ,

Алланың өзі сипаты тағдыр алмақ.

Тағзыммен сиындың деп Алла өзіне,

Надандар жан ғылымын қылып мазақ.

Саналы болса үлкен, елге жақпақ,

Ақсақалдық қасиетімен үлгі болмақ.

Дұғамен жаратқаннан сұрап алар,

Сөзі айтар жан ғылымнан суыртпақтап.

Ұлт санасын ел билік жүр жаңғыртпақ,

Үш тілменен, зердеменен білім таппақ.

Латынның әліпбиі сөзді сақтап,

Саналы ұлт болуға жолға салмақ.

Таңба ыдыс діл білімі үннен шықпақ,

Дыбысты түрлі әуез ізге жалғап.

Қазақтың дыбысы мәңгі өзгерместей,

Надандар жүр өзге елге үнге қоспақ.

Ар үнін кер таңбамен кетсең тастап,

Аруағың назданып қолын жаймақ.

Құдайдан лағнетін сұрап алып,

Қияметтің азабымен түспек сынақ.

Ақылда алты рұқпен жүйе болмақ,

Саналық жаратқанға жалғап тұрмақ.

Ақылдың қасиеті мен сырын таппай,

Надандық зейінді, зерде жүрген атап.

Санасызға санды айтпа босқа шатпақ,

Ойлы адамға қиын болар ғылым бақпақ.

Жапанда жалғыз қалған саудагердей,

Кездемесін өлшегенмен кімге сатпақ?

Бұл күнде есті пенде жалғыз қалмақ,

Сананың әрекеті ойшыл болмақ.

Көптің бәрі қоштайтын сана емес,

Құдайдың хикметімен тұрсын растап!

Жас ақылды біліммен іздеп таппақ,

Ыстық-суық өмірден тәлім алмақ.

Ет ауыртып, тер төгіп еңбек етіп,

Қырықта ақыл толып, қорған бұзбақ.

Шеңберін жалғандықтың бұзып шықпақ,

Жетелі ақылменен дінді таппақ.

Ер жасына келгенше сыннан өтіп,

Таза ақылдан Құдайдан ойды алмақ!

Санадан қуат берер білім таппақ,

Төрт жынды бастағы тазарттырмақ.

Тоғыз төре төбеден иман болып,

Білімді аруақтардан алып тұрмақ!

Құдайдың хикметімен жолықтырмақ,

Жерден тесік, көкке саты іздеп таппақ.

Ақталумен тағдырмен алған жүкті,

Ағашына жеті аталық сабақ болмақ.

Жетелі деп өз қауымын алса ақтап,

Алты рұқпен жандарын тұрған жалғап.

Құдайдың алдында қолын жайып,

Ақиреттен саналықты сұрап алмақ.

Өлісін риза қылмай сана таппақ,

Құдайсыз қурайды кім сындыра алмақ.

Ел билеген надандар саналықты,

Білімменен құдайсыз қалай таппақ?

Саналы ел басшы жоқ мұны ұқпақ,

Санасызға сан айтқанмен қалай ұқпақ.

Өлшемсіз сөз қадырын ойын бұзып,

Нұрын Құдай дүниемен жүрсе былғап.

Көпірін ақиретке жанмен жалғап,

Екі рет бұзып оны қайта салмақ.

Жете мен саналықтың бұл сипатын,

Таба алған есті пенде тегін таппақ!

(Маусым айы 2017 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *