Надандық кәпірлікпен бірге жүрмек  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 104

Надандық адамзаттан қалмай қойған,

Әр заманның өз наданы шықты мұнан.

Құранды түсіргенде арап елі,

Түсініксіз сөздерді елші неге айтқан.

Ұғымды болса деген аяттардан,

Иманды болар едік ұғып алған.

Өзге елге оқылса да осы сөздер,

Түсірген аяты деп Бір Алладан.

Құранның үні ойы жасырылған,

Қазақтың ұзын сөзді астарланған.

Ата жолы жазбасында баяндалып,

Деген бар түсініксіз қалай жазған.

Жаныңда құпия сыр білім болған,

Иманның бұл қуаты тегіңе алған.

Өзінде болмағанды қайдан білмек,

Надандығы осы елдің қарап тұрсаң.

Жалаңбас жетесіздер ел басқарған,

Сананы меңгеруге жолдау жазған.

Ділінің үні тектен жоғалғасын,

Таңбаны дыбыспен өлшеп ауыстарған.

Түсінбей  жын ғылымнан сырын жазсаң,

Есерсоқ мен білеммен жынды болған.

Ғылымды үш тіл меңгермекке,

Япырмау мұндай надан қайдан шыққан?

Ақылды білім қылып ауыстырған,

Мал табарлар ел билеуге талас қылған.

Дүние байлық, шаруа түзу елде болса,

Бақытты ел болмақшы тән асырған.

Сөз ұғымын меңгерумен кісі болған,

Кісілігің ақылменен амал қылған.

Бүгінде кісілікпен сөз жасайтын,

Ой жорып білімді арқалап есек болған.

Жаныңа қайдан қуат алдың надан,

Жаныңды көбейтуге ризық қайдан?

Ұрпағың тегің нәсіл неден өсіп өнбек,

Өзі үшін оттаған хайуан болсаң?

Түсінуге адамдықты тырыспасаң,

Жүректегі жын қуатын тазартпастан.

Шайтаныңмен жынды қосып алып,

Кәпірлікпен сөз айтады нағыз надан.

Жаралғандай бір өзі үшін мына ғалам,

Ішіп жеп, бай болумен болмақ адам.

Білім мен ілімнің ортасын таба алмай,

Кәпірлікпен бұл заманда «дана» аталған.

(Шілде айы 2017 жыл)

***  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *