Менің Құдайым БАР
«Құдайсыз қурай сынбайды» деген даналар. «Жаралыс басы қозғалыс, қозғалысқа керек қол қабыс» деген Шәкәрім әулие атамыз. Энштейн ғұлама; «Күнә жоқ, оның барлығы Құдайдың жоқтығы, Құдай болған жерде күнә да болмайды. Сол сияқты қараңғылық та жоқ, оның барлығы жарықтың жоқтығынан, суықтық та жоқ, оның болуы жылудың жоқтығынан.» деген екен. Ал жаратылыстың түп негізі Алла қандай жағдайда да бар және мәңгі.
Алланың барлық қуаттардың егесі- тәңірі болып және жаратылыстағы; жамандықта, жақсылықта жанды жансыз барлық жаратылыста тәңірлік сипаты, қуатымен басқарылып түрленетін және мұның бәрі Алланың тәндері болып, барлық әлемді Алланың денесімен баурап тұрғанын білсек, онда барлық нәрселерде белгілі бір Алланың мөрі бар екенін де аңғара аламыз. Олай болса біз түп негізді Аллаға тікелей табыну арқылы яғни ұқсауға тырысуға, үлгі алып құлшылық жасай алмаймыз. Біздің қандайда да жасаған құлшығымыз тілегіміз Аллаға біз өмірден өткенше де жетіп үлгіре алмайды.
Егер біз Алллаға әлемдік жаратылысқа тұтастай құлшылығымызды арнайтын болсақ, онда әлем ішіндегі жамандыққа, қарсылық күнәлі қуаттармен күштерге де қоса табынуымыз керек. Сондықтан біздерге ақылды мақұлық жануар ретінде өзіміздің ақылмен атқарылатын тіршілік, құлшылық әрекеттеріміз арқылы Алланың ең жақыны болу үшін; жақсылық негіздеріне құлшылық жасауымызға яғни; рахым, рахман және Өзіндік сипатын әшкере түрде Құдай-Нұр қылып жаратқан. Алланың баурап тұрған әлемінің ішінде өмір сүретін, қозғалыстың негізі қылып және Өзін Ол Алла деп және Ол сипатының ұқсасын әрі қарайда жарата алатын ең ұлық сипатын Құдай деп атаймыз.
Құдай жалғыз болып, оның жалғыздығының қуаттылығы ең зоры да тек өзінде. Егер ол жалғыздық сипаты дәл сондай түрде барлық жерде болса, онда күнә да, қараңғылық та, суықтық та жоғалып кетуі керек. Мұндай жағдайда адамзаттың өмір суруі де, көбеюі де болмайды. Адамзаттың күнәлық болмысы қарсылық күштерді меңгеру арқылы ғана көбейе алатынын да естен шығармаған жөн. Және біз Құдайдың жер бетіндегі орынбасары ретінде де жаралып, өзіміздің ұқсасымызды да, яғни қолқабысы ұрпақтарымызды, рухани балаларымызды (аруағымызды) да жарата алатын таңдау еркі қабілеттілік беріліп, осындай ақылды істеріміз арқылы ғана құдайға ұқсастығымыздың барын да ақыл-оймен аңғара аламыз ба?
Бірақ ондай қасиетімізді, қабілетімізді Құдайдың өзін бізге көрсеткен, білдірген хикметімен ғана сезіп біле аламыз. Бірақ адам баласының рухани тұрғыда барлық әлемнің көшірмесі ретінде өзінде белгісі, таңбасы жоқ нәрсені сезіп білуі де мүмкін емес. Сондықтан құдайлық жалғыздық белгінің ең майда бөлшегі тек адамзатқа ғана тән берілген қасиет мөрі болып, біздің жердің бетін меңгеруге халифа етіп жаратқанына дәлел бола алады. Құдайдың ол нұрынан әділдік, ізгілік, мейірімділік сапасын беріп, оны махаббат, сүйспеншілік қасиетімен әрбір адамзаттың ішінде бірге өмір сүріп, ең соңында Мұхаммед пайғамбар болып жер бетіне келгені де Алланың Адам ұрпағына деген махаббаты болып табылады.
Сондықтан да Мұхаммед-сүйіспеншілік әрбір адам баласының жүрегіндегі жалғыздық таңбасы серігі Бар болып, Адам атамыздан да бұрын жаралағанына бұл дәлел бола алады. Бұл Құдайлық нұр Барымыз; «Мен» аталып, жеті түрлі жарықтық белгімен нәтижесінде Ар деп аталатын адамзатқа ортақ сапаны пайдалана отыра өсіріп, көбейтуге тұтас жарық киімге айналдыруға міндетті дінін орындауымыз керек екен. Олай болса, кімде шартсыз діні Ары болса, сонда Құдай да Бар. Кімнің ары жоқ болса онда дінде Құдайдың нұры да жоқ болғаны. «Малым жанымның, жаным арымның садақасы» деген қазақ даналары.
Енді қандайда бір біздің берген пәтуамыздың құран аяттаырмен, пайғамбарымыздың өсиеттерімен немесе інжіл, тәурат кітаптарымен мақұлданбаса, онда ол күмәнді болып Құдайдың өзіне жүгініп сұраумыз да керек. Бірақ құранда аятта; «Мұхаммед егер Алла қаласа еді де, Құранды сендерге оқымас едім де, оны сендерге білдірмес те еді. Расында мен бұдан бұрын іштеріңде өмір бойынша болдым. Сонда да түсінбейсіңдер ма?»,-де» (10-16) Исламға дейін де Адам атамыздан бастап Мұхаммед пайғамбарымыз киелі рух бейнесінде адамзаттың мәңгі ішінде жарық-шырақ болып, ардың, иманның дәні болып тұратыны және адамзаттың түсіну қабілеті де осы нұрдың тазаруына, өсіп көбеюіне тікелей тәуелді екенін ескертіп тұрған жоқ па?
Сонымен адамзатқа өз арына табынып, жаратушы иесіне Құдайына сыйыныңдар, бұл маған деген құлшылықтарың деген. Егер діншілер айтқандай мен Құран арқылы ғана барлық нығметке бөленіп, жаратқанға жақындаймын десем, онда серік қосу болады. Ондай жағдайда Құранға да шектеусіз сыйыну керек болады. Жоқ біз құранға шектеусіз, күмәнсіз, ғылымнан хабарсыз сыйына алмаймыз. Біздер құраннан алатын өзіміздің түсінген шамамызға қарай ақылға ғана табынамыз, үлгі ғибратын аламыз. Сондықтан Құран құдай емес, өзі де емес, құдайдың сөзі. Онда жақсылық та, жамандық та, ащы да, тұщы да, тәтті де бар.
Сондықтан да; «Құранды теріске алатындар болады, құранмен де Алла адамзатты адастырады» деген аят та бар. Мен Құраннан тек Құдайдың өзі білдіргенін мақұлдағанын ғана алып, намаз қылып орындау арқылы ғана нығметіне бөлене аламын. Ал масһабпен жаннатқа кіресіңдер деген діншілер пәтуасы да жалған, надандық. Масһабтық тәпсір білімге немесе Ханафилік дін деп Имам Ағзам әулиеге де, ақиқаттың егесі деп шексіз сенім білдіріп сыйынатын болсақ, онда Ханафи діннен де жоғары тұрған құдай болып, мүлтіксіз таза ақылдан хабар бере алады деген Аллаға ортақ қосу пайда болады.
Ал масһабты меңгерген әулиелердің бәрі сахабалардан да жоғары дәрежедегі ілім иелері және пәтулары қатесіз болса, онда жер бетінде неге өмір сүрді? Біз ол әулиелерді мүлде жоққа шығармай, бізге Құдайымыз мақұлдаған, ішімізден білдірген, тұрақты Алла тарапынан елші болған арымызға лайық үлгілеріне, насихаттарына табынып жақсылығымызды молайтамыз. Сол сияқты мешіттен шықпай намаз оқып нығметке ие боласың деген де жалған. Мешіт те, масһаб та, құран да тікелей сыйынған адамды құдайсыз өздері нығметке бөлей алмайды.
Сондықтан да; Мен құранды қастерлеп, құдайдың көрсеткенін білдіргеніне өзінің достарына үйреткеніне табыну арқылы, үлгілерін алу арқылы ғана арымды тазартып көбейте аламын. Және мешітті де ізгіліктің орны деп қадірлеп, оған лас тәнімен, жалаңбас, жалаң аяқ намаз оқымай қадірін арттырсам ғана мешітті құдайдың өзі нұрландырып нығметті қылмай ма? Ал құдайға жалаңаш жақындаймын деп аяғымның шуашымен мешітті ластап, жалаңбас, балтыр, қолды жалаңаштап арсыздықпен мешіт ішіне кіргеннен құдай қалай мешітіне арамға араластырып нұрын көрсетіп қоймақ?
Құдай менің өзімде ішімдегі шырақтың сыртымдағы зейнеттік жарығымды яғни арымды,ақ сауытымды арамға былғамай, араптар салтына еліктеп, жалаң ақ киіммен емес екі-үш қабат ескіліктің киімімен ата дәстүрімен тақуалықпен қорғасам, арыма дақ түсірмей сақтай білсем сонда ғана мен Құдайдың хикметтерін сезіп білуге рухым, жаным дайын болмай ма? Олай болса мен Құдайдың бөлшегі арыма, ары мол досына табынамын, үлгісін алып ұқсауға да тырасамын.
Себебі мені де жер бетінде осындай ақыл беріп жарату үшінде әуелі солар арқылы арын зорайтып рухымды, жанымды олардың үлкен қуатты жаннатық жанына, рухымды киелі рухына яғни біртұтас Алланың жібіне жалғаған жоқ па? Олай болса олардың жатқан жерлері жаннаттың есіктері болып, мен Құдайыма сыйыну арқылы тілегімді жалғасам, ол қалай Аллаға серік қосу болады? Құдайдың өзіне, қолқабыстық қанатты періштелеріне яғни «Маған-Менге» құлшылығым емес пе бұл жағдай? Аланың азабы келсе сендерді кім арашалайды Алланың ӨЗІ болмаса, яғни құдайлық сипаты емес пе деген аятта.
Егер Алланың достары құдайдың қол қанаты болып, жер бетінің барлық жаратылысын өсіріп өндіруге қызмет қылмаса, онда жанды ақылсыз, қанатсыз тек берілген аятты бұйрықты ғана орындаушы періштелер көктен келіп мұндай істерді атқаруы да ақылға қонымсыз емес пе? Сондықтан да мұндай заманда күнәнің үстемдігінен мені Алланың досы болған тірі, жанды, құраннан кітабы болған Арлары қорғап, күзетіп арашаламаса, жансыз білімдік ақыл болған Ханафилік масһаб, бейнеленген қозғалыс егесі кісі-кітапсыз құран қалай арашаламақ?
Олардың ішінен өзіме керек пайдалысын алу үшін де маған көретін жарық, ақылыма әділдік, жаныма мейірім-иман керек болмай ма? Болмаса ақты қара, қараны ақ деген соқыр надан дінші аталмаймын ба? Ал енді менің арым Мұхаммед атты құдайлық нұрдың да бір бөлшегі болып, оны мен иман ағашы ар сауыты қылып өсіріп, киелі рухтан хабар алып арыма, құдайлық болмасыма дақ түсірмейтін жанымды пида қылған, барлық ұлттық дәстүрмен, ғұрпымен, салтымен байланысты істерімді таза бейнеленген құраннан болған кітап емес деп қандай дінші, ғалым аузы барып пәтуа береді? Онда Аллаға нағыз ортақ қосу болып ар біліміне, аруақтық біртұтас құдайдың қолына да қарсылық болмай ма? Сіз қалай ойлайсыз оқушым?….(жалғасы бар)