ЖАҒЫМДЫ ӘРІ ЖАҒЫМСЫЗ ХАБАР
Тылсымнан құрбан айтының алдында «елді рухани оянуына аруақтарға уәде бергендерге қыспақ түседі, тезден өтеді»,- деген хабар келген. Артынша аруақтардың батасында Арыстан бабаның; «17000 пендеге қыспақ түсіп електен өтеді» деген хабары келді. Бұл санның ішінде Ақ ұлдың алдынан өткен жүрек құлағының мөрі ашылған 7600 аққу сұңқарлар болу керек.
Әрине бұл жағымды жаңалыққа жатады, себебі қасиетті пенделердің өз ұрпақтарының болашағын жоймауға, өздерінің де тозақтық болып, талай жылдарға азап шегуден тосу болмақ. Мұндай аққулық қасиетті меңгеруге уәде берген жоғарғы ел билеушілерге де үлгісін көрсетуге тиісті Дариға Назараева сияқты әйлдерде жеткілікті. Сонымен бірге қазақтың елінен аруақтардан ескерту алғандар қыспаққа түсіп, көбіне тізеден ұсталып, ақсақ болумен де көрінісін береді.
Ал енді жағымсыздығы ауқатты, дәулеттілер медицинаның көмегіне жүгінумен, қымбат ота жасатумен, мүлде аруақтарымен ерегісіп өздерін жоюмен, мүгедек болып қалумен аяқталулары да сөзсіз. Медицинада мұндай дерттерді аяқтың сүйек майын тазартып орнына цемент салып береді де 4-5 жылда пенденің қаны азуымен, жүрек талмасына ұшырап өмірмен қоштаусы да жиі кездеседі бүгінгі таңда.
Екінші жағымсыз белгі, ата жолында аруақтар арқылы белгілі бір жақсылық нығметке жеткендер қайтадан ата жолына келіп, бірақ оларға жол көрсетіп, шипасын берудің амалын білетін, құран үніне жалғанған аққу, сұңқарлардың мүлде аз екені де талайлардың қайта-қайта әулиелерді аралап азаптануына, шашылуына тура келеді. Бірақ бұл қазақтың білімді қауымы діншілердің, ел билеушілердің өздері қолдан ұйымдастырған зұлымдығы болып; енді өздерінің басына кетпеннің басын басқандай тиюі де заңдылық!(Қыркүйек айы 2017 жыл)