Қағынғандық жатырдан

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 123

Қазақтың надандығы шектен шыққан,

Құдайдың өз мүлкіне қолын сұққан.

Қазақтың дыбысы деп таңбаларды,

Меншіктеп жатыр кілең құдай атқан.

Қазақ атаң Құдай емес, болма надан,

Дыбыс тегі  жыннан еді  жаратылған.

Мал-жаның аман ба,- деп сұрасатын,

Мал қуатың дыбыс — қой шығып тұрған.

Алланың назары жын мен жаннан,

Ортасында таза ақылдан ойы тұрған.

Ой жорыған надандар жынды болмақ,

Ақылмен жанды тастап, дыбысты алған.

Ақылда нұр, жаныңда білім болған,

Жаның жермен жалғанып таңба туған.

Латынның таңбасының жаны, жыны,

Бөлек жері, ақылы әлсіз, қуат қосқан.

Япырмау қазақ сонша наданданған,

Кер таңбасын бабасының танымаған.

Өріспен табаны жерге жалғана алмай,

Қағынған шешесі әлде қатынның жатырынан!

Зинақорлық дертіне көп шалдыққан,

Ел билігі дінсіз болып «шайырланған».

Үлкен жаста жас қатынды алғандар көп,

Арсыздықпен жатырынан қағынғаннан.

Себебін мұның білер есті болған,

Пенделер бұл ақталмаған дүние малдан.

Тағдырынан ажыраған жаны өлі,

Құдайдың хабарсыздар саңырау болған.

Құдайдың сыйы таңба дыбысқа алған,

Қырық екі ар өлшемін меңзеп тұрған.

Дыбысқа жан мен ақыл қосыңдар деп,

Сөз өнерін меңгерумен жалғандырған.

Надандар ібіліске ұрпақ болған,

Дыбыс малын қорлаудан басын тартқан.

Бұл малдар бізге бөтен алмаймыз деп,

Бұрынғы замандарға қайта айналған.

Малыңды қораласаң зауық алған,

Өргізіп өріс кеңіт адам болсаң.

Тек ағашың көлеңкесі зор болмай ма,

Өзге елден малын алып үнмен бақсаң?!

(Қыркүйек 2017 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *