Таңбамен арың қоса сатылғанды!

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 139

Қазақтың ел билігі, ғалымдары,

Жоғалған құдайшылық нанымдары.

Таңбаны өзгертумен дүние ісін,

Меңгеруге жарыспақ болып алды.

Мирасына кер бабадан таңбаларды,

Тасқа толы қалта мен қойындары.

Орыстың ұлтымен қас, кекшілдікпен,

Қысқартып таңбадан үн алдырмады.

Ұлт саясатын махаббатсыз аздырмағы,

Әлемге қуат қоспас жындылары.

Құдайдың өз мүлкіне қолды сұққан,

Қазақтан шықты тажал азғындары.

Ғылымсыз, ұғымсыздық пайымдауы,

Дүниеге сатылған ар мен жаны.

Ар-ұятпен дәстүрін меңгере алмай,

Елің қазақ рухани қалай жаңғырмағы.

Араптан тәштит үтір ұрлап алды,

Екеуін тастап кетіп бірін алды.

Тажалдық деген сөзге осы болар,

Қазақтың бұл ғылымның ұрылары.

Ғылымсыз жобасының көп жалғандары,

Кебенек түгіл кебінің жерде қалды.

Саясаты еліңнің ұлттық болып,

Ұлттығың ішкі өмірмен байланғанды.

Теріскей деп аталған ақылдың ұрылары,

Ойдың үнін терістеп сөзді аздырмағы.

Нұрлы отан, нұрлы жер, нұрлы жолы,

Атауын асыл сөздің ойын бұрып алды.

Құдайдан халық қалай қорықпағы,

Ұры болса, ақыл-ойдың ел бағбандары.

Өзге елдің егініне қойын жайып,

Қазақты ұрлықпен жүр байытпағы.

Иірген Алла жібі елді, ділдің бағы,

«Днк» мен «Рнк» боп нәсіл жалғанбағы.

Мұны үзуге таңба үнін шатастырса,

Семіздікпен қара нәсілге ұрпақ жалғанбағы.

Қазақтан шықты білімді ібіліс ұрпақтары,

Жас пен қатын мастығы ұқсас қуанбағы.

Жаңашылдық жындылардың құмарлығы,

Бөріксіз салқын бас үлкенің жындылары!

Ар-ұяттың ел билікте жоқ сөз салмағы,

Ұғымын теріскеймен жалғап алды.

Дінсіз билік құруға ант бергенді,

Ібілістің жобасын алып толық орындады!

Өз елінің жайлауынан басын тартты,

Тау асып малып бағып болмақ тағы.

Жер анамен таңба үнін жалғап өткен,

Аруақтарын тастауға бұл амалдары.

Құдайдың тыңдалмаған хабарлары,

Қияметтің бұл сынын артырғаны.

Құдайсыз қурай сынбас аманатын,

Ел басының жарлығына ауысқаны.

Бұл амал жұтты елге шақырғаны,

Жер ана назданатын бар сынағы.

Талай апат, жоқшылыққа ұшыратар,

Ел билікке халық қарсы соғыспағы.

(Қазан 2017 жыл)

***  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *