Отпан әулие кім болған?

Бөлім: Тарихтар мен тұлғалар 171

Отпан әулиенің 3 және 7-8 ғасырларда екі рет өмірге келгені туралы хабар келді. Отпан әулиеден Қорқан би атаның жеті ұрпағы болып тарихта белгі қалған. Қорқан биге көп қасиеті қонған екен. Отпан әулие отпен байланысты көптеген мұғжизаларға ие болған. 

Отпен аластау арқылы көптеген ауруларды, тіл, құздарды және көз қиығымен де ем шипа дарыта білген екен. Жан жағына от жағып қоятын әдеті болған. Музыкалық аспаптарды да ой арқылы басқарып ойнатып қоятын болған. Малдарды жайылымдардан ой арқылы бір жерден екінші жерге айдап әкелетін болған.

Түкірігінің өзі ем болып, жерге түсірмей қағып алып жүрген кісілер де болған. Тез, шапшаң қозғалатын от, жел болып әсер ететін болған айналасындағыларға. Ұзын бойлы, қасы көзін жауып тұрған, құс мұрынды, ат жақты тақуа кісі болған. Қазіргі таңда ол жерге Адай атаның белгісін қойып, тазалықсыз зияраттаушылардан жиіркенуде.

Отпан әулиенің де мезгілі туып, халықтың шариғатты бекем ұстануына қарай, жер бетіне хикметті нұры да шығатын болады. Кісі ақысын жегендерге сынақ болып, діңгегі мұратқа жеткізетін қасиеті бар екен. Кезінде 4 алыпты жыққан, бағындырған орасан күш- қуат иесі де болған. Түктібай атамен, Мұрат атамен рухани байланыста тұр.

Кісі ақысын жемеген, халықтың ризалығына бөленген екен. Өте сұлу, әсем жары болған. Күн астындағы Күнікейден қуат алып отырған. Негізінде зияраттаушыларға көз және тіске дем салып, жергілікті бес аталық жүйеге кіреді. Ел билік басында жүрген бектерге осы әулие арқылы Алладан сарқытын алып отырады екен. Ата дәстүріне қарсылық жасап, құдайшылдықтан қашықтағандарға сарқытын тауысуға сынақ болады екен.

Адайдың ел басында жүрген азаматтары Отпан әулие басына Адай атаның кесенесін тұрғызып өз несібелерін кесіп жатқаны және Адай атаның да назына қалып шырақтарын өшіруге жарысып жатқаны да рухани жаңғырудың құдайсыздардың қолымен атқарылып жатқанына дәлелі болмақ (Желтоқсан 2017 жыл)

2 thoughts on “Отпан әулие кім болған?

  1. Тарихта да отпан тауда ұран отын жаққанын естімедім Манғыстауға кіш жүз рүлары бір келген бұл кітаптарда бар Ал адайлар болса отпан тауды иеленіп тек өздері ған соғысқандай болып мақтанып отыр Сізбілетінкесенеден басқа бұлар ту тəжікстагда қалған бір ақынның мүрдесін қойды Төке сізге Алла жар болсын

    1. Ия Жолдас ата жолының аққу, сүңқарлары беделін жоғалтып алғаның нәтижесі осындай қарапайым істерді де түзеуге шамалары келмей жатқаны. Шынында бұл істі соңына дейін жеткізуге ат салысу керек. Ниетес пенделерді жинап ортақ қаржы ұйымдастырып Адай атаның басына неге белгі қоймасқа. Сонда да ата жолының беделі де артар еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *