Ар мен Уақ және Манның бастаулары.

Бөлім: Ар мен уақ және ман қуаттары 157

     Ата жолы ақ бастауы;  6-шы кітап

   «-Сақ-аб Сансыз Кер Ата! Иманы таза Ар ата! Қазақ Қаһан сиынған, Қарлығаш қанат Ғұн Ата! Бес әулие тоқтаған «Бес тораңғыл» — Тал Ана!». «Түбі тамыры жоқ тал болмайды. Тегі, Елі жоқ Ер болмайды!»  (Қазақ Қаһан баба).  «Біз туылған мезгілден бұрын Ата жұрт Қазығұртта көрегендер келіп, ғұмырдың (қадым) ілімінің ізінің нұрын бізден бұрын біліпті. Сондықтанда, ілім Тектінің ұрпағына бізден бұрын «ізін» түсіріпті!». (Мұхаммед пайғамбар.) « Қазақ жерінде кісіге несібеге арамдық у қосуға (ғұрыптық салтты бұзуға), жақсылықтың алдын тосуға, жаудан жосуға, сәбидің белін басуға, әулиеге тіл тигізуге, ғұламаға қатты сөйлеуге, Елбасыға лағнет айтуға, жарғыларын аяқ асты етуге, мал жайылымдарын өртеуге, сүйген жарыңды перделеуге болмайды. Осы өсиеттер бұзылса; «Қазақ қаһарланса жер дем алады, Керей (Кер Сақ-аб ұрпағы) сұраса, Кербалада көктем болады». (Әмір Темір Көреген).  «Ең Дәулет, Елдік дәуір, Думанды көңіл, Дуалы ауыз, Сақтан ғұмыр, Әлім сақтан бұрын Қазаққа жұғым болған». (Құл қожа Ахмет Ясауи.) «Тозған мақта бөз болмас, ежелгі жау ел болмас.» «Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынын жарылып, ана құрсағында шырмалып тумағаны артық.»  «Өтірікші болғаннан өмір сүрмеген көп артық.» «Талай жылды басынан кешіріп, шашы аппақ қудай болған қарт-қарияларға құрмет! Кеудесіндегі ақ сүтін емізіп тойғызған асыл аналарға құрмет! Солар үшін отау тіккен аға-інілерге құрмет! Некелі сәтте куәлік еткендерге жаңа туған ұлға құрмет! Бүкіл қаламды жаратқан теңдесі жоқ Тәңірге құрмет!» (Қорқыт ата)

                    Имандылық туралы баб.

     Иманның екі мағынасы бар: Бірі — тіл мағынасы. Тіл мағынасын әркім тілмен айтып растамақ. Яғни Алла Тағаланың серіксіз, ғайыпсыз (көрінетін, бейнеленетін, білінетін) бірліктерінің барлығына және біздерге әр түрлі пайғамбарлар арқылы жіберілген жарлықтары мен хикметті істері нұсқауларына мойын ұсынып, иланумен айқын болмақ. Яғни: «Куәлік беремін; бір Құдайдан бөтен Құдай жоқ және куәлік беремін, Мұхаммед оның құлы әрі һәм елшісі екендігіне» деп, шариғаттың растаған иманды көңілмен растауды айтады. Және бұл растауды тек тілмен ғана айтып қоймай, пайғамбарымыздың өсиеттері мен барлық көрсеткен үлгі сүннеттерін бұлжытпай орындау арқылы, шын көңілмен сену арқылы, ақылы-ойы да растығына босаңдық танытпай білімін, хикмет, белгілерін ақ-қарасын ажыратып тануға жараса бұл онда анық, кәміл  иман болып танылады. Бұндай иман тұтушылар Құдай тағаланың қасында зор мәртебелі адамдар қатарына қосылады. Екінші түрі — берік  шешімді иман деп атауға болады. Құдай тағалаланың барлығын, бірлігін, растығын дәлелмен, түрлі сынақтар, азап, ауру қиындықтардан өту арқылы, ақылмен ойлап мойынсұнуды айтады. Яғни көк пен жер, ай мен күн, теңіздер, адамдар және екі дүние ғажайып нәрселер өздігінен жаратыла алмайды ғой, мұндай ақыл жетпейтін нәрселерді жаратушы бір теңдесі жоқ ие болса керек деп, Алла тағаланың барлығын, өлімнің хақтығын, дүниелік тіршіліктің өткіншілігін түсініп, егер Құдай тағала екеу, үшеу болса, әр патшаның заңы әр түрлі болып және себепке жаратқан нәрселері де бір заңдылыққа, өлімге бағынбайтын әр түрлі болумен бірге араларындағы араздық, татулық сипаттары да әр түрлі болар еді. Көктегі, жердегі зат, нәрселер-мақұлұқтардың да өзгермейтін бір қалыппен бейне бір жүргізіп қойған сағаттай және бір-біріне себеп қылып, сағат сияқты бір қалыптан танбай қайталап тұратынан қарап Құдай тағаланың екеу немесе үшеу емес бір екендігіне шәксіз сеніп, осыған қарап құлшылық амалдарын қалыптастыруды берік шешімді, сенімді иман дейміз. Ал енді бір үшінші түрі — өз ақылын жұмсай алмай, бірақ ата-бабаларының ұстанып келе жатқан жолы осы дегендей немесе кітаптан оқып, молдалардың айтқанынан естіп және сол иман келтірген нәрсесіне берік болып, біреулер өлтіремін деп қорқытса да, мың кісі мың түрлі іс көрсетсе де, соған айнып, көңілі қозғалмастай берік болу керек. Бұндай иманды тақсырлы иман деп атайды. Бұндай иман жалпы надан халықтың, білімсіз адамдардың арасында болады. Өзі еш нәрсеге түсінбей, біреудің сөзіне, мысалына еріп, кейбір қасиетті адамдардың ісіне еліктеп, табынып  пір тұтып, оған қандай білім немесе кітап арқылы дәлел берілсе де өз ұстанған бетінен қайтпайтын адамдардың қатарынан болып табылады. Енді осы негізінен үшінші топқа жатқызуға болатын ерекше аралық бір топ бар. Ақиқатты иманы бар (бірінші) деуге толық ғылымы жоқ, берік шешімді иманы бар (екінші) деуге қорықпас жүрек, айнымас көңілінің беріктігі жоқ, я алдағанға, я азғырғанға, я бір дүниелік пайдаларға қарап соңына еріп кете салатын, ақты қара, қараны ақ деп жазғыруға дайын тұратын, өтірікті шын деп қабылдайтындар да халықтың көпшілігін, осы топты құрайды. Бұл қатардағылар арасынан ғалымдар да, өнер, тілші, жазушы, үкімет, дін басқарушылары да кездесуі қалыпты жағдай. Бірақ осындай  әлсіз қауіп-қатерге толы иман болса да, бұндай пенделерді Құдай тағала имансыз деп атамауды және мұсылмандар қатарынан болып табылатынын ескерткен екен. Пайғамбарымыз бұндай заманның келіп, адамзаттың басым бөлігі осындай иманды ұстанатынын ескерткен; «Менен кейінгі пенделерімде кешке жағатын шам шырағы сияқты жанып тұратын шырақтар пайда болады. Міне сол дәуірлерде кісі күндіз момын, кешке кәпірге айналады. Кейбір қоғамдар өз діндерін дүниеге сататын болады.» (692-өсиет).

     Қазіргі таңдағы электр жарығынсыз өмір сүре алмайтын дәуірдің болатынын 14 ғасыр бұрын пайғамбарымыз болжап және өз ата салт-дәстүрлі дінін ақшамен, дүниемен бағалап, дүниесі бар елдердің дініне құштар болып, қаражаттылар, шаруасын түзелткендердің қылықтарына еліктеумен, дін-көңілін ақшаға, дүниеге сатылатын қазіргі біздің өмір сүріп жатқан шаруашылығы жетілген дәуірді ескертіпті. Бұған дәлел үкіметіміз бен муфтият діншілеріміздің халықты құрбан шалдырып, зираттатып садақамен дүние жинап жатыр деген байбаламмен ата салт-дәстүрлі дінімізді, бір–біріне қайыр- садақа беріп, үлкендердің батамен тазару ғұрпымыз түгіл, Алла жолында мал жұмсап; «Өлі риза болмай, тірі баймас» деген негізгі дәстүрімізді, аянмен, уахимен айырбас ақиреттік сауда-саттық жасау дін жолымызды, көздеріне дүние шел болып жабысқан дін, ел басшыларымыз бен сауатты аталған қауым, ақпарат қызметшілері, аттылы, жаяу қара халықтың алдынан да, артынан да және оң солынан келіп, байбаламдап; «Аруаққа тағзым жасау, табыну «шірік» яғни арам деген пәтуаға жүгінді. Бір Алланы еске алу арқылы да серік қосылып және пайғамбарымыздың сүннеттерін осылай орындағанмен де Алламен теңдес жасалды деп, ал дін қандастардың бір-біріне садақа беріп, жүктерін жеңілдету амалдарын; ойын-сауықтарға, қисаңдап күлдірген, қаңқылдап ән салғандарға немесе ойынхана ермектерге бере салатын ақшадан да құнсыз, орынсыз және адам рухына кесірін тигізіп, халықты алдап, дүниесін босқа шаштырып шығынға ұшырату деп аяттарға ортақ қосылды; «Сүйген нәрселеріңді (дүние, ақшаларыңды, байлықтарыңды) Алла жолында жұмсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар. Не берсеңдер де Алла (Т) оны толық біледі.» (3-92).

    Осындай жаратушымыздың ашық аятына да жала жауып, терістеп, қарсылықтарын ашықтай білдіріп; «Жұмсаған дүниелеріңді Алла тағала білмей қалады да босқа шығынға ұшырап, дін қандасыңды шексіз байытып жібересіңдер» деген масһаб дін ғалымдарының Алланың аяттарына ашықтай ортақ қосқан пәтуаларымен қоса, ел басқарушы ағайындарымыздың жаратқанның көктен түсіріп, жерден өндіріп беріп жатқан несібесін халыққа үлестіріп беруші және өздерін әділетті қауымбыз деп бағалап, сондықтан халыққа ақыл беруге төрелікке сайланған өздерін Құдайдан да ақылды санайтын ел басқарған ағайындарымыз Құдай ісін соттаған жағдайымызды да пайғамбарымыз 14 ғасыр бұрын болжап ескерткен екен; «Үмметтерімнің жамандары баршылықта туылып, ең жақсы байлық, баршылықта жасап, түрлі ас тағам жеп, түрлі киім киіп, неше түрлі нәрселерді көлік етіп, ойына келгенді сөйлеушілер». «Әр нәрсенің бір жауы бар. Діннің жауы жаман бастық.» (660-өсиет) «Үмметтеріме тажалдан да қауіптірек адамдар бар, олар жұртты дұрыс жолдан бұзушылар.» (572-өсиет) Пайғамбарымыздың болжағанындай қазіргі таңдағы діннің жауы өзіміздің ғасырлар бойы дінді меңгеру барысында білімге айналған адамзат қажетіне жаратуға берілген ғұламаларымыз арқылы түсірілген пайдалы мағрипат ілімін енді пәнге айналдырып алып, сол түп негізгі дін ілімінен іргесін бөлек салып, тұтас дінді бөлшектеп, тек намаз оқу рәсімдері мен өлген кездегі жасалатын ырымдар етіп түсіндіруімен, адамзаттың ақылын бөлшектеуден осындай тажалдан да қауіпті адамдардың білімді, ел басқарушы, заңгерлер арасынан пайда болып, дін  ғылымына да іліміне де қарсы тұратын тажалдан да  қауіпті жауды өзіміз күнделікті өмірімізде жастарымызды, болашақ ел басқарушы, дін басқарушыларын сондай ғалымдардың еңбектерімен оқытып, тәрбиелеп жатқанымызды сезбейтіндей жағдайға да жеттік. Бұған 1,- 4, -5-ші басылым кітаптарында аз ғана мысалдар келтіріп жазылған. Енді осы мысалдардың жалпы сыртқы көрінісіне тағы тоқталып кетейік.

    Діннің негізгі түпкі мақсатына заман өзгерістеріне, шаруашылық әдістерінің, өмір сүру тәжірибесінің, табиғат қоғам өзгерістеріне қарай ақыл-ойының, шабыттың және түрлі хикметті істердің пайда болуымен, бұрынғы замандардағы аталарымыз аманат етіп құпия, көмес болған оқиғалардың енді анық, айқын білініп, адамзатқа ортақ білімге айналып, істермен білінумен яғни ақиқатқа айналуымен көрінісін беруі Құдай ісінің нәтижесі болып және оның шариғат ісінен ерекшелігі мен заман талабына сай дін білімін жетілдірумен Құран аяттарының жаңадан хикметтері бейнеленіп, иман қуатына айналып, періштелердің жаңа сапаға көтеріліп дәрежеленуі де діннің де негізгі шарты болып табылады. Бұл ақпараттық әлемнің біртұтас жаңғыруымен, оны қиямет мезгілі деп те атайды. Қиямет-қайым соңғы берік шешімі түсетін белес болса, ал осы екі аралықта жүздеген арасы белгілі бір ондықтармен (10 күн) бөлінген қиямет мезгілінің бар екенін және оның маусымдық, мезгілдік, замандық, дәуірлік болып, Құранда нақты сандармен өлшемдері де көрсетілгенін естен шығармағанымыз да абзал. Сол сияқты бұрынғы замандағы тек санаулы әулие-әмбилерге, пайғамбар, елшілерге білдірілген ғайыптан пайда болатын мұғжизалы, хикметті істер енді көптеген ғылымды пенделеріне белгілі болатын көмес білімге, тылсым сырларының түсінік қағидаларына айналғаны сөзсіз. Бұндай жағдай бұрынғы білім-ғылымның жалпы адамзат баласына өркен жайып, шаруашылық істерінің, түрлі өндіргіш құралдарына айналмай тұрған замандарында, бұндай хикметті істерді меңгеруші сопы ғалымдар болса, ал түрлі аурулар мен сырқаттардың шипасын аяттардың сөз құдіретімен, зікір үні және тылсым құпия жаратылыстары арқылы ем-шипа да көрсете білген бақсылар, сопы-дәуріштер болды. Ал бұл хикметті істер көместен-көрнеуге, аныққа, таныққа яғни ақыл-оймен бейнеленіп, көрнекті сөз ғылымына айналып, онан арнаулы білімдердің пәндерге айналуымен кез-келген арнаулы білімі бар адам баласы меңгеретін мамандықтарға, түрлі кәсіптерге айналғаны хақ. Сондықтан қандай да білімнің ілімі сол білім-ғылымның діні екенін де естен шығармаңыз. Дін баста сөз ғылымы болып уахи, аян арқылы құдайдың сүйген құлдарының дін-жанында құпия ғылым болып бейнеленіп, кейіннен сол жандардың қайта өнім беруімен, ұрпақтарына қасиет, қабілет болып қонуымен, түрлі білімдерге айналуымен, құпия жаратылыс сырларының шаруашылық әдістерге, құралдарға айналуымен дін істері көместен, көрнеуге яғни таңбаға одан көрнеуге, қозғалыс қаракет егелеріне және түрлі іс орындаушы құлтемірлерге де айналады. Бұл шарттардың арасын үзбеу үшін, яғни білімнің тозып, адам баласының өз біліміне мастанып, күнәлі болмыстың құлына айналмау үшін де жаратқаннан түсіріліп тұратын хикметті істердің тарихын, даму заңдылығын,  дін ниетін, ғылымға, өркениетке айналу оқиғалар шежіресін үнемі негізгі түсірілген киелі кітаптардың меңгеруші дін ғалымдары мен пән ғалымдарының арасында болатын пікір таластар, қайшылықтар арқылы ақ-қарасын әшкерелеп, шындығына көз жеткізумен ортасын белгілеп отырған жағдайда ғана адамзат ақыл-ойының жетілуіме, сана қуатының заманына сай өркениетін қалыптастырып отыру шарт. Бұл салада барлық адамзатқа ортақ сөз ғылымының мейлі діни кітап, оқулықтар болсын негізгі зерттеуші пән ғылымына жататын «философия» ғылымы жаратылыстар мен оқиғаларды, адамзат басынан өткен түрлі жағдайлар мен қоғамдық, ұжымдық даму сатыларын зерттеп, олардың ерекшеліктерін, жіберген қателіктері мен жетістіктерін сараптап және оны дін ғылымымен, теологтармен пікір таластар арқылы жаңадан сол за-манға қарай «табиғат, өркендеу» заңдылықтарын ұсынып отыру шарт.

      Осындай әр ұлттың, мемлекеттің салт-дәстүрі, өмір сүру ерекшеліктері, тіліне, тарихи оқиғаларының шежіре ағашына қарай философия, психология және діни теология бекіткен барлық үкімдерді, діни рәсімдерді орындау барысында кемшіліктерін түзетуге жаратқаннан келген жаңадан аяттарды сарапқа салып, халықтың рухани даму бағытын және рухани білімін әлем өзгерістерімен, жаңашылдық әдістерімен жетілдіріп отыруға тиісті. Ал әлемнің барлық дін ғалымдары үнемі өзара  пікірлерін ортаға салып, халықтармен мемлекет аралық ортақ саясатқа біріктіруге және дін, саясат, философиялық ортақ шешімдерге келуге, жалпы халықтың ортақ саяси ойын алаңында емес, керісінше даналыққа жеткен, халық қабылдаған ғалымдардың, ақсақалдардың басын қосып, бір төбенің басында кездесіп, философтардың, ойшылдардың ақиқатты іздеу жолындағы сүйенетін бір тірегі болуы керек. Бірақ қазіргі таңда әлем философия ғылымы, діни теология түгіл, бұл ғылымдардың өркендеуінің рухани жемісі болып табылатын психология ғылымын енді дінге де, философия біліміне де қоспай тек дәрігерлік, ел басқарушылық, саясаттық білімге айналдырумен, ақырында осы үш негізгі дін бұтағының өздерінше бөлек-бөлек білімге, пәндерге айналуымен, енді дін рәсімдері, сыйыну амалдары ғана дін болып аталып, ал діни ғалымдық тек кітап біліміне ғана негізделген тарихи білімге айналғасын, дін негізінен ғылым атты теңізде жүзген желкенсіз, ескексіз қайыққа айналған жайы бар. Қазіргі қандай діннің саласы болсын, мейлі философия, теология, «фиқһ» атты дін ғылымдары болсын, жаратқаннан үнемі аяттары оқылып тұратын және онымен салыстыру үшін түсірілген көрнекті кітап білімі арқылы жетілетінін мойындамай, керісінше ескірген ақылдың, бұрынғы өткен мыңдаған жылдардағы сана қуатының ақылға, білімге, жемісіне ғана сүйенеді де заманына сай діл білімінен нәр алған, Құдай ісінің ой-бақшасы сана қуатының жетістігі ескерусіз қалды. Сондықтан философия, психология, телогия ғылымында жанның білім арқылы кеңіп, адам баласының соған сай заман жетістіктерін қамтитын «қармасының» қажет ететін сана қуатының жаңа белестерін меңгерудің жан сырын, рухани дарындылық қуаттарын жаңалап отыру мүлде теріске шығарылып, «карма»-ерік заңдылығы, яғни адам жанындағы пайда болатын бос кеңістіктерді (ішкі жан дүние сарайы) көк мүлкінен келетін қуаттармен толықтырылып отыру мүлде қаперден шығарылып, есесіне зиянды, білімі жетілген түнек күштерінің әрекеттерімен, қуаттармен және тозған білім жетістіктерімен жанды аздыру дағдысы мен әдеттерінің, түрлі әдістерін меңгерумен, әлем халқы жарысқа түсіп кеткені сөзсіз. Ал бұл жағдайдың немен аяқталатынын ескертіп және осындай заманның қарсылығына түсіп тұратын жаратқаннан берілетін нұсқаулар мен аяттарының өзгеруімен үкімдерді жеткізіп рухани тазартушы міндетіне тұрған арнаулы дін мамандарымыз, рухани (отец) әкелер, поптар және хазірет, шейх, имамдарымыз да тек пән арқылы ғана ескірген діни біліммен түрлі топтарға бөлініп көре алмаушылық, бақталастық, дүние байлығын жоғары қойып, өзара қырқысумен елді бөліп алып, тек менің соңымнан ерсең бақытқа жетесің деген жалған түрлі діни топтарды қалыптастырумен ғана шұғылданып кетті. Және өздерінің осындай шала меңгерген діни рәсімдік білімі арқылы бүкіл әлемнің тылсымдық, ақиреттік құпия сырын рәсімдік тәжірибе арқылы біліп, көріп, өлшеп, ғылымсыз, хикметсіз ақиқатқа жету жолын ұсынады. Ислам дін топтарының бөлшектену себебі де осындай жағдайлардан туындап, тек  бұрынғы өткен ғұламалардың негізгі түп бастауына рәсімдік тәжірибесіне (масһаб, суфизм) сүйенген білімді ақылға, тәпсірлерге ғана жүгініп және ол қасиеттерді сөз жүзінде қазіргі пайда болған ғылым жетістіктерімен салыстырумен ғана шектеліп, бірақ құпия ғылым нақылдың, философиялық астарлы сөздер мен атаулардың және құран аяттарының киелі кітаптарда ескертілген, заманға сай жаңадан ұғымдарға еге болған астарлы сөздерді зерттеуге мән бермеуден де осындай кейбір дін ғалымдарының «көрегендігі» басқаларға емес, өзінің білімділігін, лауазымды дәрежелерге көтерілуіне және діншілдікті Алланың сүйікті құлы, тақуа болуды тек дүние жетістіктерімен, лауызымды орындармен бағалап, еліктеу үшін ғана дәлел ретінде пайда береді.

    Бұрынғы заман ойшылдарының ақылдың өзін төрт сатыға бөліп қарағанын және ақылдың да өзіндік діни рәсімдік тәрбиесі болып, ақиқатқа, хикметке және таза ақылға жету жолында біртұтас дін рәсімдерін орындау арқылы атқарылатынын мүлде қаперге алмаудан енді философ ғалымдарымыз да бұрынғы ойшылдарды, сопыларды сынаумен осы заман білімін дәріптеумен ғана ғалым, акедемик болып аталса, ал дін ғалымдарымыз керісінше осы заман ғылым жетістіктерінен көрі бұрынғы заман дін ғалымдарының сол кезеңдік, дәуір мен заман өркениетіне сай қалыптастырған жетістіктеріне ғана мән беріп, кейбірі сол заманда жетістік болғанмен қазіргі таңдағы пәнге айналып, сондықтан дінде ескірген білімге айналуымен философиялық  маңызын, талап құндылығын жойған амалдарына да таңдай қағып таңданып дәріптеумен ғана шектелумен «кинизм» жолын ұстанып, дін ғылымын кері тартумен ғана, білім арқылы көтерілген биік лауазымды орындарымен ғана ерекшеленеді. Дінді меңгеруде өзіндік кәсіптік дәрежеге айналумен, ал дінді ұстану енді кәсіп болған жерде дүниемен өлшену заңдылығы пайда болуы сөзсіз. Сондықтан діни рәсімді орындауда кейбір топтар сопылық жолда ізденумен шамалы алған хикметтерімен ондай білімді кәсіпке айналдырған дін ғалымдарынан биікте тұрғандықтан, ондайлардан яғни өз отандасынан, ағайынынан қауіптенген билік басындағы ағайындарымыз осы өздерінің шыққан биіктерінен айырылып қалмас үшін де өзара пікірде бірігіп, ел басқарушыларымен бірге өз мүдделдерін қорғайтын заңдар шығару шығармашылықтарын бірінші басты мақсаттарына айналдырып алған. Бұндай жағдайлар бұрынғы замандарда да адамзат басынан өткендігін: «Дүниенің құпия-сырын түгел білген ешбір жан жоқ. Сондықтан көп нәрсе туралы біздің пікіріміз жаңсақ. Түсінігіміз жалған. Бірақ, білмейтіндіктің екі түрі бар; бірі — анадан туғанда білмей туатындығымыз; бұл — «табиғи» надандық, екіншісі — шынайы данышпанның «білмейтіндігі»: дүниедегі ғылымның бәрін оқып біліп, тәмәм қылған данышпан ғұлама атаулы ең соңында сол жиған білімнің бәрі түкке тұрмасын; Құдайдың жаратқан дүниесін танып білуге мүлдем татымсыз, толымсыз екенін түсінеді. Енді осы екеуінің ортасында бір «тайпа» ел бар — ешбір саладан түбегейлі білімі жоқ, шала, бытып-шытып әр нәрсенің басын бір жалғап, сөйте тұра өздері тәкаппар, менмен болады. Көңілі тоқ, өзіне-өзі дән риза. Өзегі тар, ойлары орашолақ. Алайда, сырт көзге өздерін зор, білгіш етіп көрсетеді. Міне, осы шала сауаттты менмендер өздерін ақылды санайды да, дүниені былыққа батырады, момын халықты «Мен білемін, маған ер» деп арнаға жығады» (Паскаль). Бұл жоғарыдағы пайғамбарымыздың «тажалдан да қауіптірек адамдар» деген біздердің дін және философия, психология ғалымдарымызбен  бірге ел басқарушы, саятшы әкім қараларымыз бен дүние тапқыш байларымыздың арасынан шыққан партияға бірігіп, төменгі таптағы қара халықтың дінді меңгермеуден пайда болған ақылдың қайшылығын өз мүддесіне пайдаланумен және заң арқылы икемдеп, қызметке тұрғандар тобынан болып табылады. Сондықтан бұл топтағыларға заман қайшылықтарына қарай жіберіліп, көрсетіліп тұратын Құдайдың уахи, үкімдері, хикметті көріністері, сан алуан сынақтар арқылы көрсетіліп жатқан белгілері дұрыс деп саналмайды және қарапайым халыққа тұтынуға ізденуге де тыйым салу үшін еркін тежеп, жан алып жан беруден тайынбайды. Дін ғылымы барлық ғылымдардың қозғаушы атасы болып, тек сананың  жетістігінен, рухани дарындылықтан пайда болып, бірақ оны түсіндіретін, тәрбиелеп жолға салатын, жалпы халықтың тұтынуына арналған пайдалы білімге айналдыратын сөз даналығы, ақыл-ой жетістігі де, шабыт, қасиеттіліктері де керек. Онсыз ділмен алған білімімізді пайдаға жарата алмаймыз. Бірақ мұндай заман талабымен түсірілген дін ғылымы да, егерде ондай аяттарды теріске алумен дүниелік, шаруашылық жетістіктерін туындататын пәндік білімге ғана сүйенген ақылды ғана дамытатын болса, онда екі жүзді пышақ секілді болып пайдасымен бірге кейбір жақтарын шектеулерін білмесе адамзатқа жасырын қылмыс та істетеді. Және тек дүниенің, білімнің пайдасын ғана ойлаған жағдайда, дүние табу мақсатынан ғана пайдаланатын болса онда нәпсінің қалауымен хайуаннан да төмен дәрежеге түсіп, арты жер бетінен бүкіл халық болып мүлде жоғалуға да апарып та соқтырады. Қарапайым мысал рухани дарындылықтың бір саласы ән-күй өнері, енді бүкіл жер шары тұрғындарының табыс тауып және мақтан «жұлдыз» атауымен керісінше сондай қасиетті пенделердің тұқымдары азып, мәңгілік тозаққа түсушілер қатарын ғана еселеп толтыруға қазақ елі де өз үлесін қосып, жастарды енді тек ойын-сауық өнерін рухани дарындылықтың жоғарысына қойып және соған қарай бейімдеп тәрбиелеумен шұғылданып кеттік.  Негізінен өркениет те, мәдениет те дінмен бірге дамып және үнемі заман талабына, тіршілік заңына қарай қалыптасқан ақылды дін рәсімдерін орындау арқылы ғана сын тезіне салып, белгілі бір тәртіппен заманына қарай жүйелеп отыру қажеттілік. Ал бұл жолдағы тәртіпті, нұсқауларды адам баласы өз ақыл-ойымен анықтай алуы мүмкін емес. Оған жаратушы тарапынан үнемі толықтырылып, түсіріп тұратын таза ақылдың көмегі ауадай қажет. Енді сол таза ақылды алу үшін де, яғни уахиды меңгеру үшін де сол ақылды меңгерген парасаттылық дәрежесіне жеткен адамдардың ғана өмірлік тәжірибесіне сүйену шарт. Бірақ оның да екі белгісі; іштен пайда болатын және сыртқы әсердің себебінен пайда болатын себептік белгісі болады. Адам баласының ішкі пайымдау, парасат күшін, ақыл-ой еркіндігін қалыптастырмай сырттан келетін әсерлерге және өзге елдің ақылды тәжірибелеріне, ойына, өркениеті мен жетістіктеріне еліктеп, ал шежірелік тарихың мен, ата-баба өмір тәжірибесін, философиялық пайымдаулары мен нақылдарын, аманаттарын білмеуден, керісінше өзге елдің құлдығына яғни бүкіл халық болып, рухани бодандыққа түсіп, ұлттық діл білімі мен сана-сезімнің тежелуіне әкеліп соқтыруы сөзсіз.

     Бұл жерде психология және философия ғалымдарының айқын қателігі ұлттық сананың ерекшелігі мен әлемдік түйсіктің бір тектілігінің сырын білмеуінен, бұл салада пікір таластың қарсылықтың болмауынан, дін ғалымдары да жан сырынан мүлде хабарсыз, «рухта дін бар» және оны «жан» деп те атайтын  надандықтарын халықтың алдында жариялаудан жалығар да емес. Сондықтан ақылдың да екі сапасы сезімдік, түйсіктік болып, оны білім жетістіктері арқылы ғана өлшемей аталарымыз ескерткен; «Ілім мен білім ортасын ұстамасаң бүлін» деген рухани дарындылықтың да, қасиеттіліктің де, тектіліктің де сапасы керек екенін ескеру керек.  Енді іштен пайда болатын ақыл аңғарымпаздық — сана қуаты болып, өз қауымыңның, ұлтыңның мүддесіне және ата-бабаларымыздың өмірлік тәжірибесіне сай аралықтан пайда болғанда ғана адам баласы еркін ойлап уахидың, жаратқанның ақылының құзырында болып, білімін сыртан жинаған, көрген, естіген, оқыған ақылын сын тезіне салып қарауға мүмкіндік туындайды. Ал егер сыртқы өз ұлтыңның аясынан тыс, өзге елдің әдет-ғұрпына сүйену арқылы сырттан келетін ақылға сүйенген жағдайда, онда уахидың мәні сыртта қалып, адам баласы керісінше пәлекетке, қасіретке, зұлымдыққа ұшырайды. Сондықтан әрбір адам баласы өз қауымының тылсым үніне құлақ түруді меңгеру арқылы ғана дұрыс бағытын айқындай алады. Осындай өзге елдің тәжірибесіне және сырттан келген ақылдарға жүгінгендіктен, өзге елдің жетістіктеріне еліктеушіліктен ешқандай философ та, дін ғалымдары да өздерін де, қоғамды да дұрыс жолға сала алмағандықтан дінде де, сөз ғылымында да, ел басқару саясаты мен мәдениет те де қарама-қайшылық әлсіреп, ақылдың білімге, тәжірибеге ғана жүгінген біртектілігінен әлем халқы саналықтың дағдарысына ұшырап, үлкен қайғы-қасіретке душар болып және көптеген апаттардың, болатын зұлымдықтардың алдында тұрғаны және бұндай рухани дағдарысқа түскен елдерге жаратқанның үкімі түсіп, орындалып белгілері түсіп жатқаны да сөзсіз. Егер білімнен пайда болған ақыл бүкіл адамзатқа керек істерді қамти алатын жағдай болғанда, онда пайғамбарлардың қажеті болмай елшілер, философ, ғалымдар арқылы тек түсірілген кітаптарды өзіміз меңгерумен ғана шектелсек жеткілікті болар еді. Ал  және пайғамбарлар қажет болмаған жағдайда, олардың өсиеттерін жетік меңгеріп, амалға айналдарып және жаратушы уахиына жалғанған арамыздан шыққан хикметті істерді меңгерген әулие-әмбилердің қажеті болмас еді. Бұндай жағдайда себеп заңдылығының өзін де жоққа шығарып, себептің иесін тану үшін аралық орындаушы себепшіні де керек қылмай, әрбір адам жеке-жеке тура жаратушының өзіне жалғанып, құлшылық рәсімдерін орындап қана кемелдік дәрежеге білімсіз, өнерсіз-ақ жетіп,  қажетіне қарай тәнін де, жанын да, ескі күнәлі рухын да тазартпай-ақ тек масһабпен мешіттерден шықпай намазын оқып, дінсіз таза ақылын алып, өмірін түзеп, бақытты өмір кешу тиіс еді. Бұндай жағдайдағы енді үш сатылы дінге байланысты ақылдың «Ман»(заман) қуаттарының түкке де қажеті болмай «шерік, серік» деген ұғымдарды мүлде кітаптардан алып тастауға да болар еді де, яғни бәріміз біртұтас періштелік дәрежеде өмір сүруіміз керек болар еді. Бірақ ешқандай халықтың да, жалпы адамзат тарихында да бұндай жағдай болмаған және тарихта, шежіреде, киелі кітаптарда баяндалмаған оқиғалардың хикметтердің болашақта болуы да мүмкін емес. Тек дінді рәсімдік және шариғат істерімен шектеп, «Мұсыл» ды ғана алып сыртын түйсігін тазалап, ал ішкі сезімдік бейнесін, рухани дүниесін, жанын тазалап, кеңітіп (За)«Ман»-ды меңгеруді ұмытқан намаз оқушы елдердің бәрі тығырыққа тіреліп, рухани тығырыққа түсіп, жастарының мәңгүрттенуімен, сынақтармен өзара ағайындар бірі-бірінің қанын төгіп жатқандығы айқын дәлел болып, осындай өзге елдерге де төніп тұрған рухани тоқырауды айқын көрсетіп, жаратқанның белгісі түскені хақ.  Ал бүкіл әлемдегі жанды, жансыз нәрселерді, адамдарды бастан бір-бірімізге себеп қылып жаратқандықтан, біздің осындай ақылды, білгіш болып өмірге келуіміздің өзіне себепші біздердің надан, сауатсыз атаған ата-аналарымыз арқылы ғана белгілі бір хикметке жалғануымыздан және біздің бұл замандағы несібемізде өткен тарихтан, дін жетістіктерінен, шежіре ағашының гүлдеп жеміс беруінен ғана пайда болған көктен келіп жатқан несібе екенін біле бермейміз. Сондықтан қажет етсек те, етпесек те ақылдың сана қуаты болып, өз ішімізден келуі үшін сол ата-аналарымыздың ішінен озық шығып, Алланың құлы Мұхаммед пайғамбарымыздың нағыз үмметі болып, ерекше жаратқаннан сый алып, хикметтеріне бөленген әулие-әмбилерімізден бастап жалғанып, сосын түп негізге қарай ақыл-ойымызбен ақиқат жолында еркін ақылмен саяхат жасап жалғануымыз міндетті болмақ. Өйткені әрбір адам баласының ақылы өз ұлтымен, тілімен шектелген «метафизиқалық» заңдылығын ескеру керек. Әрбір адам баласы осы өзіндік жаратылған бос кеңістіктерін, метафизикалық ақыл шектерін шеңберін, ішкі бостық бөлмелерін қараңғылықтарын түрлі түс, бояулармен толтырып және осы жолдағы кедергілерді ата-ана рухының көмегіне сүйеніп жеңу арқылы  ғана келесі өзге қауымның «метафизиқалық» кеңістігіне, шеңберіне көтеріліп отыру ғылымның, психологияның негізгі бағыты болу керек. Мысалға ғылымнан қарапайым мысал берсек; Адамның өз ата-анасынан қабілет, қасиеттерді сіңіру үшін әуелі «Рнк» арқылы «Днк» ақпараттық негізге жалғанатын болсақ, әлемдік жоғары сатыдағы ақпараттық дін жүйесі де осы заңдылыққа бағынып оны әлемдегі тұрақты негізгі 22-ағаш санымен ішкі мәні 78-санымен айқын, ашық аяттармен, сандық ғылыммен Құран философиясы көрсетіп тұр.

    Енді бұндай терең сырлы Құран ғылымын меңгеріп, іргелі білімдеріміз, ілімдерімізбен салыстырып түсінуге біздің қазіргі таңдағы білім жетістігіне сүйеніп жинаған түйсіктік ақылымыз, өзіміздегі жан дүниеміздегі сана-сезіміздегі қым-қуыт болып жатқан әсерлермен, соған байланысты түрлі жағдайларға түсіп жатқан рухани кеселдерімізді, жаратылыстық сырымызды да түсінуге жеткіліксіз. Сондықтан да бұл басылымда өзімізге ата-аналарымыздың, жаратқанның сүйген құлдары әулие-әмбилеріміздің қалдырған мұралары және аманат нақылдарына сүйеніп, жоғарғы; «тажалдан қауіпті адамдардың» ой жоруларымен пайда болған ақылдарын сыннан өткізе отырып, жаратқан үкімдерімен салыстырып тезге салып көреміз. Енді ондай өздерін елге «білді-ман» қылып, ақпараттар жүйесін тек өздерінің «көрегендіктерін» дәріптеуге ғана пайдаланып, өтіріктерін жасыру үшін том-том кітаптар мен үздіксіз басылымдарының санын көбейту арқылы өздерін рухани көсемге айналдырған, ел тізгінін, шылбырын ұстаған топтарды тек білімге сүйенген философиялық пайымдаулары, діл білімдері жетілмеген; «ой жорушы», «қиялшылар» дегеніміз дұрыс болар. Ойшылдықтың да негізі өмірден алған тәжірибелерден пайда болып және оның қиялға болашақты болжаған ар—манға негізделетінін Шәкәрім атамыз:«Тозған денем ойыма орын болудан қалып барады. Мен оған қарамай әлі де келген ойды жаза бермекпін.» деп ойдың жетілуі мен сақталуы да тәннің тазалығына, күш- қайратқа да тәуелді болатыны ескертіп,  уақытты жастық шақтың бір мезетінде босқа өткізбеуді де ескерткен. «Бұл ойым басқа келген қиял, бірақ болмаған іс, құрғақ қысыр кеңес, жай ғана қиял дейтін ауру бар.» Осындай дін ғалымдардың өзі тәжірибеден өткізбеген істерді алыстан сермеп, тек кітап біліміне негіздеген қиялға берілуінен туындайтын адасудың себебін ескертеді. «Адам осы жаралыстың бір бөлігі, бұл жаралыстан, табиғаттан бөлек емес. Сондықтан адамның бұл дүниеде, бұл табиғатта жоқ нәрсені ойлаудың өзі мүмкін емес» деп біздің дін ғалымдарының да және философия, психология мамандарының «реинкорнация» немесе ислам дін ғалымдарының «тәнасұх» деп аталатын заңдылығын да жалғанға шығаруын терістейді. Сондықтан ойдың пайда болуы жын-шайтанмен де тікелей байланысты болып, құрғақ қиялға жүгінуден шайтан адамға айналудың басты себебі болмақ. Ойлау мінезін «Ман»-ын қалыптастыра білудің өзінің де ғылымның ерекше бөлімі «псхология» саласы болып табылады. Ал ойды білімге, тек меңгерген ақылға матап қоюды Раббымыз: «Ой жорушылар құрысын!» деп үкім түсірген. «Екінші, сол қиял болмайтын нәрсе деп отырғанымыз ұлғайтылып, өзгертіліп, ауыстырылып айтылған болашақ болуы мүмкін. Неге десеңіз бұрын фантазия, қиял деп жүрген ойлар бүгін мүмкін дағдылы іс екенін танып, құтыла аламыз ба? Әрине, қиялдың да шегі бар. Меніңше, айтқалы отырған ойым болмайтын қиял емес, болуға мүмкін».  Барлық тіршілік қуаты шектеулі, бағытталған дұрыс ойлана білуден, мақсаты ой, арманнан яғни «Ман»-(Ой)ды, мұсылмандықты меңгерумен кітаптарға, құранға толық иман келтірумен аяттармен шектеліп, діннің негізгі ой тәрбиесін меңгеру екенін насихаттайды. «Адам өмірін қалай түзеуге болады? Адам қайткенде тату тұра алады? Ойлы, саналы адамдардың ғасырлар бойы миын тыныштпай, өмірін сарп еткен, әлі де сан адамдардың арын қозғап, ойларын тыныштыпайтын осы сұрақтар». Бұндай ойлы, саналы адамға айналу үшін әуелі адам өз ішкі дүниесін түзеп, иманның жетістігі 70 сатыдан өткен адам баласының басында болатын жағдайларға тән. Бірақ барлық адамзат бұндай жоғары дәрежелі саналыққа жету мүмкін емес. Сондықтан ойлану дәрежесі де мақсаты да түрлі-түрлі болып келеді. Осындай ой қуатынан барып дінді қаншалықты меңгергенін анықтауға болады. «…біреулер адам өмірі жаратқан иесін танумен түзеледі десе, кейбіреулер үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе түзеледі деді. Ал, біреулер оқу біліммен, халықты ағартумен адам өмірі түзеледі деді. Біреулері бай, кедейді теңеумен түзеледі десе, біреулері тәрбиемен түзетуге болады деді. Өмірдің өзі — тіршілік таласы. Сондықтан адам өмірін жаралыстың өзі солай жаратқан, бірін-бірі жеп, талап, таласып өмір сүрсек дегендер де болған. Біздіңізше бұларды жекелей алғанда ешқайсысы да адам өмірін түзей алмайды».

    Қазіргі философиялық, ойшылдық талас-тартыстар мен саясаттағы және әлем өміріндегі болып жатқан көзқарастардың, партияға бөлініп еркіндікті іздеудің бәрі жеке-жеке ешқашанда өркениетті өмірді қалыптастыра алмайды яғни солай да болып жатқаны даусыз. «Адам өзі жаратқан иесін танумен түзеледі десе, жаратқан иесін танып күнде бес уақыт намазын оқып, құранды қақпан қылып, елді алдап жүретін молда-сопылардың қылықтарын ойлап қараңыз». Бұндай жағдайға әлем халқы күнде куә болып жатқан жайымыз бар. Тек мысалға өзіміздің еліміздегі «намазхан» масһабшыларды мысалға ғана алыңыз. Қандай рухани жетістікке жетіп, қазақ елінің рухани көшін түзеп, ойлы дарынды ұрпақтар тәрбиелеп, әділетті заңның шығуына, адамдар арасындағы туысқандық берік мызғымас сүйіспеншілікті қалыптастыра алды? Керісінше ең басты қазақтың рухани санасының жауына айналғанын, елдің бірлігін, бүтіндік ділін бөлшектеп, ақылы толмаған жастарды түрлі ағымдардың қақпанына апарып түсіргенін өздері де аңғаруға дәрменсіз. Ал халифат құрып басқарамыз деген саясатты ұстанушылар мен үкіметтің заңына қарсы болушы, тек билікті халықтың қолына ұстатамыз дейтін партияларға; «Үкімет жойылса, адам бет-бетімен кетсе, біреу-біреуге жәрдем етпесе, азулы айуандар жекелеген адамдарды жей берсе, қайтіп өмір сүрмек? Оқу, білім үйренген адам түрлі өнерді білетіні рас. Бірақ ол өнер-білімді қандай іске жұмсайды? Мен көрген адамдар үйренген ғылымын түрлі қару жасап, улы газдар тауып, басқа адамдарды аң есебінде атып, әлсізді құлданып, жердің бетін адам қанымен бояғаннан басқа бітіргені шамалы». Бұдан басқа білім-өнерді бір-бірімізден үйренумен бірге адамды қару жарақсыз-ақ, ар-ұятын саудаға салып, түрлі қылықтарды ашықтай көрсетумен, көзіміздің үйренгені сонша енді хайуан сияқты көшедегі, баспасөз, теле арнадағы көріністерді жарнамалап, тәнді саудалайтын,зинақорлықты еркіндік деп қабылдаған Лұт қауымының да арсыздығын («Сексуалды»- Күйшіл, Күйлегіш, күйлеткіш, еліткіш, еліктіргіш т.б.) салтымызға айналдырып, ділдерімізді өз қолымызбен улап жатқанымызға кім кінәлі? «Бай мен кедейді теңеу, байдың малын кедейге бөліп беру-кедейді еріншектік, еңбексіз мал табуға дағдыландырып жіберетін жол. Тәрбиемен түзеуге болады десе, менің ержеткен төрт ұлым болды. Бұлардың бәрі бір шешеден, бір әкеден туған, өскен жері, ішкен тамағы, өскен ортасы, алған тәрбиесі бір. Бірақ біреуі шыдамды, біреуі шыдамсыз, біреуі еңбекке құмар, біреуі жалқау, біреуі мейірімді, біреуі қатал, біреуі ашуланшақ». Әрбір әке-шеше баласын ұры болсын, залым болсын, адам өлтірсін немесе түрлі жат әдеттердің соңына түсіп азғындасын дегендей тәрбие бермесе де, дүние тіршілігінде кездесетін жаман әдеттерден қанша шектеп тыйым салса да, қоғамдағы болып жатқан індетке айналған істер берілген білім, тәрбиені де тас-талқан қылып, бір мезетте қалай жұғысып, жолдан, адамгершіліктен, парыздар мен мұсылмандық қарыздардан  бұрып кетеді? Онда құр тәрбиемен, білім берумен де толық адамгершілік сана-сезімді, парасаттылықты қалыптастыру мүмкін емес. Адам бойындағы жаратылыстан жазылған қарсылық ниеттерді, түнек күштерін де есепке алу керек екен. «Ақырында, өмір-тіршіліктің таласы, сондықтан адам таласып, бірін-бірі қыруға жаралған деген ой негізсіз, өйткен барлық зат, оның ішінде адам жаратылыстан өзгеретіні сөзсіз. Ары бар, ақылы бар, мейірімі бар, махаббаты бар адамның бірін-бірі жеп, талап, қырып өсуі мүмкін емес. Бізше, адам оқып, біліп үйренуі қажет. Білімсіз-ғылымсыз өнер табылмайды. Сол алған білім-адал еңбекпен жаратылыстың мол байлығын пайдалануға салса, табылмайтын нәрсе жоқ. Сол тапқан байлықты барша адам баласының керегіне, пайдасына жарату керек. Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады. Ал, арлы, ақылды адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтанды білмейді және істемейді.».

     Ең басты қандай да болсын тәрбие, оқу, білім, дағды, дініміз, құлшылығымыз  «АР» деген ішкі жан қуатын жетілдіруге бағытталу керек екен. Олай болса ар қуаты дегеніміз; ананың ақ сүтімізбен, діліміз арқылы келетін мейірімнен тілден басталып, ақылды сөзімізді меңгерумен пайда болатын, махаббат пен ұлттық салт-дәстүрімізді сақтаумен сіңіретін қайырымдылық, адалдық негіздерін меңгеруден пайда болатын діл бақшасының жемісін айтады. Ал діл білімі — әйелзатының қанында болатын 11 түрлі «жұлдызшалар», яғни үндердің, жетілген ақылдың қазынасы болып, ұлттық дініміздің, тіліміздің негізін қалайды. Онда діл бақшасы күзетшісіз тағы жемісін бермейді. Діл бақшасының күзетшілерін; «ар-ұят», «ар-ұждан», «ар-намыс», «ар-ман» (ақыл-ой еркі) «Ерік»- «Тек» деп атайды. Осы төртеуін түгелдей білген жағдайда; «Төртеу түгел болса төбеден жүрекке енер зейнет» деген аталарымыз. «Осы төртеуінің басы қосылса, адам жақсы өмір сүріп, бірімен-бірі тату тұруында сөз жоқ. Бірақ осы айтылғандарға қарсы жолдан қосылған, адамның бойында біржолата сіңісіп, біте қайнасып қалған күшті, зиянды нәрселер, әдеттер бар. Олар: нәпсі, өзімшілдік, күншілдік, мақтан. Бұлардан ұшы-қиыры жоқ жаман әдеттер туа бермек. Мысалы зорлық, алдау, мансапқорлық, малқұмарлық, рахымсыздық, мейірімсіздік, қанішерлік тағы тағылар. Бұлай болғанда осы жаман әдеттерден құтылу айласын іздеу керек. Ең алдымен барлық адамды адал еңбек ететін жолға салу керек.». Ал, Абай атамыз енді бұл жаманшылықтан құтылудың шарттарын 42 әулиеге байланыстырып, рух әмірі мен дін ісі, құдай ісі арасын біліп, жаратқаннан берілетін әмірлерге жүгінумен, Алланың жолына түсумен шешілетінін насихаттап көрсетіпті: «Қазақтың жаманшылыққа бір үйір бола беретұғының бір себебі — жұмысының жоқтығы. Егер егін салса, я саудаға салынса, қолы тиер ме еді? Ол ауылдан бұл ауылға, біреуден бір жылқының майын сұрап мініп, тамақ асырап, болмаса сөз аңдып, қулық, сұмдықпен адам аздырмақ үшін, яки азғырушылардың кеңесіне (партияға) кірмек үшін пайдасыз, жұмыссыз қаңғып жүруге құмар. Дүниелік керек болса адал еңбекке салынып алған кісі ондай жүрісті иттей қорлық көрмей ме? Өзінің кәсібін тастап, кезегендікке салына ма?…Осы күнгі қазақтың іске жараймын дегені өзінің азды-көптісін біреуге қоса салып, «көре жүр, көздей жүр» деп басын босатып алып, сөз аңдып, тамақ аңдып, (той тойлап) ел кезуге салынады. Бұл күндегіге байлық та мақтан емес, ақыл, абиыр да мақтан емес, арыз бере білу, алдай білу — мақтан. Бұл екеуі қолынан келген кісі салт атты, сабау қамшылы кедей де болса, аз да болса орны төрде, майлы атқа, майлы етке қолы жетеді…»(42-сөз).

     Қазақ халқына шет жұрттан келген қаңқылдап ән салғанын, той тойлап күн көрген, сауықшыл, қызықшыл, күлкішіл және әйтеуір бір оғаш ісімен таң қалдырған, айуандық күшімін біреуді бәсекеде айласын асырғанын да батыр, «жұлдыз» атап, еліміздің рухын көтеретін әулиедей сыйлайтын әдетіміз де бар. Пайғамбарымыз: «Кейбір кісінің өзі адамдардың алдында өзінің жақсы ісімен танылмаса да, өзін аспандағы жарық жұлдыз немесе айдан түскендей құрметтеуді жақсы көреді.» (693) Енді осындай еліміздің діліне келген азғындықтан қалай құтылып, халықты дұрыс жолға саламыз деген мақсатта түрлі партияларға, қоғамдық ұйымдарға, түрлі діни көзқарастағы бағытты ұстанып, бақытқа апарар тура жолдың кілті бізде деп, онымен рухани жетістікке жеткендер әзірге шамалы. Пайғамбарымыз; «Адал да арам да Құранда баяндалған. Бірақ сол екеуінің арасында күдікті нәрселер бар. Көп адам оның анығын біле бермейді. Осындай күдіктерден сақтанса адам дінін де, абыройын да сақтайды. Кімде-кім сол күдікке мойын бұрса ол арамдыққа түседі. Бұл да біреудің бақшасын (ділін) қорыған бағбанға ұқсайды. Жақындап бара берсе егінге түсіп кетеді. Әр хандық (ұлт, әулет, үммет) шекарасы бар сияқты, Алланың жердегі шекарасы оның арам етіп жаратқан нәрселері. Оларды кәсіп етпеу керек. Бейне денеңде бір кесек ет бар, егер ол тазаланса, дененің барлық мүшесі тазаланады. Егер бұзылса барлығы да бұзылады. Бұл ойда болған жөн.» (403) Шариғатта көрсетілген дін істерінен де бөлек әрбір ұлтқа, жеке адам баласына көрсетілетін Құдай істерінің яғни жүректі тазарту жол-жобасының бар екенін астарлы ескерткен. Ал осы бір кесек ет-жүректі тазалау үшін ананың ақ сүтінің діл білімін меңгеру үшін де жер емшегі мен шал емшегін еметін еңбектің кілтін табу керек. «Кімде-кім жан дүниесін таза сақтаса, иманды болса, шын сөйлесе, өзін салмақты, мінезін дұрыс, құлағын сақ ұстаса, көзі қырағы және нұрлы болса, ол адам бақытты.» (597) «Әр нәрсенің кілті бар. Пейіштің кілті кембағал, мүсәпірлерді жақсы көруде.» (661) «Ислам, яғни мұсылманшылық көпке жария, шариғат амалдары ашық түрде орындалады. Имандылық (құпия білім) діліңде.» (321) Бұл өсиеттен намаз оқып, дін рәсімдерін орындап иман келтірдім деген тек мұсылман болып қана саналып, ал иманның әр пендеге өз ата-анасы арқылы берілген діл білімі арқылы зейнеттелетінін ескертеді. Сондықтан; «Білім екі түрлі болады, біріншісі адамның ділінде болып келеді де, ол адамға пайдалы болып есептеледі. Екінші білім ол адамның тілінде болады. Ол Алла Тағаланың адам баласына жіберген куәлігі болып келеді». (568) Діл білімі сөз ғылымын меңгерумен байланысты болып, ол үшін де тек ұлттық ана тілінің үндік білімін терең меңгеру арқылы ғана Алла Тағаланың куәлігін алу арқылы ғана тылсым сырының есігі ашылады. Ол үшін де пайғамбарымыз ескерткендей анаға 3 рет жақсылық жасауды, яғни жер ана, су ана рухымен анамыздың рухына яғни әдет-ғұрып, салт-дәстүрі арқылы берген ақ сүтін ақтауға еңбек ете білу керек. Енді діл білімі дегенімізді қалай біліп, қайдан оқимыз? Әрине анамыздың бізге қанымызға еккен махаббатынан көк аспанымыз, отан анамызға ізгілік, жақсылық жасау, мемлекетімізге адал қызмет ету жолында және ата-бабаларымыздан келе жатқан аманат дініміздің құпия сырларын, хикметті істерін, парасаттылық, қасиеттілікті меңгеру жолында уахиға, ата-баба шежіресіне жалғану арқылы ұлттық тарихатымыздан табамыз. Ол үшін де адам баласына осы құпия сырды білсем, көрсем деген мақсат және талап керек. Бұл жолдағы ізденісті құранда «Сәжде» деп ескертіп, оны Абай атамыз білім, ғылым жолындағы адам баласының көңіл «сәждесі» деп ескертіпті. «Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен табылмас. Әуелі – білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бар қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемек керек. Ол үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектің өзін дәулет деп білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат орындалған  мақтан, қуаныш, беріктік сезімі пайда болады. Сол рахат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сонда әрбір естігеніңді көңілің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады. Егер дін көңілің (сәждең) өзге нәрседе болса, білім-ғылымды бір-ақ соған ғана (атақ, дәреже, мақтан, билік) себеп қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейірімі асырап алған шешеңнің мейірімі секілді болады. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылым өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды..» (32-сөз; «Сәжде»).

    Абай атамыздың ескертіп отырғаны адам баласының әуелгі қадамы парасаттылыққа жету жолындағы адамзатқа айқын болған ғылымды меңгеру жолындағы ізденіс пен еңбектің қажет ететін  берілген ақылдың талабы «көңіл сәждесі», берік сезімді жетілдіру болып табылады. Бірақ енді жер жүзіндегі, әлемдегі бар ғылымды меңгергеніңмен, ол біліміміз жаратылыс сырын, хикметтері мен заманға қарай беріліп жатқан түрлі сынақтар мен рухани себептердің сырын ашуға жеткілікті ме? Егер жеткілікті болса неге түрлі рухани дерттер мен қасірет аурулардың, қоғамдағы азғындықтарды тоқтатуға адам баласының бәрін бірдей білім арқылы парасатты, зайырлы, үлгілі-өнегелі қылып тәрбиелеуге шарасыз? Сол сияқты түрлі топтарға бөлініп, дін рәсімдерін орындаумен адамзаттың рухани санасын жетілдіреміз деген күн тәртібінен түспей жатқан діни пікірталастармен дін  ғалымдарымыз да, топ басшылары пір діншілеріміз де  тура жолға салатын ортақ жолды көрсететін заңдарды, ортақ пәтуаны ойлап таба алмай жатыр? Демек кітап жүзіндегі діни біліміміз де заманға қарай адамзат ақыл-ойының кеңістігін толық қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Сондықтан әрбір ұлттың, халықтың діл білімін меңгеру және жетілдіруге бағытталған діни іс-шаралары, сөздік шек араларын, сөз ғылымын қалыптастыру қажеттілік. Ал бұндай біліміміз ата-бабамыздың өткен тарихи оқиғаларынан, ізденістерінен пайда болып, біздерге қанымыз, діліміз арқылы білімге айналып жатқан тарихат білімі, шежіреміз болып есептеледі. Тарихаттың да екі бағыты бар. Діни рәсімдік тарихат пен діл білімін меңгеру құлшылық тарихаты болмақ. Ал сопылық жолдың басты шарты да тарихат жолына түстім деген бұрынғы нәсілдердің әулиелердің орындаған намаз оқу рәсімін қайталау немесе жетілдіру емес, керісінше тарихқа, шежіре ағашына жалғану арқылы жаңадан аяттарды, уахиларды меңгеру арқылы заман талабына сай намазын оқуды және діл білімін меңгеруді және әрбір пенденің өз қабілет, қасиеттілігіне, қауымына қарай жол-жобасын алып кедергілерден, тағдыр сынақтарынан өте білуді білдіреді. Енді өткеннен үлгі-өнеге, тарихи сынақтардан пайдалы білім алумен, яғни «тарихатты» яғни өткен тарихтан, шежіреден жеке-жеке қауымдық тағдырдан хат алуды, уахиды меңгеруден кейін ғана әрбір адам баласы өзінің жүрегін тазарту арқылы ғана халықтар тағдырынан өзіндік жеке қасиет, қабілетімен, сауапты істерімен үлесін қосу арқылы ғана болашаққа бақытты ғұмыр кешуге, адамзатты тура жолға салуға, ақыл-ойының еркіндігін қалыптастыру үшін мағрипат деген білімділікті меңгеру керек. Мағрипат білімі мен тарихат білімін бірлеу арқылы ғана хақиқаттың сырын ұғынып, ақиқаттың көкжиегін, жоғарғы жетінші көктен түсетін уахиға жалғанып, Ыбырайым жолына толық түсе  аламыз. Бұл жерде жалпы дін ғалымдарының әрбір дін жолына бет бұрған адам баласының сонау надандық дәуірдегі адамзат біліміне сай қалыптасқан шариғат істері мен дін рәсімдерін орындату арқылы, ақыл-ойдың еркіндігін тежейтін ұстанымдары арқылы діл білімін меңгеруі мүмкін де емес. Діл білімі ғасырлар бойы жетілдірілген, бірленген біртұтас жүректердің және өзінің кіндік қаны тамған жерінің халықтар сөзінің шек арасына байланысты ақпараттармен жер көкке, табиғат ықылымдарына байланысты түрленген табиғи ортаға, жаратылыс себепшілеріне, әуелі әке-шешемізге сосын ұлттық ортақ ата-аналарымыздың қандық тектілігіне, өмірден өткен нәсілдік қуаттық, қылықтық несібе жүктелулерге, ұлттық, үндік, тектік жүректердің бірлігіне, ақиқатқа айналып уахи болып көрінуіне де тәуелді болады. Сондықтан діл білімі өмірден өткен әке-шеше және әулие-әмби ата-аналарымыздың жүректеріне жазылған дін кітаптарымыздың, көктік рухани қазынамыздың түрлі оқиғалармен бейнеленген ақиқат шежіреміз. Егер ондай ақиқаттың көк жиегін көрген қандай ғұлама ғалым болса да, онда өзінің жинаған білімінің әлсіздігінің, жаратылыс құпия сырларының қасында мүлде адамзаттың ақыл-ойының жетімсіздігін айқын ұғынып, өзінің тәкаппарлық, елеулілік сезімдерінен арылып, жаратушыға деген тылсым сырын, құпиясын білсем, қасиеттілігін меңгерсем деген махаббаттың пайда болуымен, алған білімінің тазарып, берік сезімінің сырынан (санадан) нәр қуат алары сөзсіз. Бұндай сезімге бөлену үшін жоғарыдағы ар заңдылығының тәрбиесін қатаң түрде орындау арқылы ғана көңілдің тазаруымен, жүрек көздерінің ашылып рухани жетілуімен, Алла қасынан келетін пайдалы білімді меңгеру және көрегендік пен қасиеттерді жетілдірумен ерекшеленеді. Ал мұндай пайдалы білімді меңгермеген қандай да бір тарихи кітаптардан тек пәндік білімін меңгерген ғұламаның да, заманына қарай түсірілетін мұғжизалы белгілердің де, рухани өзгерістердің де, ақ пен қарасының арасын ажыратуда ақыл-ойының аясы тар болып, керісінше сол алған білімінен өзі түгіл қоршаған ортасына да, адам баласына зияны тие бастайды. Қандай білімді де толық меңгерген басқарушы рухани білімнен, діл білімі мағрипаттан хабарсыз болса, мейірімділік, сүйіспеншіліктен жұрдай болып, тек дүниені көбейту мақсатында ғана қызмет жасаушы яғни қол астындағыларға тек «У» шашады және соған сай заңдардың да қалыптасуына себепші де болмақ. Заң білімін меңгерген ғалым, сөз ғылымын тазалығын қалыптастырушы мағрипаттан және өзіне жеке берілетін діл білімі — рухани пайдалы білімнен хабарсыз болса, сыртқы әсерлердің себебіне ғана зейін қойып, адамзаттың күнәлардың болмысына ған тәуелді заңдарды шығарушы және адам рухын өлтіруші, түнек күштерінің қызметшісіне айналады. Ал медицина, шипагерлік тарихи пәндік біліммен ғана қаруланған ғалым адам тәнін емдегенмен жанын, рухын құрдымға жіберуші жендеттің ғана қызметін атқарады.

    Енді сөз ғылымын, жан сырының пәндік тарихи білімін (тарихатын) ғана меңгерген философ, психолог, теолог, хазірет сияқты ғалымдар қарапайым надан адамдардың қоғамға, елге тигізе алмайтын зиянын өзінің білімі арқысында 100 есе артық зиян келтіре алады. Сондықтан діни рәсімдермен ғана ескіден келе жатқан тарихаттық сопылық жолды ұстанудан заман жетістіктеріне сай діл білімін, ғылым жетістіктерін мағрипатынан хабарсыз, жанның рухани жетілуімен саналықты қалыптастыра алуы да жаратқанның хикмет, мұғжизасына жету де мүмкін емес. Енді бұл кезінде арнаулы діни тарихат сопылық ұстанымдары арқылы жеткен адамзаттың білім дейңгейін қазіргі таңда әрбір мектеп оқушысы да қарапайым кітап білімі арқылы әлдеқашан меңгеріп алғанын да ескерген жөн. Жан қуатының ақпараттық сыйымдылығын және тек пайдалы білім арқылы заманына сай кеңіп жетілуін дінде де, ғылымда да «Карма» заңдылығы деген ұғым бар. Қарма-ұста деген мағынамен аталарымыз бұл заңдылықты; «Заманың түлкі болса тазы болып шал» деп ескертіпті.  Түлкінің заманның қандай қулық ақылына қарсы қоятын пайдалы білім «ақыл-ой тазысын» жарата білу үшін де тарихтан, ата-баба тәжірибесінен де арнаулы тағылым, өнеге, үлгі алу керек. Сондықтан түйсіктік сырты қызыл түлкі ақылдың жетілген заманында дінде де, қандай да ғылым жолында да, өзге елдің түп негізін зерттеуден бастамай, бүкіл жаратылыстың ортасын тауып қана таразы басын тең ұстау үшін ақ-қара, пайдалы, пайдасыз жақтарының білімін меңгеру үшін де аталарымыздың толық меңгерген, пайдасын айқын көрген, сонан кейін болашақ ұрпақтарына аманаттаған білімдері, жеткен биік жетістіктері мағрипат жолын, енді біздер үшін барлық діннің де ғылым жолының да ортасы болып саналады. Тек осы негізге сүйену арқылы ғана біз сыртқы және іштен келетін ақылдың ақ-қарасын ажырату мүмкіндігіне жете аламыз. Болмаса жоқ. Сондықтан  бұл жолдың толық бағытын да, ақиқатын да көрсетіп кеткен Ясауи бабамыздың сопылық дін негіздерін іргелі ғылымдардың жетілумен жүйелеп, қарапайымдап, қазақтың ғана өмір салтына ғана емес, жалпы түркі әлемінің әдетіне, ғұрпына сай әлде қашан білімге айналдырған Абай, Шәкәрім т.б. ғұламалардың өмірден өтіп растығын дәлелдейтін еңбегін де, пайдалы білімін  мойындаған да ғана заман діліне сай таза ақылға да лайық болары даусыз. Ал, ғұлама даналарымыздың көрсетіп, дәлелдеп кеткен жолына, бекіген дінімізге, түзелген сөз ғылымымызға, еркін ақыл-ой, ұлттық сана-сезімізге, ділдік, тілдік білімімізге; еліміздегі Философия, психология ғалымдарының қазақтың рухани білім мағрипатынан тигізіп жатқан зияндарын өткен басылымдарда мысалдар бергенмін, алдағы басылымдарда әлі жан сырын баяндау барысында талдай жатармыз, енді негізгі дін ғылымдағы теологиялық жағдайларға аз ғана тоқталып өтсек:

(Толық кітап нұсқасын кітаптар бөлімінен жүктеп алуға болады)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *