Адай ата және шырақсыз ұрпақтары

Бөлім: Тарихтар мен тұлғалар 178

Алдыңғы жазбаларда шырағы сөнген рулар туралы ескерткенбіз. Жалпы қазақта шырағы жанған руды әзірге кездестіру де қиын. Себебі ол рудан шыққан әулиелікті меңгеріп, Құдайдан тікелей хабар алатын, пайғамбарымыздың батасын алған пендесі жоқ. Мүмкін бар шығар, бірақ тақуалықта жетіле алмай жатқандар да жеткілікті.

Сонымен жетелі болу үшін жеті атасын ғана біліп қоя салу емес, олардың бірлігін, Рұқ-әке сипатына айналдырып, шырағын жағумен аян-кітаптарына жалғанып қолдауын алумен, жанатқа еніп ризалшылығын білдірумен ғана рудың басында тұрған жағалы бабалардан хабар алып, оларды жарыққа шығаруға жол ашылмақ. Яғни, шырағы жанбақ. Бірақ енді атын қазақшаладым деп әкесін, атасын ат қылып мініп алғандар, латынмен ділді сақтаймыз деп Кер баба аруағының назына ұшырағандар, үш тілмен ғылымды боламыз денен ниеті барлар мүлде жоламаса да болады. Құдайға ашық қарсылықпен жеті атаның шырағын жағу да мүмкін емес!

Осындай шырағы жанған Шапырашты руы еді, оны ел басымыздың өзі бас болып қазақтың елдігін мүлде сөндірумен шырағы да сөнді деген хабар келді. Енді кімдер болашақтан қайта жаға алады ол да жұмбақ. Сонымен шырақты рудың негізі Адай аталығы болатын. Бірақ қазіргі таңда Жаңаөзендегі дүние үшін төбелес жындылықтары және ата жолын жаппай қудалауда прокурор, сот, білімді қауымдары айрықша үлесін қосып аталықпен жіптерін үзгендер болып саналады.

Бұндай шырағы сөнгендер Құдайшылдықтан ажырап Құдайдың хабарын жүрегімен қабылдап тексеру түгіл, оған керісінше қарсылық көрсетеді. Құдай лағнеттеді, дегенмен Жаңаөзен уақиғасын әлі кезге дейін рухани ерлік санап, өз ұрпақтарында тағдырын жеп жатқандар осы адай аталығынан болмақ.

Енді нақты дәлеліміз Отпан әулиенің басына Адай ата зияраты деп кесене салып, аталықтың киелі зияраты қылып жерлеу рәсімдерін жасап жатқаны, болашақта үлкен масқараның бірі болмақ. Білімділері Отпан әулиенің бізге қатысы жоқ деп елді азғырып жатқаны да ібілістің ұрпағына айналғаннан болмақ. Араларында естілері болып, олар да азғырылып Адай аталығы түгел жындыға айналмасын деген мақсатпен Отпан әулие туралы дерегін жарияладық.

Сонымен Адай атамыз қос төбеде таудың шатқалында бос кеңістікте жатыр екен. Адай ата өз заманында өте несібелі болған кісі екен. Құдайдан несібесін толық алған қазақ тегінен болады. Мұның негізі анасының 40 шырақты болумен, оны ділмен алып 40 жанды шыраққа айналдыра білген. Адай атаның нағашы жұрты өте текті болған деген хабар келді. Болашақта хикметімен құпиясы ашылып 40 шырақты әулие болып аталуы да сөзсіз.

Түрі де өте қарапайым болып кездеседі және «Менің зияратыма ұрпақтарым мақтаншылықпен үлкен зәулім кесене тұрғызбасын,»» деп қарапайым жан-жағы ашық (Ақ ұлдың кесенесі) белгі орнатуды тапсырды. Атамыздың бұл хабары өз ұрпақтарының мақтаншақ, жынды екеніне берген дәлелі шығар. Біздерге кезінде Адай атаның жауға бірге шапқан үзеңгілес серігі болған Жәкітай батыр болған екен. Сол батыр жолдасының басын алдымен көтеруге аманат түскенді.

Бірақ қазіргі ел басымыздан бастап құдайсыздықтың шарықтау шегіне жеткен заманда, мұндай деректерді рухани жаңғыртқыш ел билігі түгіл, өз ұрпақтарының арасынан намысы оянып, әрі қарай зерттеп, жалғанып амалға айналдыратындар әзірге көріне қоймай жатыр. Ондай намысты тектілері аталықтан шығып жатса, өздерін құс жолына жалғануды үйретіп бұл деректерді кең түрде алуға да жәрдем беруге даярмыз…(Қаңтар 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *