Фиқһ және «Тасаввуф» туралы.

Бөлім: Без рубрики 149

     Жалпы қандай да діннің негізгі философиялық бағыты жаратылыс сырларын тану арқылы адам баласы өзінің кім екенін және қайдан келгенін, қалай, не мақсатта пайда болып, қайда бара жатқанын білу білімін меңгеруді дін ілімінің негізгі талабы деп түсінгеніміз абзал. Екіншіден осы білімді меңгеру арқылы дүние тіршілігінің адамзат алдына қойған түрлі қиындықтарынан, сынақтарынан өтіп, бұрынғы бастапқы қалпына қайта қосылу үшін белгілі діни шарттар мен жобаларын орындау арқылы рухани кемелдікті, парасаттылықты, адамгершілік құндылықтарды меңгеру керек. Осы жолда болатын адам балаларының қоғамға да келетін, заманға қарай жаратқан тарапынан бүкіл халықтың басына түсетін сынақтар, кедергілер бір адамның ақыл-білім, ой кеңістігіне сыйғызбақ түгіл, сол өмір сүрген бар қоғам мүшелерінің біліміне де, ақыл-ой жетістіктеріне де сыйғызу мүмкін болмағандықтан, әрбір адам баласы өз шамасына қарай, белгілі тағдыр жазуына қарай меңгеретін істері және жол-жобалары болуы ақиқат. Енді адамзатқа ортақ ғасырлар бойы түрлі пайғамбарлар, елшілер, әулие-әмбилер, философтар, ғалымдар, абыздардың қалдырған өсиет аманаттары мен нұсқауларын киелі кітап үкімдерімен салыстыру білімі арқылы заманына қарай адам жанының рухани білімі де болып, ділдік білімінің жетілуімен, ұғымдық, қарекеттік қармау «Қол» қуаттық шамаларының жетілуіне қарай діни білімін де жетілдіріп отыру шарт. Бұндай діни білімнің негізгі адам баласына ұлтына, руына, жынысына, кәсібіне де қарамай ортақ орындайтын үкімдер жинағы болып, ол исламда шариғат заңдары, парыздары, нұсқаулары деп аталады. Осындай адамзатқа ортақ діни білімнің ішкі сырын, діл білімін яғни сөз ғылымын меңгеру және нәзік тұстарын аңғарып жетілдіру саласын; «Фиқһ» дін ғылымы деп атайды. Фиқһ — сөз ғылымы яғни діни философиялық тұжырымдар, психологиялық нұсқаулар білімі. Бұл ислам дінің алғашқы бірлікке келу барысында, сол замандағы шаруашылық, өндірістік, ғылым жетістіктеріне байланысты  барлық білуге қажетті нәрселерді білу ілімін «фиқһ» деп атаған. «Фиқһ»- сөзі жаратылыс пен оқиғалардың хикметін білетін және олардың заман намаздарына сай амалдарының дұрыс, бұрыс шектерін ажырататын ғалымдықты атайды. Біздердің муфтияттық ғалымдарымыздың ұстанған бұл діни білім саласының ғұламасы Имам Ағзам: «Адамның діни жағынан өзіне пайдасы не зияны бар нәрселерді білуі» деп түсіндірген. Бірақ ол кезеңдерде бұл білім жетістігі айқын басымдылық танытып, көптеген ғылым саласында ғалымдардың шығуына, халықтың рухани кемелденуіне септігін тигізгені рас болғанымен, кейіннен ғылым да, шаруашылық істердің, кәсіптік бағдарлардың, өнер, өркениет бір орнында тұрмайды, алған білімдер де өз қызметін атқарып болғаннан кейін ескіріп тозып, жетілдіріп отыруды қажет ететінін мүлде қаперден шығарған дін ғалымдары өздерін іргелі ғылымдардан бөлек санап, ақырында ғылым-білім тұтастығының бөлшектенуіне, дін тек Фиқһ тұрғысында бағаланып, тек намаз амалдарының шариғат шектеулері мен рәсімдік ілім дәрежесінде қалып қоюына себепші болды.

    Енді «Фиқһ» білімі бір қалыпты орнында қалғанымен, әлем діндері түрленуге өзгерістерге түсіп, аспан кеңістігінің, аспан мүлкінің қозғалыстарда болып, орындарын ауыстырып жаңаруы мен ақпараттық өрістік, метафизиқалық сыйымдылығы  өсіп жетілуі мүлде тоқтаған жоқ. Олай болса әлем кеңістігінің үлкейюі керісінше  уақыттың да өзгеруімен, қысқаруымен, ақпараттардың тығыздығымен және осыған байланысты адам жанының, рухани қарекеттердің де жетілуін, өзгерістерін де қалыптастырғаны да сөзсіз. Соған байланысты енді сол замандағы діннің білімнің орталығы қазығы болған елден басқа елдерге ауысып, түрлі құпия сырлардың, хикметтердің білінумен, дін амалдарының да жетілуімен өзгерістері болғаны хақ. Сондықтан аятта; «Жандарды жаңбыр сияқты араларыңда айналдырамын.» деп астарлы ескерткен. Жан адамзат білімінің сарайы «кірпіш» болып, жер бетіндегі халықтардың бір текті дамуын қалыптастыратын құпия сыры да бар. Бұл жағдайды  Гумилев ғұлама; «Пассионарлық» яғни өркениеттің мемлекеттер арасында кезекпен айналуы деп түсіндірген.  Бұндай арап елдеріне және әлем діндеріндегі өркениеттіліктің бірленіп тұрақтап өркен жаюы да адамзаттың даму, өркендеуінің  негізі, қазығы және жұтылуы болып саналатын, Нұх пайғамбарымыздың кемесі тоқтаған «Қазық-Ұрт», яғни Қазығұрттық түркі әлеміне тән іс болып, сондықтан да Ясауи бабамыздың көрсеткен хикметтері арқылы сопылық ұстанымның ең жоғарғы және қарапайым діни ғылымы мен адамгершілік құндылықтары пайда болды. Барлық дін істерін құран үкімдері, пайғамбарлар нұсқау өсиеттері мен түркілік әдет-ғұрып, салт-дәстүрге айналдырып, дін ғылымы мен іргелі ғылымдардың ара жігінің айырмашылығын, амалдардың біртұтастығын дәлелдеп көрсетіп және еңбегі дәптері де біздерге мұра болып қалды. Бұл жолдың ақиқатын дәлелдеген қазақ елінде жүздеген әулие-әмбилер елдің шаруашылық, мәдениет істерімен біртұтас өмір сүріп, діни суфизм мен қоғамның жоғары дәрежелі парасатты; Билер, абыздар, хандар, әрі ақын, әрі батыр, шешен, жомарт тұлғаларының дінмен біртұтастығын қалыптастырғаны хақ. Ал ойшылдық, білімділік тұрғысында Абай-Шәкәрім сияқты шығармашылық, мәдениет өкілдері ғұламаларды да дайындап шығарғаны даусыз.  Бірақ негізгі бұл мұралармен аманаттың мұрагерлері қазақ халқы түрлі сынақтармен, ғылым-білімде әлемде арта кешеуілдеп қалуымен, енді бұл тұтас ілімнің тек амалдар сипаты ғана қалып, білім-ғылымның жетістіктерін өзге елдерден алуымен арасын қосатын дәстүрлі  амалдарының жалпы халықтық салтынының жоғалуымен, енді ол амалдарды өзіміздегі қалған аз ғана топтардың және соған байланысты білім, іліміміздің жетістігін пайдаланып, ескіргенін жаңалап, білімін зерттеу арқылы халыққа кең таратудың орнына, мүлде ондай құндылықтар елімізде қалмағандай, ескірген шежіремізден  пайда, зиянын ажыратып тазартылған түп негізден «Фиқһ» білімінен жаппай қайта көшіріп алуымен бір ұлтты, бір тілді халықтың өзінің жетілген салт-дәстүріне бұрынғы өткен қателіктерді қазып алып, өңдеп қайта қарсы қоюмен тұтас ұлттың дінінің бөлшектенуіне ғана себепші болғаны даусыз. Сондықтан іргелі ғылымды меңгергендер үшін өзіміздің тарихи діни құндылық жетістіктеріміз ертегіге айналып, ал діннің түп негізінен тек шариғат таным-білімімен қаруланып, дін рәсімін ғана орындағандар өздерін Құдайдың ең сүйікті құлдары санап, ондай рәсімді орындамайтындар қандай білімді, адамгершілікті, парасатты болса да құдайсыз деп халыққа жабайы күнәкәр, зұлым пенде қылып көрсетуімен, өздерін осы білімді халықтың, өзге діндегілердің  алдында исламды қияли, «фанаттық» немесе «кинизмдік», ескішілдік қылып көрсетумен ғана танымал болды. Ал енді араларымыздан шыққан, осы аралық жікті толтырып, қоғамдағы үлгілі, парасатты, жетілген адам бейнесін қалыптастырып құран құндылықтарын, пайғамбарлар нұсқауларын қорғап дәлелдеуге, білімде қызу пікірталастармен ашық сындарды қалыптастырып, философиялық, психологиялық, теологиялық білімдерді заманына қарай жетілдіріп, дін құндылықтарын қорғауға тиістілер өздерін сопылық жолдамыз деп есептеген немесе жүрек көздері ашылған Раббысына қауышқан болып саналатын шейх, хазірет, теолог атты «Көреген» қауымның көрегендіктері дінді бірлеуге, ғылыммен табыстыруға емес өздерінің жеке жетістіктеріне ғана дәлел бола алатын түрлі топтарға, сопылық ілім жолдарына, «тасаввушы» болуға ғана жарайтын жағдайға түсті. 

     Әрбір жақсылыққа қарай бағытталған ғылым-білім жолы болсын, дін амалдарын жетілдіруге бағытталған сопылық ұстанымдар болсын және діни түрлі топтардың қандай да бір адам құндылықтарын жетілдіруге арналған, жақсылықтарға бағытталған іс-шараларының өзіндік жеке адам баласына келетін рухани дарындылық пен дүниелек те игіліктері болу шарт. Бірақ бұндай игіліктер де дарындылықтар да жеке-жеке алғанда жалпы қоғамға тұтастай жол сілтеп бағыттауға, бірлікке шақыруға, ақыл-оймен тұтас қабылдануға келгенде әлсіз әрі шарасыз. Оған себеп ғылымын дәлелдейтін іргелі ғылымдардан білімі болмағандықтан, ал ондай білімділер өз дәрежесі, биік лауазымды орындары болғандықтан, төмендегілердің ақылын алуға, қасиеттілікті, хикметті мойындауға құлықсыз. Жоғарғы дәрежедегілер өздерін тек ақыл берушіміз, ақыл алушы емеспіз, барды үлестірушіміз деп алдын ала өздеріне тәкаппарлықпен баға беріп қойған. Ал дін ілімін меңгергендер ондай пенделердің рухани кедейліктерін, қарапайым Құдайдан сұрайтын нәрселерін миллиондап қаражат жұмсап бірі-бірінен сұрап жүргендерін айқын көріп, біліп тұрғандықтан ондай лауазымға, жалған байлыққа жеткізетін білімді, ғылымды меңгеруге де іштей қарсылық үндері пайда болары даусыз. Енді бұлардың арасындағы келіспеушілік неден туындайды деген сұрақтың астарына үңіліп кетсек;

Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

               Тасаввуф, суфизм ағымдары туралы.

     Бұл ағымды ұстанушылар өздерін құранды терең меңгеріп, себептен себепшіге, өнерден өнерпазға, жаратылғаннан жаратушыға баратын жолды ұстанушылармыз деп тура жолды меңгерушілерміз деп есептейді. Негізгі сопылық жолдың басты қағидасы да, ұстанған шарттары да дұрыс. Бірақ қателіктің негізі пайғамбарымыздан үлгі алу барысында құранның 40 жастан бастап түсіп, пайғамбар соңына ерген негізгі діннің тақуалығын меңгергендер де кемелдік жасқа жеткен және көптеген дін соғысы, өз нәпсімен соғысу және ел басқару істерінің түрлі қиындықтарынан өтіп барып, ілімде білім арқылы ғана осындай дәрежелерге жеткенін ұмыт қалдырып және құранда ескерткен ақыл толу жасы 40 болып, осы жастан кейінгі шүкірлік амалдарының ғана толық нәтижеленетінін дін шариғатының іс-шараларының, намаздарының сыртында қалған. Және заман, дәуірдің берілген жалпы халықтық тағдыр сыны және жеке пенделердің басына түсетін Құдай ісімен байланысты заманына сай ғылым-білімді меңгерумен, қоғамға, халқыңа қызмет жасау барысында тәнді жетілдіру сабырлық қуатын меңгеру үшін, жер жаратылысына байланысты 5 қуатты қалай зейнеттелетін жағдайларының жетімсіздігімен қоса, көктен келетін негізгі басқарушы, қозғалыс басы қуат несібенің, 3 қуаттық негіздің намаздарының орындалу шарттары мүлде тыс ескерусіз қалдырған. Ал жер жүзіне тән бес қуаттың негізі 4-еуі жұбайлық өмірмен және жарыңды да тәрбиелеп, ұрпақтарға дұрыс тәрбие берумен, ағайын-туған арасындағы туысқандық қатынастармен, тілге тәуелді сөз ғылымын меңгеріп, әке-шеше және ата-ана аманатымен 7 бұтаққа жалпы намаз парыздарының тек 7 санымен ғана бірленуге, кісілікке тәуелді екендігі кейбір топтарда мүлде естен шығарылған. Ал бұл жағдайлар негізінде түркілік сопылық ағымдарда «тасаввуф» кітаптарында қарастырылғанмен, артынша өздерінің де адасқандықтарын кітаптарын құран аяттары арқылы салыстырғанда ерекшеліктерін және жазылған, аманатталған өсиеттерінен, үгіттерінен байқауға болады.

     Бірде «Нахшпанди» тобының пірлік дәрежеге жеттім деген «пірадарымен» пікір талас сұхбатында; «Сендер қандай жол көрсетуші,  нұрландырушы кітапқа сүйенесіңдер?» деген сұрақ қойдым. Маған олардың негізгі ұстанамы «тасаввуф» екенін айтты. Сонымен кітаптарын алып, зерттеп танысып көрсем, кітапта қарастырылған сөздерінде бар болғанымен негізгі намаздарын орындау амалдарында алшақтықтың бар екенін және Ясауи бабамыздың насихаттаған көптеген амалдарының бұл кітаптарға  енбей мүлде ұмыт қалғанын және кейбір амалдарының түркі дәстүрінен ерекшелігін де, амалдарының жетілмегендігін де байқадым. Бірақ ондай ескертулерді мойындау олар үшін қиынның қиыны. Оған себеп өздерімен дін істерінде тең келетін хикметтерімен басым келетін топ жоқ деген ұстанымды басты мақтандарына айналдырған және өзара пікір қайшылығын туындатпау үшін Құдайдан келетін аян, уахиға емес, тек пірдің нұсқауын мүлтіксіз орындауға жүгінгендіктен, енді пір емес жоба беруші «Құдай емес бірақ құдайдан былай да емес» деген пікір қалыптасқан. Және өздеріне-өздері жоғары баға беріп мақтанға айналдырып, істерінің жетістігіне тоқмейілсінумен және құранды үнемі зерттеп оқып отыру арқылы ілім, білімді заманына қарай  үнемі жетілдіріп отыруға бағытталған, арнаулы Раббысынынан келетін жобасын алып, сопылық амалдар мен намаздарының ерекшеліктерін, жаратқаннан берілетін хикметті құпия уахи, аяндарды меңгеріп, жер, көк кітабына жалғана алмаған  қандайда бір дін ұстанымында жетілу де рухани кемелдену де болмайтыны сөзсіз. Бұндай жағдай іргелі ғылымда әсіресе философия, психология, теология білімдерінде болатын сана қуатына және парасаттылық, зайырлыққа келетін ортақ рухани дертке де жатады. Әлемге ортақ іргелі ғылымдардың қателіктері мен жетістіктерін құран ғылымы арқылы салыстырып, пайда зиянын ажырата білмеуден және дін ісі шариғат амалдарымен ғана дін рәсімдерін дін негізі етіп, ал әрбір ұлттың үмметтік ерекшелігі мен өз арасынан жіберілген жол басшыларының дәстүрлік үлгілері және соған байланысты  жеке пенделерге берілетін  Құдай ісі жол-жобаның, жібін ұстай алмағандықтан үлгі тұтарлық ел тұлғалары, шығармашылық өкілдері мен тылсым үнін меңгерген жол көрсетуші, құран құпия сырларын заманыны қарай аяттарын, сөз ұғымдарын жетілдіруші, Құдайдан уахи алып хикметтерді көрсетуші, құпия кітаптарды меңгеріп, құранды қорғаушы сопы ғалым, сопы дәуріштерді заман ағымына сай қалыптастыра алмағандықтан, дін мен ғылым-білім тұтастығы бөлініп, дін тек рәсімдік сипатпен танылуына ғана себеп болған. Іргелі ғылымды, ілімді меңгерген ғалымдардың дін білімін меңгеру арқылы ғана ғылымда дәрежелері көтерілгенін білмей, ал пайдаланған білімді тазартып жетілдіріп отыруға тиісті дін ілімін теріске алып, ілімін жетілдіру намаз амалдарын білмегендіктен және құран, киелі кітаптар мен сөз ғылымын, тіл заңдылығын өз дәрежесінде зерттемеуден пікір таластар мен көркем сұхбат және философия ғылымының артта қалушылығымен, сөз ғылымының ой мен тілдің арасының бөлшектенуінен қасиетті ғұламалық, даналықтың орнына жаттанды білімді адамдарының ғалым болып билікке отыруының кесірінен, енді осындай ортақ нұрландырушы кітабы болмаған әрбір жеке-жеке топтар да өздерінің шамалы ерекшелік жетістіктеріне мәз болып, өздерінің ұстанымдарын дұрыс, құранға сай деген пікір қалыптасқан.

     Енді бұған да негізгі себепші ислам әлеміндегі негізгі діннің ортасы болып саналатын арап елдерінің ұстанымы шариғат ісімен ғана шектелетін масһаб ілімінен аса алмаса да, бірақ  басшыларының дәрежелері сопылық жоғарғы атаулармен, пайғамбарлық, сахабалық қасиеттермен тең дәрежеде дәріптеліп, аудармашылық білімін меңгерген қарапайым білім егелері шейх, хазірет аталып, тек шариғаттың шектік білімін жетік білумен бес парызбен оның да бірі жалған болып, жол-жоба арқылы берілетін, көрсететін хикметті істері түгіл, құраннан да жалпы әлем діндеріне ортақ философиялық ілімнен де діни сауаттары да мардымсыз тек арап тілін, грамматиканы меңгерумен өздерін құран ғылымының жоғары білімділеріміз деп соңынан ерген халықты да солай адастырумен айналысады. Егер нанбасаңыз сондай жоғарғы дәрежелі діншіге рухани кеселге ұшыраған пендені құран арқылы дем және шипа салып жағдайын жақсартып, ақыл қуатын жаратқаннан сұрап алып беруге себепші болуын өтініп көріңіз, қандай жауап беретіні алдын ала 1000 жыл бұрын жазылған кітабын табынған тәпсірін көрсететіні хақ. Ал енді өздерін олардан да биік санайтын тарихатшылардың «тасаввуф» кітабынан бір мысалдар бере кетсек; «Расында, адамды тәкаппарлық пен менмендікке жетелейтін, ақырында рухани жойылудың толқынында тұншықтыратын білім бар. Ол сырттай қарағанда пайдалы әрі жақсы көрінетін  нәрселерден тұрғанымен, шындығында зияннан басқа немене?… Бұл жайды Хазіреті Мәууләнә: «Тек сырттай ғалым ғана болғандар, саласына қарай геометрия, астрономия, медицина және философияның сырларын біледі. Бірақ, бұлардың барлығы көзді ашып-жұмғандай өтіп кететін мына фани дүниеге ғана байланысты ілімдер. Бұлар адамға жеті қат көктің үстіне, яғни, миғражға шығып жол көрсете алмайды.» «Алланың жолын және жолдың барар жерінің білімін нәпсісіне құл болған надандар білмейді! Алла жолының білімін тек қана, көкірегі ашық парасаттылар ғана ақылдарымен емес, көңілдерімен біледі!»(Тасаввуф 116-бет) Міне қазіргі таңдағы барлық өздерін сопылық жолдамыз дегендердің ең үлкен қателігі де, парасаттылық негізгі шарты 30 парадан пайда болатын іргелі ғылымдардың «парасын» яғни іргелі 6 ғылымнан толық білімі болмай және бұл діннің негізгі ірге тасын жалған дүниеге байланысты сырттай ғылым яғни «түйсіктік» деп атап оны теріске алып, тек сезімдік нәпсіні тәрбиелеу және дін рәсімдерін мейлінше жетілдіру  арқылы ғылымсыз да парасаттыққа жетесің деген надандық түсініктің пайда болуына әкеліп тіреген. Бұл пайымдауда сонда Құран іргелі ғылымнан тыс деген ұғым пайда болады да бүкіл жаратылыс, қарекет, сана қуатының жер бетіндегі үлгі себепке жалғаушы себепшілігінен тыс болып шығады.  Бұдан құранның яғни діннің негізгі шарты 30 пара қуатын, адамдық «ман» қуатын меңгермей-ақ тек «парасаттылықтың» «сад»-ын, «Ар»- бақшасын қалыптастыруды құлшылық амалдары, намаздар арқылы меңгерсең болды деген ұғым қалыптасқан да сондықтан қазақ әулие аталарымыздың көрсеткен жол-жобасы мен ұлттық дәстүрлі дініміздің негізгі қағидасы «Аруақ», Құдай ісін меңгерудің шариғаттық жағын «Ар»-ын ған алып, ал «Уақ», «Ман» қуаттарын меңгеру үшін Алла жолында соғысып, жер кезіп, тау-тасты аралап, өлілер тірлігімен байланысты жүректерге және нәсілдік белгілерге жалғанып жүктелуді; «Шерік қосу» деп түсіндіреді. Ал көкірек ашық парасатты болудың негізгі шарты; 3;6; 7; 14; 17-сандар мәндеріне және ішкі 11 — діл білімімен, 13 — Ман, «Лұқман», «Рахман» сүрелерін меңгеріп миғраждан хабар келтіру; 17-ші «Ісра»-мен және хайырлы істермен, ардың бірлігінен тұратын негізгі ғылымын да теріске алудан туындаған.

    Адам баласының көкірегі ашық болу үшін заманына сай бар білімдердің ақ қарасын ажыратуды меңгеру шарт. Ол үшін де адам баласынан жастайынан тәрбиемен бірге іргелі ғылымдармен шаруашылық істерін, білімді де меңгеруді, ақыл-ойды жетілдіруді үйрету керек. Жастайынан намаз оқыту ақыл-ойды жетілдірмейді, керісінше ойды тазарту амалы болып табылады. Ал жетілмеген ойды тазартқанмен немесе Шәкәрім атамыз ескерткендей ақылы толмаған ойын баласын шырылдатып ұра беретін ақымақ қатынның тәрбиесі сияқты ғана болып шығады. Сондықтан жастарға ойынмен де, басқалай барлық іргелі біліммен де әуелі ақыл-ойының қуатын қалыптастыруымен ғана ер азаматының 40-қа келгенше көру, аңғару түйсігі жетіліп, көкірек көздерінің кеңіп, ақылының жетіліп, пара қуатының толысуымен ғана діннің екінші құпия хикметті сырларынан сана-сезімді жетілдіруге есік ашылып, бұған байланысты тазару, дін рәсімдерін жетілдірумен ғана жүрек көзінің ашылып, көңіл көзі арқылы тылсым өмірімен, ақиретпен өз дәрежесінде жалғана алады. Ал әйел заты жаратылыстан екі қанатты періште болып өмірге келуімен, әйел түйсігін үнемі жастайынан тазартып және көру сезімдерін жаман қылықтардан шектеп керісінше ішкі сезімін, есту қабілетін жетілдіріп, дамыту тәрбиесінен аналық махабатын жетілдірумен ділін қалыптастыру үшін қанын үнемі таза ұстау арқылы тәрбие берілуін қазақтың негізгі салт-дәстүрлі дініміздің көрінісі болып саналады. Сондықтан бірінші орында қазақ салтында әйел-еркектің кәсіптік бағдары мен тектілікті қалыптастыруы мен ұрпақ тазалығын, қанын сақтау болып, соған байланысты білімді меңгеру шарты дініміздің ірге тасы болып саналған. Ал жоғарыдағы мысалдан кезінде заманына сай әулие аталып, тақуалықты меңгерген сопылардың өсиеттерін кейбір сауатсыз тәпсіршілер өз надандықтарын жасыру үшін және білімді, ғылымды халықтар алдында үстемдігін қалыптастыру мақсаттарында әлде әдейі бұрмаланған немесе аудармашылардың, тәпсіршілердің қателігінен тура жолын теріске қарай бұрып жіберуге, адастыруға, жалған ұғымдардың қалыптасуына ғана себеп болуы хақ. Сондықтан бұндай астарлы ұғымды, сөзді кейінгі тәпсірлеген дін ғалымдары дұрыс түсіндіре білмеуден осындай бұрынғы арап, түркі ғалымдарының еңбектері мен аманаттарын теріске алумен, ал Әл-Фараби сияқты аталарымыздың құпия дін ғылымын, аяндарды іргелі ғылымға айналдырып, ілім мен білім арасына салған көпірін; жан, рух құпия сырларын сандық «Балнама» жүйесін «Бал-ашу», «Серік қосу» деп түсініп, ал бұл рух ілімін сызықтық және астрономия ғылымдарымен қауыштырған еңбектерін де дінсіздік деп өз заманында қудаланған да. Ал қазіргі дін ғалымдары бұндай еңбектің түркі әлемінде болғанын және барлық діндердің ілімдерінің арасын қосатын білім көпірі екенін әлемге жариялау түгіл, өздері де білімін жүйелеп түсініп, Құран философиясымен салыстырып оқуға сауаттары жетпейді. Сондықтан мұндай сопылық топтар және масһабшылар да миғражға шығу ілімін тек пайғамбарымызға ғана тән деп түсіндірумен, енді адамзатқа қайталап үлгі алуға құранда ескертілмегендей және осындай көк пен жердің арасын екі күнге жалғануға арналған санау жүйесінің аспан жұлдыздар қозғалысының, түн тізбесі 7 санына байланысты хижраны күн тізбемен 8-негізді (жұма сегізінші күн) жарық санау жүйесімен алмастырып, дінді теріске бұрғанымен тұрмай, бұл 7 санына қараңғылықтан шығу білімі түн тізбесінің негізгі ғылымы астрономияны да сырттағы тек фәни дүниеге байланысты ғылымға санап, ақылдың аясының көкжиегін кеңітуге мән бермей, ақылды шектеп, тек нәпсіні жеңіп қана, сол арқылы көңіл көзін ашып, ақылсыз, білімсіз және хикметсіз жаратқанды тануға шақырады.  Және пайғамбарлық нұсқаулар мен сүннеттердің түйсіктік білімді, адамзатқа ортақ сыртқы ортадан келетін ақылды жетілдіруге байланысты да, ал енді сол пайғамбарлардың құпия  елшілігі болып, оны әр пенденің өз іштерінен келетін діл білімін жетілдіруге жанға берілетін құпия білім аян, бейнеленген уахи болатынын тағы ұмыт қалған. Бұндай құпия білімді де алу үшін әуелі ақыл қуатын «Ман»-ды толық жетілдірмей көкіріктің де жетілуі, кеңуі болмайтынын, керісінше кеуденің тарылып, тәкаппарлықпен ойлау қабілеті тар «Білдіман» діншілердің қалыптасуымен әлемдегі болып жатқан, әсіресе ислам әлемінен пайда болып жатқан түрлі басбұзарлық, бүлікшілік осындай іргелі ғылымдар мен философиялық даналықтың, ұлттық тіл ғылымының, ой мен тілдің арасына жік түсуден пайда болғаны даусыз. Ал Ясауи бабамыздың насихаты бойынша шариғат базарынан яғни тәндік те рухани да қазынаңды 33 мың (Алты күн) ғылым нақылдарымен суғармай тарихаттың есігі де ашылмайды деп ескерткен.

     Енді осы 33 мың ғылыми нақылды меңгеру үшін заманына сай бүкіл ғылымдардан хабардар болып және мұндай білімділік тәнді, жанды жетілдіруге себепші болса, ал тарихи шежіремен жалғанған жағдайдағы ұлттық тілмен байланысты діл білімі ғана нәпсімен күресуге бірден-бір емі екенін мүлде қаперден шығарған. Осындай адамзаттың білімінің шежіресін яғни әлем дінінің өркендеу, өрістеу заңдылықтарын ілімнің білімге айналған бөлігін философия, математика, геометрия, жаратылыстану, астрономия т.б. ғылым салаларын меңгеріп түсінбей-ақ, сол ғылымды жаратушы себептік білімін, құдірет «Қолын» меңгермей-ақ намаз арқылы, жүрек тазарту арқылы миғражға шығуды яғни ислам дінінің араптарға келген надандық, сауатсыздық замандағы тек ілімге  негізделген сопылық ұстанымдарын дәріптеуден тура жолдың қисығын таңдаушылар болып саналады. «Даналық ең абзал нәрселерді мейлінше жақсы танып білу деген сөз ғой.» «Жақсы білім ешқашан құрып кетпейтін ең жетілген білім ғой.» «Білімді болу жаңалық ашуға қабілетті болу.» деп ескерткен екен Әл-Фараби атамыз. Жаңалық ашудың Алладан келетін хикметтермен, тылсым үнімен, уахимен байланысты болатынын қазіргі таңдағы білімді ғалымдарымыз да жоққа шығарып, ал ілімді жетілдіру үшін де 24 түрлі нұрмен байланысты қасиеттілік сапаларын меңгерумен ғана пайда болатынын масһабшыларымыз да теріске шығарады. Сондықтан философ ағайындарымыз ғылымда жаңалық ашуға қабілеттілікті білімді меңгеру арқылы өзінен-өзі пайда болатын таланттылық деп түсіндіріп, ал ілімдегі жаңалық ашуға қабілеттілікті имам, хазіреттеріміз «жын-шайтаннан» немесе «биғат», «серік қосу» деген сияқты өздері де ұғымын білмейтін атауларды пайдалану арқылы елді үркітеді. Және бұндай екі жағдайдағы да қабілеттілікті яғни дін жолында даналықтың, білімді, қабілетті болудың, пайдалы білімінің маңызын «тасаввуф» ұстанымындағы сопылық жолдағылар мүлде теріске шығарады; «Пайдалы ілімнен, яғни рухани кемелдіктен кенде адамдар не үйренсе де, ең үлкен ақиқат болған Хаққа қауышудан мақұрұм қалады. Ілім тек құлақ пен зейін арқылы жүрекке еніп орныққан жағдайда ғана иесін жақсы көріністерге жеткізеді. Міне осындай ілім ғана сырттан ішке кірген соң тамаша ахлақ(?), салих(?) амал және Аллаһтан(?) қорқуға айналады.»(Т-в;117-бет) Бұндай ап-ашық Құран философиясына және Құдай ісіне қарсылықпен берілген пәтуалардың ішкі дүниенің кемелдігін қалыптастыратын пайдалы діл білімі және адам сана қуатына қарсы тұратын тіл мен сөздің және ойдың арасына жік салатыны хақ. Және осындай кітаптарды сауатсыз аудармалап, өзінше пайымдаулармен  сұхбат біліміне қарсы шығумен, тек арап атауларына еліктеп, тілді аздыру сопылық жолды ұстанушылардың бәріне тән ұстаным болып, өз ұлттық жол-жобадан бас тарту түгіл, іргелі білім алудың маңыздылығын да сөз астарын түсінетін философия, психология ғылымының да маңызын теріске шығарумен қоймай, ақылдың маңызын төмендеткен, құранды өзінше зерттеп оқудан тыйым салып, тек пірлерінің айтқанымен жүріп, жалпы құдайшылдық емес, керісінше пірлерін құдайға айналдырып алумен не айтса да бас шұлғып, ақылына сынатып, құдайға ұсынып тексеруді мүлде қарсылық, «дінсіздік» санап, тек шариғат ісімен арқандалған, ой өрісі тар, айдауына көнетін өзінің белгілі адамдық бейнесі ар-намыс, ар-ұждан, ар-ман деген зерде, зейін, саналық, жете, ішкі ерік яғни ақыл еркіндігі атты жан сырларынан ада болған, тек ар-ұят мәселесінің сыртқы бейнесін қалыптастырумен ғана айналысуды насихаттайды. Ал жаратушы иеміз пайғамбарымызға; «Шынайы меңгеруші Алла әр нәрседен жоғары. Мұхаммед саған етілген уахи бітуден бұрын Құранды оқуға асықпа да: «Раббым, білімімді арттыр!»,-де.» (20-114) деп пайғамбарымыз құран аяттарын түсіндіру үшін арнаулы аяндар арқылы, яғни 20; 14 санды ғылым құпияларын, кітаптарын меңгеру арқылы білім алғанын және жалпы мұсылмандарға «Білмегендеріңнің соңына түспеңдер!» деген қатаң ескертумен білімсіз, яғни 114-сүре «Нас»-«Сан» ғылымын солдан оңға қарай меңгермей, тек жаттанды тәпсір ілімнің соңына түсумен адасушылықпен және құранды тек зиянына ғана алатынын ескерткен және осындай ашық аяттарға қарсы шыққандықтан дін тек рәсімдік жағдаймен ақылды адамдардың жиіркенішін ғана туындатады. Бұндай жағдайды Абай-Шәкәрім аталарымыз ашықтан-ашық сынап; «сопылар тек мешітке қарай кетті» деп білімсіздіктерін, қателіктерін айқын көрсеткенін біздің еліміздің тіл, сөз ғылымының басшылары өзіміздегі бар рухани қазынаны ғана зерттеп, әлемдік дәрежеде философиялық, теологиялық пікір таласқа ұсынып, қазақ ата салт-дәстүрінің жанашыры болудың орнына керісінше «Абай дінші емес, сарынды ақын», «Шәкәрім сопылық ақын» дегендей пікірлерді қалыптастырумен және осындай ақымақтық, жындылық пәтуалармен ел басшылық дәрежелі орындарға көтеріліп, марапат алумен, оларға еліктеген ақылы толмаған өскелең жастарымыздың ұлттық санасын, ар-намысын, рухани өсімін тұншықтырумен, өзге діни топтардың қақпанына түсуге ықпал жасаумен ғана айналысады. Қоғам басшыларының сөз ғылымын меңгермей, философияны жетік білмей, қисық ауыз пенделердің лауызымдық орындарда отырып, жастарға өнеге «Тұлға» болып көрінуі ұлтымыздың ең қасіретке апарар рухани бейнесі. Сондықтан аталарымыз бұндай лауызымды пенделерді келемеждеп; «Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін» деп астарлапты. Байлығына, дәрежесіне қарама, аузына қара!; «Сөзіне қарай кісілігін ал, кісілігіне қарап сөзін алма!» деп ескертіпті Ясауи бабамыз. Ал сөздің күзетшісі, Құдайдың құлы болған имамдарымыздың арап тілімен шұбарламай, сөздің атауларын өзгертпей сөйлейтін аузы қисаймаған, түкірігі шашырамайтын пендесін, таза қазақты мешіттерде де, қызмет орындарында да әзірге өз басым көре алған жоқпын.  Сондықтан бұндай жағдайдың пайда болуын Әл-Фараби атамыз бұл пікірлерді растап, қазіргі таңдағы әлемдегі осындай діни надандықты әшкерелеп өсиеттерін қалдырған екен; «Адамға ең бірінші білім емес тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның өміріне апат әкеледі.» деп тілден, сөздің ерекшелік ұғымдарын меңгерумен ғана пайда болатын ұлттық әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді, шариғат құндылықтарын жастайынан тәрбие арқылы беріп; «Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде-бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады.» Тіл мінезін жастайынан қалыптастыру арқылы ғана мінездің, қылықтың тәртібін біліп, оны үнемі қадағалап тұратын ақыл күші білімді меңгеріп, ал ақылдың толуымен дін-жанды жетілдіру арқылы пайдалы білімге айналған, жетілген ақылдың күші ғана адамдық қасиетті қалыптастырады деп ескертеді. «Өз ісіңде табысқа жету-Жаратқан иемнің кірпігінде, бұған лайықты жаралғанның жолы болады.» Кірпік үнемі ұйқыдан басқа уақытта дамылсыз қозғалыста болатыны сияқты, адам баласының да еңбек етіп, үнемі қозғалуды меңгерумен жаратқанға лайық болуды ескертеді. «Адам кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Өз ісінің білгірі Һәм шебері атану үшін жақсы жұмыс істеп, жетік білуге ұмтылу керек.» «Қандай әрекет жасап, қандай іс істер болсаңыз да-игілігін көріп, рахатына бөленуді мақсат тұтқан жөн.». Алған біліміңді, үйренген өнеріңді елдің игілігіне жұмсап, өзің де сол бейнетіңнің зейнетін көруді мақсат тұту адамдық парыз болып және жаратқанды толық тануға бастайтын жол болады деп түсіндіреді де; «Адам баласы басқа мақұлықтардан айрықша қасиетімен еркшеленеді. Өйткені оның ағза (тән) мүшелерінің көмегімен іске қосылатын күштер пайда болатын жан дүниесі бар, сондай-ақ онда ағза мүшелерінің көмегінсіз-ақ қаракет ете алатын алапат күш бар, бұл күш оның санасы болып табылады.». Атамыз жаратушымыздың ескерткен: «Баланы екі жасқа дейін емізу керек, 40-қа келгенде ақылы толады.» деген аяттың үкімін осылай түсіндірген. Әуелі тәнді жетілдіріп, ақыл қуатын, мінез-құлықтың толық қалыптасуымен сонан кейін ғана сана қуатын меңгеру керек дейді.

    «Алланы алғашқы тану оның болмысына қатысты ажырамас ұғым. Оның қалауынсыз ағаштың бірде-бір жапырағы жерге ұшып түспейді.» деген астарлы ұғыммен сана қуатын жетілдіру үшін Ғиса пайғамбарымыз көрсеткен рухани өлімнің, өмір ағашының жапырағы түсіп, рухани өлімнен кейін қайта көктеуін тек жаратқанның қалауымен болатынын, ол үшін құран үкімдерін мүлтіксіз орындауды ескертеді.«Адамның болмысы құпияға және жария болып екі бөлінеді. Жариясына келсек, күнделікті көріп жүрген тәні, дене мүшелері. Құпиясы рухани күші.» Әуелі жариясын сүннеттеу үшін шариғат амалдарын жетілдіру, намаз оқу, ораза ұстау сияқты парыздарын орындау арқылы құпия рухани күшті меңгеруге жетесің деп ескертеді. «Адамның рухани күші екіге бөлініп, бірі қарекетке, екіншісі танымнан әсте босамайды. Қарекеттің өсімдіктерге, мақұлықтарға, адамға тән үш түрі бар, танымның; мақұлықтық және адамдық екі түрі бар. Осынау бес қасиет түгелімен адам бойында бар және олардың көбі өсімдіктер мен мақұлықтарға да ортақ!». Осы бес қуат, қасиетті меңгеру, сіңіру жолында еңбек етіп, жер кезіп тау-тасты да аралап, өсімдіктермен де, мақұлықтармен де және жерге айналған адамдық қасиеттермен де кездесіп, рухани сүннеттелу үшін зияраттау, керуенге шығып, арнаулы сапар айларын ұйымдастыруды біздің масһаб ғалымдарының тыйым салған «серік қосу» деген айдар тағып көреалмастықпен жол кескен түрлі амалдарынан өтудің керектігін ескертеді. Сондықтан енді жаратқанның біздердің қарекетімізді басқарып, жүргізіп тұрған себебшісіне табыну арқылы, себепшінің иесіне себептің өзі яғни Алланың бізге білінген, бейнеленген «Өзіндік» сипатына жалбарынып, дұға жасау арқылы орындалатын құлшылық намаздарын және жаратқанның мүліктеріне жалғану үшін енді көңіл сәждесін меңгеруді яғни сопылық жолдардың қағидасын пайдалы білімді меңгеруді жетілдіресіз. Бұл жағдайды кезінде Имам Ғазали да ескертіп, бірақ оны «тасаввувшылар» теріс түсіндірген, «Ей ұлым! Кәләм, логика, әдебиет, өлең, лексика, грамматика және тағы осы сияқты ілімдерді парасаттылыққа жеткізе алмаған болсаң, саған қандай өкініш! Онда Алланың Өзіне құлшылық етсін деп берген өмірін босқа өткізуден басқа қолыңда не қалды.» (т-ф. 117-бет) деген өсиетін керемет мысалға келтіре отыра және бұл пікірлеріне тағы өздері қарсы шығады; «Қанша ілім, ақыл мен түсінік бар. Бірақ, олар ақиқат жолындағыларға, адамға пәлекетке түсіретін жыртқыштай қарайды. Жолын тосады. Сол үшін Жәннәттықтардың көбі философтардың қаупінен сақтана алатын, таза және көңіл көзі ашық адамдар. Ей, ғапыл! Тәкаппарлықтан құтыл. Қажетсіз нәрселерді таста. Сонда ғана саған әр сәт иләһи рахымшылық жауады» (Т. 118-бет) Ашық пікірталасқа сұхбатқа түсіп, заманға сай жетілген бүкіл халықтық, әлемдік білім, таным философиялық ойлардың ақ-қарасын ажырату үшін құран философиясын және жаратқаннан берілетін діл білімі мен хикметті сырларын, уахи білімін жетілдіріп, қарсы қою арқылы ғана пайдасыз білімінің қаупінен құтыласың деп ескерткен ақылға да, дінге де, құран біліміне де лайық болар еді. Діншілердің шайтан жамағатына айналуының өзі де қарсы күштердің сырын зерттеп, оған байланысты намаз амалдарын жетілдірумен емес керісінше бұғып қалып, тығылып қалып ақылын шектеп, білмесең, айтпасаң сені байқамай өтіп кетеді дегендей надандықтың қақпанына түсуге тәрбиелейді. Ал, мұндай адамзатқа берілген дүниелік және жаратылысты тану арқылы жаратқанның құпия сырына жол ашатын пайдалы білімді «жол тосушы ібілістен» деп түсіндірумен дін ілімін меңгерген арап танушылар т.б. құранды жатқа білушілер Алланың рахымына бөленген болып, пір атанып надандық, білімсіздіктерін жасыру үшін осындай әрекеттермен сөз майданына түсіп, сын және халық алдында ашық сыналу арқылы ақиқаттың нақты көрінісін көрсетуден жалтарады және оған үкіметтің «шайтанға жамағатқа тұрған ел басшыларын» қарсы қойып, заң арқылы қарсы тұруына себепші болумен ғана айналысады. Сондықтан да негізінен рухани тұтастықтағы дін мен ғылымның арасына сына түсіп, діннің тек рәсімдік сипат алуына келіп соқтырғаны даусыз.

    Осындай жалған пәтуалардың арқасында білімді, ғалым аталғандарға да, ел басқарушыларына да астыртын құрылған тұзаққа олардың түсуімен, көптеген осындай топтардың мұқтажын өтеуге заңдар шығарып, қаржылай да көмек көрсетіп, өздері де дінші аталып, солардың айтқанымен жүріп, мақтауына сеніп, айдауына түсуіне сепшінің иесіне жарына емес, себепшіге құлшылық жасауға, өздеріне, жалған білімдеріне табынуға соқтырады. Бұл жағдайды аятта: «Расында кітап иелерінің бір бөлімі, Кітапта болмағанды Кітапта бар екен деп ойлауларың үшін тілдерін бұрмалап оқиды да: «Осы Алланың қасынан келді» дейді. Бірақ ол Алланың қасынан емес. Сондай-ақ олар біле тұра өтірік айтады.» (3-78) Бұл біздің және ислам елдеріндегі арап тілді емес дін ғалымдарының арап тілін қару қылып, өздеріндегі, діліндегі, (78=15-жүрек, қан) халқындағы бар дін ғылымын жоққа шығару үшін төтелей Құранды аудармалап түсіндірушілердің өтірікші екенін ашық ескертеді де: «Алла бір адамға кітап, даналық және пайғамбарлық берген болса, сонсоң оның басқа адамдарға: «Алланы қойып маған құл болыңдар» деулері лайық емесе. Бірақ Кітапты үйренулерің, оқуларың бойынша нағыз Құдайшыл болыңдар» деулері лайық.» (3-79) Қандай да бір әулиені жол басшы қылып, тек соның ісімен, көрсеткен амалымен ғана дін амалдарын орындауға итермелеу, ол Құдайдың құлын аян беріп жоба көрсетуші «Құдай» санағанмен бірдей болады. Сондықтан біздердің «Имам Ағзам Масһаб жолындамыз» деген ұстанымыз «Масһаб»-Құдай болып танылады, себебі енді барлық ислам дініндегілердің жол-жобасын Имам Ағзам әулие үлестіруші, пайғамбар орнына шапағатшы, тура жолдың егесі болып саналады. Бірақ бұндай пікір құран аяттары түгіл, пайғамбарымыздың өсиеттерінде де кездеспейді. Бәрің бір ұлт болып масһабпен ғана намаз оқыңдар деген пәтуа жоқ. Ал енді әлем жаратылысынан бастап жеті жолдан басқа жол жоқ. Ал біздер үшін жол басшымыз тек Мұхаммед пайғамбар болып, бірақ біздерге жеке-жеке елшілікке тұрмағанын керісінше өз араларыңнан елшілер жіберемін деп Раббымыздың ескерткенін де мойындауымыз керек. Сондықтан қазақ ұлты үшін жол көрсетуші жоба беруші діннің жібін, пайғамбар шапағатына куәлік беріп жалғаушы Ясауи ілімі болып саналады. Құранда да ап-ашық аяттармен осылай түсіндірген. Сондықтан және бұл аяттың екінші сыры; араларыңнан жол басшылар шығып, олардың әулиелік, пірлік дәрежелерге жетіп және кереметтер көрсететін пайғамбарлық қасиеттері де болып, бірақ тек менің айтқаныммен ғана жүр деуі дұрыс емес, тек құранды қалай меңгеру, оқытуы, үйретуі бойынша ғана өз жеке жобаларыңмен ғана амалдарыңның ерекшелігімен ғана Құдайшыл болыңдар деген Ясауи бабамыздың көрсетен жолын, адамзатқа ортақ даналықтарды меңгеруді ескертеді. Енді өмір бойы инемен құдық қазғандай білім меңгерген ғалым мен немесе халқына қызмет жасап, ұрпақ тәрбиелеп  кәрілікке жеткен ақсақал мен ақылы толмаған бірақ құранды жатқа білген намаз оқудан жалықпайтын жаспен жаратқанға жасаған дұға тіліктерін, немесе еңбегінің өтеуіне алатын зейнетін қатар қойып, бағалаудан асқан дінде зұлымдық та, шайтандық та жоқ десек қателеспейміз. Сондықтан «Жындар (жынды, мас пенделер) да жаратқанға құлшылық жасайды» деп, «Абай сияқты болуды» астарлы ескерткен.  Бұл жағдайды да Әл-Фараби атамыз дәлелдеп және нақылмен нақты көрсетіп кетіпті; «Ақылмен жету жан дүниесіне лайық сипат: сезімге әлденені аңғарудың өзі жеткілікті, ал аңғарымпазға төзімділік қажет. Мұның дәлелі, сезімнің аңғарушы ықпалында кететіні. Бұл құбылыстардың мәніне ақылмен жүгінген ғана олардың сезімге бағынатынына сәйкес жан дүниесін байыта алады. Ендеше, жан-дүниеміз ішкі құбылыстарға сезімнің көмегімен жетсе, ақылға бағынатын құбылыстарға оларды (хикметін) аңғару арқылы жете алды екенбіз, өйткені аталмыш құбылыстарды ақылға бағындыруда сезімнің аңғарымпаздығын пайдаланады.» деген тұжырыммен қазіргі таңдағы діншілердің, тек ішкі сезім жетегімен жаратқаннан түсіп жатқан сансыз белгілерді, ашық хикметтерді де «жын-шайтаннан» деген ақылмен өлшеуді терістеген және қазақтың хикмет орындаушы, себептің негізі Құдайшылдық ортақ ұстаным қағидасы; «Аруақ» ұғымын да дін амалынан шығарып тастауға жан беріп жан алысқан надандықтарын қарапайым түсінікпен әшкерелейді. Ал бұндай қолдан атақ дәрежелерін көтеру арқылы жасалған даналықты; «Даналық тіршіліктің шынайы мәнін тануда, ал философия – өзі туралы қажетті білімді жетік меңгерген жөн. Бірақ бәрін де таныдым деп мақтануға сірә болмас. Сондықтан ең мінсіз философ-Алла тағала, өйткені ол өзіне өзі тануға аса жетік». Бұл астарлы өсиеттің сыры да қазақ салт-дәстүрлі дініміздің негізі «аруақ» ұғымына келіп тіреліп, «өзі тану философиясын» — шындық туралы, уахи заңдылығын, құранның астарлы аяттарын, философиялық ұстаным, уахи-батасын меңгеруді ескертеді де сопылық ілімді меңгерушілердің білімді пайдалы, пайдасыз деп бөлуін жалғандыққа шығарады.

    Қандай бір жаратылыс егесінің адам баласына пайда бермейтін жаратылыс нәрсесі жоқ. Егер шайтан, ібіліс және қарсылық түнек жаратылыс болмаса, үнемі күн шығып тұрып адам баласы дем алып ұйықтамаса, немесе үнемі қараңғылық болып күн шықпаса, сол сияқты өлім болмаса, адам баласы жақсылығына белгілі бір сый алып дүниедегі қайғысыз жақсы тұрмысы арқылы сезініп біліп, сол сияқты жаманшылық жасағандардың пәлекетке, қайғы-қасіретке ұшырап жазалануы білініп, көпшілікке айқын болмаса онда тіршіліктің де мәні де, қызығы да болмас еді. Пайғамбарымыз; «Шайтанды мазақтап жамандамаңдар» деп ескертіпті. Олай болса адам баласының шайтансыз яғни «паразитсіз» тіршілік етуі де мүлде ақылға сыйымсыз. Сол қандағы жетілген «паразиттерді» «софралит» қуаттарына айналдыру арқылы тәннің өсіп жетілетінін естен шығармаған да жөн.  Ал егерде адам баласы жамандықтың қалай пайда болатын білімін және оған қарсы тұру шараларын меңгермесе онда топасқа айналуы сөзсіз. Қазіргі таңдағы Масһаб білімдегі пәтуалар жамандыққа, түнек күштеріне қарсы тұрып әрекет жасау емес, керісінше үнемі бұғып, қашып, қорғаныста жүретін, осындай топастыққа апаратын білімді ғана үйретеді. Ал Құран философиясы адам баласының дүниелік несібе, нығметінің «Алланың қасында (қарсыларында)» деп астарлап ескерткен. Сондықтан аталарымыз қарсылықтарды тәрбиелеп меңгеру арқылы болатын игіліктерді; «Бірінші  байлық денсаулық, екінші байлық ақ жаулық, үшінші байлық он саулық» деп астарлағанның өзінде осы үш қазынаға титімдей болса да пайдасы бар нәрселер қашан да керек қажеттілікті, құмарлықты және құштарлықты туындатады. Ал оны тек шамасына, шегіне қарай пайдалана білуден ғана сезімнің  өсіп жетілуіне, нәпсінің қанағаттануына, шабыттың пайда болуымен көрінісін табады. Олай болса қажетті уды да қалай ішудің, қаншалықты сыйымдылығын білу үшін де білімді жетілдіру керек. Ал еркек пен әйел арасындағы жыныстық қатынас қазіргі білімде қандай жағдайда болсын айырмашылығы жоқ сезімді қанағаттандыру және өмірге ұрпақ әкелу үшін ғана керек. Бірақ діндегі неке деген бір ғана ұғыммен оның пайдасы, зияны анықталатынын және адам баласының рухани жетілуіне де діл білімінің шабыт болып көрінісін беруіне де, адамзаттың өмірінің, денсаулығының сақталуына да, гендік сұрыпталумен түрлі жазылмайтын аурулардан да сақтап қорғап, імүнді қалыптастыратынына жыныстық, тәндік, физиологиялық тазалықты сақтау білімінің пайдасы ұшан-теңіз екенін және ақирет өміріне жанның мәңгілік өміріне қажетті шарттарының ғылымын да біле бермейміз. Ал, егер шектен тыс неке арқылы да жыныстық құмарлықты қанағаттандырудан тәннің де, жанның да зиян шегуі хақ. Олай болса оның да белгілі білімін жетілдіру және әлем халқы алдындағы тұрған некеге әйел, еркек арасындағы жыныстық теңдік деген «гендерлік» азғындық пен бір жыныстылар арасындағы арсыздықтардың қандай қасіретпен аяқталатынын, жалпы адамзат қоғамына да, жаратылыс жан егелеріне де, тіптен хайуан қылықтарымен азықтық тамаққа да келетін қуаттық әсерлерін түсіндіретін білім де пайда болар еді. Сол сияқты адам баласының 40-қа дейінгі көп нәрселерден пайда алатын болса, жасы келген адамға бұлардың бәрі кейде мүлде зиянға айналуы сөзсіз. Сол үшін жас пен кәрінің де өздеріне тән білімі, ақыл жетістігі, ара жігі дін білімі болғаны абзал. Сопылық жолдамыз деген топтағылардың ең үлкен қателігі де осындай ақсақал, кәрінің намазын жасқа, пайғамбар елшілік намазын қатынға үйретіп, адамзаттың рухани жандық жетілуін емес керісінше мәңгүрттенуін дәріптейді. Және әрбір заманға сай тәндік ерекшеліктеріміздің  жер, көк аспан мүліктерінің жетілу жағдайымен «Мал»-дық, тәндік қарекеттік қуаттарды қалыптастыру да тағам өндіру, шаруашылық әдістерінің жетілуімен надандық дәуірдегі ұғымдарға сай өмір сүру философиясын дәріптеп, сопылық жол қылып алғаннан рухани кемелдіктің, адамзатқа пайдалы білім үлгілерінің заман елегінен өтіп қалыптасып, өсіп жетілуі де мүмкін емес. Жаратылыстан сөз, тіл, түр-түс ерекшеліктеріне байланысты әрбір қауымға және жеке-жеке пенделердің өзіндік қабілетіне, қасиеттілігіне, еңбек тәсілдеріне байланысты жол-жобалық философиялық бағдарын, себепке жалғанатын себепшілер қағидасы мен заңдылығын жаратып қойған. Ал бұл философияның аян алу заңдылығы түгіл, білімге айналып, кемісін толтырып, тозғанын ауыстыруға тиісті заман қарекетін, қозғалысын, қажетін өтеп тұрған біліміміздің өзін жоққа, жалғанға, ібілістен түскенге санаған  масһабшылар сопылық жолдағыларды немесе ғылым-білім жолындағыларды түрлі әрекеттермен сынап, қудалап, өздерінің үстемдіктерін дәлелдеуге тырысқан қым-қиғаш қайшылықтардан қарапайым халық дінді мүлде жат көріп, бірақ ата-бабасынан қалған салт-дәстүрін есінде қалғанын орындап, дүние тіршілігі түгелдесе; «сен тимесең мен тимен, бадырақ көз (жамандықты шақырушы байғыз)» деген саясатты ұстанады. Бұл ислам дінін ұстанушы мемелекеттер арсында әсіресе түркі елдеріндегі қалыптасқан бірі-біріне рухани ұқсас жағдайлар. Ал басқа европа, америка құрлығындағы елдер барлық себептік нәрсені тек білім беру арқылы жетілдірген түйсіктік ақылдың ғана көмегімен түсіндіруге тырысып, ішкі сезім жан дүние сырларына мән бермегендіктен, өздерін де қоғамды да дұрыс жолға сала алмағандықтарын мойындаумен, енді адамзат ақылының әлсіздігін біреулері мойындап, дінге қарай бет бұрса, енді бағзы біреулері оның ішкі сезімді сырын меңгеруді құл темірмен ауыстырып, адам тәнін жетілдіріп, мәңгі өлмейтін рухани қаракетті ақиқатты ақылсыз да, сана-сезім қуатынсыз да тек біліммен өмір сүруге болатынын дәлелдемек болып тыраштануда. Бұл салада қазақ ғалымдары мен ел басшылары да үлгі алып, енді тек адам тәнін сауықтыру арқылы өмір жасын ұзартып, боқ жеп жүріп, шетелденн алған арсыздық, хайуандық қылықтармен, жетілмеген ойсыз, ұждансыз ақылмен де көп жыл өмір сүріп, тасбақа болып көп қозғалмай жатып жеп, қарға сияқты ұзақ жасауға жетеміз деген мақсатпен түрлі құрылғыларды сатып алып іс-шаралар жүргізуде. Бірақ өлім, өмір ақылдың қуатына, ой еңбегінің дұрыс жетілуіне және ішкі сезім қуатының ар-ұят, ұждан т.б. байланысты болатынын түсіндіруге тиісті мақтаулы масһабымыз, «Фиқһ» дін ғалымдарымыздың да ақылдары оған жетімсіз, дәлелдері қарабайыр, білімсіз және заманына қарай, адамының қабілетіне қарай пайдалы білім мен пайдасыз білімді ара жігін ажыратпақ түгіл ілімнің де өзін бір жақты түсіндіріп насихаттайды. Ілімнің де пайдалы пайдасыз әрекеттер тудыратынын жаратушымыз құранда ашық аяпен; «Олар құранды өз зияндарына алады» деп ескерткенін мүлде қаперге де алмағаны соншалықты, адам рухын жанды құл темірге айналдырумен яғни құранды жаттатумен түйсік қуатын жетілдіріп, ал ішкі еріктің сана қуатын өшірумен ғана айналысады. Сондықтан Әл-Фараби атамыз бұл жағдайды да;«Жаттағаннан көрі түсінген артығырақ, өйткені жаттауда шала түсінікті сөздер көбейіп кетеді, барлық түсініктерді жаттап алып болмайды, шекті жаттанды сөздер шексіз түсініктің толық кең мағынасы шегіне жеткізіп бере алмайды». Жаттағаннан ақыл қосылмайтыны мектеп оқушысына да белгілі болғанымен, бірақ жаратқанның қиямет-қайымға дейін берген сөз түсінігін — құранды, шариғат үкімдерін жаттап алған адам баласының дін ғылымының жоғары сатысына көтеріліп, дәріптелуін мақтанға айналдырумен тұрмай, ондай жан қинамайтын, ойға салмақ түспейтін жеңіл кәсіпке еліктеген жастарды азғырып, бүлікшіл теріс жолға түсуге алдын – ала дайындайтын медреселердің үкіметіміздің мақтанына айналуын қандай философ ғалым дәлелдеп сынай алады?

    Сондықтан да дін ғалымдарының пәтуасында адам баласы жаратушыдан келетін ақылмен кемелдікке жетеді деп түсіндіргенімен, іс жүзінде көрсететін ешқандай амалы жоқ, себебі түсініктері бұрынғы жетілмеген техникалық, шаруашылық әдістерінің замандардың түсінігімен шектеліп, рухани кемелденуге жандарында пайдалы білімге де, аян, уахи кеңістігіне де орын жоқ. Есесіне ол орындарды мағынасыз сөздерді көбейтумен сонан шала түсінікті, көзі қызарған «фанатизм» қиялы-ақылды жастарды қалыптастырумен мақтана аламыз. Бұндай жағдайда пірлікке жеткен жалған сопы, ғалым, шейх, хазіреттер өздерінің надандықтарын жасыру мақсатында ғалымдар мен философтар алдында өздерін тек ақымақтық пайымдаулармен, пәтуалармен әшкерелуімен дін құндылықтарының негізгі философиясын, өзін-өзі тану танымын, ақыл-ой еркіндігін қалыптастыру арқылы ғана нәтиже беретінін жоққа шығару және өтіріктерін жасыру үшін көшіріп ал да баса бер деген шығармашылықтарымен кітаптарды көбейтумен ғана айналысады. Сондықтан ондаған ғасыр өткен бүкіл шығармашылықты қазіргі европадан көшіріп алған білімділік, ғалымдықпен араластырып жіберсеңіз қайсысы өтірік, қайсысы шын екенін ажыратып білу білімсіз жастар түгіл атақты ғалымдардың да қолынан келетін шаруа емес және оған бір адам баласы түгіл жүздеген ғалымдардың жастарын жалғап қосқанмен жетпейді. Себебі ондай білімді тексеру үшін таза дін амалдары, намаз орындауды сол өткен оқиғалардың ішіне еніп көретін уахиды яғни тылсымнан берілген кітабын басынан бастап қайта  меңгеру керек. Ал Құран сырының толық ғылымын түсіндіру үшін Адам атадан бастап қиямет-қайымға дейін аралықтың білімін жазып шығатын уақыт та керек болады. Сондықтан уақыт елегінен өткен, сұрыпталған кешегі білімді бүгінгімізбен салыстыру арқылы ғана түп негізге қарай жалғану үшін ғалымдардың да, әулие-әмбилердің, елшілердің еңбектерінің арасын бөлмей өздерінің оқыған жерінен, насихатын меңгерген орындарынан әрі қарай  жалғану керек. Тура жол деген кез келген ойыңа келген жерден қосыла салатын және жердің бетіндегі адам қолынан жасалған жол емес, ол Құдайдың көктен түсіріп қойған жібі-кітабы. Бірақ қазіргі тура жол деген мақтаулы дін ұстанымыздың құр ғайыпқа қарап мөңіреп, ақиретте сыйға бөленіп, жаннатта жүрем дегенге ондай атақты ғалымдар түгіл, шамалы ғана дүние білімінен хабардар, сау ақылы бар адамға күмән болуы сөзсіз. Ал жоғары дәрежелі медицина білімін меңгеріп өзі ауру-сырқау, жара басып, сынақтар мен азаптарға түсіп, өзі емдейтін және зерттеген аурумен өзінің де ауырып жүруінен шамалы ақылы бар дін амалын орындаған адам баласынан да осындай ғылымға, ғалымдыққа пайдалы білімді меңгеруге деген күмәннің пайда болуы сөзсіз. Осындай білімді аталған көптеген дәрігерлерге; «Өздерің емдеген аурумен неге өлесіңдер?» деген сұрақты қойып көрдім, сіз де сұраңыз жауап бере алмасы хақ. Онда білімдерінде де адамгершілік, парасаттылық жолындағы намаздарында  бір шатақтың болып және оны байқауға жетіспейтін ақылдың, жан сырынан философиялық танымның да қателіктері бар екені рас. Ал жан сырын психологияны меңгердім деген ғалымдарының жынды, мас, жалаңаш, арсыз сыртқы бейнесімен, жүріс-тұрыс қылықтарымен сөйлеген қисық сөздерінен ақылы сау дін адамы түгіл, қарапайым ата салт-дәстүрін білген қазақтың жиренуі сөзсіз. Сол сияқты әлемде ешқандай мемлекет  адам баласының еркіндігін қалыптастыратын әділ заңдарды шығарумен, білімдерін жетілдірумен,  адамдардың бір-біріне жасап жатқан зұлымдықтарын тоқтата алған жоқ, керісінше жылдан-жылға қайғылы оқиғалардың түрлері де, қылмыстар да, білімді адамзаттың хайуандық қылықтармен айналысып жындануы жетіле түсуде. Сонымен әлем ғалымдары да, ең таза дін мұрагерлері ислам дін ғалымдары да адамзатты бақытқа, теңдікке жеткізудің ақылдан басқа құралдың жоқ екенін мойындағанымен, бірақ оны қалай жетілдірудің, тазартудың жолын таба алған жоқ. Оған әлемдегі барлық елдегі ақылдың жетімсіздігіне түсіп жатқан жаратқанның лағнеттері кепіл бола алады. Ал қазақ халқының бұл салада жетістіктерге жетіп «Алтын ғасыр» атты дәуірлердің болып; «Қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған» деген сөз қалған. Олай болса Алла тағаланың өзін-өзін таныту философиясының жетістіктері өзіміздің арамызда болғаны хақ. Әл-Фараби атамызға тағы да жүгініп көрсек, «Жаратылысында әрбір адамға өз тіршілігі үшін және ең кемелдік дәрежесіне жету үшін көп нәрсе керек, ол мұны өзі жалғыз жүріп таба алмайды және бұған жету үшін ол қандай да бір адам қауымын қажет етеді, осы қауымдағы адамдардың әрқайсысын оған қажетті нәрселердің жалпы жиынтығынан қандай да бір затты тауып беріп отырады. Оның бер жағында әрбір адам өзінен басқа екінші адам жөнінде де нақ осындай күйге түседі. Міне сондықтан да бір-біріне көмектесіп отыратын біреуі екіншісінің өмір сүруіне қажетті нәрселерің бір бөлігін тауып беріп отыратын көптеген адамдар бірлестіктері арқылы ғана адам өзінің жаратылысына сай кемелдік дәрежесіне жете алады». Атамыздың бұл пікірі дүниелік байлыққа жетудегі мақсатты емес, жан дүниенің рухани байлықты меңгеруде болатын қауымдастықты құра білуді яғни жаратушымыздың құранның басынан аяғына дейін кездесіп отыратын «Біз және біртұтас адамдар» туралы, уахиға жалғануға негізделген рухани серіктестікті, иман келтіру шартының білімін ескертіп отыр. Олай болса рухани серіктес қауым мүшелеріне кімдер жатады және олардың сипаттары қандай екеніне  мағлұматтарды іздеп көрелік те, аз ғана аталарымыздың еңбектерінен мысалдар беріп көрсек.

One thought on “Фиқһ және «Тасаввуф» туралы.

  1. Оларды да көп кіналай беруге болмайды. Ертеректе інжіл, құран, забур, таурат яғни (тіл)дің бәрін сүлеймен патшаның кезінде жын патшасы теріс жазып былықтырған ғой. Менің ойымша біз адамзат сол тілмен сөйлесіп жүрміз әлі. Оны түзеу (ТҮСеу) сіз сияқты (ТҮС айналық оқылуы сүт ) яғни құдай ананың емшегін еміп жүрген әулйе ағаларымыз ТҮСемесе басқа кім түзейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *