Иман келтіру-намаздар мен амалдар және зейнет алу.

Бөлім: Иман келтіріу-намаздары мен амалдары 245

      «Ислам, яғни мұсылманшылық көпке жария, шарият амалдары ашық түрде орындалады. Имандылық ділінде.» (321-өсиет) Пайғамбарымыздың бұл өсиеті бойынша ислам діні дегеніміз жалпы шарият амалдарын орындау арқылы мұсылман болуда деп ескертеді. Енді қазіргі таңдағы Ханафи масхабы ұсынып отырған дін амалы тек мұсылмандықты қалыптастыру  екені де осы өсиеттен-ақ белгілі болып тұр. Сондықтан Ханафи масхабын меңгеріп «Иман келтірдім» деген сөздің де жалғандығын және иманның тек ділмен яғни ұлттық ерекшелікке қарай әйелдер қанындағы ділдік, гендік белгімен ғана байланысты екенін де ескерткен. Сондықтан да енді ділге жалғану үшін пайғамбарымыздың; «Мен жеті сүйекпен сәжде жасауға бұйырылдым» деген өсиетінен сәжденің яғни Аллаға міндетті болған құлшылықтың 7 сипаты болып, ал бұл амалдарды орындау арқылы ғана «мүмін» болып аталатынын білген жөн. Енді шариғат, яғни дін ісі, намаз да 4-еу; ораза, намаз оқу, зекет беру, хаж болып, ал бесіншісі ұлттық негіздегі мұсылмандық қарыздар болып; Абай атамыздың өсиетімен; имани гүл, үш сүю болып табылады. Олай болса қазақ халқы үшін алдымен мұсылмандық қарыздарды үш сүюді біртұтас бір намаз қылып орындап, сосын қалған «Руза намаз, зекет, хаж-талассыз іс» деген Абай атамыздың насихатының намазы орындалу керек. Сондықтан да негізінен бесінші парыз қажылық емес, туған жер кіндігімен жалғанатын хаж, кіші қажылық Түркістан болу керек. Ал, масхаб діншілердің ең басты қателігі де дін ісіндегі білімдік сипатынан жаңылысып, қажылықты бесінші парызға айналдырумен, осындай біреуі негізсіз бес парызды орындағандар иман келтірген, яғни мүмін, момын деп атайды. Бірақ имандылықтықтың, яғни момын аталудың, «иман келтірудің» шамасына ғана байланысты болып, және пайғамбарымыз адам баласының ділімен ғана байланысты өлшенетінін ескертеді. Аятта: «Бәдеуилер: «Иман келтірдік» деді. Мұхаммед оларға: «Сендер иман келтірмедіңдер. Алайда: «Мұсылман болдық» деңдер. Өйткені, иман жүректеріңе кірмеді. Егер Аллаға, Пайғамбарға бағынсаңдар, ғамалдарыңнан еш нәрсе кемітпейді. Шүбәсіз Алла, аса жарылқаушы, тым мейірімді» де» (49-14)  Абай атамыздың: «Сәулең болса кеудеңде, Мына сөзге көңіл бөл. Егер сәулең болмаса, Мейлі тіріл, мейлің өл. Танымассың, көрмессің, Қаптаған соң көзді шел, Имансыздық намазда-Қызылбастың салған жол. Көп шуылдақ не табар, Билемесе бір кемел?» Осы аяттың құпиясын тәпсірлеп, ақылыңды пайғамбарға бағындырып, бесіншіңді кемел ақылыңды, өз жобаңды тауып, соның көрсетуімен 7 сүйекпен амал қылмаған жүректе сәуле болмаса, яғни иман құпия білім болып, жақсылықты жақсы, жаманды жаман қылып уахи көрсетпесе ондай ақирет тылсым тіл білімін меңгермеген қандайда бір дінші, адам баласы иман келтірмеген болып  есептелетінін ескерткен. Енді, жалпы исламдық көп жұрттың бекіген дін істерін ғана тура жол қылып алудан, немесе масхаб білімі тура жол деген ұғымның негізсіз және үш сүю амалын орындау арқылы ұлтының құпия  даналықтарына, Алланың сүйікті құлдарына еліктеп, сондай болсам, ұқсасам екен деп табынатын, және көрсеткен, білдірген ақылын алып соңына еретін, билігін жүргізетін, пірдің «Бір»-дің, ақиреттік достың нұсқауынсыз иман келтіру мүмкін еместігін тағы ескертеді. Осы жерден тағы енді өзара, тіршіліктегі адам баласын пір сайлап, тақуалық қылып, иман келтіргендер тобының қағидасы да өзінен-өзі сұранып тұр. Бірақ, осындай пірлеріне табынған, сопылық ағымдағылардың пірлерінің ілімділігі, білімділігі пайғамбарымыздың шапағатына жалғанған, кітабын алған рухани кемелділігі жеткілікті ме? Ал олардың ілімді, білімділік шамасын қалай анықтап, немен өлшеу керек? Сондықтан тағы аталарымыздың; «Ілім мен білім ортасын таба алмасаң бүлін» деген ақиреттік жолдарға жалғанудың, тіл білімінің қағидасы тағы алдыңнан шығары хақ. Және мейлі қандай сопылық топтағылардың да, егер тек жаңылысқан «қызылбастық намазбен» бес парызды ұран қылып, діннің рәсімін ғана құлшылық қылып алуды Шәкәрім атамыз:  «Алдағанға кеттің азып, Әпсін оқып үйреніп. Берді сайтан дұға жазып, Соны қылдың бой тұмар.» «Құлшылық қылдым деме құр Қобызға жаққан шайырды. Жазалы жаның сезіп тұр Жасырғанмен зайырды». Құранды босқа жаттап, тек қырағатпен оқуды меңгеріп, мақамды жоғалтып, құр мүлгіп, дұға жасап, намаз оқумен құлшылық болмайтынын, керісінше сол жаттаған аяттар малдық қуаттар болып бейнеленіп, ал үніңде шайырға айналып, бойыңды баурап, жаныңды өсірмейтінін және одан жан жараланып, жүректің де мазасызданатынын, тазармайтынын білдіреді. Ал, иман – зайыры яғни құпия сыры жүрегіңде білім болып жазылады, сондықтан қанша иман келтірдім деп ақталғанмен білімсіздігіңді, иманыңның әлсіздігін бәрібір іштей өзің де біліп сезесің деп ескерткен. Және де пайғамбарымыздың; «Имандылық адам баласының ділінде»  деген өсиетін қайда жасырамыз?  Егер діл білімі ананың қанына, әкенің сөзіне, және жер ана рухына тікелей тәуелді болған өлшемдік, рухани егіндік болып, оны тек жұбайлық өмірмен дәстүрін сақтаумен ғана зейнеттелуге болатын болса? «Қай халықтың болса да қоғамдық өсу-өркендеу жолында алған биігі мәңгілік болып ана тілінде сақталып отырады.» (Ғабит Мүсірепов) Ал дін құлшылығында болсын, ғылымда болсын, қазақ даналарының алған биігі яғни ділдік білімі қандай да арап немесе европалық ғұламалардан әлде қайда биік екенін және сондай діл білімінен ғана, яғни ата баба аруағынан, жүректерінен біздің жаратылғанымызды неге мойындай алмаймыз? Олай болса, дін жолындағы меңгерген тарихат, мағрипат және ақиқаттық қанымыздағы ділдік білімнен бас тартып, қызылбастық Ханафи масхабымен ғана тек намаз оқып, зекет беріп, ораза тұтып, қанның толық тазарып қуаттанбай және ақылың толып, ер жасына келмей, құр саяхаттап қажылыққа барғаннан, немесе құранды арапша оқып жаттап алғаннан қалай діл білімі зейнеттеледі? Әрине мүлде мүмкін емес, және пайғамбарымыздың өсиетіне де қарсылық болып саналады.

       Енді Раббымыздың үкіміне жүгініп, жалпы иман қалай келеді? Аятта: «Мұхаммед саған осылайша әмірімізден бір «Рұх» уахи еттік. Сен, Кітап не? Иман не? Білмейтін едің. Бірақ Құранды нұр қылып, онымен құлдарымыздан кімді қаласақ, тура жолға саламыз. Расында сен тура жолға бастайсың.» (42-53)  Иман қуаты, зейнеті тек рух пен ата-аналарымыздың жандары арқылы бейнелетін уахи арқылы ғана келетінін ашық ескертеді. Олай болса иман келтіру дегеніміз; Құлшылық амалдарын меңгеру барысында әрбір мұсылманның жанына уахи болып, яғни «иман-кітап-рұх» болып, құран аяттарына дәрежеңе қарай алатын үлесің, нұрың, жүректегі зайырың-тағдыр кітабың. Ал, жалпы исламның  тура жолға түсу үшін үмметтерге ортақ болған негізгі шарты да, пайғамбарымыздың шапағатына міндетті түрде жалғану арқылы болатын уахи-бата керек. Себебі аяттарда; «Расында сен тура жолға бастайсың», яғни «аянмен көрсетесің, бата бересің» деп Раббымыз ескерткен. Ал иман қуатының сырын аятта; «Алла тағала сондай иман келтіргендерді, дүние тіршілігінде де ақиретте де мықты сөзбен бекітеді. Алла залымдарды адастырады. Сондай–ақ Алла қалағанын істейді.» (14-27) Демек иман келтіргендіктің белгісі, сөз сұхбат білімін жетілдіріу арқылы тіл ғылымын меңгеріп,  яғни ақ-бақсылық қасиетімен мықты сөзі яғни тілеген, берген дұғасы қабыл болушы, елшілік қасиеті, арнаулы бекіген кісі-кітабы, сандық мәндегі сүресі, қорғаушысы болу шарт. Сондықтан дін имамдарымыздың мұсылманның ең басты қаруы, артықшылығы да қабыл болатын дұғасы деп ескертуі де осындай қағидалардан туындағаны да даусыз. Ал енді мықты сөзді тек арап сөз атауларында деп түсіндірген масһабшылардың «намазхан» деп, тек сәждені оқуын ғана басты міндет қылып, адасуларын аятта ашық ескерткенін де қалай түсіндіре аламыз? Бәрібір құраннан жүз дәлел келтірсең де, мойындап тәубеге құранның хақиқатына келуге тәкаппарлықтары жібермейтіні де сөзсіз. Олай болса, аяттағы; «..Алла залымдарды адастырады.» деген сөздің осындай жағдайға байланысты түскенін білдіреді. Енді осынадай мықты сөз-«рұх»ты, кітап-кісіні зейнеттеп жалғану  үшін яғни  пайғамбарымыздан уахи, рұқсат алғандар үшін: «Кітап иелері, Ғисаға өлуінен бұрын әлбетте иман келтіреді. Және қиямет күнінде ол оларға куә болады». (4-159) Демек әрбір адам баласы тура жолға ұлықсат алғаннан кейін міндетті түрде Інжілді меңгеру, яғни Ғиса пайғамбарымызға, нұсқауларына иман келтіру керек екен. Осындай жағдайда ғана ескі күнәкәр рухани болмысының күнәсінің өліп, рухының жаңғырып, қайта рухани қайта тірілу сатысынан өтуі керек. Сонымен бірге Ғайса пайғамбарымыз меңгерген жынды тазарту, емшілік, көріпкелдік істерді де меңгеру керек. Және осындай рухани өлім хикмет, тек Ғиса пайғамбарымызбен, хикметті уахи арқылы кездесумен ғана мүмкін болмақ. Сондықтан да аятта; «Мұхаммед оларға айт; «Әй Кітап иелері! Інжіл, Тәуратты және Раббыларың тарапынан сендерге түсірілгенді толық орындағанға дейін дәнеңе емессіңдер!» Әрине саған түсірілген Құран олардың көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады. Сонда қарсы келген елге уайым жеме.» (5-68) (73).

      Енді осы аяттың сандық сырына алда қайта тоқталып дәлелдей жатармыз, ал негізінен осы аяттың үкімін толық зерттей білген адам баласына, қазіргі таңдағы бүкіл исламдық топтардың Мұхаммед пайғамбарымызға келген Құранның ғана соңына түсіп, тіптен барлық исламдық діннің Інжілге, Тауратқа және оның құлшылық амалдарына мүлде қарсы болып, аяттағы; «…Әрине саған түсірілген Құран олардың көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады.» деген Раббымыздың ескертуін қазақ масһаб ғалымдарының артығымен орындап жатқанын күнде көріп, естіп, кітаптарынан оқып отырғанымыз да хақ. Енді, иман негізінен алғашқы 33 санды белгіден кейінгі 34-ші белес, рухани өлімнен кейін ғана қасиетке, кітапқа айналған мықты сөздің иман болып жүректерге зейнеттелу шарт. «…Алла тағала сендерден сондай иман келтіргендердің, ғылым берілгендердің дәрежелерін көтерді. Істеріңді толық біледі.» (58-11) (69) Толық иман келтірген болып есептелу үшін арнаулы ғылымды, тіл білімін  меңгеріп, яғни тау, тас, құс т.б. жаратылыс әлемінен хабар жеткізетін құпия ілім кітабын алумен  және оның белгілі түрлі жағдайда дін ақиқатын көрсететін істерге айналатын хикметі болу шарт екенін ескертеді. Пайғамбарымыздың; «69 саны қауіпті белес» деген өсиеті де бар екенін, осы аяттың сырын да ескертіп кеткен. «Сондай иман келтіргендер, олардың ұрпақтары да иман келтіріп, өздеріне ілескен болса, оларды ол ұрпақтарына қосамыз. Сондай-ақ олардың ғамалдарынан еш нәрсе кемітпейміз. Әркімге істегенінің бодауы ұсталады.» (52-21) (73) Демек; Иман келтіру жаннат қағидасымен ғана өлшеніп, біздерден бұрынғы өмірден әулие болып өткен, Алланың ардақты қылып, достары болған жаннаттық ата-аналарымыздың имандарына, хаж амалдары арқылы жалғанумен ғана иман келтірген болып саналамыз. Және енді иманымызға берілген хикмет, діл біліміне байланысты ғана намаздық амалдарымызды көбейтіп, және  өзіміз де өмірден өткеннен кейін де, соңымыздан ұрпақтарымыздың да жалғанып отыру, діл заңдылығы иман келтірудің басты қағидасы болып табылады. Сондықтан да арап елдеріне хаж жасап, жүректеріне жалғанумен иман келтірдік дегеніміздің өзі, арап нәсілділері болмаса біздер үшін; «олардың ұрпақтары да иман келтіріп, өздеріне ілескен болса» өз елімізге жіберілген әулие-әмби елшілеріміздің соңынан ілесіп, жалғанып қана, түп негізге Ыбрайым жолына, қажылыққа жалғана алатынымыз осы аятпен үкімделіп тұрғаны да хақ. Ал, ділді қалыптастыруды құранда 21-сүре және 21-ші аяттармен белгілейді және 4;7 сандар арасынан ғана табылады. Діл білімі адамзаттың амалдарының дәптері болып, Алланың берген уәдесі мен аманаттардың орындалу нәтижесі болып түсіндіріледі. Діл-үмметтердің ішінде әйелзатының қан тазалығынан пайда болатын (11-жұлдыз) ұрпақтық сабақтастықты текті сақтау жолындағы әдет-ғұрып, салт-дәстүріміздің жемісі рухани санамыз, имандылық нәтижесі болып оның ғылымдық белгісін Ата жолының туындағы Айша анамыздың мазарымен белгіленіп оны қоршап тұрған 21 жұлдыз (11+10-Жүніс) болып шығады. Пайғамбарымыз: «Білім екі түрлі болады, біріншісі адамның ділінде (қанында) болып келеді де, ол адамға пайдалы болып есептеледі. Екінші білім ол адамның тілінде болады. Ол Алла тағаланың адам баласына жіберген куәлігі болып есептеледі». (568-өсиет). Діліміздегі білім көкіректе қалыптасатын гендік үнімізбен, ана қаны, сүтімен ерекшеленіп, және үнемі жермен тұрақты байланысты қалыптастырады. Ал екінші біліміміз ата аманаты, сөз ғылымын меңгерумен, ана тілімізбен анықталады, бұл нәсілдік куәлігіміз, жаратқанға берген уәдеміз болып есептеледі. Енді осы жерде масхаб және сопылық топтағылардың тек араптарға арналған дін шариғат білімін ғана алудан пайда болған құлшылықтар қателігін және үмметтік, ұлттық діл білімінің ерекшелігін, ғылымын анықтау арқылы дәлелдеуге болатыны хақ.

      Сонымен әлем бойынша жалпы  ділдік ерекшелік 9 түрлі болып ерекшеліктері болады.  Демек бұл әйелдер жанының да ерекшелігі екені хақ. Діл білімі тек осы екі білімді меңгерумен яғни тіл білімі және ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр арқылы сана қуатын қалыптастыру білімінен пайда болады. Және тіл білімі дегеніміз ұлтына сай ана қанымен, ата тегімен берілетін өлшеулі несібені; «Бәйшешек бақшасы» деп және оның амалын иман гүлін меңгеру яғни діл бақшасынан жемісін теру деп те атаған аталарымыз. Бәйшешек бақшасы ұжмақ бағымен байланысты болып, ол бақтан хабар алуды, яғни бәйшешек гүлін теруді аятта: «…Осылайша Юсыпты ол жерге орналастырып, оған түстердің жоруын үйреттік. Алла өз ісіне өктем, бірақ адамдардың көбі білмейді.» (12-21) деген үкіммен 3х7=21 санымен және қимасы 33 сандық періштелік, біртұтас сахабалық белгілерге тәуелді екенін сандар тағылымымен де ашық білдіріп тұрғаны да хақ. «Жол кермек, жоба білмек, жиһан кезбек, Бой жеңбек,(жынды меңгеру) ер жігітке ғақыл (таза ақыл-рух) таппақ, Тағдырын көрушінің (аруақ) хақтан біліп, Көшелі өнер иесін жүрсе жақтап». Абай атамыз осы аяттың, сүренің насихатын өлеңмен өрнектеп, білімін ашып көрсеткен.  Сүре саны мен аят орнының белгісі; 12 несібе ана қанымен және 21 санымен көкпен байланысты, діл білімінің түс көріп жоруын меңгеріп, аянға айналуына байланыстылығын ескертеді. Бұндай қанмен пайда болатын діл білімін пайғамбарымыз: «Сендерден бұрын өмір сүрген исрайлдіктердің арасында, пайғамбар болмаса да аян алатын кісілер болған, менің үмметімде сондайлардан біреу болса, ол Омар! -деп айтты.» (1460-өсиет) Адамзатқа ортақ несібе болған пайғамбарлық қасиетті меңгеру яғни түс жору ілімін меңгеріп, Алланың рахметімен иманы жүрегіне зейнеттелген адам баласы, енді құпия кітаптардан анық аян көріп, оны уахи деп атайтынын діншілер білмейді, егер білсе де мойындаса, онда олардың берген пәтуаларына қарсы білімді сұрақтар пайда болып, жазған кітаптары жарамсыз болып, көптеген өтіріктері ашылатынынан да қорқады. Осындай пайғамбарлық қасиеттерді меңгеруді; «Ізгі адамның жақсы түсі пайғамбарлықтың қырық алтыдан бір бөлігі» (4611-өсиет) деп ескертуімен тілі білімін, ақирет құпия сырын меңгерудің 46-түрлі пайғамбарлық қасиеттері болып, оның бір ғана түс көру білімін меңгеру арқылы ізгі адамға, яғни мүмінге айналатынын ескертеді. Олай болса жетілген кемелденген мұсылмандықты яғни мүмін болу үшін міндетті түрде түс көріп, аян алу пайғамбарлық дәреженің бірі болып, енді бұндай адамзатқа пайдалы білімді, яғни діл білімін меңгеру үшін аманатқа қиянат жасамауды аятта: «Міне бұл, хикметті Кітаптың (ғылым беріліп, иман келтірудің) аяттары. (2)Адамдардың түк білмесе де Алланың жолынан адастыру үшін және тәлкекке алу үшін ертегіге айырбастап алғандар бар. Міне солар үшін қорлаушы азап бар. (6) Оған (әрбір пендесіне) аяттарымыз оқылған (түспен көрсеткенде, бата берілгенде) сәтте, оны естімегендей тіпті құлақтарында тығын бардай паңсып теріс айналады. Оны (пендені) күйзелтуші азаппен қуандыр». (31-7) Лұқман сүресімен, яғни ата-анаға шүкіршілік амалдарымен, ертең не істейтініңді де, тірі немесе өлі болатындықтарыңды білмейсіңдер, ата-аналарыңнан бодау алу (кітабынан үлесіңді, түспен көрсету) арқылы сендерге белгілер бар, аманатқа қиянат жасап, опасыз болмаңдар,- деп ап-ашық ескертеді. «Білім екі түрлі болады» деген пайғамбарымыздың ескертуінен екі білімді тең меңгеруді діншілер тілімен мағрипат деп атайды. Мағрипатқа жету тек масхаб, болмаса шариғат білімдерінен ғана тұрмайды; Діл білімі болған барлық іргелі білім мен сөз ғылымын, философиялық дарындылықтар, шешендік, абыздықпен бірге, ақирет білімін, жаратылыс зайыр сырлары мен тілдерін меңгеру шарт. Сондықтан мағрипаттың да 10 түрлі дәреже ерекшелігі де болу керек. Ал, діншілердің масһаб білімін тура жолға айналдырып, кейіннен шатасып және ойдан құрастырып алған мұсылмандық бес парызбен иман келтірдім деп мақтану жалғандық болып, өзімізді–өзіміз босқа алдайды екенбіз. Олай болса онда әрі қарай не істеу керек?

      Пайғамбарымыздан; «Алла тағалаға иман келтірдім» деп айттың ба, иманды кісілердің жолын ұста.» (600-өсиет)  Енді Раббымыздың барлық жаратылыс нәрселерін жұбымен және түсінікті болу үшін парымен жараттым деген үкімін назарға алып, пайғамбарымыздың бұл ескертуіне; «Дінде сахабалар жолын ұстаныңдар!» деген өсиетін жалғасақ, онда қазақ халқы үшін иманды кісілеріміз, пайғамбарымызбен бірге соғысқан сахабалар; Арыстан баба, Укаша, Ерқоян, Құттықожа сахаба сияқты аттары да әлі жарыққа шықпай жатқан жүздеген сахабалық дәрежесін меңгерген аталарымыз бен және кейіннен келген Қорасан ата, Ысқақ бап,  т.б. олардың жолын нық ұстанған қожалар, бақсылар болып, абыздарымыздың басы Қорқыт ата, шопандықты меңгерген Шопан ата, Зеңгі баба,  сол сияқты пірлердің пірі болған Бекет аталарымыз, әулиелер пірі болған Тектұрмас әулие және әлемдік жоғары дәрежелі әулиелер болып саналатын Қажы бабамыз бен оның және Мұхаммед пайғамбарымыздың рухани ұлы болған Ясауи бабамызға және барлық қазақ шығармашылығының, мәдениетіміздің үлгісін қалыптастырған Абай-Шәкәрім аталарымызбен осындай философиялық құндылықтарды қалыптастырған, жалғаған жүздеген иманды кісілерімізді де атауға болады. Әрине бұл жерде араптардан шыққан сахабалармен және парсы, түркі елдерінен шықан философ, абыз, әулиелерді де жоққа шығаруға болмайды да, бірақ оларды бізден де көрі жақыннан таныған, зерттеген өз ұлтымыздың ділін қалыптастырған ғұламалар берген бағалары арқылы танып, олардың еңбегіне сүйену, ұлттық, үмметтік ерекшелгімізді сақтау да иманның басты шарты екенін білген жөн. Әрбір ұлттың өзіне тән тілі мен ойы (ділі), бөлінбеген сөз шеберлері, даналары бар. Сондай иманды кісілердің жолын ғана ұстап, иманға жол табуға болады деп ескертіпті пайғамбарымыз: «Иман мен амал егіз нәрсе, оларды бөлу келіспейтін нәрсе.» (325-өсиет) Олай болса, амал дегеніміз әрбір ұлттың нәсілмен, жер рухымен, сөзімен ғана байланысты уақтық қозғалысты, малдық қуаттарды қалыптастыратын намаз болып, өзге халықтың намазына, амалына яғни әдет-ғұрпына жалғанумен  иман хикмет, білім болып келмейді деген ұғымды ескертіп тұр. Қазіргі таңдағы толып жүрген дін топтары мен олардың уағыздарына пайғамбарымыздың осы екі өсиеті ғана жауап беріп тұрғаны хақ. Енді бұл уәжге де тоқтамай; Кімнің соңынан ергенде иманды табамыз? Дін неден басталуы керек? Мүфтияттық діншілеріміздің ұсынған жолымен иманымыз кәмелетке жете ме?-деген сауалдарға бұл аяттардың (хадистердің) тағы парын қоссақ; Пайғамбарымыздан: «Білім имандылыққа алып барады, білім діннің ұстаны болып есептеледі.» (567-өсиет) Иман тек білім арқылы ғана келетін болса,  онда біздердің діншілеріміздің бес парызбен, сәжде жасап намаз оқуды жетілдірумен-ақ  жаннатқа кіресің деген амалдары білімімізді жетілдіріп, заманға сай ойлау қабілетін қалыптастырып, ғылымда үздік болуға жол аша ма? Әрине жоқ. Оған дәлел керек болса, масхаб, муфтият дін ғалымдарының осы басылымға дейінгі жазылған, Абай-Шәкәрім шығармашылығымен, философиялық ойшылдығымен салыстырып, жүздеген қателерін көрсетуіміз нақты мысалға, салыстыруға тұрары да сөзсіз. Сондықтан да ұлтымыздың рухани жетілуін осы заман білімімен өлшеп қана қателіктерін көрсетіп және жақсылыққа қарай жол ашатын  және өзге ұлт өкілдері де, өзге мемлекеттердің даналары, ғалымдары да мойындаған ата-аналарымыздың  артында еңбегі қалып «иманды кісілер» екендігіне, яғни әулиеліктеріне нақты дәлел болып, осындай хикметі бар ойшылдарымыздан әуелі білім іздегеніміз ақылға мақұл болмай ма? Енді жалпы ғалымдарымыз, сөз өнерін меңгерген жазушыларымыз және діншілердің амалы жоқ мойындаған, Шәкәрім сопы-ғалым атамызға жүгінейік: «Кел жастар, біз бір түрлі жол табалық, Арам айла, зорлықсыз мал табалық. Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік Бір білімді данышпан жан табалық… Бұл Абай саудагер ғой ақыл сатқан, Әртүрлі асылы көп өтпей жатқан. Тегін білсең-аласың, бос береді, Тұстасынан ешкім жоқ мұны тапқан…Өзің біліп біреуге қылсаң жарлық, Асыл сол-ақыл, білім бойда барлық. Айла, өтірік, арсыздық өнер емес, Мен де анаудай болсам деп таласарлық… Мынау Абай-бір ғалым жол шығарлық, Замандасы болмады сөзді ұғарлық. Амалы жоқ, айналды енді бізге, Күн туды етегіне жабысарлық.… Мидағы ой-тамырға жол салалық, Жүрекке оймен сынап апаралық! Ақ жүректің ғадалат қылған ісін Қабылдауға қызғаныш қозғалалық! Аспандап аса бермей шақталалық, Аласыздық, адалдық жақты алалық! Өтіріктен жалығып, өнер   тапса,  Біз сонда жетілдік деп мақтаналық!…Елемесең есіңе енбейді ақыл, Ескерсең, осы сөзім сендерге анық…Жақсы білім іздеуге жалықпалық! Табылмаса, тарығып, талықпалық! Салақтықты қоялық, сақ болалық! Білгенді, білмегенді анықталық! Ғалым көрсек-әр істі сұрасалық! ..Өстіп істеп өзіміз қамданбасақ. Бізге ақыл үйрете алмас мына халық… Күнде көздеп, мінезді тексерелік! Айланы, ақыл демей, сескенелік! Адалдың жолында өлсек, арман бар ма? Ақты аныққа шығарам деп көрелік!..Надандықпен қарнымыз тоқ демелік! Біз білмеген еш амал жоқ демелік! «Айланы ақыл, арсыздық әдеп қой» деп, Арамды адал, асылды боқ демелік! Ақылды сол-ынсап пен ар сақтайды, Арсыз сол-арамдақпен жан сақтайды. Адал сол-таза еңбекпен күнін көріп, Жаны үшін адамшылық ар сатпайды…Өнер қылма ар сатып, жалданбақты! Ұлық болып, елді жеп малданбақты! Біреуді жеп, біреуді табамыз ба, Қашан жақсы көруші ек алданбақты? Өлсең де ондай сөзге құлақ салма! Ардан күсіп, ақылдан құры қалма! Әкең түгіл, арғы атаң айтса-дағы, Білімі жоқ наданның тілін алма!..».

       Шәкәрім атамыз білгендер мен білмегенді иманды кім және надан кім екенін анықтау үшін, Абай аталарыңнан сөзді өлшеп, сөйлеуді үйренуден бастаңдар деп үгіттейді. Тарихыңды «Елемесең есіңе ақыл енбейді» деп діннің де білімнің де жетілуі де  сөз тарихын зерделеп, иманды ата-бабаларымыздың жақсы істерінен ғибадат алып, амалға алудан бастаңдар деп насихаттайды. Ал Міржақып атамыз қазіргі таңдағы тарихат-сопылық жол деп, құр діннің сәждесін алып, білімін ұмытқанын және қазақтың ендігі тарихат жолы шежіресі мен білімнен іздеуді; «Дүниеде өңге жұрттар қатарында кем, қор болмайтын, тұқымы құрып қалмасын деген халық өзінің шежіресін иманы дәрежесінде ұғып білуге тиіс болады. Тарих не айтады десеңіз, оның айтатыны мынау: біздің бұрынғы бабаларымыздың кім екендігі, олардың дүниеде не істеп, не бітіргендігі, қандай құты барлығы, ол құтын не орынға жұмсағандығы; істеп жүрген ісінің қайсысынан пайда, қайсысынан зарар көргендігі; бұрынғы бабаларымыздың досы-дұшпаны кім екендігі, не себептен бағы тайғандығы және соған ұқсас істердің барлығын тарих түсіндіріп тұрады.» деп діннің ендігі ұрпақтарға жүретін жолын, бағытын, мектебін де өздеріңнен іздеңдер деп түсіндіріп кетіпті. Кешегі кеңес үкіметінде де тарихта өз орнын ойып ала білген Ғабит Мүсірепов атамыз да; «Абайға табынбайтын адам-ақылға табынбайтын адам!.. Ал Абай бой түзеймін дейтін адам үшін адамдық қасиеттің бірден-бір белгісі-ойланудың, ой өсірудің құралы! Абай «сөз сарасын» қадірлеген ұлттың және сол ұлттың өкілі екендігін мақтан тұтқысы келетін азаматардың рухани бойтұмары..» Ал ендігі біздердің бұрынғы аталарымыздан ерекшелік, жаңадан қалыптасқан салтымыз, дінімізде де «намазхандық» артықшылығымыздың өзі ғылым-білімге, тарихымызды меңгеруге, тарихаттан хабар алып, сөз даналары болған иманды кісілерімізге жалғанып, құлшылығымыздың кемшіліктерін көрсететін, тарихат жолына деген мұқтаждықтың жоқтығына не себеп болды? Әрине қоғамда даналықтың орнын атақ дәреже, тақпен, дүниемен өлшеген қауымның іс басына келіп, жалпы ғылымда да, дінде де, тәкаппарлықтың пайда болуымен екені де сөзсіз. Осындай ел басшыларының тәкаппарлығының салдарынан бұрынғы бабаларымыз меңгерген ілімнің, ендігі білімге айналған сипаттағы, мектептік бағыттағы ұлттық тарихатымыздың ілімдік сипаты туралы айтпасақ та болады. Ал тарихатымыз бен мағрипатымыздың білімге айналған бұл салада тарихшы, философ ағайындарымыз да, ғалымдарымыз, жазушыларымыз да еңбек етіп мыңдаған кітаптардың жарық көріп жатқаны оқушы қауымға анық жағдай. Мұндай тарихи оқиғалардан пайда болған және бұрынғы дінде үздік болған бабаларымыздың рухани шығармашылық еңбектері, құпия жан сырлары біздер үшін мағрипат яғни діл білімі болып, енді осындай ұлттық құндылықтарымыз ділдік білім арқылы іліміне де оңай жалғануға болатынын, діннің негізгі құлшылық сыры және ұлттың негізгі меңгеруге тиісті ақиреттен хабар алу, тіл білімінің дін сынағы, ұлтымыздың аталардан қалған аманат рухани жүгі болып есептеледі. Сондықтан да қазақ халқының басқа ислам елдерінен айырмашылығымыз да дайын мағрипат біліміз бар және тарихат ілімін де тікелей иманды кісілерімізге жалғану арқылы меңгерген  ілімдерін уахи, аянмен  көріп,  білімдік кітаптарына, аруақтық қуаттарына жалғану арқылы зерделеп, зерттей аламыз. Демек, дініміз мағрипаттан, білім-ғылымды меңгеруден Абай атамыздың ойшылдық ұстанымын, философиясынан бағдар алудан басталуы керек! Абай атамыздың еңбегі діннің философиясы болса, Шәкәрім атамыздың еңбегі оның жалғасы және ғылыми теология болып табылады. Білімсіз иман келмейді деп ескертеді пайғамбарымыз. Олай болса білімсіз дін ілімін араптарға, арғы беттегі қызылбастық елдерге еліктеп, тарихи оқиғалардың пайдалы зиянды жақтарын өлшеп сөзбен таразыламай және намаздарын да тегіс өлшемей алып орындауға тырысқаннан мүлде адасамыз және адасқанымызға да елге келген рухани сынақтар, ашық белгілер де жеткілікті екені де даусыз. Сондықтан біздер үшін енді Ясауи бабамыздың 3 түрлі сәни дәптері құранның толық түсіндірмесі, тура жолдың нақты қағидасы бар екенін ғалымдарымыз да, жалпы ойшыл, діншіл қауымымыз да білмейміз. Және қазіргі бар білгеніміздің өзін қалай, қай жерінен бастап меңгеруді тағы да ұмытып қалғанбыз.

       Пайғамбарымыздың жоғарыдағы өсиетін негізге алсақ,  білім әуелі адамның ділінде, яғни әйелзатының қанында, яғни ана үнінде, сүтінде, екінші ана тілі еркектің қанында, сөз қорында, ұрығында, нәсілдік белгісінде, белінде, аталар аманаты өсиеттерін меңгеруінде деп ескертеді. Аталарымыз діл туралы; «Қызылбастан (парсылардан) қыз алсаң үн жоғалар, үн жоғалса көкіректен сөз жоғалар» деп ескертіп, пайғамбар өсиетін де тәпсірлеген екен.  «Әлмисақ» куәлігі дегеніміз еркектің көкірегіндегі ұжданымен байланысты яғни жүрегіндегі, қанындағы 11 жұлдызды айтады. Ал үн-уәде болып, яғни «Діл» байлығы, әйелдеріміздің, қыздарымыздың қанындағы 11 жұлдыз болып есептеледі. Сондықтан рухани негізде; екі жарты бір бүтін болу, неке арқылы 22 санды «хажды» береді. Сөз қуаттылығымен еркектердің 11 түрлі үн қуаттылығымен әйелдердің 11 түрі болу керек! Ал, еркектердің рухының 11 түрлі жыныстық қуатпен байланысты болып, 11 санды түріне пайғамбарымыздың өзі жататынын білдірген Айша анамыздан қалған өсиет те бар. Олай болса хаж- некенің, адамзаттың жарығының ақ бастауының таза бұлағы болып, ата және анамызбен кіндікпен, табанмен жалғану, ақ табанға айналу дінде; «аяқ-талдыру», аяқтандыру, көліктендіру яғни сенім қуатын, ар сауытын қалыптастыру  деген астарлы мағынаны беріп тұрғаны сөзсіз. Және енді бұндай құлшылық істерді 11 санды сопылар таспихы белгі беріп, 11+11=22+11=33 сандарының жүйесінен, біздердегі масхаб білімі қарастырмағанымен, бәрібір иманды кісілеріміз, әулие–әмбилер жолын ұстап, яғни тарихат, мағрипат білімінен жалғанып қана иманымызды бекітіп толықтыра алады екенбіз. Адамзатқа берілген басты қасиет еркіндік, ол ақылдың азаттығы. Сондықтан ақылды азат қылып, мейлі пайғамбар, әулие, ғалым айтты десе де, ғылымына күмән келтіріп, тек рухани негіз жаратқаннан түскен киелі кітаптармен салыстырып барып, иманды ақылмен өлшеп қана келтіре алуымыз, жүрекке сіңіру арқылы зейнеттелетініміз де ақиқат. Олай болса, сөз білімін жетік меңгеріп; ойшылдық, шешендік, сәуегейлік, абыздық, данышпандық арқылы ғана сондай қасиеттерді меңгерген, өз ұлтыңның иман келтіріп, жер бетінде нақты белгісі қалып, хикметімен үлгі болған, халықтың біртұтас мойындаған кісілерімізден, хакимдерімізден, даналарымыздан яғни әулие-әмбилерден үлгі алып, жақсылығына, өсиеттеріне, аманаттарына табына білу арқылы ғана жаратқанның нығметіне жетеміз. Ал енді исламда тек арап елдеріне ғана белгілі болған білімдерді меңгеріп және құранды арап тілін меңгеру арқылы даналыққа, тақуалыққа жетуге болады дегендер үшін; «Пайғамбарымыздан; «Кісі істеген күнәсінің салдарынан ризықтан мақұрым болады. Тағдырды тілек қана тоқтады, өмірді ата-анаға істеген жақсылық қана ұзартады.» (Сәубаннан 29-өсиет) Бір ұлттың, үмметтің ішінде өзіңді дүниеге келтіруге себепші болған  негізінен әке-шеше деп атап, ал сенің әке-шешеңді өмірге әкелуге себепші болған, шежіремен жандық байланыстағы әулие-әмбилер яғни жанаттағы бүкіл адамдар, біздер үшін қашанда ата-ана болып есептеледі. Сондықтан құрандағы, пайғамбар өсиеттеріндегі ата-ана ұғымы өлілер мен тірілер арасындағы байланыс, көпір есебінде түсіндіріледі. Және өзгермейтін мықты сөз болып саналады. Мысалға, әрбір сөздің оң, солы және астарын білу үшін теріс қарай да оқылатынын ескерген жөн. Сонымен; Алла, ата, ана, қазақ т.б. осындай көптеген атаулар қалай оқылса да мағынасын өзгерпейтін сөздерге жатып және кейбір сөздердің теріс қарай оқылғанда да мағынасы белгілі бір қуатты белгілейтіндері де бар. Ондайларға Ат-Та, Ас-Са, Қа-Ақ, Ар-Ра, Ек-Ке, Ен-Не, т.б. үш, төрт таңбалы да көптеген атаулар; Хау-Уах, уақ, Ғұн-Нұғ,Нұх, Сақ-Қас, Лам-Мал, Ман-Нам, Лама-Амал, Намаз-Заман т.б. бар екені даусыз. Сонымен бірге Құрандағы барлық сүре атаулары да көркем есім, Алланың аттары яғни мықты сөздер тобы, періштелері болып саналады.  Ал, адам баласы періште болып туылғанмен, періште болып күнәсіз ер жетуі мүмкін емес, сондықтан біліп, білмей істеген күнәлардан толық тазарып, тәубеге келмейінше құраннан ризық, насихат-кітап алу тағы да мүмкін емес, және «тіл+ек»- тек ана тілімен «егіліп», ата-анаға яғни әке-шешеңнің, руыңның, ұлтыңның ата-анасына жақсылық жасамай Алла Тағалаға жақындау мүмкін емес деген пайғамбарымыздан аят-өсиетпен; «Атаны сыйлау Алланы сыйлау. Атаның алдында күнә іс істеу, Алла алдында күнәкәр болумен бірдей.» (529-өсиет).

    Енді қазіргі таңдағы Атажолы дегенді халыққа жиренішті етіп, бүкіл әулиелер өткен сара жолымызды, тарихымыздан өскелең ұрпақтарымызды  түңілдірумен және осындай пайғамбарымыз өсиеттеріне, Құранның 31-ші сүресіне қарсы шығарған шерік қатып, яғни сөзде шектен шығып ортақ қосу амалына жатпай ма екен? Аталар өткен рухани жолымыз, Шежіре-Аманат тағдыр сөзі болып, рухпен Адам атадан келіп, адам тіршілігінде иманға айналып, кісі-кітап болып қалыптасады да, әрбір пенде сол аманат кітабын оқып, тазартып өмір сүру барысында кейін аманатын өз орнына ақиретке қайтып беру керек. Ал бұндай әулиелеріміз меңгерген жан ғылымы да болашақта дәлелденетін тарихаттық, мағрипаттық масхаб білімнен жоғары тұрған иман келтіруге байланысты діннің де бір құпиясы екені сөзсіз. Бұл құпия сырды Абай атамыз; «Сөз сатып алып не керек, Тәңір сені екі сөзбен атқан.» деп, өзге елден сөзді, хажын іздемей, әуелі ұлтыңа тән ділдік рухани аманатты қайтаруды, дін саудасын ескертіп кетіпті. Бұл құпияны да пайғамбарымыз: «Аманатты уақытында қайтару пенденің несібесін арттырады, ал оған қиянат ету жамандыққа, мұқтаждыққа алып келеді.» (323) деген өсиетпен имандылықтың сопылық, яғни қазіргі таңдағы білімге айналған тарихаттық, мағрипаттық негізгі дін, діл амалын да көрсетіп кетіпті. Ал, ділдің яғни жандағы құпия білімнің ана тілін жетік меңгермей, және ата аманаты уәдесін, сөзін, намаздармен амалдарға айналдырмай, заманға қарай өлшенетін тақуалықтың да қалыптасуы мүмкін емес. Масхаб білімі ұсынған мыңдаған жыл өтіп, тозған діл білімі бұл тұрғыда қазіргі заман тақуалық, білім, ілімділікті қалыптастыруға да жеткіліксіз екенін білген жөн. Ал, негізінен ділдің тазарып, серіктік бейнесінің, алтаудың қалыптасуы да адамның басы, мүшелерінің тазалығымен және шашының түр-түсімен айқын көрінісін береді. Әйелдің басы еркектен, қабырғасынан, яғни ұрық суынан жаралып, ерге қайта өткізу негізгі аманаты болса, ал еркек басы құдайдан аманат. Сондықтан әйелдің сәждесі еркекпен ара қатынасымен нәтижеленсе, еркек сәждесі құдай патшалығынан алған үлесімен, елшілігімен нәтижелену шарт. Олай болса, намаздарымыз амалдармен, яғни салт-дәстүрімізбен, ұлттық ерекшелігімізбен орындалып, тән және сөз амалдарын қалыптастырып, рухани сүннеттелу болып табылады. Халқымыздың рухани санасын қалыптастыру дегеніміз де осыдай жағдайлардың құлшылық тұтастығынан ғана пайда болады. Және дін құлшылығы да ұлттық негізде, мешіт дін рәсімдерін орындау орындары мен мәдениет құзырлы орындарының бір мәмілеге келіп, ата-салт дініміздің рәсімдік сипатын толық мойындау арқылы орындалу керек. Ал, енді рухын тазартып, жанды өсіруге бағытталған құлшылық істері де әрбір пендеге жеке-жеке шамасы, қабілеті, діни, рухани сауаттылығы арқылы орындалатын жаратқанмен екі арадағы құпия болған, мысалға ораза ұстау сияқты дәрежеде құпия байланыспен орындалатын амалға, яғни көктегі  жеті  жолдың бірін көріп, жалғанып, жекелей алған жобаға жатады. Бұл намаздарды Абай атамыз; «Руза, намаз, зекет, хаж-талассыз іс, Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс. Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төртті Қылғанмен татымды бермес жеміс.»  Ал бастапқы үшеуі дегеніміз де Құранға дейінгі түскен үш кітаптардың пайғамбарлары меңгерген шариғаттық ұстанымдарымен және соңғы төрттің де өз жеміс беру үшін де, алдыңғы екі кітапты да қамтыған Інжілді толық меңгеріп, Ғиса пайғамбарымыздың әскерлеріне жалғанбайынша және ұлттық ерекшелік әдет-ғұрыппен, негізгі шежіре тарихымызға жалғанумен, яғни тарихатпен тығыз байланысты екені де даусыз. Ислам әлемінің ең басты қателігі және қазақ муфтият, масһаб дін ғалымдарының дінге жасаған ашықтай қастандығы да, осы имандылықтың алғашқы екінші бөлігін, үш сүюдің философиялық, жан сырлық білімдерін меңгермей, ілімін мүлде жоғалтуымен халықты діннің ескі бастауы «кинизм» әдетіне әкелумен көрінеді. Бұл жағдайды пайғамбарымыз ерекше тапсырып, өсиет қалдырған: «Расында сендер өздеріңнен алдыңғылардың (құранға дейінгі дін ұстанымдарын) әдет-ғұрпына сүйем бе сүйем, кез бе кез (қолмен-інжіл, аяқпен байланысты-тәурат ілесіңдер, Ыбырайым жолы) ілесіңдер, тіптен олар кесірткенің ініне барып кірсе де оған кіресіңдер,» деді. Біз: «Уа, Алланың елшісі! Яһудилер (Тәураттықтар) мен христиандардың (ғұрыптарын) айтып тұрсыз ба?»,-деп сұраған едік, Ол: «Басқа кімдер болушы еді?»-деп айтты». (1378-3456; Әбу Сағидтан)

     Тәурат пен Інжіл амалдарын және Зәбур өсиетімен бақсылық, емшілік істерімен тұтастай толық орындаған қазақтың әулие-әмбилерінен, ата-бабамыздың әдет-ғұрпынан артық дін ұстанымын әлемде кездестіру де қиын шығар. Рухани егінді жетілдіру үшін еңбек етіп; «Атаңа не қылсаң алдыңа сол зейнет болып келер», «Бейнет түбі зейнет» деген аталарымыз. Осындай діннің негізгі жанды сүннеттеу қағидасымен, пайғамбар көрсеткен және көзін көрген сахабалардың да өмірден өткеннен кейін ұмыт болып, діннің тек араптарға түсірілген ғана бөлшегін алып, дінді аздыратынын алдын ала ескерту алған пайғамбарымыз түркінің ұрпағы болған; Арыстан баба арқылы құрма мұғжизасымен масхаб ұстанымдарын жетілдіріп,бірлеген дінді түркі жеріне алып келіп, түп негізге қосып, зікір амалдарын көрсетіп, сол уақыттарда ислам діннің, тура жолдың қазығы 40 қақпалы Сайрамда қағылғанын ұмыттыруға жан-беріп жан алысқан ақпараттық дәрежедегі дін соғысы өз бауырларымыз, қазағымыздың қолымен де атқарылуда. Бұндай зұлымдықтан шығудың бірден-бір амалы; қазақ халқының намаздар мен амалдар ерекшелігін және ділі де, діні де ойшылдық, философиялық көркем сөздерінің де ақ бастау бұлағы; Ясауи бабамызды зерттеп, зерделеу үшін Абай-Шәкәрім аталарымыздың еңбегін жеткілікті түсінуіміз шарт. Ал, мұндай күрделі діл білімінің ақ-қарасын айыру үшін де Құранды қазақ тілінде аударма арқылы сөз астарларын зерттеп және міндетті түрде сандық мәндегі ғылымдық насихатын да меңгеру керек болады. Ендігі замандарда барлық рухани шатақ та, адасу да құраннан пайда болатынын, және Раббымыздың «Құранды теріске, өзіне зиянға алатындар бар» деген ескертуіне мән қойып, діншілер, философтар зерттегендеріміз де аз. Дін ғалымдарының құранды арап тілінде оқымаса ойлау жүйесі, ділің дамып, сана өспейді деген надандық пәтуалары парыздық ұғым болып әбден бекігені соншалық, арап тілін меңгермеген дінші емес деген ұстанымды үкімет, ел басқару және зиялы қауым да қолдайтыны хақ. Ал шындығында солай ма? Құран, жаратқаннан арап тілінде түсіргендіктен және сүйікті пайғамбарымыз да сол ұлттан болып табылғандықтан, арап тілін құрмет тұтып, құранды қастерлемейтін қазақ баласы да аз болар. Бірақ, бәріміз құранды арапша оқығанмен, ана тілі қанымен берілген араптардан артық меңгеріп, және пайғамбармен бірге болған сахабалардан артық білімді болып кете аламыз ба? Және құран араптардың өзінде де тұрмыстық тіл және құран тілі болып екіге бөлініп, құран тілін кез келген арап баласы меңгере алмайтынын тағы да ескерген  жөн болар. Құранды араптардың өзі теріске алып, зұлымдыққа түсіп жатқанына арап еліндегі «көктем» оқиғасы да жеткілікті дәлел емес пе?  Егер діл тек ана қанымен ғана жетіліп, сондықтан әке рухынан келетін сөз бойынша ойшылдығымыз жаннан бөлек жағдайда, арап тілін бейнелеушіге айналу мүмкін бе?  Әрбір ұлттың ана тілі жер ана рухымен тікелей байланыста болып, ол ұлт үшін ана тілі судың тілі, ал өзге тіл оттың тілі болып саналатынын да ескерген жөн. Аталарымыз «Бір тілің су, бір тілің от, екі тілде сөйледің адам, байқамай діліңді бұзып алма адам!» деп ескертіпті.  Арап тілі, құран тілі, арап ұлты үшін көк суының негізі болып, ал біздер үшін құран тілі рухтың тілі, оттың тілі болып саналады. Құран тілі жалпы адамзатқа да ортақ көк суы болған, яғни жарыққа айналған, әлемге құлшылық ортақ рухты тазалауға оңай, рухани тіл болып саналады. Сондықтан 30 парамен, яғни негізгі түсірілген кітаптармен де бүкіл адамзаттың Нух пайғамбарымызға дейінгі өткен нәсілдерге жалғануға болатын құпия сыры тағы да бар. Ал от пен су тілінің арасын жалғауға  жаратушымыз 22 түрлі ағашты және 11 түрлі көкке жалғанатын қөркем сөз ағашын да жаратқан құпия сыры да бар. Барлық негізгі көкке жалғанатын ағаштың саны 33 болып, оның 29-шысы қаж, яғни Ыбрайым жолының ағашы болып есептелді. Енді осы 33 санның білімінің 30-ы Құран аяттарымен беріліп, ал қалған 3 парасын, 10 кітабын қайдан аламыз? Және Мұхаммед пайғамбарымыздың Құранына 47 санына жалғану үшін ол да жеткіліксіз екені де хақ. (Ясауи ілімінің намаздары мен масһаб намаздарының қателіктері. 5-ші кітаптан. Толық нұсқасын http://btk.atazholy.local/ сайтынан оқуға, жүктеп, көшіріп алуға болады)

        

      Құран үгіті және ой зейнеті. Зейнет-ақыл, ойдың сапасы.

     «Қараңғылыққа түсіп, одан алғашқы оянған жұрттың дінге деген ықыласы қарқынды келеді. Әдет, заң, тіл секілді өзіндегі барды кемге санап, соларды жылдамырақ көңілдегідей өзгертуге салынады. Бұл салада өзара жарыс басталып, қарқынды жарыста, екпінді жұмыста елдің елдігіне негіз болып тұрған нәрселерін де абайламастан өзгертіп кететін болады» (Халел ойшылдан). «Егер бір халық өзіне идеялар (ұлттық насихат) мен өзге әдет-ғұрыптардың ықпалына түсіп, оларды өз ұлтының ерекшелігіне райлас өзгертіп, игеріп сіңіруге күші жетпесе, онда ол халық та саяси өмір сүре алмайды…Өзіндік даралығы жоқ қуыс кеуде адамдар қандай болса, ұлттық белгісі, бет-бейнесі жоқ халық та сондай.» (Белинский). Негізгі қазақтың осал жері де ұлттық даралығымызбен жаңалықты таңдамай қарқынды меңгеруге тырысатын Абай атамызша: «Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды..».  «Әр кезде қоғам тіршілігі өнімсіздікке ұшырап, іштей жұтай бастағанда, заман әуеніне қарай не дінге, не саясатқа қамшы басады. Осы екеуінің қайсысы болса да, қамшы басқан елде ішкі жегі құрт бар дей беріңіз. Көбіне сол жұтаудың себепкері-басқарушылар, басшылар болып шығады.» (Ғабит Мүсрепов).

      Осындай ұлттық ерекшелік мінезімізден және өзіміздегі ғұламалардың, даналардың қалдырған насихат, аманаттарын сіңіруге құлықсыз, кемге санап, ал  арап тілін меңгеріп, өзге елдің әдетін насихаттағандарға сенгендігіміз соншалықты, не айтса да құдайдың өзі айтып тұрғандай сенеміз, ғылымды, білімді адамдардан да жас болса да құранды жатқа білгенді пір тұтамыз, табынамыз. Қазақ елінде рухани да шаруашылықта да жұтаңдықтан шығуға дінге де, әлемнің бар жетілген шаруашылық салттарын меңгеруге де қамшы басқан ел билігіндегілер өз ұлтымыздың негізгі рухани құндылықтарын теріске алған «Жегілер», яғни шайтан жамағаттарына айналғаны да хақ. Ал, дін саласында бұрынғы ескі жындылығымызды қайта тауып, кезінде құранды меңгергендер мен араптан келгендердің бәрін түгелдей қожалар атап, төрден орын беріп, жеке қазақтан бөлек ұлт қылып мойындап та қойдық. Кезінде қандай да бір дін болмасын, шіркеулерден, мешіттерден мектеп ашып, халық сауаттанатын, балалары білімге үйренетін мектептер болып, кейіннен білімнің сан салаға бөлініп күрделенуімен арнаулы ғылым саласына айналып, елдің өркениетін қалыптастыратын мәдениет және шаруашылық, саясат саласындағы ел билеушілері 50 елдің қатарына қалайда қосыламыз деп қамшыны басып, нәтижесінде ұлттық ойшылдық біліміміздің, ұстанымыздардың діннің бір бөлшегі екенін ұмытып, тіптен үкімет діннен бөлек деген ұғымды тауып алдық. Оған себеп балалардың және адамзатқа ортақ берілген намаз оқудың ірге тасы білім алып, сабақ оқуды да намаздан бөліп, тек құран аяты арқылы намаз оқуды ғана намаз деп атауды әдетке айналдырдық. Ал дін рәсімдерінің де  бөлшектеп; Намаз оқу, тәубе, кешірім сұрау амалының және адамзатқа берілген 12 «балық» – тәубе несібенің әрқайсысына тән намаздардың да 12 түрлі орындау, сыйыну амалдары болатынын жоғалтып, оған мұсылмандық қарыздардың орнына қажылықты ойдан қосып, мұсылманның  бес парызы деп дінді тағы шектеп алдық. Олай болса, Інжілде ескерткен рухтың түрлерін ажырата білетін қасиеттерді, дарындылықты да жоғалтып алдық. Осындай кемшіліктерді түзеуге рухтан міндетті берілетін ескертулер мен хабар келтіретін қазақ аталарымыз меңгерген түс көру, аян, бата алуларды жын шайтаннан деген сенімді қалыптастырып, діншілер өзінің түсін айтпақ түгіл түс көргенге де тыйым салады. Ендігі жерде, мешіттерде, болмаса баспасөз беттерінде түс көрдім, хабар алдым, қуаныш немесе қиындықтар келеді деген қарапайым ақын, жазушылар болмаса, ел басшыларының, дін өкілдерінің имам, молда түгіл хазірет, шейхтардың да үгітін кездестірмейсің. Ал сауықтыру дарыны, емшілік істері жаратқаннан сыйға беріліп, және оны меңгеру, жетілдіру ислам құндылықтарымен біріктіру жолында қызмет жасап, әрі  үйренушілерді «серік қосып» (жалған сөйлеп) Аллаға теңдестер жасауда, Алланың ісіне араласқандар деп қудалаудан жалығар да емес. Оған себеп, өздерінің иманы келіп зейнеттелемек түгіл, толық сенім қуатының ар сауытының жетілмей, Алла жібінен, кітаптарынан айырылғандықтан деп түсінуге болады. Болмаса, құранды жатқа білетіндер құран аяты жүрегіне зейнеттелген болып, қанында жарық пайда болса, онда жан ғылымын меңгерген болып; шығармашылық, емшілік істермен және дұғасының қабыл болу қасиеттілігімен, жамандықтарды алдын-ала болжап сақтандыра алу қабілетімен, яғни осы белгілердің негізі болған аян, түс көру, жору білімін меңгерумен ерекшелену керек еді. Бірақ, қазіргі таңдағы өздерін «намзхан» және барлығы тұтастай өздерін тура жолда болушылар атаған мұндай діншілеріміздің  жазылмайтын әртүрлі аурулардың емін ажыратып, құран аяттары арқылы емдемек түгіл қарапайым арамнан, арақтан, темекіден, көз тию, өзіне-өзі қол жұмсау, қояншық, талма т.б. сияқты әулие аталарымыздың меңгерген қарапайым амалдарды құран аяттары арқылы дем сауықтыру қабілетін неге білмейді? Егер ондай құран аятынан ем-шипа түсіретін рахметін алмаса, онда құран аяттарын зиянына, теріске алумен жалғандыққа түсіп, серік қосып, өздеріне зұлымдық жасаған, Раббымыздың көрсеткен белгілерінен, үкімдерінен шерік қатумен, аяттарына ортақ қосушылардың қатарынан болып табылады да сенімдері өлген, жүректері рухани жетіліп әлі тірілмеген! Енді сондай қателіктерін, өлі сенімдерін жасыру мақсатында пайдаланатын амалдар мен себептеріне тоқтала кетейік.

(Ясауи ілімінің намаздары мен масһаб намаздарының қателіктері. 5-ші кітаптан. Толық нұсқасын http://btk.atazholy.local/ сайтынан оқуға, жүктеп, көшіріп алуға болады)

Ділге, иман-кітаптарға, кісілерге иман келтіру.

      Барлық діншіге тән; кітаптарға иман келтіруді түсірілген кітаптарға сенім келтірдім деумен шектеледі. Яғни, сонымен масхаб білімінде; иман тілмен айта салғаннан жүрекке енді, тура даңғыл жолға түсіп, мүміндік те ислам шарты да бітті. Ал пайғамбарымыздың өсиеттерімен ескертілген негізгі сахабалар мен біздердің әулие бабаларымыз орындаған, жетілген тақуалық намаз амалдарын қайда қоямыз? Қандайда болсын киелі кітаптар, мейлі нұсқау уахи түрінде, мейлі таңбалар түрінде болсын, әуелі алдымен  табиғат құбылыстары, оқиғалар, яғни мұғжизалар түрінде көрініп, яғни кітап болып түсіп, соған енді адам баласы ақылы білімі жеткенше сөзбен, таңбалармен, сызықтық бейнелермен салыстыру арқылы кітапқа, амалға айналдырады. Тағы жекелей адамдарға жаратқанның таңдауы түсіп, кейбір болған, болатын оқиғаларды аян түрінде көрсетіп және осындай пайғамбарлық қасиеттерді меңгерген елшісі арқылы халыққа жеткізуді тапсырады. Бұндай заманға қарай жаңадан үкімдер мен аяттардың оқылуын уахи берілу деп атаған. Сондықтан уахидың көрсетілетін, дауыс түрінде естілетін, санаға білім болып жазылатын, көкейден бата болып айтылатын түрлері болып, оларды меңгеруді елшілік істерге жатқызады. Бірақ ислам дін ғалымдары бұрынғы құпия болған әулиелер меңгерген ілім сырының енді адамзатқа білім болып оқылатын уахиды мүлде жоққа шығарып, яғни тек пайғамбарларға ғана оқылған деген пәтуамен құраның жүздеген ашық аяттарына қарсы және Аллаға орақ қосумен айналатындарын біле бермейді. Мысалға, қасиеттілікті меңгергуге байланысты; көкейге салу, санада сөйлесу, бір перденің артынан сөйлесу сияқты ақ бақсылық қасиеттерді есептемегенде жалпы барлық пенделерге берілетін уахиды аятта; «Мұхаммед оларға; «Шын мәнінде сендерге уахи арқылы ескертемін. Саңырау ескертілсе де дауысты естімейді» де» (21-45) деген Раббымыздан ашық үкімдерді діншілердің масхабты жол деп Аллаға ортақ қосуынан, дін хазіретінен бастап уахи естімейтін саңырауға айналғанын да біле бермейді. Ал, енді тақуалықты жетілдіру арқылы меңгеретін  пайғамбарлық қасиеттерді құранда 24 пайғамбар дәлелдері арқылы беріліп, қалған бүкіл пайғамбарға түскен нұсқауларды жалғастырушылар, елшілер аталып және соңғы пайғамбарымыздың сүннеттері мен ізгі істерін де жалғастырушы, бірлеушілер әулие-әмбилер болып табылады. Сондықтан әулие-әмбилік белгі болып  барлық елшілік амалдарын жалғастырушы істерге жатқызып, 57-сүре арқылы құранда ортасымен белгіленген. Ал бұл сүренің жұбы 75-ші сүре болып саналады да, сондықтан екі түрлі елшілік істерінің сипаты шығады. Негізінен барлық елшілік істер 75 санымен беріліп, яғни 46-пайғамбарлық қасиетке 24 пайғамбарлық дәрежені қоссақ 46+24=76 санымен, яғни 75+1, «Бір» Мұхаммед пайғамбарымыздың сүннеттері болып және бұл санға енді бес қуатты меңгеруді қоссаңыз; 81 саны, сол қолдағы барлық адамзатқа берілген соңғы нәтиже болып саналады. Олай болса негізінен 81 түрлі елшілік істердің болып, оның енді 76-сын Мұхаммед пайғамбарымыз намаздармен көрсетіп, өсиеттермен көбін астарлап ескертіп кеткені де хақ. Пайғамбарымыз: «Сабырлық, үнемділік және қажетсіз ысырапкершілікке жол бермеушілік пайғамбарлық сипатының жиырма төрт қасиеттерінің бірі. Ысырапкершілікке жол бермеңіз.» (347-өсиет) Және; «Мүміннің түсі пайғамбарлықтың 46-дан бірі» деп те ескерткен.

     Сондықтан барлық пайғамбарлардың Мұхаммед пайғамбарымызға дейінгі орындаған амалдары, нұсқаулары қасиеттер жиынтығын құрап, енді оларды біріктіріп орындауды елшілік істерге айналдырумен Мұхаммед пайғамбарымызға пайғамбарлық дәрежемен жүктеліп, сондықтан да барлық дін істерін бірлеуші елші әрі дінде өзгеріс, кітап әкелуші соңғы пайғамбар болуында осы сандармен тікелей қатысты. Пайғамбарлық қасиет жаңадан кітап оқушы, әкелуші болса, ал елші бұрынғы пайғамбарлар түсірген кітаптарды қайта оқып, амалдарға айналдырушы, әрекет қасиеттерді меңгеруші болып ерекшеленеді.  Осындай елшілік істермен бірге пайғамбарымыз миғраж хикметінен кейін; «Раббымыз; «Ол- (намаздар, құлшылық) бес, ал (сауап бойынша) елу. Менің алдымда сөз өзгермейді» деді…» (221-өсиет) Осындай ғылымы және сандық мәндері анықталмаған өсиеттерді тек сыртқы үгітін алумен пайда болған мұсылмандық бес парыз дегеніміз де, осы өсиетті негізге алғанын білдіреді. Бірақ бұл өсиеттің сандық сырына үңілер болсақ, мұсылмандар құлшылығы екі саннан, яғни 5-сүре, 50-ші сүре насихаттарымен түсіндірілгенін ескертеді. Және де осы екі сүренің өзара дәрежеленумен парын, яғни негізгі сырын; 55-сүре «Рахман» яғни рахманға құлшылық ұғымы шығады. Ал енді бұл сандардың шындығын қарапайым тәсілмен тексеріп көрсек; 76-елшілік,5-ислам намазы және 50-сауаптар намазы барлығы 81+50 немесе 76+5+50=131 саны, барлық құлшылықтардың негізгі нәтижесін беріп тұрғаны хақ. Олай болса құран насихатының барлық жиынтығы, ғылымы болған Бақара сүресі 131 аяттан; «Бір кезде Раббы оған: «Бой ұсын!»,-деді. Ол:»Бүкіл әлемнің Раббына бой ұсындым» деді.» (2-131) Бұл Ыбрайым пайғамбарымыздың меңгерген құлшылығы, яғни Ыбрайым жолы дегеніміз осы! Енді жалпы Құран философиясы да құлшылықтар негізі де бой ұсынумен ғана нәтижеленіп, мүмін болу, иманды аталу, барлық ұғымдар осы санмен ғана нәтижесін беретінін ескертеді. Және бұл санды аяттардың бәрі; Алладан қорқу деп аталады. Мысалы Ниса адамзаттың негізгі құлшылығы; «…         Сендерден бұрынғы кітап берілгендерге де, сендерге де: «Алладан қорқыңдар!,»-деп өсиет еткенбіз..» (4-131); «Енді Алладан қорқып, маған бағыныңдар» (26-131); «Осы (елші жіберілу) Раббың, халқы хабарсыз бір кентті зұлымдықпен жоқ етуші емес.» (6-131) Бой ұсыну, Алладан қорқу тек тілмен, оймен, намаз оқумен емес, яғни елшілік істерді, Раббымыздан келген хабарларды, аян, бата, уахиларды намаз қылып орындауды ескертіп, әулие аталарымыз меңгерген дәстүрлі дінімізді, ата жолын растап, ақиқатын ашып тұрғаны сөзсіз. Ал, енді бұндай қасиеттердің бастауын орындайтын амалдарын тәпсіршілеріміздің жоғалтып алған негізгі себебі де; сөздер ұғымдарын сол қалпында аударып, мағынасын көрсетпей пайдаланылғандықтан, «тәуәссил жасау», «Ақида жасау» «ижтиһади жасау», «истикрар жасау», «истауа жасау», «ыстықпар ету» т.б. атау сөздерді араптан төте алғандықтан, үндік қуаты өзгерумен және өзге тілде ұғымы өзгерген сөздермен жастардың санасын улаумен ібіліс қызметіне тұрып алғанын байқамайды да.

    Қандай да бір пайғамбар, елші болсын,  тылсым үндерін яғни құстар, таулар, оттың үндерін ана тіліне, сөзге айналдыру арқылы 7 үнмен ұлттық ділін, мақамын меңгеру арқылы елшілік істерін атқарған. Ал енді қасиет дегеніміз жан киімі, бой сауыты болып құранда: «Алла негізінен сендерді баураған» деп ескертеді. Және нұр сүресі 24-санымен белгіленуінің өзінде  адам баласының 24 пайғамбар арқылы алатын зейнеті, киімі, шапаны-кітабы бар деген ұғымды берсе, ал ішкі бейнесі, ішкі рухани қазынасы, зейнеті 64 аяттық қабаттардан, мүшеден тұратынын көрсетеді де барлығының сүре мәнімен қосындысы; 88 санын береді де адам баласының есебінің барлық кітап санының, жаратылыс есебінің себептік белгісін, зейнетін көрсетеді. Сол қолдағы адамның өз бойында тұрған 81-88 ді алсақ, онда 7 кітап, Мұхаммед пайғамбарымыздың «Құраның жеті үнін меңгердім» деген ескертуі шығады. Ал жеті үнді, кітапты қайдан іздейміз? Алдыңғы 3-басылымда ескерткендей; Құран негізінен 7 кітаптың, үндердің жинағы болып шығады. Осы үн кітаптарының ішінен енді; Тәурат, Забур, Інжіл, Құран болып қалған 3- ітапты табу осы намаздардың, сәжденің сипатын ескертеді. Сондықтан пайғамбарымыздың; «Мен негізінен 7 сүйекпен сәжде жасауға бұйырылдым» деп ескерткені де, осы құпия сырды әшкерелеп және бұл кітаптардың адамзаттың жеті түрлі сезімдік қасиеті, жаратылыс сипаттарына сүйенгендерінің амалаға айналып, сүйегіне жазылатыны, зейнеттелетінін білдіріп, мұсылмандық бес парызбен иман келтірдім деген ұғымның жалғандығын, тек бес сезімдік қуатқа ғана негізделіп; бұл пәтуамыз «Санды түсінбейтін санасыздарға» яғни жүрегі мөрленіп, құлақтары естімейтіндерге ғана түсініксіз болар. Сондықтан да осындай әр кітаптың өзінді қуаттылық белгісі, зейнеті болып, жанның киімі жеті қабаттан, яғни үннен тұруы тиісті, ал сөзге айналғанда аспандағы жеті жолмен жалғану керек. Адам баласының терісі де жеті қабатқа айналып, жетіліп қалыптасу да шарт. Және терінің де жетілу реттілігі болып, бас терісі 7 қабатпен жетілмей, басқа мүшелердің жеті жолға айналуы да мүмкін емес. Сондықтан жалаңбас жүріп қажы, дін ғалымы аталу да Аллаға серік қосу болып саналады. Сонымен адам баласындағы жеті жолдың нәтижелері зейнеті, қуаттары болып, оған енді бас, қол, аяқтағы жетілерді; 3х7-ні дәрежелеп қосатын болсақ, барлығы 21 санмен тағы да Ата жолының Айша анамызбен белгіленген 21 жұлдызды ақ туының да бір сыры шығады. Олай болса, 21 санының нәтижесі де бойға айналып, адам терісінде тұтастай бой болып, жеті өте нәзік қабаттардың қалыптасуымен ғана жан киімі зейнеттеледі. Енді киімсіз, жалаңбас, жалаң аяқ иман келтіру түгіл, алғашқы бастағы жетіні де қалыптастыру мүмкін емес. Раббымыз; «Аллаға тек тақуалық киіммен ғана жақындайсыңдар!» деп ескерткен. Және құранда аяқ, қол (бас) терілеріңнен сұраласыңдар-деп ескертеді. Енді інжілде бұл туралы: «Неге киімдеріңді ойлап (зейнет) уайымдап жүрсіңдер? Даладағы қызғалдақтардың қалай өсіп тұрғанына көңіл бөліңдерші. Олар еңбек те етпейді, жіп те иірмейді. Сендерге былай деймін: тіпті Сүлеймен патша өзінің бар сән-салтанатында сол гүлдердің біріндей әдемі киінбеген еді. Ал енді, бүгін далада өсіп тұрған, ертең отқа тасталатын шөпті Құдай солай киіндірсе, сендерді, әлбетте, одан бетер киіндірмей ме, сенімі аздар-ау!…Қасиеттілерді (аруақтарыңды, кісілерді, жындарды, рухани серіктеріңді) иттерге тастамаңдар, інжу-маржандарыңды (қыз-жандарыңды, нәпсілеріңді) шошқалар алдына лақтырмаңдар! Әйтпесе олар соларды аяқтарымен таптап, бұрылып келіп (періге, жын-шайтанға), өздеріңді жарып тастамақ!» (Матайдан; 6-7 тарау).

     Ал енді ислам дін ғалымдары және масһабшылардың  бұл аяттың құпия сырын білсе, онда аруақ білімінен де хабардар болып, Інжіл күшін жойған деген жалғандыққа түспеген де болар еді. Және адам баласымен жаратқанның сөйлесуін жоққа шығаруды інжіл жазбаларында хаждың сырын баяндаумен бірге, аруақ арқылы тазарған жындық қуаттардан зейнет киімін алу арқылы атқарылатынын дәлелдейді. Және бұл жағдайлардың зиярат, киелі ойпаттар, таулар арқылы атқарылатынын; «Иса осыдан алты күннен кейін Петір, Жақып пен Жоханды ертіп алып, бір биік таудың басына оңаша көтерілді. Сонды оның сыртқы түрі үш елшінің көз алдында өзгеріске түсті. Киімдері жарқырап, жер бетіндегі бірде-бір шебер ағарта алмайтындай тым аппақ болып кетті. Сонда ежелгіде өмір сүрген Ілияс пайғамбар мен Мұса пайғамбар пайда болып Исамен сөйлесті.» (Марқадан; 9-тарау) Осындай зейнеттелу қағидасын, құпиясының адамзатқа сырын ашықтап түсіндіру үшін  інжілден бұрын да қасиеттермен, жан сырларының білімін және елшілік істермен, пайғамбарлар келтірген дін қағидаларын, нұсқауларын, ғылым-білімге айналдырып, кітаптарға жалғануын қалыптастыратын Тәурат кітабын түсіріп, енді бұл барлық түсірілген діндердің бірлігін қалыптастыру керек болды. Ал бұдан кейін Зәбур кітабы; Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарларымыз арқылы сөз өнерін, бақсылық істерді және барлық ішкі амалдарымен бірге бүкіл шариғат негіздерін қамтитын қағидалар мен сөз бірлігі мен құпиясын меңгеру болып табылады. Ал інжілге дейін адамзатқа дүние тіршілігінде тек бір ғана рухани өлім ажал болып қана беріліп, өмірдегі күнәлі істерін, сөздерін тек тән, сөз, қылық тазалықтарын қалыптастыру  арқылы ғана сүннеттеліп, болмаса өлім арқылы ғана шейіт болу немесе мал, дүние құрбандығы арқылы ғана айырбастап алатын еді. Бірақ бұндай жағдай тек санаулы адамдарға пайғамбарлық қасиеттерді, сөз білімін меңгеруші төрелер, елшілік істер мен ілім құпия сырын меңгеруші қожаларға ғана жеңіл болып, қалғандары ауыр азаптармен, дүние сынақтарымен, қан төгу соғыстарымен, қожаларға, қасиеттілерге, төрелерге қызмет жасап құлдықта жүруімен күнәларынан ақталу тиісті болды. Енді Інжіл қағидасының түсуімен Ғиса пайғамбарымызды рұх арқылы тікелей жаратуымен және өліп қайта тірілу хикметті мұғзижасымен енді адам жанының мәңгілік өмір сүруіне тірісінде көз жеткізу үшін рухани алғашқы өлімнің, яғни адам баласының күнәлі болмысы өліп, сол ескі тәнінде қайтадан анадан жаңа туғандай қайта өмірін бастауына, адам баласына құлдықтан құтылуға мүмкіндік беретін мұғжизаны, яғни қайта адамзат арқылы бейнеленген аруақтық киелі рухқа айналу қағидасын жаратушымыз Ғиса пайғамбар өмірі арқылы нақты дәлелдермен көрсеткен. Бір ғана осы сипаттың өзінен біздің масхаб біліміміздегі «адам рухы өлмейді» дегендей мыңдаған өтірікшілердің, рухани тажалдардың пәтуа, тәпсірлерін және адам баласы тек қиямет-қайымда қайта тіріліп есепке тартылады дегендерін жалғандыққа шығарады. Ал, Құранда да бұл Інжілдік хикмет, мұғжизаны растап Ғиса пайғамбардың өлмегенін, яғни қайта тіріліп, періштелік дәрежеде тіршілік етіп жатқанын растайды да сонымен бірге тек қиямет-қайымда емес, қиямет мезгілі, қиямет күні және қиямет сағаттары болатынын да дін ғалымдарымыз жалғандыққа алғаны да хақ. Бұндай әрбір пенденің тіршілік ету барысында міндетті болатын қияметтік, мезгілдік, сағаттық істердің бейнеленуін;  елшілік, емшілік, қайырымдылық, ізгілік істер мен артық қайыр жасау арқылы күнәні өлтіріп, жүректі тірілтіп, жанды тазартып, рухани зейнеттелу істерін Ғиса пайғамбарымыздың ісін жалғастырушы 11 шәкірті арқылы және Ғиса пайғамбардың көктен өсиет беруі арқылы жалғасқан деп түсіндіріп насихаттайды інжіл жазбаларында. Бірақ, бұл жағдайды христиан діншілері тек Ғиса пайғамбар арқылы рух оқылып, оны Құдай деп табынып, құлшылық істерінде адасқандықтан, Құран арқылы оның негізінен Жәбірейіл періште арқылы оқылып, ал адам баласынан болған періштелер болса, осындай хабар, уахиларды қайта бейнелеп, әрбір пенделердің тағдырына байланысты түрлі оқиға баяндармен көрсетіп, адамдар арасына үлестіруші екенін түсіндіреді. Осындай рух хабарын алу арқылы ғана адам баласының тіршілік ету барысында жинаған рухани азығы зейнет киіміне айналып, бірақ ұзақ уақыт пайдаланумен және күнәнің де өріске еніп, бейнеленіп, жиналуымен  тозады және ескіреді. Сондықтан рухани өлім арқылы тағы да жаңадан зейнет киімін ауыстыру керек болады. Інжілдің негізгі шарты да осында тұр; «Оларға тағы астарлап былай деді: -Жаңа киімнен жамау жыртып алып, ескі киімге жамамас. Олай етсе, жаңа киім жыртылып, жамау ескіге жараспас та еді. Сол сияқты жас шарапты ескі торсыққа құймас. Олай етсе быршып ашыған жас шарап торсықты жарып ағып кетеді, торсық та бүлінеді. Керісінше, жас шарапты жаңа торсыққа құю керек. Сонда екеуі де аман қалады. Ал ескі шарапты ішкен әркім: «Ескісі жақсырақ»  деп жаңасын сұрамайды» (Лұқманнан; 6-тарау).

     Бұл астарлы әңгімемен; Ғиса пайғамбарымыз діннің киімі, шарабы інжілдік нұсқауларды орындаудан жаңаратынын, оны бұрынғы кітаптармен, заман оқиғаларымен, ескі қағидалармен араластырмай, жаңадан түскен нұсқауларды, хабарларды сол қалпында қабылдап жалғану арқылы діннің даму заңдылығын сақтамаса, адамдар зұлымдыққа ұшырап, қаралай жынданатынын ескерткен. Бұл інжілдік аят, нұсқауларды Құранда аятпен бекітіп; «Бір аятты ауыстырсақ, немесе ұмыттырсақ одан жақсысын, не сол сияқты келтіреміз. Әрине Алла (Т)ның әр нәрсеге күші жетуші екенін білмедің бе?» (2-106) Бірақ масхабтық және ислам ғалымдары Ханафи масһабынан кейін ешқандай аяттар да нұсқауларда уахи болып оқылмайды, яғни өліктер сөйлемейді, Алла тағаланың ондай хикмет мұғжизаға күші жетпейді деп ашық қарсы болуына, қазақ елінің барлық ел билігі мен зиялы қауым өкілдерінің жәрдем беріп, өздері осы аятқа және інжілге де қарсы шығып кәпірге, шайтан жамағаттарына айналғандарын біле бермейді. Осындай ескі білімдерін жаңалап жетілдірмеген арап елінің көктемі деп аталған жағдай осы өсиетті, аяттарды растап жатқаны сөзсіз. Және інжілдік шарап ішетін торсық-ыдыс, адамзат бойындағы жан үйлері болып, еркекте ол 30 санымен, әйелдерде 40 санымен белгілі болып, барлығы 70 үйдің болатынын және Мұхаммед пайғамбарымыздың иманның екінші дәрежесі 70 бұтақты екенін ескерткен өсиеті де осы жағдайдың хақиқатын әйел мен еркек жандарының бірленумен ғана нәтиже беретінін көрсетеді. Қазақ дәстүріндегі жер дауы мен жесір дауының бірінші орынға қойып, жесірлерді ұзақ уақыт күйеусіз жүргізбей және тоқал, бәйбіше салты да осындай жандардың бірлігін қалыптастыру мен 70 бұтақты имандық қуаттарды меңгеруге негізделгенін біле бермейміз. Бірақ құранның араптарға келіп, ал бұрынғы пайғамбарларға келген жан ғылымының құпия сырлары мен нұсқаулармен, кітаптарымен жалғану қағидалары болғандықтан және пайғамбарымыздан кейінгі діннің даму заңдылығының да осы шарттарды сақтамағандықтан, жалпы исламда діннің бөлшектену және рухани азғындануын ғана туындатқан. Сондықтан інжіл нұсқауларын алған елшілер тәурат діни шариғатын орындау арқылы ғана жаңадан рухани өмірді қалыптастыруға жүректерді тірілту үшін; Адамдардың төбесіне елшілердің қолын қою арқылы жүректерін ашып, иман қуаты келіп, зейнеттеліп тіпті өліктерді де тірілтіп көрсеткен. Құран түскенге дейін жан ғылымы болған елшілік істерді меңгерген бақсылар арқылы ғана иманды жүрекке зейнеттеудің тікелей атқаратын тәсілі болғанмен, ал исламда бұл тәсіл адамзат білімін жетілдіру арқылы және Құран ілімін меңгеру намаз оқу арқылы да тікелей атқарылатынын да білген жөн. Пайғамбарымыздан кейін де мұндай қасиеттерді меңгергендер пір аталып, сопылық жолдың қалыптасуы да осындай тәсілмен, тазартумен, жүрекке иман келтіру амалдарының түрлі әдістері болып, исламдағы көптеген дін топтардың, сопылық мектептердің қалыптасуына да себепші болды. Бұл тәсілмен иман келтірудің 60 бұтақты бірінші дәрежесіне жататынын, сондықтан мазһаб білімінің қалыптасу себебі де осындай әрекеттерден пайда болады. Ал, осындай иманның алғашқы сатысын меңгеруге жәрдем беріп тазартушы болған, емшілік, бақсылық істерді меңгерген рухани елшілер де қарапайым адамдар арасынан тағайындалатынын көрсетіп, және мәңгі өлмейтін Ғиса пайғамбар рухына, сөзіне, насихатына жалғану арқылы киелі рухқа жалғанып дарындылықтардың ашылуына інжілді меңгеруді міндетті екенін түсіндірген. Аятта; «Мұхаммед айт: «Әй Кітап иелері! Інжіл, Тәуратты және Раббыларың тарапынан сендерге түсірілгенді толық орындағанға дейін дәнеңе емессіңдер!» Әрине саған түсірілген Құран олардың (кітап иелері, інжілдік, забурлік, тәураттық елдердің) көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады. Сонда қарсы келген елге уайым жеме.» (5-68)

       Пайғамбарымыз арап елдеріне ғана көрсеткен істерді сол қалпымен еліктеп, тек арап сияқты намаз оқудың соңына түсуден біздер сияқты кітап берілген елдердің өз кітаптарын тастап қоятынын ашық ескертіп, сынақтарға түсуін және түрлі мұғжиза, хикметтер арқылы білдіретінін Раббымыз астарлы ескерткен. Бұл сырдың астарында Арыстан бабамызға құрма дәнімен пайғамбар сәлемдемесін және жасырын тапсырылған, арап елдерінің қателіктерін түзеуге берілген аманаттардың болғанын да біле бермейміз. Демек біздің масһабтық дін ғалымдарының  бес парызбен иман келтіру туралы берген пәтуалары жалған, және Інжілді оқушы, істерге айналдырушы Ғиса пайғамбар аруағы  қашанда бар, тірі және рухани өлім арқылы сатылап таза ақылға, рухани негіздерге, жаннатық әулиелерге жалғану діннің басты қағидасы болу керек. Сондықтан да қиямет мезгілінде жер бетіндегі қазіргі таңдағыдай тажалдар, өтірікшілер дін бастарына келуімен; Ғиса жерге түсіп, Мәді (Мұхаммед пайғамбар аруағы) жерден бейнеленіп, пайда болатынын әулие бабаларымыздың алдын ала біліп айтқаны да хақ. Және ондай замандарда бұндай істерді меңгерушілердің жол басшысын Мәсіх-Ахмет атап, Ғиса пайғамбарымыз бастың, ойдың жындылығынан рух арқылы алғашқы жанды тазартушысы, сүннеттеуші, зейнеттеуші Мәсіх болса, ал Мұхаммед пайғамбарымыз негізінен аяқтық жынды, мінезді шайтаннан тазартушы, екінші дәрежелі әйел еркек жанын бірлеуші Мәсіх-Ахмет. Ал, қолдың ағарып тазартушысы Мұса пайғамбар арқылы болса, көкірек және ар сауытын қалыптастыру Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарлар амалдарына, кітаптарына жалғанумен ғана атқарылмақ. Негізінен Мұхаммед пайғамбарымыз да алдыңғы өзінен бұрынғы кітаптарға толық жалғанып, бастың Масіғі болған Ғиса пайғамбар арқылы рухын тазартып, енді соған байланысты жанды толық жетілдіріп, екінші рухани өлім, яғни мәңгілік өмірдің көкке дүние тіршілігінде қалай жалғанудың мұғжизасын көрсеткен Мәсіх-Ахмет болып, рухтың, жанның толық бірлігін зейнеттелуін қамтамасыз ететін ақырғы пайғамбарлар аяғы, соңғы пайғамбар болып есептеледі. Және жанның негізгі тостағы, ыдысы «Аяқ»-пен, тазарумен байланысты аруағына жалғана алатынын да сол замандарда білген; «Шимон Петірдің қасына келгенде, Ол Исадан: -Ием, Сіз аяғымды жуайын деп жатырсыз ба?-деп сұрады. Иса оған:-Не істеп тұрғанымды сен қазір емес, кейінірек түсінесің,-деді. Петір –Мен Сізге аяғымды еш уақытта жуғызбаймын,-деп қарсылық білдірді. Иса: -Егер сені жумасам, онда Менімен тығыз қатынаста бола алмайсың,-деп жауап берді. Сонда Шимон Петір. –Ием, олай болса, аяғымды ғана емес, қолым мен басымды да жуыңыз! – деп өтінді. Иса астарлап: —Шомылған кісі тап-таза, оның аяғын ғана жуу керек. Сендер тазасыңдар, бірақ бәрің емес,-деді.» (Жоханнан; 13-тарау).

       Бұл астарлы істің сыры да, ислам дінінің соңы аяқтың тазаруымен ғана сүннеттелетін, Мұхаммед пайғамбарымыздың соңғы көктен әкелген екі аяты мен бес уақыт намаздың және негізінен намаздың 50+2=52 амалымен байланысты болып, пайғамбарымыз негізінен аяқты тазартушы Мәсіх және діндер бәрін исламға біріктіруші Ахмет екенін көрсетеді. Сондықтан сол кездердің өзінде де Ғиса пайғамбарымыздан кейін келетін Мұхаммед пайғамбар арқылы елшілерінің өзімен байланысатынын ескерткен. Осындай қиямет-қайымға дейін жалғасты жіберілетін елшілік  істердің негізгі сипаттарын, қасиеттердің бастауын; жүрек ашу, дем салу, түрлі Ғиса пайғамбардың рух арқылы хикметтерін көрсетуді Мұхаммед пайғамбарымыз да жалғасты түрде көрсетіп, рухты оймен бірлеудің үлгісін қалыптастырып; 52+1=53 және 52 екі негізгі құрандағы басқарушы сандарды меңгеріп, жаңадан тура жолдың негізін, үлгісін қалаған. Осы белгілерді меңгеріп, намаздарды толықтырып жетілдіруге бірден-бір өз үлестерін, орнын, хикметті істерін қалдырып, бақсылық, емшілік істердің жоғары рухани дарындылықтардың негізін қалаған, түрлі мерез, жын ауруларына дейін жазып, өліктерді тірілтіп, өзендерден батпай кешіп өтіп, отқа өртенбей т.б Ғиса, Мұхаммед пайғамбар істерін жалғастырушы 24 пайғамбар қасиеттерінің бірлігін қалыптастырып, зейнеттелуін, хикметін көрсете білген ислам әлемінде, әсіресе қазақ халқындағы әулиелерді жүздеп санауға болады. Бір ғана Бекет атаның көрсеткен хикметті істерін, зейнетінің кереметпен бейнеленуін, яғни көрнеу кітаптарға айналуын кім жоққа шығара алады? Ал, ислам дін танытушылары адам өлгеннен кейін топыраққа айналады да, ұзақ және мерзімі белгісіз, қиямет мезгінде жалпы түгел адамзат болып қана тіріледі деген пәтуа береді. Олай болса, әрбір жеке-жеке пенденің Раббысының алдында түрлі жағдайда жауап беріп, жақсылығына сыйын алып, жаманшылығына белгілі жазасын алып, өтейтін ақирет өмірі мен екі арадағы тіршіліктік жағдай мен аруағы яғни сөзі де, істері, зейнеті құраннан алған кітап-кісілігі де өледі дейді. Олай болса, өлген адам ешкімге пайда түгіл, зиян да бере алмайтын болып, өңі түгіл, түсінде зейнеті (киімі, бейнесі, рұхы) де көрінбеу керек еді. Шындығында солай ма? Адамзат тарихында әрбір пенденің басына келіп жатқан түрлі аруақтық себептерді, миллиондап келіп жатқан мысалдардың, тарихи шежірелер мен оқиғалардың, дүниеден өткен барлық аян, уахиды мойындап жазып кеткен еңбектерінің бәрі қазіргі таңдағы құранды арапшадан жүргізіп оқып, тәпсір, хадистерді ақыл жұмсамай жаттап алған діншілер алдында адасқан сауатсыз аталып, бірақ күнделікті әулие бастарынан айқын көрініп, бейнеленіп жатқан хикметті істерді, кітап-кісілігін қайда жасыра аламыз?  Ал, сондай өздерін Құдайдың ең жақын құлы санаған және намаз оқуы, жаттаған құраны, арапша қайтарып тілеген дұғасы барлық қиындықтан, бәле-жаладан құтқарады деген діншінің кез келген әулиенің басына барып мазарына, басқалай мүліктеріне, зейнетіне тиісіп көруге батылы жете ме? Қандай да бір әулиенің мұндай зұлымдық істемек түгіл ниеті бұзылса, міндетті түрде пайдасы болмаса да, ана дүниеге аттандыруға, болмаса мүгедек қылуға құдіретті хикметтерге соқтыруы сөзсіз шындық! Ал егерде мұндай әрекеттерді жын-шайтаннан болады десек, онда «жын-шайтан» еместер кімдер? Және Алланың ұлықсатынсыз бірде-бір жапырақ, яғни иман білімі жерге түспейді деген пәтуаларын қалай түсіндіреді? Әрине бұндай құранның кітап-кісілік, көместік қозғалысқа айналған себептік жағдайларға, хикмет пен кереметтерге қазақ тарихынан мыңдаған мысалдар келтіруге болады және қазіргі таңда дәлелдердің жалғасып жатқанына халық куәлік бере алады. Олай болса рухы, ісі, аруағы тірі, кісілігі бар, өлмеген деген белгі. Ал егер қандай бір  діншіге әулиелер көрініп, немесе басқалай  пайда бермесе, сенімі жоқ өзінен, иманының жетімсіздігінен, амалының аздығынан ғана көру керек. Бірақ ондайларға әулие ата-аналарымыздың өлім алдында өз бейнесінде міндетті түрде келіп, жетектеп Алланың алдына апарып, сотқа тартуға, куәлікте тұрып өз үлестерін, сөзін де қосатынын алда құран аяттары арқылы дәлелдейміз. Сондықтан пайғамбарлар арқылы Раббымыздан түсірген, көрсеткен кітаптардың, яғни қозғалыстық себепке айналған параларының парақтары (сухуфтары) жоғалды, өзгерді, істерін, хикметтерін қайталау мүмкін емес деп және оны қайталаған әулие-әмбилер мұғжизаларын дұрыс емес деп, немесе істерін жоққа шығару — діни надандық және ортақ қосушы кәпірліктің де өзі болып табылады! Құранның негізі сандармен білдірген, көрсеткен ғылым сырына, теологиясына ашық қарсылық білдірумен де көрінісін береді. Әрбір сүренің де маңыздылығы да осындай сандар құпиясымен жалғану арқылы пайда болған періштелік күш, қуаттық шаманы да бейнелейтін, адам баласының меңгеріп, зейнеттелу арқылы алатын көктік несібесі және мұғзижа, хикмет, кереметтер құран аяттарының бейнеленіп көрінуін білдіретін кітап-кісі болып есептеледі. Сондықтан жердегі адам қолымен жазылған кітап өзгергенімен, жаратқанның оған, рухына, жанына берген, осындай сандардың жиынтығынан пайда болған аруаққа айналған сүрелердің және адамзаттың аруақтық жаратылыс кітабын ата-анасынан, Адам ата Хау анадан кім алып қояды? Өздерінен жаратқаннан алған аруақтық дәптерінен оқып, маған көрсет- деп сұрап қайта алуға болмай ма? Ол үшін тағы тәуратқа, інжілге, зәбурге келіп, сенімнің амалын орындау керек. Кітаптарға иман келтіру дегеніміз, яғни әрбір кітаптың көмес бейнесін алу, аянын көру, есту деген ұғым  пайда болады. Егер сенім-білімін жетілдіру арқылы сол кітаптардағы хикметті істерді қайталап көрсетпесе, онда сүрелік кітабы, құпия білімі қалай иман, кісі, жарық тегі болып енуге, жүрекке зейнеттелуге тиісті? Және үйден, мешіттерден шықпай-ақ, алыста тұрған,  көктегі жарық кітапқа намаз оқу ғана арқылы қалай қол жетеді? Ал, ислам діншілдері ондай көктегі кітап түгіл, жер бетіндегі дайын қағазға басылған кітаптарды құран аяттарымен салыстырып тексермек түгіл, Інжілді өзгерген, адасқан деп оқуға тыйым салады. Сол сияқты Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарға түскен кітап қазақ елінің негізгі бақсылық, емшілік істері болып, әулиелер сүйегіне жазылып, нұр жарық болып қайта оқылып жатқанын білуге де талпынбақ түгіл, емшілік тазару амалдарын; жын-шайтан, «шерік қосу» деп ырымға айналдырып діннен терең білімі жоқтарды үркіту амалын кім ойлап тапқан? Бұндай хабарды берушілер, елді байбаламдап үркітушілер, тура жолға бағыт алған пенделердің алдында отырып алушы болған, өздері енді ібіліс сарбаздары болып табылмай ма? Егер шайтандар бата беріп, жын-шайтандар өздерін емдеп, тазартып, сауықтырып, халықты түзу жолға шақырып жатса, онда өздері қалай кімдердің себептері арқылы дінге шақырады? Бір тойға екі жарлық қалай қатар жүреді? Демек жын-шайтан өздеріне соғыс ашып жатса, әлем түгел дінді меңгеріп, сынақтарға түсіп, сыналмай-ақ тура жолға түспей ме? Ал, ондай қарсылық заңы сынақтар жоғалса, дүние тіршілігі тоқтап, бәрі ақиреттік тіршілікке айналу керек. Ғылымы қандай?

       Негізінен дін заңдылығында пайғамбарлармен түсірілген кітаптармен хат болып жазылғаны бар, болмаса хикметті істер болып елдің тарихында ауыз екі әдебиет түрінде қалғаны да бар, мейлі қандай белгінің де орындалу көрінісін, нұсқауларын, мақал-мәтел және әдет-ғұрып, салт-дәстүр түріндегі халықтың  негізгі шежіре кітабында көрінісін беріп отырады. Ал, адамзатқа келген барлық кітаптардың ғылымдарының жинағы әуелі үш кітап түрінде, кейін Құранға астарлы сөздермен және сан құпиялары арқылы жинақталған. Сондықтан да Құран рухани ілімнің, діни кітаптардың жинағы. Енді құранның әрбір аятының өзінде ел тағдыры мен оқиғалар желісі, яғни бұрынғы аталарымызға түсірілген және көрсетілген аяндар тізбегі бар. Негізінен дін қағидасының  төрт мүшесі бар. Құран осы мүшелері арқылы ғана толық дін және бүтін рухани дене болады. Інжіл-көзі мен басы, Тәурат— қол мен мойны, Зәбур-жүрегі, ішкі сезім сыры, ал Құран бәрінің нәтижесі, аяғы, діндер құлшылғының соңы, аяқтың  +талуы  (аяқталуы) мен әрбір елдің, үмметтің жекелей шежіре ағашы мен өмірдің алғашқы бастауы және хабаршысы болып саналады. Егер Құран адамзаттың хабарларды білдіретін, еститін  құлағы болса, онда  денеңнің қалған қандай да  бір мүшесін енді «маған керегің жоқ» деп қалай айтуға болады? Керісінше, әлсіздеу болып көрінген мүшеңді көбірек қамқорға алып, көріксіз, тек өзімізге ғана аян мүшелерімізді жұртқа көрсетпей, ерекше жауып қойса ғана тегінде пайдаға асып, сол көріксіз және қажетсіз деген мүшелер арқылы ойлаған түпкі мақсатымызға жетпейміз бе? Сол сияқты пайғамбарлар да бір-бірінен тараған және  тұтастай алғанда ғана толық рухани дене болып, тірілер әлемін көрсетеді. Егер Інжілді кітап ретінде мойындап, Ғиса пайғамбар істеріне жалғамасақ, онда тірі екенін де мойындамаған және Құранды да өтірікке шығарамыз. Егер Ғиса пайғамбардың тірі екенін мойындап; емшілік, елшілік тазару істерінің шапағатшысы, желеп жебеуші екенінен бас тартсақ, онда Мұхаммед пайғамбарымыздың мәңгі тірі екенінен де бас тартып, шапағатынан құр қаламыз. Сол сияқты Алланың достарын өлі, енді машқарда ғана тіріледі деп шешім қабылдасақ, онда барлық пайғамбарлар да өлі болып, Алланың жаратылыс себептерін түгелдей жоққа шығару болып танылады. Себебі аралық Алланың құдірет қолы яғни әрбір пенденің жақсылы жаманды қозғалыс әрекеттері, істері, яғни аруағы да мәңгілікке жойылады деп түсіндіру  надандық және ақирет өмірін, тіршілігін, жалпы табиғаттың айналмалы (биоцинез) заңын да жоққа шығару болып табылады. Олай болса, басқа кітаптар түгіл құранның қарапайым үгітіне де иман келтіре алмаған болып таныламыз.

(Ясауи ілімінің намаздары мен масһаб намаздарының қателіктері. 5-ші кітаптан. Толық нұсқасын http://btk.atazholy.local/ сайтынан оқуға, жүктеп, көшіріп алуға болады)

         

     Құран үгіті арқылы зейнеттелу мен иман келтіру туралы.

     Муфтият және масһаб, жалпы діни топтардың барлығы да құранға иман келтіру үшін, яғни ақыл-ойдың зейнетін алу үшін міндетті түрде арап тілін меңгеріп, арапша ғана Құран түсінікті болады деп түсіндіреді, сондықтан қазақ елінде не көп арапша сауат ашу, намазды оқуды үйрету мектептері жеткілікті. Араптардың өзі де  қазақтар, біздер сияқты өз тілін оқымайтын шығар. Бірақ сонан құранды жатқа білетін қариларымыз немесе имамдарымыз иман қуатының белгісі болған пайғамбарлық қасиеттер мен дарындылық сатыларын меңгеріп, зейнеттерін, кісілігін ала алды ма? Аурудың бәрінің себепшісі күнәдан туындайтынын ескерсек, онда Құранды жүрегіне зейнеттеген әрбір пендесі күнәнің құлдығынан азат болып, Алланың сүйген құлына қызметшісіне айналып, қандай да бір күнәнің Раббысының көрсетіп, білдіруімен себебін тауып, жамандықты жақсылық арқылы, яғни Құран аяттары арқылы кетіре білуге тиісті. Немесе сабырлылықтың жоғары деңгейіне жетіп, сенімі арқылы ағашты да орнынан қозғайтын Ханафилік масхһабта әулиелері бар ма? Болмаса, Нұх пайғамбарымыздан бастап түсіріліп және Ыбырайым жолы болып бекіген, Құранға дейінгі барлық мысалдар мен нұсқауларды өз тағдыры бойынша жүзеге асырып, тура жолдың белгісін алған тақуалық дәрежеге жетуші ме? Құран насихаты бойынша; «Әр пайғамбарды ашық түсіндірсін деп; өз елінің тілінде ғана жібердік. Алла кімді қаласа, адастырады да кімді қаласа тура жолға салады. Ол, өте үстем, аса дана.» (14-4) (18) деген үкіммен тура жолдың негізгі белгісі болған, діл білімін тазартып, 14-сандық Ыбырайым жолын меңгеріп, төртеуді түгелдеумен 18 мың ғалам періштелеріне, пайғамбарларына жалғанумен яғни ана тілімен даналықты, сұхбатты меңгеру пайғамбарлық қасиеттің өзі деп ескертеді де, өз елдеріңе тілді қалыптастыруға міндетті түрде жіберілген пайғамбарларыңды, яғни ата аманаты сөздеріңді түсінбесеңдер адасасыңдар деп ашық ескерткен.  Және; «Олар сөзді зерттемей ме? Немесе пайғамбарларын олар танымады да сондықтан оған қасарысады ма? (69) Немесе «Онда бір жындылық бар» дей ме? Олай емес. Оларға шындықты әкелді де олардың көбі шындықты жақтырмайды. (70).. Әрине сен оларды тура жолға шақырасың (73) Ақиретке сенбегендер, әлбетте жолдан шығушылар.» (23-74) деген көптеген аяттармен әуелі ана тілін жетік меңгеріп, сөздерін зерттеу арқылы және өздерінен болған пайғамбарлармен байланысқа түсіп, ақиретке сенім келтірмей, Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағатына жете алмайтынын, тура жолға түсірілмейтінін ескерткен. Онда енді біздердің хазірет, шейх атағандарымыздың тура жолға түскендігіне нақты куәліктері бар ма? Қандай белгілері және тәндерінде зейнеттелген мөрлері бар ма? Енді осындай жүздеген сауалдарды тізіп, құран аяттарымен, тура жол қағидасымен салыстырып, құранды тек қазақ тіліндегі аударма арқылы оқып, зерттеп көрген әрбір оқырман иман және иман келтірудің, сенімді болумен арадағы айырмашылығы да бар екеніне көз жеткізері де хақ. Сондықтан бұл тақырыпты әлі де алдағы басылымдарда қайта талдап, сандық мәні, қуаттық өлшемдері жөнінде ақпараттар беретініміз де сөзсіз. Әзірге осындай ерекшеліктерді оқырман өздеріңіз имамдардан, дін ғалымдарынан сұрап және ақылды еркіне жіберіп зерттеп көріңіздер.

      

           Салт-дәстүр және шариғат арқылы зейнеттелу.

       Құранның арап тіліндегі үгіті мысалдар арқылы түсіндіріліп, яғни құран түсірілген уақытқа дейінгі тарихи оқиғалар және оның қиямет-қайымға дейін қиямет мезгілдері арқылы қайталанып отыруымен, адамзат қылықтарының да, яғни нәсілдердің түрленіп қайталанумен де күнәлардың да қайта бейнеленуін және соған байланысты сынақтар, азаптар жазасы баяндалады. Осындай үнемі қайталанып отыратын тарихи оқиғаларға байланысты, пайғамбарымыздың күнәдан тазару ізгі істері мен сол күнәларды қайталамау үшін айтылған өсиеттері, басты шариғи істердің негізі болып қаланған. Ал Құран насихаты құпия аяттар түрінде беріліп, ол тек Алланың толық сеніміне жеткен құлдарына, елшілеріне оқылып, заман өзгерістеріне қарай намаздар амалы болып, қосымша орындалып отыруға және кейінгі ұрпақтарға үлгі дәстүрге айналу шарт. Қарапайымдап казіргі кездегі өмір тынысымен түсінсек; Үкімет шығарып жатқан заңдар негізінен бұрыннан қалыптасқан ұлттық, жерлік шаруашылық, кәсіптік ерекшелігімізге бейімделген негізгі ғұрпымыз,  ата заңымызға сүйене отыра жаңадан заман, шаруа, әртүрлі сынақтарға, тұрмысқа байланысты заңдар қабылданып отыру шарт. Бірақ өкінішке орай, әлемде де қандай да бір жаңа заңдар жүйесі қазіргі таңда болған, немесе жасалған күнәларды қайта болдырмау үшін жазалау мақсатында ғана қабылданады. Яғни тарихи оқиғалардың соңынан ілесіп жүруге негізделген.  Ал дінде керісінше, болуға тиісті апаттардың, күнәлардың алдын алуға, яғни шектен шығып, күнәлі болмыстардың қақпанына түспеуге, жақсылық, ізгілік жасау мақсатында қалыптасқан өмір сүру заңдылығына, заман ағымына намаздарды бейімдеп отыру үшін, Құран аяттарының насихаты шындыққа (аянға) айналып, заман білім жетістіктеріне сай сүйген құлдарына оқылып, жаңа нұсқаулармен толықтырылып отыру, және тура жолды үнемі жетілдіріп жалғап отыру шарт. Ал сол оқылып жатқан, көрсетіліп тұратын жаңа заңдылықтарды, хабарларды жеткізушілер дарындылар, яғни тақуалар болып табылады. Олай болса тек «намаз оқу» арқылы ғана дарындылыққа, немесе тақуалыққа жетуге болатын болса, онда тәуба, шүкір амалдарының және ғибадаттың үштен бірін орындаса болды деген ұғымды береді. Ғибадат амалдары бес уақыт намаз оқумен бірге зекет, ораза, неке адалдығы, арам жемеу, қажылық т.б мұсылманға тән негізгі амалдар жинағы болып табылады. Ал бұрыннан да мұсылманның бес парызын орындау арқылы өзін тақуа, сопы санағандар, қашанда қазақта  болған сондықтан; «Айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарады», «Есің кетсе ешкі ғана бағып, сопымын деп суға тыш» деген мақал қалған аталарымыздан. Намаз оқу ғибадаттың тәубесі және рухани негіздегі, тіршілік барысындағы бір жұма мен келесі жұма арасындағы біліп, білмей істеген жамандық, қателіктерді тазартып отыруға  ғана пайдалы болып, ал негізгі тәубені, ахиретті еске түсіріп, Алланы еске алып, мадақ айтып, сүйген құлдарына сәлем беріп, намаздарын  орындамай және шүкірлік істерімен Рахманға сәжде жасамай, әрбір жеке-жеке пенделеріне көрсеткен намаздарын, аяндарын, түстерін амалға айналдырып, тақуалық қалыптасу мүкін бе? Және ізгілік істермен жұмыс жасап, одан еліне, жеріне, үкіметке салық зекетін төлемейтін және көркем сөйлеуді мақсұт тұтпай, ана тілін шүлдірлеп, шұбарлап, аманат, уәделерін менсінбейтін, діннің дарындылығы — сұхбатты теріске шығаратын қандай үлгілі, өнегелі-ғибадат? Қандайда болсын намаздық амалды тұрақты, үзбей орындау ғана нәтижесін беріп, аманатты орындау болса, намаз оқу арқылы әрбір ғибадаттың, құлшылық амалдарының ортасын тауып, діннің заманға сай түсетін нұсқаулардан пайда болатын діннің жаңа ұғымдары мен адам баласының ақыл-ойының, ұлттық философиялық даму ерекшеліктерін жетілдіру арқылы әлемдік ақыл-ой өркениетіне өз үлестерін қосып отыру шарт. Енді заман, белгілі дәуірлік уақыт кезеңіндегі уақыттың қозғалыстық білімі болып, ал намаз енді осы заманның ішкі қозғалыстық білімін, даналықтарын меңгеру болып саналады. Яғни заманның қозғалыс себебінің қол қабысы, себепшісі намаз болып, ал оның ортасы намаз оқумен білінеді. Сондықтан бұл намаз оқудың да үш түрлі оқылу жағдайы болып және ішкі сырының екі белгісі болу керек.  Бірінші негізгі адамзатқа ортақ намаз оқу, яғни заман білімін меңгеру оқу болса, екіншісі; заман құпия сыры ілімін меңгеру, яғни бес уақыт сәжде және құран мен киелі кітаптарды да оқу. Ал үшінші жағдайдағы намаз оқу түрі де бүкіл әлем діндері және адамзатқа да ортақ ақирет білімін меңгеру, яғни аян, түс көру, жору ілімін меңгерумен, осыған байланысты амалы, яғни төртіншіні түгелдеу, намаздардың амалдарын орындау сипаты пайда болады. Және осы намаз оқудың негізінен ғана пайғамбарлық қасиеттердің, елшілік істердің ақ бастауы болып, барлық заман өркениетін алға қарай өрістететін білім, ғылым негіз болып саналады. Сонымен бірге адамзат ақыл-ойының заманға қарай даму ерекшелігі де осындай намаздарды орындаумен ғана айқын болатыны да хақ. Және  осындай жағдайлармен ғана заманына қарай намазына айналатын философиялық, әлеуметтік (логика, діл) ақыл-ойдың жетістігіне байланысты құран және киелі кітаптардың, ата-баба өмір тәжірибесінен қалған аманаттармен өлшеу арқылы заман біліміне сай ата заңның, мемлекеттің ішкі саясатының, адамгершілік борыштармен біртұтастығын қалыптастыру, құран ғылымын, заңдылығын қорғау, ұлттық құндылықтарды сақтау, жас ұрпаққа білім беру, мәдениет орындары арқылы зейнеттелуін, халқымыздың діл бақшасының дұрыс өнім беруін  қамтамасыз етуді қадағалау және осы тұрғыда рухани кеңес жәрдем беру де дін ғалымдарының, тақуалардың, жалпы дінді меңгерген қауымның әсіресе ер азаматтарының борышы болып табылады.

(Ясауи ілімінің намаздары мен масһаб намаздарының қателіктері. 5-ші кітаптан. Толық нұсқасын http://btk.atazholy.local/ сайтынан оқуға, жүктеп, көшіріп алуға болады)

           Ақыл-ойдың еркіндігі арқылы сөз зейнеті-сана.

     Қазіргі таңдағы дінде қалыптасқан ақыл-ой даналығын меңгерудің бағыты, мектебінің де намаз оқуының бұлжымас қағидасы; құранды тек арап тілінде ғана оқу керек, болмаса насихаты, түсінігі ашылмайды  яғни ақыл-ойың жетілмейді, сенімің де дұрыс қалыптасып, иман да келмейді. Ал, енді бұл пәтуаға уақытша ғана келісіп, шындығында не пайда болатынын ақылымызды еркін жіберіп ойлап, болашағын болжап көрейік. Енді мен ақылымды жетілдіру мақсатында арап тілін меңгергенмен де, бәрібір ана сүтімен берілген ойымды, қазақша бейнелеу қабілетіммен және үн арқылы берілген қасиетімді, яғни ділімді өзгертуге шарасызбын. Олай болса, арап тілін меңгеруім қаншалықты қазақ тілін сөздерін, астарын жетік білуіме ғана тәуелді болуы да, тілдің міндетті заңдылығы және ақылдың да жетілуі де тілге қанымызбен берілген ділдің шамасына, «генімізге» ғана тәуелді. Ал, енді Құранның арап тіліндегі ұғымын түсінуім үшін екі жағдайға тәуелділік пайда болады. Бірінші жағдайда;  құранның сөздерінің дайын аудармасын, арап елінің тұрмыстық тілдегі сөз ұғымдарын жаттап алумен, ақылым құранның тіліне емес, араптың тұрмыстық тіліне және арап ғалымдарының біліміне міндетті, тәуелді түрде байланып, ойдың еркін, еріктілігін тұсауым шарт. Екінші жағдайда; барлық дін ғалымдарының еңбектерін түгел оқып, танысып және олардың берген шешімдеріне жүгінумен, бәрібір дайын аударма сөздіктерге яғни түркі тілдес тәпсірге жүгінуім керек. Бұл жағдайда да ақыл еркі шектеліп, қазақ тілінің қазіргі таңдағы европа және басқа тілдерден де келген сөз ұғымдары, заманға қарай қалыптасқан білім де мүлде ақылдың аясынан тыс қалып, еркі де шектелуі хақ. Ал  егер  мұндай екі қақпаннан да бас тартып, өз бетімше Құрандағы арапша атауларға, сөздерге өз еркіммен қазақша ұғым берсем, онда өзіміздің ұлттық тіл ғылымына қарсы болғаным және аяттарды теріс ұқтыруым, түсінігін, ғылымын өзгертуім мүмкін де күнәға батып, шайтанға қызметшілікке тағы да ақылымды байлап беруім де сөзсіз. Ал, егер енді дін имамдарының соңына еріп, ақылдарын алып, тек бұрынғы оқыған тәпсіршілердің ғана аударған, түсіндірген сөздеріне ғана сүйенсем, онда маған қазақ тілін ғана емес, арап тілін де көп білудің босқа тыраштануымның қажеті де шамалы. Себебі, мен үшін ойланған, шешім қабылдаған, осының дұрыс деген ғұлама тәпсіршілер, имамдарымыз бар емес пе? Олай болғанда, олардың бұрынғы ғаламдарымыздың осы берген пәтуаларына қарсылық білдіріп, құранды арапшадан өзің оқып меңгермесең, онда ақылың жетілмейді деген екі жүзділіктерін қалай түсінеміз? Осындай ғана пәтуалармен соңына ерген халықты бұрынғы даналарға, әулиелерге де қарсы қойып, шайтанға жәрдемге тұрған, Алладан басқаға құлшылық қылушы дін имамдарымыздың өздері болып шықпай ма? Ал осындай пәтуаға қарсы қоятын менің ақыл-ойым; Алла бермеген қабілетті қолдан жетілдіріп; Пушкинді, Лермонтовты Абайдан артық аударамын, өзім олардан да артық түсінемін дегеннен не пайда? Егер кезінде Құранды жетік біліп және ғылымдық насихатын түсіндіру арқылы соңынан жүздеген, мыңдаған әулие, тақуа шәкірттерімен нақты жер бетінде дәлелдері қалған ғұлама кісілердің еңбектерін әрі қарай заман білімімен толықтырып түсінуге жаратқаннан немесе пайғамбарымыздан тыйым салынған ба?  Және пайғамбарымыздың; «Алла тағалаға иман келтірдім» деп айттың ба, иманды кісілердің жолын ұста.» (600-өсиет) деген өсиетін де жалғанға шығарып, пайғамбарымызды өтірікші атаған болуымыз хақ.  Ал енді мен сол дайын нұсқаларды, аудармаларды пайдаланып, арап тілін жетік білдім деген қазақтың алдына барып, осы аяттар, пәтуалар туралы өз ойымды, яғни заман біліміне, өз рухымның жетістігіне қарай қалыптасқан тәпсірлік білімімді жеткізуге тырыссам, ол маған  мына пікірің бұрыс, себебі арап тілін білмейсің деуі де күнделікті діни сауаттылардың әдетті басты құралы. Олай болса, ол діншінің өз ойын азат қылмай;  «Жүз жыл сайын атаулар ұғымы өзгеріп отырады» деген пайғамбарымыздың өсиетін және қазақ сөздік қорының да білімдік мақсаттағы даму заңдылығын ескермей, заман атауларларымен, құбылыстармен және  білім жетістіктерімен бейнелеп жеткізе алмайтынын білдіреді. Демек, бұл жерде адамдық ақыл ойдың еркіндігін қалыптастыруға емес, керісінше шайтанның құрған тұзағын мойындатуға  бағытталған саясат жатқаны да хақ. Оған қоса, өздері бүкіл арап тілін меңгерген қазақтардың, шейхтардың, хазіреттердің білімсіздігіне, надандығына, құранды жетік меңгермегендіктеріне ғана куәлік берген болып табылады. Сондықтан енді Құранды тікелей арапшадан аударып, қазақтарға түсіндіру маған ғана жүктеліп, аманатталып отырғанын ескерткен де болып шығады. Бірақ егер мен қазақ тіліне жетік болып, құранның құпия жасырған атаулары түгіл, тұрмыстық дәрежедегі арап сөзін толық бейнелей алмасам, бәрібір көркем сұхбаттың дәрежесінен айырылып, сөздің дәмі де мәні де болмаса, онан қандай пәтуа болмақ? Керісінше жындылықтың қалыптасып, мақтанның, тәкаппарлықтың өсіп, ақылдың шектелуін, қатын сияқты тілі ұзын болғанмен, сөзі мәнсіз, қатын басты діншілердің қатарын толықтырумен ғана аяқталады. Пайғамбарымыз; «Еркек кісі дәмді сөзімен, тілімен көркем» (376-өсиет) Және атадан қалған әдет-ғұрып, асыл сөз-аманат! Ұлттық тіл мінезі де аманат! Сондықтан аталарымыз, «Мейірімділік зейнеті — көзде, ақыл зейнеті — сөзде» деп, көзді зинадан сақтау мен тілді ұғымсыз сөздерден сақтауды аманаттаған. Бұндай екі ойлы, яғни екі жүзділікке түскен пенделерді аталарымыз; «Тілеуің бірі от, бірі су, Сөйледің екі түрлі тілінде адам. «Тілі екеудің діні екеу» деген сөз бар. Аңдамай бұзып алма діліңді адам».

       Иманның жартысы дегеніміз тілден пайда болатын діл екенін ұмытпаңыз ағайын! Және қандай да бір ұлттың өкілінің ана тілі су тілі болып, ал өзге тілдер от тілі болып, яғни рухпен, жынмен байланысты екенін, екеуін араластырудан діннің бұзылуы, яғни сөздің қуатының өзгеруімен діл білімінің жетілмеуін туындатады. Және мұндай ділдік білімді меңгермеуден бас тартып, ана тілін шұбарлаудан да адам баласының мінезі, қылығы да өзгеріске түсіп, жаны дамып, кеңімей ұлттық дәстүрден қашықтайтыны да хақ. Сондықтан тіл мінезі барлық мінездердің ірге тасы болып, ұнамсыз істерге жатып, ондай жағдайда мүмін аталуы да мүмкін емес. Пайғамбарымыздан; «Алла тағала әр нәрсені жаратып, жарату жұмысын бітіргенде, жақындық «хұзырында (жақыннан) безінуден сиынамын» деді. Жақындық деген табиғат Аллаға осылай жалбарынды. Алла тағала; «Я, жақынына жақсы қарым-қатынас жасағандарға мархамет етуіме, туысынан безгендерге мархамет етпеуіме разы болмайсың ба?» деп бұйырды. Жақындық: «Я, раббым, ризамын» деді. Алла тағала: «Міне бұл сенің хақың» деп бұйырды. Алла тағала мен «Жақындық» делінген табиғат арасында осындай сұхбат өткен, яғни әлем жаратылғанда-ақ жақындыққа мән берілген.» (Әбу Хурайрадан 6-өсиет) Дін дегеніміздің аманат екенін, ал аманаттың әлмисақ уәдесімен байланысты болған: Жақындық-Махаббат деп түсінгеніміз жөн. Енді діннің құлшылық негізі жалбарыну, сиыну болса оны пайғамбарымыз «Жақындық» деп астарлы атау беріп кетіпті. Сондықтан; Жақындық-жалбарыну; сиыну; ризашылық-қанағат; жақсылық істеу; некемен бір-біріне көбею мақсатында жақындау сияқты 99 түрлі амалдар жинағынан  махаббат пайда болады. Және осындай жақындықтарды қалыптастыруға аманат алған адам баласы енді нәсілдік ерекшелігін, туысқандығын да бұзбауға УӘДЕ берген жанымыз Раббымызға. Осындай аманатқа қиянат жасамай, уәдесін бұзбаудан ғана жақсы көркем мінез пайда болып, ондай адам баласын момын деп атайды. Сондықтан да пайғамбарымыз бұл жағын да ескертіп; «Әрине жағымсыз, ұнамсыз істер мен сөздер исламда жоқ нәрселер, оны істеген адамдар жақсы адамдар емес. Момын адамдардың тәуірі-жақсы мінезге ие адамдар.»(219-өсиет) «Ислам дініне кірместен бұрын, түсінбеушілікпен берген аманаттарыңды орындаңыз. Ислам діні берген антқа сенімді күшейтеді. Бірақ ислам дініне жаңадан ант ішу көрсетілмеген, яғни ант ішпеңіздер.» (292-өсиет) Енді ант беріп, жаңадан  аманат алу дегенімізді қалай түсінеміз? Антымыз-жан болып, бізді өсіріп,  тәрбиелейтін дін-жанымызға айналып, негізінен біздің бастапқы және ескі иманымыз, өткен тарихымызда аманаттарды абыроймен орындаған ата–бабаларымыздың шежіре тарихымен тікелей байланысты болып, және құранда да жеті сабақты бидайға ұқсатып түсіндірген. Сондықтан алғашқы аманатымыз, яғни дін жанымыз Адам атамыздан басталып, адамзатқа сәжде жасаушы барлық періштелердің қызметімен бұл періштелік сипаттарымыз, адамдық болмысымыз ғасырлар бойы жалғасты келе жатқан пайғамбарлармен жалғанып, ең соңғы Мұхаммед пайғамбарымызбен аяқталғанмен, бірақ Раббымыз; Әр елдің өз жолбасшылары яғни елшілері, періштелік-кісілік ерекшеліктері болатынын, және уәдеміз ана тілімізге байланысты, қарама-қарсы жағдайда аманаттарды ақтау және өз орнына ақиретке қайтарып беру, иесі болған пайғамбарларына өткізу керек екенін тапсырған. Сондықтан енді біз Мұхаммед пайғамбарымыз берген антқа жалғану үшін әуелі ата-бабаларымыздың аманат-уәделерін, яғни бекіген амалға айналған «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» 91 санды; серттерін толық меңгеріп, аманат ақ баталарын алумен ғана  ортақ исламдық бір үмметтік тура жолына, яғни 47 санды құран-кітапқа айналған аманат дін-жан негізіне жалғана аламыз. Жалпы Раббымыздың да уәдесі осы 47 санымен белгіленіп, нәтижеленіп, бұл кітапқа толық жалғану үшін де барлық пайғамбарлық қасиеттерден белгі алу арқылы болуы да сөзсіз. Сонымен Інжілден; «Өзінен жоғары ешкім тұрмағандықтан, Құдай Ыбырайымға уәде бергенде Өзінің атымен ант етіп, былай деді: «Саған ақ батамды шүбәсіз үйіп-төгіп бере отырып, сенің ұрпақтарыңды сансыз көбейтемін» Осылай Ыбырайым шыдамдылықпен күтіп, Құдайдың уәде еткендеріне ие болды. Адамдар өздерінің жоғарғының (тәңірлік киелер, пайғамбарлар, қасиетті әулиелер) атымен ант береді. Сол арқылы айтқандарын бекітіп, күллі дау-дамайларын доғартады. Сондықтан Өзінің уәдесін иемденетіндерге алға қойған мақсатының мызғымас екенін өте айқын көрсеткісі келгенде, Құдай да айтқандарын аятпен (Сандық мәндерімен) бекітті. Осылайша  біз бұл екі мызғымас негізге; Оның уәдесі мен антына сүйеніп, олардан зор күш жігер аламыз. Себебі Құдайдың өтірік айтуы еш мүмкін емес. Бізге ұсынылған осы үміттен күдер үзбей, Онан пана таптық..» (Еврейлерге 6-тарау) Және құранда: «Қиямет күні әр үмметтің ішінде, өздерінен бір айғақ әкелеміз. Мұхаммед сені осы үмметке айғақ қылып келтіреміз. Сондай-ақ саған әр нәрсені ашықтайтын және Мұсылмандар үшін тура жол, игілік әм қуаныш түрінде Құранды түсірдік.(89) Негізінде Алла әділетті, игілікті және ағайынға қарайласуды бұйырды. Және де арсыздықтан, қарсылықтардан тыяды. Сендерге насихат береді. Әрине түсінесіңдер (90) Қашан серттессеңдер, Аллаға берген серттеріңді орындаңдар. Анттарыңды, Алланы өздеріңе кепіл етіп, бекіткеннен кейін бұзбаңдар. Күдіксіз Алла не істегендеріңді біледі.» (16-91) (Мұқият болыңыз бұл аят алда дәлелденеді. Сондықтан ескерту; Мұхаммед пайғамбарымыз осы саны яғни 16-89-дан бастап құлшылық істерін меңгергендерге ғана қияметте, ақиретте куәлікке тұрып, солар ғана пайғамбар ізбасарлары болып танылады.).

       Біріншіден; ислам дініне Адам атадан бастап жалғасты түрде ант берген және Ыбырайым пайғамбарымыздың негізгі жұрты болып және одан кейін Зәбурді, Інжілді де қабылдап, бүкіл діндер құндылықтарын әдет-ғұрпымызға айналдырып, ал құран түскеннен кейін Мұхаммед пайғамбарымызға куәлік келтіріп, уәде беріп, бірақ әдет-ғұрпымызды «аруақ атымен» ант беретін салтымызды жоғалтпай, кейінгі пайғамбарымыздың ізгі өнегелерін дәстүрімізге сіңірген және арнаулы кітап алып, елші келіп, тура жолдың жемісін көрген ел болғандықтан, арадағы орыс мемелекетіне бодан болған уақытты сылтау қылып, антымызды бұзып,  қызылбас елінің антын, серттерін «масһаб» дәстүрін қабылдауымыз Құдай алдында нағыз «антұрғандық» болып табылады.

    Екіншіден; Аяттың мәні 91 саны әрбір үмметтің тілдік, түстік, рулық, нәсілдік және шаруашылық өмірлік тәжірибесімен, ерекшелігімен байланысты әдет-ғұрып, салт-дәстүрін көрсетеді. Құрандағы Мариям сүресімен және «Шәміс» сүресімен нәпсіні тазарту амалдарын, тақуалықты меңгерудің ғылымын ескертеді. Бұл 19;91 санымен әрбір ұлттың діл бақшасын өсіріп, жемісін алуымен ана тілі мен уәдесіне байланысты үкімдер жинағы болып табылады. Рухани кемелдену, тылсымнан хабар алу, інжілді меңгеру осы сандарға қатысты. Ал қазақ елінің «аруақтық» антын сақтардың негізгі ұрпағы ретінде жаратушымыз арнаулы аятпен бекіткен. Және бұл санды аяттар адамзаттың әйел қанындағы 11- анды ділдің көрінісімен, еркек қанындағы 11 санды жұлдыз дін-рухы жағдайымен байланысты болып: «Мұхаммед онда олардың табынғандарына байланысты күдікте болма. Олар ата-бабаларының бұрыннан табынғандары құсап табынады. Әрине біз олардың сыбағаларын кемітпей береміз.»(11-109) Енді біздің үкіметіміз бен муфтияттық «масһаб» дін ұстанымын қолдаушылары мен бүкіл қазақ «намазхан» қауымдары осы 11-Һұд елші арқылы Құдайға берген антымызды, сертімізді, құлшылығымыз, біртұтас ағайындығымызды қалыптастыратын аруақ заңдылығымызды, антымыз бен уәдемізді сатқан опасыздар деп, қайтадан «аруақ» атап ант ішуге болады. Абай атамыз ант пен уәде туралы: «Қайғы шығар ілімнен, Ыза шығар білімнен. Қайғы мен ыза қысқан соң, Зар шығады тілімнен. Қайтіп қызық көремін Әуре-сарсаң күнімнен? Қайырылып қарап байқасам, Ат шаба алмас мінімнен. Қайғылы, қартаң біздей шал, Қарай берсең қайда жоқ? Есер есірік болмасаң, Тіршіліктен пайда жоқ,..Ақыл бітпес дәулетке, Дәулет бітпес келбетке. Болымсыз қулық тойымсыз Болады балаң жөргекте. Ішіңмен жау боп, сыртымен Кім тояр қылған құрметке? Кеңшілікте туған жоқ  Шықсын деген жел бетке… Қызық пенен тыныштыққа Қазақ тұрмас тұрықтап. Қаңқылдап біреу ән салса, Біріне-бірі жуықтап, Тебінісіп қамалар, (біріне-бірі асық, ғашық болу)! Тоқтатып болмас сырықтап Түзу бол деген кісіге (аруаққа, батаға) Түзу келмес ырықтап.. Кейбірі пірге қол берген, Іші залым, сырты абыз, Кейбірі қажыға барып жүр, Болмаса да қаж парыз. Мұсылмандық ол ойлап, Өтеген қашан ол қарыз? Дәулеті жоқ бурыл шаш,(діл бақшасы, зейнеті) үйіңе кет, топтан қаш!… Партия жиып, мал сойса, Бата оқисың, жейсің бас. Басалқы сөз сенде жоқ, Айтқан сөзің «малың шаша» Итше індет тілемей, Жат үйіңде, өлсең аш! Ойлап-ойлап қарасам, Осындай шал қайда жоқ? Қозғау салып қоздырғыш Кезбе шалдан пайда жоқ.» деген өсиетпен 91 санымен белгілеп, қазақтың діл жағдайының кеселдері мен шал емшегі мен жер емшегін еме алмай, өзге елдің әдеті мен дін дәстүріне еліктегеннен есірік есерге, мастарға айналған бүгінгі күндік бейнемізді де сол замандарда-ақ   айқын болжап, ашық дәлелдермен осы аяттарды тәпсірлеп кетіпті. Ал, Шәкәрім атамыз бұл аяттың ішкі жан сыры мен рухани ахуалін ашып көрсеткен. Мемлекетіміз өздерінің жүргізіп жатқан ел басқару саясатын діннен бөлек деп түсіндіруден, заң қабылдауларынан; діни шежіремізді былай қойғанда Абай-Шәкәрім аталарымызды ашық мазақ қылған пәтуа, заңдарымен, болашақ жастарымыздың және әлем халқы алдында айқындалатын,  жемісін көріп отырған діл бұтағын кескен, тұқымы азып, нәсілі өзгеріске ұшырайтын антұрғандар қатарын ғана толықтырады. Бұл жағдайға алдағы басылымдарда жаратушы үкімдерімен нақты дәлелдер келтіретініміз де сөзсіз. Негізінен құран да пайғамбарымыздың насихаттары да қазақ қана емес, исламның бүкіл дін ғалымдарының; «құранды тек арапша оқу арқылы ғана сана ашылады» яғни діл білімі жетіледі деген надандық болып шығатынын былай қойғанда және ислам дінінің ондаған ғасырлар өткеннен кейінгі пайда болған антын мүлде өтірікке шығарады да, Аллаға жала қойып, Құран аяттарына да ортақ қосады да, жан ғылымынан мүлде білімсіз екенін де әшкере қылады. Жалпы сана мен ұлттың саналығы да тікелей әйелдер қанының «гендік» тазалығына тәуелді екенінен біздің психология саласындағы ғалымдарымыз да, хазірет, теолог сияқты дін ғұламалары да сауатсыз екені да хақ. Сонымен мұндай жан біліміндегі надандыққа, діндегі азғындыққа тап болатынымызды ескерген пайғамбарымыз да мың жыл өткен тәпсірлердің және арап сөздерінің ұғымдарының мүлде күрделеніп, өзгеріп, дін ғылымының «масһабтың» заманның өзгерісіне қарай жарамсыз болып табылған сөз ұғымдарын жетілдіруді қатаң ескерткен: «Алла тағала үмметтерім (ұлттық ерекшелік) үшін жүз жылда олардың дүние түсінігін жаңартатын затты жаратады». (198-өсиет) (18) Бұл жағдайға аталарымыз: «Елу жылда ел (тіл, үн) жаңа, жүз жылда қазан» деп сөз ұғымының ақыл-ойдың жемісін жинап философиялық пайымдаудың, ата заңымызды құран ғылымы арқылы қайтадан жетілдіруді қажет болатынын ескерткен. (Ясауи ілімінің намаздары мен масһаб намаздарының қателіктері. 5-ші кітаптан. Толық нұсқасын http://btk.atazholy.local/ сайтынан оқуға, жүктеп, көшіріп алуға болады)

         Ақыл зейнеті-білім, кітаптарға иман келтіру.

    Енді діншілер үгітіне еріп, қазақ тілін, аталар аманатын жетік білмей және философиялық сөзбен бейнелеу өнерін, сұхбатты меңгермей және 40-тан асып ақылым толмай, дін насихатын тікелей арап тілін меңгеру арқылы, яғни солардан алған тұрмыстық тілдегі атауларының мағына түсініктерін қайталап, бар білім-ғылым өнер ізденетін жастық шағымды, бар уақытымды жұмсағанмен ештеме өзгермейді де, білім де қосылмайды. Керісінше бұрынғы өткен аталарымыздай жетік білмегендіктен, Құран сөзінің құнын әрі қарай төмендетуге үлес қосуым керек деген ұғымды білдіреді. Оған себеп, егер мен арап тілінде ойлана білу үшін араптар арасында өмір сүріп, солай сөйлеп және әртүрлі астарлы сөз ұғымдарын меңгеру үшін де сол елдің ақын, жазушыларын, шешендік сөздерін өз бетімше оқып меңгеруім қажет. Және арап елі орта үммет болып есептелетіндіктен, солай жаратқаннан үкім берілгеннен кейін, ол елдің сөздік қоры тұрақты және Құран атаулары да ұғымдық сипатта өзгеріссіз қалу шарт. Олай болса, олардың шариғи амалдары да заман біліміне, шаруашылық әдістерінің,  тіршілік амалдарының түрленуіне қарай өзгеріске түспейді де, кеңітіліп отырмайды да, тұрақты болу керек. Сондықтан арап елі үшін тек 60 бұтақты иманды меңгерсе болғаны шейх, әулие аталуы да қалыпты жағдай. Ал, қазақ салт-дәстүрінде өзге елдерден шаруашылық әдістерді жетілдіру, ғылым-білімді меңгеру үшін сөздік байлығымыз, жаңадан пайда болған атаулар, ұғымдарды үнемі тіл-ділімізге қосып алып, өз түсінігімізді кеңітіп, философиялық ой-танымымызға, жаратылыстың сырын меңгеру түсініктерімізге сәйкестендіріп отыруымыз керек. Және мұндай жағдайда үндік өсумен харіптік таңбалардың да толықтырылып, жетілдіріп отыру арқылы 70 бұтақты иман қуаттарын меңгеруіміз керек. Сондықтан Құран атауларының әрбір сөзіне, көлемді түрде мағынасына жаңадан пайда болған атулар мен ұғымы кеңіген  сөздерді қойып, түсінік аясын заман жаңалығына қарай кеңітіп отырған сайын Құранның насихаты, ғылымы да ашыла бермек. Және бұл жағдай замандық өзгерістерге, адамзаттың білім аясының кеңу дәрежесіне тұрақты түрде тәуелді. Сонымен енді менің заманға қарай алған білімім, енді өз туған тілімдегі бауырластарыма Құранды тікелей оқып түсіндіруге жеткілікті бола ма? Және Құран құдайдың сөзі болғандықтан өз бетімше қалай құдайдың ұлықсатынсыз, берген дарынынсыз, арап тілін білген екенмін деп өз бетімше есепсіз сөздермен аудармалауым керек? Әрбір  білімді аталған пенде өз ойын, логикалық түсінігін тықпалап, Құранды жабылып жеке-жеке аударумен насихатын сан алуан бейнемен түрлендірсек, онда сөздің киесі мен қасиетінен не қалады? Бұндай амалмен Аллаға серік қосып және сол арқылы аяттарға ортақ қосып, өзіме зұлымдық жасап, Құранды керісінше зияныма алмаймын ба? Ал пайғамбарымыздың; Алла тағала үмметтерім (ұлттық ерекшелік) үшін жүз жылда олардың дүние түсінігін жаңартатын затты жаратады» деген (198-өсиет) ескертумен 100 жыл сайын дүние түсінігіміз, яғни бұрынғы құпия ілім болған сырлар, енді ашық білімге айналады деп ескерткен. Олай болса, құран тәпсірі де, пайғамбарымыздың сүннтетері де әрбір ұлттың заманның сөз біліміне қарай қайтадан електен өткізіліп отыру керек. Осындай шаралармен енді мен өзімді Құранды түсірген пайғамбарымызбен, онан кейінгі жаратқаннан арнаулы ұлықсатымен тура жолын тапқан және аяттардан түсінік кітап алған әулие-әмбилермен өзімді теңдес жасап, оқи сала аударып түсіндірсем, өз білімімнің өмірге деген көзқарасымның, шешендік сәуегейлік жетістігімнің шамасында ғана хабар беремін де, тек менің білгенімдей ғана біл, артық білме деген басқаның ойына қақпан құрған  тәкаппарлығым, адам аулаған хайуандығым, шайтани қылығым болып табылады. Себебі Құран бүкіл әлемнің жаратылыс себебінің басы мен аяғын қамтитын ғылым болғанымен, онда менің екі тілдегі де білімдік дәрежем арқылы Құдайдың да білімі менікіндей ғана деген ұғымды білдіреді. Ал төтелей аударып, түсіндіріп жүргендердің жағдайына үңілсек, олар Құран ғылымын ашатын миллиондаған атаулар мен түсініктерді есінде сақтай алатындай миының ой-жетелік дәрежесі мен қан тазалығының есептеу қабілеті қандай да «компьютер» құрылғысынан да жетілген болып шықпай ма? Ал енді арап тілін сол елдің өз ғалымдарындай жетік білген жағдайдың өзінде және өз тілімді ғалымдық дәрежеде терең меңгерсем, онда құран аятының бір сөзін түрлі мағынасын зерттеу арқылы ол атауға лайықты өз тілімде ұғым, атауларын тауып, сандық мәніне қарай салыстыра отыра, есеппен орнына қойып, аудара білсем және ол ұзақ жылдар бойы көптеген кітапханаларды ақтару арқылы атқарылса да, егер Раббымыз тарапынан қосымша түсініктер мен аят құпияларын көру дарындылығы, уахи берілмесе, бәрібір Құран ғылымын, ақиқатын ашып айқындап көрсете аламын ба? Егер де, арап тілінде Құран оңай түсінікті болған жағдайда, онда арап елдері неге құран аяттарын дұрыс түсінбей, зиянына алып, бірін-бірі жарып, дінді қысқартып, бір тілді елдер, бір қаланың тұрғындары бөлек-бөлек топтарға бөлініп, ислам құндылықтарын әлем халқына жек көрсетумен  надандықтың, шайтанның жетегінде жүр? Сол сияқты басқа ұлттың өкілінің аудармасын қазақ тілінде пайдаланған қазақ тілінің жанашыры, философ, психолог, теолог сөз шешендері, ақынымыз да сөз астарын зерттеген діншілер де Абайдан артық қазақ тілін меңгеруі де мүмкін емес екенін білген болса,  бұндай жалған ұғымның жетегінде кетпеген де болар еді.  Және құдайдың бермеген дарындылығынан да артық аламын деп тыраштану бәрібір ақымақтыққа, адасушылыққа соқтырады.

      Сондықтанда құдайдың көрсетуімен, арнаулы ұлықсатымен, елшілік қасиетімен атқарылып, кез келген тілді білемін дегендердің өзіне, ойына салмақ түсіріп, тек толық құлшылық амалдарымен ғана құпиялары, ғылымы ашылатын кітап болып жазылса және болашақта сөз қорының жетілуіне, замандар атауларының өзгеріс түрленуіне байланысты кейінгі ұрпақтар әрі қарай толықтырып жетілдіріп, ұғымдар аясын заман біліміне қарай кеңітіп отыратын халыққа ортақ бір-ақ кітап болса ғана діннің де бірлену заңдылығына және тіл, сөз ғылымының заңдылығына, яғни кітаптарға иман келтіру дегеніміз осы емес пе? Ал әулие-әмбилеріміздің аманаттары мен кітаптарына күмәнданған жағдайдың өзінде; біздің мешітімізде араптардан мадақ алып марапатталған хазірет кісіміз бар, сол кісінің тәпсірлеген ойы дұрыстау болар деп жазған кітабын, аудармасын көрсетсе, немесе сондай жүздеген имамдардың қол жазбалары болса, онда менің табиғатыма, алған тәрбиеме, жинаған өмірлік тәжірибеме, үйренген сөз байлығыма байланысты әулие болған аталарымыздың еңбектерімен салыстырып, оқып, шындығын таразылау үшін құран аяттарымен салыстыра отыра, көңіліме нәр, яғни зейнетін алғаным ақылға қонымды, жүрекке сыйымды болар еді. Керісінше, барды көрмей, көргендердің түсінуге шамасы келмей, сондықтан бірін-бірі астарлы да ашық түрде сауатсыз санап, өздеріндегі арап тілін меңгерген бауырына да сенбей, үнемі күдік, күмәнмен арттарын тексеріп, болмаса тек кім екені белгісіз бедеуилерге бар ынтасымен табыну, шала түсініксіз атаулармен, тәпсірлермен Құранды бөлшектеп, арзан ақшаға, яғни мағынасын жоғалтқан түсініксіз ұғымдарға аяттарды айырбастап алушы, өтірікші «тажалдар»; қазақ діншілеріне ғана емес, бүкіл ислам әлемі дін ғылымының көрінісі, ортақ кеселі. Жоғарыдағы Інжіл қағидасының дарындылықты меңгерудің 8-ші қағидасы бөтен тілді меңгеру болса, 9-шы қағидасы одан да жоғары сол тілді түсіндіре білуді Алла сүйген құлына сыйлайды екен. Демек біздің діни сауаттыларымыздың бөтен тілді түсіну, сөйлесу дарыны қабілеті болғанымен, аударған еңбектерінің ғылымын түсіндіру қабілеттері жоқ, өз тілінде білімдері, сөз қорлары жетімсіз, сондықтан жоғарыдағыдай шалағай пікірлерімен ақталады. Ал жаратқанның киелі сөздерін аудару қабілетін, ұлықсатын ерекше аянмен, сол кітапты алған шапағат иесімен кездесіп, батасын алмай аудару, құдай сөзін адам баласының қолымен жазылғанына теңдес жасап, аз ақшаға-қуатсыз, дәмсіз сөздерге айырбастап алған жоқпыз ба? Бұдан қандай қорытынды шығаруға болады? Адам баласының ойының бейнелеушісі ақыл болса, ақылдың көрінісі сөзбен көрініп, оны қалай жеткізуді тілге берсе, ал тілімді кіндігіммен анама, жеріме, еліме байлап қойса, онда менің ойдан бастау алып, тілден көрінісін беретін өмірлік серігім, мәңгілік жолдасым иманым неге басқалардың еркінде болу керек? Менің ойымды қақпанға түсіріп, түрмеге қамап, менің ақыл-ойымды, иманымды да шектеп отыру, дінімді  жаулап, өздерінің мақсатында тәрбиелеушілер, адам аулаған аюлар кімдердің қызметшісі, құлы? Зейнет — шындықтың шынға айналып бейнеленуін көрсетеді. Зейнет — жаратқанның пендесіне және сүйген құлдарына берген несібесі, нығметі, ақылдың құдайлық белгісі, дәлелі. Сондықтан аятта: «Күмәнсіз сендер талас-тартыс сөздесіңдер (8) Шындықтан бұрылған бұрылады (9) Ой жорушылар құрысын (10) Міне солар, білімсіздік ішінде жаңылысуда» (51-11) Діннің негізгі іргесі болған тылсымнан, ақирет өмірінен берілетін уахи, аян, бата атты шындыққа жүгінбей, құр біліммен ой жоруға жүгінбей, аманатқа қиянат етпей, ортасын, тіл білімін тауып және ата-бабадан қалған асыл сөздерді тірілтумен жаннаттан орын алуына себепші болу ғана имандылыққа лайық болар. «Бір адам пайғамбарымыздан: «Әке-шешенің балаларындағы хақтары не?»-деп сұрады. Пайғамбар: «Олар сенің жаннаттық не тозақтығың, яғни олардың ықласын (батасын) алсаң жаннатқа кіресің, қарғысын алсаң тозаққа түсесің». (Әбумаден; 3-өсиет)

(Ясауи ілімінің намаздары мен масһаб намаздарының қателіктері. 5-ші кітаптан. Толық нұсқасын http://btk.atazholy.local/ сайтынан оқуға, жүктеп, көшіріп алуға болады)

                Иман келтіру- нұрдың зейнетін көру.

     Енді маған арап тілінен құранды тәпсірлеп түсіндіруші және өзін діни сауатты атайтын қандайда бір дін танытушы, ғалым, тек өздерінің тәпсірлеген ақылымен ғана жүруің керек деп маған пәтуа берген болса, онда оның құранды меңгердім, дінде тура жолдамын, Алланың қалауына жетіп, пайғамбар шапағатына жалғандым, уахи алдым, әулиелік дәрежеге көтерілдім деген ойынан шығып, маған да «биғат»-уәде беріп  отырғаны даусыз. Олай болса, яғни кім тура жолда болса, ондай таза ақыл егесі аталып, пайғамбарлық қасиеттердің белгілі бір шамасына,  өзінің замандық білімділік сапасына қарай меңгерген болып және елшілік істерді де меңгеруші,  тақуалықтың әйтеуір жоғарғы сатыларында болу керек. Себебі құранның ғылымын меңгеріп, насихатын түсіндірген адам баласы, Алланың сүйікті құлы және сұрағына жауап, хабар алушы досы. Олай болса, әулиелікті де әмбилікті де меңгерген адам. Аятта: «Әй мүміндер! Бұзық біреу хабар (уахи) келтірсе, оны анықтаңдар. Әйтпесе білмей бір елге кесірлерің тиіп, істегендеріңе өкінесіңдер.(6)…Алла, сендерге иманды жақсы көрсетіп, оны жүректеріңе зейнеттеді. Сондай-ақ сендерге; қарсылықты, бұзақылықты және бас тартуды жек көрсетті. Міне солар тура жолдағылар.» (49-7) Жаратқан иеміз иманды адамның  сипатын; жақсылықтарды аянмен, уахимен көруші болып, сол арқылы ғана жанға қуаныш, шабыт болып иман жүрегіне зейнеттелген және түстерді жорып және бұзықтықтарды, сынақтарды алдын-ала анықтап, және берілген нұсқаулардан, ақылдардан бас тартпайтын сүйген құлдарына иманды уахи түрінде көрсетіп, жүректеріңе ендіремін деп уәде береді. Бұл аятпен масһаб діншілерінің көріпкелдікті мазаққа айналдырып, жын-шайтаннан деп атауын жалғандыққа да шығарып, әшекере насихаттап тұрғаны да хақ. Олай болса иман келтіруші; түсті меңгеріп, аян-аят алушы, тура жолды табушы, көріпкелдік әулиелік сатыға көтерілуші, Алла жолында жамандықпен соғысушы, пайғамбарлық қасиеттің 7-ші дәрежесін меңгеруші құлы болып табылады. Иман, нұр-зейнет; Алланың сөзі, жанға рухани азық,  құранның пара қуаты кітап болып, ондай нұсқауларды орындай білген құлдың рухы және тәні де тазарып, жаны да нұрланып, жан-жағыңа шам болып жарығың түсіп, қиналған, қыспаққа түскен бауырластарыңа құраннан ем-шипа беріп, жүгін жеңілдететін дарындылыққа, қасиетке жеткізеді. Сондықтан, ондай жамандықтарды көріп және құран аяттарымен ем-шипа жасап, жамандықпен соғысушы, жақсылыққа  жол ашушы құлдары туралы аятта: «Жақсылық пен жамандық тең емес. Жамандықты ең көркем түрде жолға сал. Сол уақытта сені мен екеуің араңдағы дұшпандық болған біреу (жын, пері), өте жақын достай болып кетеді. (Иман келтіреді) (34) Бұл қасиет; сабыр еткендерге ғана нәсіп болады. Сондай-ақ бұл сипатқа зор несібелілер ғана ие бола алады.» (41-35).

     Бұндай аяттарға жалпы муфтият ғалымдары мен масһаб ұстанушылары мүлде қарсы келіп, ондай жамандықтан тосып, жақсылыққа жол ашушы, елшілік істерін атқарушыларды жын-шайтаннан деп те мазаққа алады. Қандай да бір пенде өз туысқанын, мейлі бір қыспаққа, қиындыққа түскен дін қандасын жақсылық, ізгілік арқылы ақталуға шақырып бағыт-бағдар берсе, онда ол дінге жақсылыққа қарай жол ашушы болып саналмай ма? Егер олар жол ашушы емес, жолды тек Алла ғана ашады деген ұғымға жүгінсек, онда имам яғни пайғамбар ізбасары, дінде жол көрсетіп, жол ашушы деген ұғым да жалған болып шығады. Және «Бір» деген ұғымның тікелей адамзаттың тылсымдық жандарына, жүректеріне, көздеріне байланысты екенін де білген абазал.  Енді менің білетін, танитын дін имамдарым, діншілерім; өздерін тақуа, тура жолдамыз деп және құранды жатқа білетін қариларымыз да өздерін тура жолдамыз, яғни халыққа жол көрсетушіміз дегендерімен, шындығында ежелгі қазақ аталарымыздың құранның тек намаз оқитын аяттарымен, шариғатты толық меңгерген, өзі ділмар, сәуегей әрі жынды байлаған бақсы қара шалдардың кебісін алып беруге де жарамайтындар. Себебі жолға салып, тәніндегі бітеліп қалған тіл жолдарын (натрий жолы), сөз жолдарын ашу үшін тазарту амалдарын, қаралықтан, жандағы қараңғылықтар мен рухани күнәлардан арашалауды яғни аяттағы; «…Жамандықты ең көркем түрде жолға сал. Сол уақытта сені мен екеуің араңдағы дұшпандық болған біреу (жын, пері), өте жақын достай болып кетеді…» дегендей емшілік, бақсылық намаз орындауды, яғни жамандықты қалай жолға салуды білмек түгіл, керісінше халықты жамандықтардан тығылып, қашып,  қорқып жындарға табынуға ашық үгіттейді. Сондықтан олардың діни сауаттылығы түгіл, ұлтық салт-дәстүр білімдері, философиялық танымдары туралы әңгіме етуге де тұрмайды. Абайын, Шәкәрімдей сопыларын түсінбеген, қандай дінші, дін ғалымы, теолог, абыздық?  Ұлттық ділімізге жалғанбайтын осындай діни сауатылар еңбегін оқыған сайын, Абай атамыздың қайғысын түсінгендей сезімде боламын.Ұлттық  ерекшелік діліміз бен, дін-жанмызға, рухани азық алып, жүректерге қуаныш әкелмейтін, иман, қуаныш, жақсылық яғни маххаббат болып түсімізде көрінбейтін, қандай діннің тура жолы? Олай болса, діншілеріміздің ұсынған масһаб білімдерін де бұзықтық, дінсіздік бар, себебі жүрегімді тыңдасам, қазақ  даналарының еңбегін оқығандағыдай, олардың берген шала ұғымды аралас тәпсір үгіттерінен, насихат сөздерінен шаттанып, жігерім қуатанып, қайратым тасып, қаным қызып, шабыт пайда болмайды. Олай болса, олардың білімдерінде  нұр-зейнеті жоқ. Керісінше; «алексалам, ғалейкисалам, ықтипатта болып, тәуесил жасап, радиолаху әнхуды, ыстықпар еттім …» деген сияқты түрлі ұғымы белгіз сөздермен және мақтан үшін ғана арап емлесімен әшекейлеген кітаптарды бас ауырып, жиркеніп, жүрегің түршікпей оқу мүмкін емес. Амал жоқ, мұндай діншідердің кім екенін және қай жағынан ұлтымызға қауіп төндіріп жүргенін білу үшін де, мұндай жазбалар иманыңды әлсіретсе де оқуға тура келеді. Мүмкін, менің жаратушы сөздеріне жүрек көздерім жабық шығар деген күмәнмен, және бұл сұрағымды құдайдың қалауына ұсыну үшін, қазақша аударылған бүкіл құранның аударма тәпсірлерін жинап алып, салыстырып көрдім. Сонымен менің ойыма салмақ түсіріп, әлі көп нәрсені білмейтінімді, құдай сөзін түсіну дегеніміз, күнделікті ақын, жазушылардың еңбегін оқу емес екенін білдірген; Халифа Алтай атамыздың еңбегін, әрі қарай шамам жеткенше зерттеуді, және шамам келгенінше түсінгенімді елмен бөлісуді  жөн көрдім. Менің ақылымның білдіріп, және иманымының көрсеткені, құранның көп аудармалары тәпсірлеген кітаптары басқа елден келген тәпсірлерге аяттың аударма түсінігін қарапайымдап, ұғымдарын, насихатын жақындатуға тырысқан екен де, ал Халифа Алтай атамыздың аудармасында көпшілік жағдайда тәпсір ұғымы бөлек, және аяттардың тікелей аударма мағынасы бөлек тұр. Демек аудару барысында тәпсірлерге, ой жоруға жүгінбей,  және Құран аяттарының сөздерін өз орнын ауыстырмай, шындығын бұзбай, сөзбе-сөз аударғандықтан, түсінігін бірден ұғу түгіл, оқылуға да ауыр екені хақ. Олай болса сөз ғылымы, философиясы қашанда қиын жағында болу керек. Сонымен менің бұл жағдайда қателеспегенімді, және осындай қазақ еліне жаратқанның сыйға берген құнды кітабының түсірілгеніне де көп ұзамай көзім де жетті. Шындықты тек Алланың кеңшілігінен аян, түс, уахи болып берілетін мойындап, Аллаға иман келтірсек; Осы  уақытқа заманға дейін Құранның заманына қарай сөз ақиқатын ашатын, түркі әлемінде 3-ақ кітап аударма түсіндірмесі болыпты. Олар; Сағди, Хафиз және Халифа Алтай. Болашақта тағы да екі рет аударылып жетілдірілетінін, олардың да қазақ аттас есімдердің  «ов»-пен аяқталғанын көрсемде, тек есімде ұстай алмай қалғанымды, халыққа жариялап жеткізгенімді жөн көрдім. Және енді мұндай кітаптарға иман келтіру үшін, ақылын жұмсағандарға аятта: «Әй мүміндер! Алладан қорқыңдар, Елшісіне иман келтіріңдер. Сендерге мәрхаметінен екі есе береді. Әрі сендерге сонымен жүретін нұр (зейнет, жіп, жол көрсетуші кісі-кие) жаратады. Сендерді жарылқайды. Алла тағала тым жарылқаушы, ерекше мейрімді. (28) Кітап иелері Алланың кеңшілігінен еш нәрсе ие бола алмайтынын білсін. Шәксіз, мәрхамет Алланың қолында. Қалаған құлына береді. Алла тағала зор кеңшілік иесі.» (57-29) Бұл сүре елшіліктер қағидасы болып, бұрынғы ерекше хикметерді меңгерген елшілерге және оның бәрінің басын біріктірген Мұххаммед пайғамбарымыздың елшілік істерін, сүннетерін, өсиетерін толық меңгерумен ғана жарылқануымызды ескертеді. Сондықтан да мұндай қасиеттердің де; 29-дәрежесі болып, және қандайда бір ғалым кітап-білім иесі, мейлі ишан, хазірет, шейх, сұлтан болса да, тек Алланың қалауымен кеңшілігінен елшілері, әулиелері арқылы көрсеткен нұрымен, жақсылығымен ғана, пайғамбар шапағатына жалғанып барып, ерекше мәрхаметке бөленетінін ескерткен. Сондықтан да арамызға, елімізге, өзімізге де түсімізде уахи оқушы болып келген елшілерімізге иман келтіруімізбен ғана, ақыл-біліміз екі еселеніп артады да, қазақша түсініп оқыған құран насихатынан нұрды алуымыз да сөзсіз.

(Ясауи ілімінің намаздары мен масһаб намаздарының қателіктері. 5-ші кітаптан. Толық нұсқасын http://btk.atazholy.local/ сайтынан оқуға, жүктеп, көшіріп алуға болады)

      Ілім мен білім ортасы-тіл ғылымы, иманның-зейнеті.

     Аталарымыз: «Ілім мен білім, ортасын білмесең бүлін» деп астарлап, тура жолдың негізгі шартын ескерткен екен. Енді, ілімге құдайдан келген сөздерді, жазылған киелі кітаптарды, пайғамбарлар арқылы берілген нұсқауларды жатқызамыз да, бірақ құранда негізгі кітап; «Лаухы Махфузда» сақтаулы, оны Алланың қалаған құлдарына түсіріледі деп ескерткен. Олай болса ілім екі бөліктен тұрады. Біріншісі; елшілеріміздің, пайғамбарларымыздың түстерінде көріп, жорып амалға айналдарып, уахиларын яғни ілімнен білімге айналдырып, үмметтеріне аманатқа қалдырған нұсқаулары болады. Исламда осындай сүннеттерді, нұсқауларды құран насихатымен салыстыру арқылы түрлі масһабтарға, топтарға бөлініп өзара бір діннің ішінде қырқысып жатқанымыз да, енді заманына қарай арамыздан шыққан елшілерімізге оқылған екінші кітап пен діни ілімдерге айналған дін дәстүрлерін ендігі мұрагерлері болған біздердің заманға қарай алған іліміміздің білімін салыстырып көре алмауыздан, яғни тіл білімін меңгере алмауымыздан туындайды. Яғни «Лаухы Мағфуздан» алатын кітабымыз иман-кісі, нұр деп аталып, оны жүрекке зейнет-бейне қылып алып, жақсылық пен жамандықты тікелей Раббымыздан сұрап көре білуді имандылық  немесе иман келтірдім деп атайды. Ал, мұндай хикметті таза білім имансыз барлық адамзаттың меңгерген білімін, жазған кітаптарын оқып, немесе керекті деректі, аятты іздеп тауып оқып, меңгеріп білу және ақ қарасын, пайда зиянын да ажырату мүмкін емес. Сондықтан да әрбір жаратылған білімнің де көрінбейтін жаратылыс кітабы яғни иманы, жарықтық кітабы, кісісі де бар. Демек, қандай да бір көркем сипатқа иман келтіру үшін де белгілі шарттарды орындау арқылы қажетті мағлұматтарды көріп, естіп, оқи аламыз. Бұл ақпараттардың жинағын, түп негізін «Алла» деп белгілеп, енді ортасындағы екі «Л»-ды тануға,  яғни ортасын табу үшін, әуелі сандар тізбегімен 1-2-3-4 деп белгілесек, онда ортасындағы белгі; 2,3-ті немесе 23-ті яғни «Мүминұн» сүресін момын болуды меңгеру, осы бастапқы «Бір» мен соңғы «Т+өрт»тің екі ортасын табу болып, яғни Бақара мен Әли-Ғымран сүресіне жалғану болып есептеледі. 23-саны тағы оңнан солға қарай оқысақ 32-ші «Сәжде» сүресін белгілеп, яғни сәжде амалдарын, Мұхаммед пайғамбарымызға түсірілген кітаптарды меңгеру арқылы, ал момын болуды бүкіл діндердің негізгі құлшылықтарын бірлеу және жақсылықпен жаманшылықты кетіру арқылы иманмен, таза біліммен нәтижеленеді. Момын адам деп құдайдың назарына түсіп, құдай патшалығына кірген, яғни сұрағына жауап алып, берген уахиын көретін, 46 санды пайғамбарлық қасиеттердің біріне яғни 45-ші кітапқа мизанға жалғанған адамды ескертеді. Кім өз үмметінің пайғамбарына жақын болса, яғни батасын-уахи алса, сол адам момын болып аталуға лайық деп есептегеніміз абзал. Пайғамбарымыз: «Мен Исаға жарық дүниеде және ақыретте кісілерден ең жақынымын. Менімен оның ортасында ешқандай пайғамбарлық жоқ. Пайғамбарлар әке бір, ана басқа туысқандар. Олардың пікірі бірдей» (277) деген. Барлық  пайғамбарлар пәтуалары бірдей болса, онда шариғатты тек исламның араптарға келгенінен, немесе исламдық дінді тек араптардан басталды деген пайымдау, пікірлердің бәрі қате! Және енді қожалық та араптардан немесе Мұхаммед пайғамбарымыздан басталады десек те, онда пайғамбарымыздың өсиетін теріске алып, Аллаға ортақ қосып, кәпір боламыз.

      Енді ақылды азат етіп ойлансақ, арадағы 6 ғасыр өткеннен кейі нкелген Мұхаммед пайғамбарымыз және Ыбырайым, Дәуіт т.б. пайғамбарлар арасында қандай бір ғана әке болуы мүмкін? Бұл жерде пайғамбарымыз «Рухани әкеміз», Раббымыз бір, тек  анамыз басқа яғни тілдеріміз бөлек, бірақ пікіріміз-дініміз бір деп ескертеді. «Мен момындарға өздерінен жақындаумын. Момын дүние салып, егер мал мүлкін қалдырса, олар мұрагер болып қалады.» (278-өсиет) Бұл аятпен әрбір момын, пайғамбарға жақындаған құлдың өз артында қалдырған мүліктеріне, (кітаптарына, істеріне) өлгеннен кейін де пайғамбарымыздың шапағатына жалғанып, шапағатшылыққа тұрып өзіне мирас болған қасиеттеріне иелік етуге мүмкіндік берілетінін ескертеді. Олай болса, құдай патшалығының тұрақты тұрғыны болып, нұрын, кітап-кісілігін өзі қалаған туысына көрсете алады, яғни рухани жетекшілік етеді деген ұғымды береді де, әулие бабаларымыздың шапағат етіп иман келтіруге, жол ашуға, түрлі жағдайларда азаптардан, аурулардан араша түсуге жәрдем беріп, құдай мен аралықта, ақирет өмірінде, елшілік істерін меңгеруші «қан+атты» періштелер екенін пайғамбарымыздың өсиетімен әшкере жариялап тұрғаны да хақ. Сондықтан да осындай өмірден момын және әулие-әмби болып өткен ата-аналарымыздың рухани мүлкінен үлес алуды, ғылым келу немесе кітап-нұрды алу деп, яғни ілім мен білім арасын, ортасын тауып ұстану деп атаймыз. Сондықтан пайғамбарымыз. «Біреулерің өзіне ұнайтын түс көрсе, Ол Алладан, ол үшін Аллаға мадақ айтып, көрген түсін басқаларға айтып берсін, ал басқа өзіне ұнамайтын түс көрсе, ол-шайтаннан, оның жамандығынан Алладан пана сұрап, ешкімге айтпасын. Сонда ол оған зиян келтірмейді». (2082-өсиет) Осындай өсиеттердің орындалуын аталарымыз: «Әр елдің салты басқа, иттері ала қасқа» деп, түс жорудың да ұлттық, елдік ерекшелігін астарлап ескерткен. Қазақтың салт-дәстүрлі дінінің өзі осындай жақсы түстерді ізгілікке айналдырып, ал жаман түстерді қалай тағдырдан аластауды, іске асырмауды жетік меңгерген де, ондай түстерді қу түлкінің боғы деп ырымдаған. «Пайғамбарлықтан қуанышты хабарлардан басқа ешнәрсе қалмайды»- деді. Адамдар: «Қуанышты хабарлар деген не?»-деп сұрағанда Пайғамбар: «Игі түстер»,-деп айтты» (2083-өсиет). Осындай болашақты көрсететін хабарларды меңгерудің елшілік істері болып, оны қазақта әулие деп, ал пайғамбарлық қаситті меңгергендерді, керемет мұғжиза, хикметтерді көрсетушілерді әулие-әмби деп атаған. Әулие-әмбилер халқымыздың рухани ұстаздары, яғни құдай патшалығына кірген Алланың сүйікті құлдары болып есептеледі. Інжілден; «Парызшылар (тәурат ғалымдары) арасында Нікөдем есімді басшысы бар еді. Ол Исаға түнде келіп: -Ұстаз, Сіздің Құдайдан келген мұғалім екендігіңізді білеміз, себебі Сіздің кереметтеріңізді Құдайдың қолдауынсыз ешкім жасай алмайды-деді. Иса: -Саған өте маңызды шындықты айтып тұрмын: кімде-кім қайтадан туылмаса, Құдайдың Патшалығына кіре алмайды,-деді. Нікөдем:-Есейген адам қалайша қайта туылады? Шешесінің құрсағына еніп, екінші рет дүниеге келуі мүмкін бе?-деп сұрады. Иса: -Саған өте маңызды шындықты айтайын: кімде-кім судан және киелі Рухтан туылмаса, Құдайдың Патшалығына кіре алмайды. Тәннен-тән, Рухтан-рух туады. Менің «қайтадан туылуға тиіссіңдер» дегеніме таңданба! Жел қалаған жерінде соғады: оның гуілін естисің, бірақ қайдан келіп, қайда кеткенін білмейсің. Киелі Рухтан туылған әр адамның басынан өткені де осыған ұқсас,-деді. Нікөдем: -Бұл қалай болады?-деп сұрағанда, Исаның жауабы мынау болды: -Исраилдің дін мұғалімі бола тұра, осыны білмейсің бе? Саған өте маңызды шындықты айтайын: біз білгеніміз туралы сөйлеп, көргеніміз туралы куәлік етеміз, алайда сендер куәлігімізді қабыл алмайсыңдар. Мен сендерге жерде болып жатқанды айтқанда сенбейсіңдер, ал егер көктегі рухани нәрсе туралы сөйлесем, қалай сенбексіңдер?…Құдай Өзінің рухани Ұлын адамзатты соттауға емес; құтқаруға жіберді. Оған сенушілер қияметте сотталмайды, ал Құдайдың жалғыз рухани Ұлына сенбейтіндер әлдеқашан сотталған. Ал соттың мәні мынандай: «Құдайдың Нұры» жерге келді, бірақ адамдар Одан гөрі түнекті жақсы көрді, себебі олардың істері жаман еді. Жамандық істеген әркім Нұрды жек көріп, жасаған істері әшкереленбес үшін Нұрға (аян, батаға) жоламайды. Ал шындыққа сай өмір сүретін әркім өз істерінің Құдайдың көмегімен жасалғандығы көрініп тұрсын деп Нұрға шығады.» (Жоханнан 3-тарау).

    Ғиса пайғамбарымыз рухани қайта туылуды көрсетіп, адамзатты күнәдан құтқаруға келсе, Мұхаммед пайғамбарымыз судан қалай қайта туылуға болатынын (жанды дәрежелеу, шырақ) көрсетіп, жаннатпен сүйіншілеу және жаратқанның шапағатын жеткізуге келді. Рухани өлім сатысы да 99 таспихпен 3-ке бөлініп көрсетіліп, рухтан қайта туылып, 60 бұтақты иман қуатын меңгеруді көрсетеді. Енді 33 санды, 11-мен бөлінген кіші таспих сопылар таспихы аталып, үш рет судан туылудың ерекшелігін білдіреді. Бұл сырдың құпия жұмбақ болып, Ясауи бабамыздың ілімінің масхаб дін ғалымдарының түсініп меңгере алмауынан және рухтан қайта туылып, өлім сатыларын бастарынан өткізе білмегендіктен Ханафи масһабы тура жол деп түсіну де дни сауатсыздықты білдіреді. Ал рухтан қалай қайта туылуға болатынын арыға үңілмей-ақ Абай-Шәкәрім аталарымыз насихатын өлеңмен өрнектеп көрсетіп кеткенін дінші ғалымдар түгіл Абай-Шәкәрім танушы философ, теологтарымыз да біле білмейміз. Ол үшін әуелі сөзді түзеп жындылықты жеңу керек екенін; «…Ендігі жұрттың сөзі-ұрлық қарлық, Саналы жан көрмедім сөзді ұғарлық. Осы күнде осы елде дәнеме жоқ Мейір қанып, мәз болып қуанарлық… Естілер де ісіне қуанбай жүр, Ел азды деп надандар мұңаймай жүр. Ала жылан, аш бақа күпілдектер, Кісі екен деп ұлықтан ұялмай жүр. Бектікте біреу бекіп тұра алмай жүр, О дағы ұры-қарды тыя алмай жүр. Қарсылық күнде қылған телі-тентек, Жаза тартып ешбірі сұралмай жүр. Қарындас (иман күзетшің, ұждан) қара жерге тыға алмай жүр, бірінің бірі (түсін жорытып) сөзін құп алмай жүр. Құда-тамыр, дос-жаран, қатын-балаң, Олар да бір қалыпта бола алмай жүр. Бір күшті (кісі-аруақ) көп тентекті (жын-шайтан, нәпсі) жыға алмай жүр. Арақ ішкен, мас болған (шайтанға айналған) жұрттың бәрі, Не пайда, не залалды біле алмай жүр…Жасы кіші үлкеннен ұялмай жүр, Сұрамсақ нәпсісін тыя алмай жүр. Сәлем-борыш, сөз-қулық болғаннан соң, Қандай жан сырттан сөз боп, сыналмай жүр?». «Таһа» сүресін меңгерудің заман тәрбиесі мен елдің салтына тәуелді болатынын ескертіп, тіл мен ойдың және сан мен сөздің «Төртеудің түгел болуын», саналы болу үшін кіммен, немен қалай күресу керек деген Алла жолында соғысудың шарттарын,  тақуалықтың қалыптасуын, саналы адам бейнесін суреттеген. Кезінде құпия ілім болып сопыларға, дін ғалымдарына, әулие-әмбилерге өмір сүрген заманына қарай түскен нұсқаулар мен құран аяттарының пайғамбарларға, елшілерге уахимен оқылған, көрген, мұғжиза қылып көрсеткен, хикметті істер және кітаптарға өсиеттерге айналмаған құпия ақпараттар да ешқашан жоғалмайды, оны жаратқан иенің таңдауымен араларымыздан Абай-Шәкәрім аталарымыз сияқты білімді елшілер таңдап, кітабын оқытып, ұрпақтарына мұра етіп, қайтадан рухани егінге, ділге айналып, өсіп-өніп білімге айналып отыру діннің негізгі шарты. Бұл жағдай «пайғамбарлардан қалатын қуанышты хабарлар» және «Мен момындарға өздерінен жақындаумын. Момын дүние салып, егер мал мүлкін қалдырса, олар мұрагер болып қалады.» деп мұрагерлік туралы ескерткен 2-ші, 4-ші сүредегі құпиялар осы рухани аманаттарды өтеу туралы астарлы және ата-бабадан қалатын рухани мұраның кімге қаншалықты туысқандық жолымен өсиет (аян,уахи) болып қонатынын, мұрагерлікті ескерте отыра ниса сүресінде; «тек борыш өтелгеннен кейін» деп, құдай патшалығының аталарымыздың «Өлі разы болмай тірі байымас» деген аманатын растайды. Аятта: «Әке-шеше және жақындарының қалдырған нәрселерінен еркектерге де үлес бар. Әке-шеше және жақындарының қалдырған нәрселерінен әйелдерге де үлес бар. Аз немесе көп болса да, одан өлшеулі несібе бар.» (4-7) Ал бұл аяттың сандық мәніне және ұғымына мән бермейтін надан діншілер өліктерден не аласың деп жаратқанның үкіміне, өздері түгіл артынан ерген бүкіл  халықты қарсы қойып, өздерін-өздері асып зұлымдыққа ұшырауына, ібіліске көмекке тұрғандығын аңғармайды да. Ал, жаратқаннан басқа кім өлшеп, несібені әділетті таратып бере алады? Бұл аяттың үкімі, насихаты 7-ші сүремен және ата-анаға шүкірлік 31-аятпен; «Әй адам балалары! Әрбір құлшылық орындарында (зират, мазар, ойпаттарда) зейнеттеріңді (аманат, мирас үлестеріңді, аура киімдеріңді) алыңдар. Және жеңдер, ішіңдер де ысырап етпеңдер. Күдіксіз Алла ысырап етушілерді сүймейді.» (7-31)  Иманның негізгі зейнетіне жалғану, судан қайта туылу дегеніміз осыдан пайда болады. Құранда ескертілген ойпат дегеніміз жер асты суынан шығатын, жер тесігінен бөлінетін нұрлы буды ескертеді. Оны ғылымда «гипрогендік зона» деп атаған. Сондықтан пайғамбарымыз «Өлгенді жамандаушы адам лағнет қоршауында болады.» (470) «Қабірге (мазарларға) зиярат етіңдер, олар әлбетте сіздерге ақыретті естеріңізге салады.» (467) «Достарыңнан(әулие-әмбилерден) сирек те болса хабар (аян, уахи алу). Алла тағалаға ұнайды.» (466-өсиет).

      Сонымен қазақ еліне арамыздан елші келіп, жастардың, халықтың аруақтан келген батамен жақсылықтарын біліп, жамандықтарына ескерту алып естігендеріне, аянмен көргеніне, ата жолының құдайдан түскен куәлігіне, сөз астарын зерттеп, судан қалай туылуын меңгермеген, ана тілін судай сылдырата алмаған, ақынын түсінбеген ақындарымызға, әулие ғалымдарын түсінбейтін ғалымдарымызға, сопысын түсіне білмеген, жақынын жаттай жатырқайтын діншілерімізді кім деп атауға болады? Масһаб дін ғалымдары «Өліктер сендерге ештеме бере алмайды» деген пәтуасы енді қазақтың намаз оқушы әрбір тұрғынының жүрегіне жазылып үлгіргені да хақ. Сондықтан пайғамбарымыздың; «Қабір басына барып тұрыңыздар, бұл сендерге болашақ өмірлерің туралы ескертеді» (487-өсиет)  яғни өліктер арқылы аян, уахи алып тағдырларыңды қайта дұрыстауға, көріпкелдік қасиеттерді меңгере аласыңдар деген, пайғамбарымыздың осындай үлгі намазын орындау түгіл, өзін де жалғаншыға айналдырып алғанымыз сөзсіз. Осындай жер бетінен шыққан әулие бастарынан бөлінетін ашық нұрдан зекет алмаған, рухани өліп, қайта туыла алмағандар әрине ондай нұрға (кемпірқосаққа) шығып, шындықты көре алмайды. Абай атамыз бұл ілім мен білімнің ортасын тауып иман келтіруді 121-ші санмен белгілеп, өзіне берілген кітапты тағдырын оқу, рухтан қайта тірілу деп: «Біз өздеріне Кітап бергендер, оны шынайы оқиды, міне солар иман келтіргендер. Кім Кітапқа қарсы келсе, сонда олар зиян етушілер.» (2-121) деген көптеген ұқсас аяттардың насихатын; «Балалық өлді, білдің бе? Жігіттікке келдің бе? Жігіттік өтті, көрдің бе? Кәрілікке көндің бе? Кім біледі, сен кәпір, Баяндыдан (аян, түстен) сөндің бе, Баянсызға (жын-шайтан) төндің бе? Әлде, айналып кім білер, Боталы түйе секілді, Қорадан шықпай өлдің бе?». Ал Шәкәрім атамыз кітап берілу мен кітаптың оқылуы, көңілдің күнәдан қайта өліп туу мен ниеттің  тазалығынан деп түсіндіреді. «Басында жас бала едің сен. Ойың бұзылмаған көңіл! Періштеден таза едің сен. Қиянат қылмаған көңіл!.. Жігіттікке жетелеген Секунд, минут, сағат неген, Жаралыс бұл солай деген, Балалықты ұрлаған көңіл!.. Балалық-тазалық өлді, Жүректің ақ нұры сөнді. Амалсыз осыған көнді. Дұрыс деп таңдаған көңіл! Түзелмес мін емес бұлар, Әр өмір өз ісін қылар, Сынарлық тағы мезгіл бар, Ауыспай тұрмаған көңіл!..Қырық жылдан жас өткенде, Қызудың көбі кеткенде, Есептер кезі жеткенде, Не болар бұрмаған көңіл!…» деп тағдырдың сүрлеулерін, өткелдерін суреттей келе, рухани өліп қайта азат болуды; «…Бүгін менің ұлыс күнім, Бағымды ашқан қадір түнім. Жетіліп тұр қызыл гүлім (Діл бақшасы), Бұлбұлдай жырлаған көңіл! Көзім көрді дегендей іс, Табылды, кет, жоғал кейіс! Өлімнің шын түбі-бейіс. Анық деп ымдаған көңіл! Тазалыққа тағы кеттім, Балалықты қуып жеттім, Жоғары ғаршыдан өттім, Осыны шындаған көңіл!..» деп көңілдің рухани азат болып қайта тірілетін әр адамның өз қадір түні болып, денеңмен ғаршыдан өтуді сопылықты меңгеру деп түсіндіріп; «Әй жын мен адамзат тобы! Көктер мен жердің шектерінен өтуге шамаларың келсе, өтіңдер, Өте алмайсыңдар! Бірақ бір-ақ қуатпен өте аласыңдар.» (55-33) деген аятты және «Рахман» сүресінің сопылықтың, тақуалықтың негізгі белгісі болып, ислам әлемінің ертегіге айналдырып алған сопылық жолын қарапайым ғана Ясауи бабамыздың, бар адамзатқа ортақ қарапайым қазақша үлгісін бірнеше өлең мысал, тәпсір насихаттарымен көрсетіп баяндап  кеткен.

(Ясауи ілімінің намаздары мен масһаб намаздарының қателіктері. 5-ші кітаптан. Толық нұсқасын http://btk.atazholy.local/ сайтынан оқуға, жүктеп, көшіріп алуға болады)

          Иман гүлі-ғылым келу, діл бақшасына кіру.

      Алдыңғы басылымдарда діл бақшасы туралы көптеген мысалда рмен құран аяттарынан дәлелдер келтіріп өттік. Енді нақты іс жүзінде, адам өмірінде қандай белгілер белгілер бар?-деген сауалға жауап бере кетейік. Адам баласы тіршілікте жақсы-жаманды түрлі оқиғаларды бастан өткізіп, отбасын құрып, бала өсіріп, шамасына қарай тәрбие беріп, шамасына қарай дүние-мүлік жинап, әйтеуір дәм-тұзы таусылған күні бұл өмірден өтері хақ. Өмір бар жерде өлім де бар. Ешқандай данышпан, болмаса асқан бай, патша өлімді, тура келген ажалын тоқтатып, мәңгілік өмір сүрді деген дерек жоқ жер бетінде. Бірақ адам баласын қандай бір жағдайда болмасын, бір мәңгілік жағдайға өтуге деген құштарлық пен сезімнің үнемі көңілде түртіп тұратыны хақ. Бірақ, қаншама арғы өмірдің бар екенін ақылмен болжап білмесек те, жамандыққа тозақ деген өмірдің, жақсылыққа беретін жаратқанның сыйы ұжмақ өмірі және жаннат дегеннің бар екенін бір-бірімізге еріксіз түрде мойындатып, тіптен мойындамаған, көнбегендерді кәпір атап, өлтіруге дейін барып жатамыз. Жаратушымыз осындай мағынасыз ой қуып, құр елеске түсіп адаспаңдар деген мақсатпен, дін туралы кітаптардан бұрын өлімнің нақты қағидасын көрсетіп қойғанын, сол арқылы керегіңді оқып түсін деген адамзатқа берілген ортақ тағдыр кітабымыз түс көру ілімін бергенін аятта; «Әй адамзат! Негізінде сен Раббыңа қарай өте тырыссаң; сонда Оған жолығасың. Ал енді кімнің дәптері оңынан берілсе; (7) Сонда Ол, дереу жеңіл есеппен есептеледі. (8) Ол, үй-ішіне қуанып қайтады. (9) Ал кісінің дәптері арт жағынан берілсе; (10) Сонда ол, дереу өлім шақырады. (84-11)(95—өлім үкімі саны) Бұл сүремен аян ғылымын көрсетіп, әрбір адам баласының өмірінде белгілі есеп беретін қиямет мезгілі, күні және сағаты  болып, сол хикметтерге жолығу арқылы ғана тағдыры ұзартылып немесе түрлі өлімнің себептері ауру, қиыншылық, апат-азап сынақтарына ұшырайтынын ескертеді. Әрбір жаратылыс нәрсесінің жұппен және парымен ғана жаратылғаны хақ деп білсек, адам баласының өлімі де жұп болып, жанның өлімі, рухтың өлімі, тәннің өлімі болып; 3 түрлі өлімнің парымен 6 түрлі негізгі өлімді және олардың 99 түрлі себепшісі болып, осындай сынақ кедергілерден адам баласы дүние тірішілігінде және ақирет өміріндегі де тіршілігін де бастан өткізуі тиіс. Ал рухани өлім күнәнің өліп, ақылдың нұрлануы, адам өмірінде үш кезеңнен тұратынын Абай-Шәкәрім аталарымыз нақты дәлелмен, құран аяттарымен белгілеп көрсетіп кеткен.

      Енді тән өлімі де түрлі сынақтармен және аурулардан тұрып, ондай себеп өлімнің адам баласында; 100 негізгі бұлшық еттермен, «малымен» байланысты болып пайғамбарымыз: «Адам баласына Алла тағала 99 себеп өлім жаратқан, содан аман өтсе 100-ші өз ажалымен өледі» деп өсиет еткен. Осындай 99 малын сынақтардан аман алып өткенде ғана 100-ге қосып, рухани дәрежедегі  өлім себептерін жеңіп, қуаттанған діншілерді «лама» деп атап, оны тибеттіктердің негізгі дін ұстанымынан көруге болады. Ал Ясауи бабамыз бұл қатерден қалай өтудің қарапайым және төте жолын көрсетіп рух, жан бірлестігін қоса қалыптастыруын, ілім негізін толық қалаған. Рухани өлімнің негізін көрсеткен Ғиса пайғамбарымыз болып, ал жан, тән, рух өлімінің яғни жоғарыдағы аяттағы бір жағдайдан келесі жағдайға өтудің Шәкәрім атамыздың жырлаған «бүгін менің қадір түнім» деген  пайғамбарымыздың үмметтеріне қалдырған бағалы сыйы болған миғраж оқиғасының әр адам баласының тақуалық, сопылық жолдарын меңгеру барысында, рухани денесі тәннен бөлініп, «ментальдық» жағдайда ғаршыдан өтіп, миғражға жетіп, жанаттарды аралап, жаратқаннан өзіне жеке кітабын алуға болатынын, алғашқы хикмет сырын жария қылған Мұхаммед пайғамбарымыз болатын. Бірақ пайғамбарымызға дейін де бұл хикметтің болғанын, тек оған таңдаулы, санаулы адам баласы лайықты болып, ал пайғамбарымыздың бұл хикметті оқиғасы арқылы енді әрбір тақулық жолында тер төккен адам баласына да ортақ іс болып, дінде ортасы болып қазығын бекітумен ерекшеленеді. Осы жағдайға байланысты пайғамбарымыз; «Дінде ортасын ұстаныңдар» деп астарлы ескерткен. Одан кейінгі нақты дәлелмен «Астана-миғражды» көрдім деп ашық насихат қалдырған Ясауи бабамыз және Шәкәрім атамыз да астарлы түрде көрсетіп кеткен. Болашақта жан сырын талқылау барысында аталарымыздың аманат сөзімен аралап көре жатармыз, әзірше Раббымыздың әрбір пендесіне ортақ хикметтеріне тоқталып көрейік. Жер бетінде тек қазақ ұғымында ұйқыны-өлім деп, ал ұйқының ләззәтына беріліп кетуді арсыздық деп атап, және дұрыс ұйықтай білуді, түс көруді,  жанның тазарып, өсіп, жетілумен қатыстылығын білдірген. Жаратушымыз, аятта: «Өлер уақытта жанды Алла алады. Сондай-ақ өлмегендердің (әзір ажал үкімі берілмегендердің, күнделікті) жанын ұйқыда алады. Сосын өлуіне үкім берілгендердікін тоқтатады да (жанын ақиреттен қайтармай алып қалады да) басқалардікін белгілі бір мерзімге дейін (тазартып, тапсырма аманаттарды көрсетіп, уахи, бата қылып естіртіп қайта) жібереді. Сөз жоқ, мұнда түсінген елге ғибраттар бар.» (39-42) (81-жан) Бұл аятпен тағдырымыз да, дүниелік несібе,  алдағы тағдырымыз, көрер жарығымыз да күнделікті ұйқы деген уақытша өліммен байланысты болады екен. Адам баласы дұрыс ұйықтауды меңгерген жағдайда ғана өз өмірін ұзартуға да және тағдырын көріп, ғибадатын түзеуге де хақылы екен. Демек ғибадаттың ірге тасы болып қаланатын ұйқы кезіндегі сөзсіз көретін, еститін және жанға жазылған  тағдырлық ақпараттарды қайта тазартып, жаңадан жазылатын тылсым үніне байланысты болмақ. Сондықтан оны құранда жүздеген аяттарда «Алланың кеңшілігінен несібе іздейсіңдер, кеңшілігін көресіңдер» деп ескерткен. Ал негізінен бұл сырдың Алла кеңшілігінің, рухқа қатыстылығын Ғиса пайғамбарымыз; «Мен сендерге нанмын, мен сендерге таспын» деп, абай болыңдар маған сүрініп өліп кетпеңдер! деген ескерту қалдырыпты.

     Ислам әлеміндегі қазақтағы «масхаб» діншілерімен бүкіл сопылық, тақуалық жолдамыз деген барлық діни топтардың қателігі де құранды теріске алуы да, осы аяттардың насихатына мән бермеген және дәстүр болып бекіген, әулиелеріміз орындаған дін дәстүріне де қарсылықтардан пайда болып, біздің дін істерінің мекеме басшыларының да дін топтарын тіркеудегі жіберіп жатқан негізгі қателігі осы аяттан туындайды. «Мұхаммед расында саған Құранды адам баласы үшін шындық бойынша түсірдік. Сонда кім тура жолға түссе, өзі үшін. Ал кім адасса, ол өз зиянына. Сен оларға кепіл емессің.» (39-41)  Бұл аят негізінен жоғарғы аяттың жұбы болып, қазақтың «Ғайып ерен қырық шілтен» деген  жермен байланысты 40 әулиенің көкпен жалғануын көрсетіп және құранды адамзатқа оқып түсіндіруші «шындық» деп атайды. Шындық адам баласының көріп, еститін аян, уахи-батасын айтады. Осындай діннің ақ бастауын, ақ батаны және түрлі сынақтарды адамдардың арасынан таңдап көрсеткен және хикметті істерімен түрлі жағдайда түс болып, ата-ана аруақтармен бейнеленген немесе адамдар арасына құпия білімдерді түсіріп, оны меңгеруге араларымыздан белгілі бір адам балаларына таңдау, қалау түсіп, рухани дарындылықтармен жіберген қасиетті елшілерін, елшілік істерін де мазаққа алып, мұндай Раббымыздан түсіріліп тұратын шындық-аян, аяттарды теріске алғандар үшін; «Олардан бұрын Нұхтың елі одан кейінгі топтар да жасынға шығарған болатын. Әр үммет өз елшілерін қолға алуға бел байлады. Сондай-ақ хақиқатты бос нәрселер (тәпсір білімі) арқылы құлатуға тырысты. Сондықтан оларды қолға алдым. (5) Осылайша қарсы болушыларға байланысты Раббыңның сөзі шындыққа айналды. Сөз жоқ, олар тозақтық.» (40-6) Жақсылыққа бұйырылған сөзді уахи-батаны зерттеп мойындамағандарға енді жорылмаған, намаздарға, амалдарға айналмаған шындықтардың теріс қарай бейнеленуімен; сөзсіз, ұйқы кезінде жандарына Раббымыздың қолына алынып, яғни түрлі ескертулер мен жанына азап жазылғанын және сонымен бірге қандай «сопы, хазірет, шейх, ғалым, әкім» болса да, тозаққа түсетінін ашық ескертеді. Енді осы аяттардың негізінде пайғамбарымыздың жүздеген өсиеттерін былай қойғанда, құранның адам баласының сөздің пайда болуын, ғылымдық жүйесін ислам діншілері және қазақ дін ғалымдары да өтірікке шығарып, жаратушымызға ашықтай жала қойып, ортақ қосады. Аятта: «Алла Тағала бір адам баласымен көкейіне салу түрінде немесе перде артынан ғана сөйлеседі; Не бір елші (періште) жіберіп, өз бұйрығымен қалағанын уахи етеді. Күдіксіз Ол, өте жоғары, хикмет иесі.» (42-51) Құранда Раббымыз көкейге салудың екі түрлі болып; бірі жүрек арқылы-санада сөйлеу, екіншісі сезімдер қуатының бірлігі арқылы сөйлеу болатынын ескертеді. Ал елші-періште жіберіп, қалағанын уахи ету дегеніміздің де үш түрлі белгісі болып; бірі ұйқы кезіндегі түс көруіміз, екіншісі намаз уақытында санаға яғни жүрекке хабар келу, үшіншісі арнаулы адамдар арқылы, яғни қазіргі ата жолының аққу, сұңқар бата беруін; «Көк пен жердің Раббына серт. Шүбасыз бұл, сендердің сөйлегендерің сияқты рас.» (51-23) деген аяттармен ашық көрсетеді.  Және Ыбрайым пайғамбарымыз адам бейнесіндегі күрделі қанатты періште сипатты аруақтармен тікелей кездесіп, сұхбаттас болғанын да құранда баяндалғанмен, біздердің дін ғалымдарымыз бен зиялы қауым өкілдері ғана Алла адам баласымен тілдеспейді, хабарласпайды деп, Құдайдың өзін, хикметті мұғжизасын және осындай аяттарын ашық мазаққа айналдырып алғаны да даусыз. Сол сияқты перде артынан сөйлесудің де үш түрлі сипаттары болып; негізінен жоғары елшіліктің, құпия хикметтердің белгісі болып; от, су, ағаш, жел т.б. түрлі жаратылыс нәрселері арқылы да дәлел белгілер келіп отырады. Негізінен перде ар жағынан уахи алушыларға жан, тәнін тазалай білген ақындарға, жазушыларға, түрлі шабыт иелеріне тән құбылыс. Енді бұл құбылыстардың бәрі құран аяттары бойынша «кісі» ұғымы арқылы атқарылады. Осы кісіліктің де белгілі бейнелену дәрежесіне, аяттық сандық мәндеріне байланысты ғана «аруақ» ұғымы туындайды да, оған алдағы басылымдарда аруақ ұғымын талқылау арқылы ғана дәлелдер келтіруге мүмкіндік туады. Аятта: «Мұхаммед көрмедің бе? Шәксіз Алла тағала көктер мен жердегі нәрселерді біледі. Үш кісі сыбырласса; сөз жоқ (дауыс болмайды, тылсым үні-көрінеді), төртіншісі, әлбетте бестің алтыншысы Алла. Тағы бұлардан аз, я көп тіпті қайда болса да әрине Ол, олармен бірге болады. Сонан кейін қиямет күні, оларға не істегендерін білдіреді. Шүбәсіз Алла, әр нәрсені толық білуші.» (58-13) (71-ші топ).

      Абай-Шәкәрім аталарымыз және әулие болып өмірден өткен данышпан аталарымыздың бәрінің ескерткен; Алланың жер бетіндегі сегіз сипаты мен тілдесу ғылымы да бүкіл Тәурат, Інжіл, Зәбур және пайғамбар нұсқаларының да жан сырының, рухани білімнің ғылымдар жүйесі, осы 4;6 сандарымен ғана жүйеленеді. Ал бұл сандардан басқа жағдайда «ОЛ» сипаты, яғни құдіретті «Қ»+ «ОЛ» бірге болатынын ескертеді. Әлем халқының тозақтық пенделерінің ырым қылып үрейленетін «мая» тайпасының есептеу жүйесінің негізі де осы сүре, аят мәнімен, 13-санымен, құдірет қолдың бейнелену сипатымен тығыз байланысты. Муфтият, масһаб ғалымдарымыз да осы аятты мүлде теріске шығарып, сондықтан да өтірікші тажалдың денесінің бір мүшесіне айналғанын өздері аңғармайды. Бұндай хикметті сырларды Шәкәрім атамыз; «..Ерінбей тамам гүлін аралаңыз, Болса да кейі ұсақтау, кейі кесек. Тікенсіз гүл, жылансыз кен болмайды, Тікеннен жиреніп жеміс жесек. Жақсы мінез, жаман ой айқындалар, Осыны ұғайық деп ентелесек. Тәтті жеміс, нұрлы гүл керек қылмас Боққа төккен саламға тойған есек.» деп діл бақшасының жемісін, құдай нұрын қалай жеуді түсіндіре отыра, тәпсірмен, құр кітаптың біліміне мәз болғандарды есекке теңесе, Абай атамыз алтын арқалаған есек-жапарқұл мырза деп суреттеген. Ал түс пен аянды қалай ажыратуды, нәпсімен шайтанмен соғысуды: «..Өмір деген-ұйқы ғой, Түс көргізбей қоя ма? Қиын-қызық, әр түрлі ой Іс көргізбей қоя ма? Түстегіні шын ғой деп, Шынды ұмытқан жарай ма. Әл жеткеннің бәрін жеп, Арды жұтқан жарай ма? Таза емес деп шекпенің, Сыртын көріп сын тақпа. Әркім орар еккенін, Өз ішіңді салмақта... Сопылар да күтіп жүр Бейістің тәтті шарабын. Маскүнем де жұтып жүр Мас қылатын арағын. Шымылдық артын кім білер, Шын иесі болмаса, Соның жолы жөнделер, Кімді сынап оңдаса.».

      Шәкәрім атамыз «не ексең соны орасың» деп түс көруді өзіңнің рухани егінің, ішіңдегі дүниең, сыртыңдағы «ментальді» рухани бойың, шекпенің деп ескертеді. Және Раббымыздың «бір перде артынан сөйлесемін» деген аятын «Шымылдық» деп, оның да иесі, аруағы болатынын ашық ескертеді. Және жалпы мұндай хикметтерге жетуге тек әйел затының неке адалдығына, ардың тазалығына тәуелді  екенін де білдіреді. Сонымен  түс сынағынан өтіп барып; аян, уахи арқылы бейістің шарабынан іше алатыныңды, құр түс жоруын меңгермей арақ ішкен маскүнемге, жалған сопыға айналма деп ескертеді. Абай атамыз бұндай ілім-білім ортасын тауып, тылсым, ақирет тіл білімін меңгеру арқылы дін сынағынан өтіп тыныштыққа жетуді; 94, 13 сандарымен белгілеп, көңілдің көзінің, яғни жүрек көзінің ашылуымен байланыстырып көрсеткен: «Күлімсіреп аспан тұр, Жерге ойлантып әрнені. Бір себепсіз қайғы құр Баса ма екен пендені? Қапамын мен, қапамын, Қуаныш жоқ көңілде. Қайғырамын, жатамын, Нені іздеймін өмірде? Қайтты ма көңіл бетімнен, Яки бір қапыл қалдым ба? Өткен күнге өкінбен, Әм үміт жоқ алдымда. Іздегенім тәтті ұйқы, Дүниені ұмытып. Өлімнің суық тым сиқы, Тұрсын өмір жылытып. Көз ұйқыда, ой тыншып, Дем алып жатсын көкірек, Кім таласса, кім ұрсып, Көрсем оны-сол керек. Өзім аулақ бетінен, Бір орында оңаша, Дүние деген не деген—Қыла жатсам тамаша. Мансап іздер, мал қуар, Бәрі мақтан іздеген. Мақтаныш не туар, Ыза қалап өзгеден?».  Қазіргі таңдағы жастарымыздың да, көптеген үлкендеріміздің де осы «дем алысты» «алыстан емес», жер бетін кезіп, саяхат, хаж сапарына шықпай-ақ жақыннан іздеп, отырушыға айналған «намазхандық» әдеттерінен; ата-ана туған жер рухына жалғана алмай, үміттері кесіліп, түрлі сопылық, зікіршілдік ағымдарға түсуге жағдайын жасап жатса, ал мұндай құлшылығы жоқтардың ескілік күнәсі өле алмай, рухы да тазармағандықтан, көкірегі жаман ойлармен әр түрлі шеріктерге, қайғыға толып, зұлымдыққа ұшырап, кейбіреулерінің өмірден безіп, өздеріне қол жұмсау, түрлі қиянаттарға түсуі осындай; жаппай халықты  діл білімінен айыруға жан таласып жатқан дін, үкімет басындағы тажалдардың жәрдемімен де атқарылып жатыр. Сондай өмірдің мәнін 40-тан кейін жанталасып, өзімен арпалысып іздегеннің бірі  де едім. Дүние соңына түсіп, тіршілік қамын ғана ойлаумен, ақирет жібінен айырылып, жолдардың бәрі тұйыққа тіреліп, қалай жүру керек деген сансыз сауалдардың құрсауында қалғаным да хақ. Мұндай жағдайда тіршілік барысында үйренген 9 түрлі кәсіптік өнерлерім де, жинаған ақшам да, дүние қызықтардың да ешқандай көмегі болмады. Тек осындай өз ішкі жан дүниемнің өз қалауын табуына сауатсыз атаған Ақ ұлдың бастаған қарапайым жастары ақу, сұңқарлар болды. Және олардың діншілер айдар таққандай сауатсыз бола тұра, осындай Алланың хикметіне жолыққандық себептерін анықтауға қызығушылықтың пайда болуымен ғана араларына кіріп, мұндай ашық хикметтерді терең зерттеп, ішкі сырына үңілуге жәрдем берген Раббымызға мың да бір шүкірлік етуден жалықпаймын да. Ал енді  үкімет басшылары мен  муфтият діншілері даулаған, халықтан алдап алды деген қаражаттың бір пенденің болса да тағдыры орта жолдан қиылмай, өз жолын тапқанына, бір жан ұясының шаңырағының түтінінің түзелгеніне, зұлымдыққа түскен алдымыздан өткен мыңдаған тағдырдың өмірден өз орнын тапқанына немесе Алладан берген елімізге несібе болып түскен бір аяттың ғана құнына тең келер ме еді? Әй, қайдам, аяттардың құны, рухани салмағы, жандық өлшем бірлігі түгіл, қарапайым соқырға да, жас балаларға да түсінікті болған қайыр, жақсылықтарды көрмегендердің және көрсе де бағалай алмағандардың жүректері тас болып та қатып қалған шығар. Осындай жағдайда мүфтият хазіреттері мен үкімет басшыларына, егер  ата жолын соттауға себеп қылған қаржыны Ақ ұлымыздың аруағын халық алдында ақтап алуға  тұратын болса, бүкіл әулетімнің дүниесін жинап, ұлттық рухани байлығын дүниемен өлшеп, көңіл көзі соқырға айналған дінші мен әкім қараларға үлестіріп бер десе, қазір төлеп, бала-шағаммен аш-жалаңаш қалып, Аллаға тәуекел етуге дайынмын! Әттең, төрелік міндетін атқарып, ел шаруасын түзеп, халықтың абыройына бөленген ел басшымыздың да осындай қарапайым дін қағидасына мән бермей, халықтың рухани егініне аш қасқырлардың түсіп, жер емшегін де, шал емшегін де бере алмаған ел басшы аталып, жаратқанның нағыз шапағаты, рахметінен құр қалып, түркмендердің «алтын киімді басшысына» ұқсап орта жолдан үзіліп кетпей, әлде де жаратқаннан өмір беріп, абыройын толық ақтаса екен, сыртқы жауларымызға таба болмасақ екен деп тілейік, ағайын! Сондықтан әрбір тақырыпты терең талқылап көрсетуге уақыт та, шама да жетпейді, алда үкіметтің, дін басшыларының, ғалымдарымыздың надандығымен сатып алған сынақтың қара бұлты да төніп келеді елімізге. Дін надандығы өз нәтижесін беріп, халықтың көкірек көздері жабылып, сөз ұғыну түсінігі жабық болғандықтан, іштегі жындары қозып, қырсығып, ұстанған масһабын, жалған тақуалық жолдарын мақтап өре түргелмеу үшін ғана, осындай жан сырына терең үңіле алмай, аз ғана ақпарлармен  тек оқырманның көңіліне хақтың сәулесі түссе екен деген міндетпен ғана осындай қысқа мағлұматтармен тоқталып отырамыз.

(Ясауи ілімінің намаздары мен масһаб намаздарының қателіктері. 5-ші кітаптан. Толық нұсқасын http://btk.atazholy.local/сайтынан оқуға, жүктеп, көшіріп алуға болады)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *