II-Қиямет сағаты 2018 жылдың бірінші жартысындағы рухани сынақтар белгілері.

Бөлім: Қиямет-Сын сағаты белгілері 130

     Пайғамбарымыз; «Адам баласы ертең не болатынын білмейді..» деген өсиетіне сүйенген діншілер болашақты болжау Аллаға серік қосу дейді. Бірақ бұл заманда іштегі баланың да жынысын, ауа райының алдағы күндері бір ай ішіндегі болатын өзгерісін т.б. жағдайларды да түрлі құрылғылар шығарып, анықтай алатын дәрежеге жеткен жалған емес және мұны енді Алла тағаланың ғылымынан емес деген де надандық болмақ.

Білім-өнердің өркениеті Алла тағаланың жер бетіне түсірген ғылымының білімі болып және оның қарсылығы да бірге дамып отыруы шартты жағдай. Сонымен бағзы замандарда тек қана әулиелерге, ерекше қасиеттілерге тән көріпкелдік, болжампаздықты бүгінде кез келген жас баланың да құрылғы, саймандар арқылы меңгере алатыны да жалған емес. Ал бірақ қаншама білімді-өнерлі болғанмен бір жыл ішінде қандай рухани өзгерістер мен табиғат райының құбылысын, адамзатқа түсетін нығметтері мен сынақтарды ешқандай да құрылғымен бүкіл әлем ғалымдары жиналып та анықтай алуы мүмкін емес. Демек мұны жындар әлемі де меңгере алмағаны, ол тек қана Алла тағаланың өзінен, біздерге арамыздан таңдап қасиеттілерге беретін хабарларынан деп түсінген иманға лайық болмақ.

Сонымен енді 4-5 жылдан бері әрбір жарты жылда қазақ жерінде болатын рухани өзгерістер мен қуаттардың жаңғыруын жариялап келеміз. Биылғы жарты жылға да алдын–ала жарияланды, ол бейнежазбалармен берілді, енді сайттардың бетінде екі айлық шамаға бөліп жариялап отыруды жөн көрдік. Олай болса, алдыңғы екі айымызда біздерді қандай өзгерістер күтіп тұрғанын;

Наурыз айы; Көктем ызғарымен созылмалы болады. Табиғи өзгерістер ерекшелігі байқалады. Халық ішінде де рухани өзгеріске бағыт басталады. Кешегі батпан жүктер түсіп артта қалар. Халық ымыраға келе бастайды. Жаңа тойлар өткізумен, думандар да жаңғыруға ұшырайды. Сонымен де қоса топалаңның да кезеңі жүреді. Тораңғыл жамылатындар көбейеді. Көпшілік дін дәстүрінен алшақтағандарға іс түседі.

Туралық тураланады. Тереңсайдың түбінен пәлекет шығады. Жарық дүние есігін қағар күн туар. Қазандар толысып, ағайын тумалардың бір-біріне қарым-қатынасы өзгерер. Көпір салынар, кешегі тылсымның сынағы шешіліп, байланған арқан үзілер. Ағарып ақтаңдатқан күн туар, көп қиындық көрген пенделер басына.

Ал қақайғанға жүрек тұсынан садақ оғы тиіп, тылсымнан есік тарс жабылар. Кекірейгендерге кеңге жайылар жазылар. Қазан түбіне қаспақ қатып, батаға тоймай жүрер пенде көбейер. Жарық жұлдызды күндер көбейіп, тілек тілейтіндер қатары артар. Бұл айда қақтығыс та болады. Үш жүзге көсем келеді, аман-есен келеді. Қуаныш та көп болады. 40 қажы дүниеге келеді. Бекет әулиеге ас береді, орамалға түйеді. Кие түседі.

Сәуір айы; Қыс бұл айда өзінің белгісін еске салып тұрады. Бірақ ауа-райы көктемге бейім өзгеріске енеді. Жаңбыр жиі жауады. Су тасқыны көп болады. Судың толастауынан хабар алғыштар ақиқат хабардан үзіледі. Жетісу жерінде сілкініс болады. Сынақ түседі Жетісуға. Сын сағаты сынға ала бастайды. Бұлттар қозғалысымен әлем теңселіп, теңгеріліп тәліммен теңеседі. Шет жақта алапат желмен аластар шыбын жанды пенделерді.

Сықси көздерге алапат келер. Судың көп туындауынан құны болмайды. Жетімдердің жан айқайы үдейді. Арқасы барлар аласапыранға түседі. Ақылмен басқарылмаған кеме құлайды. Алла берер тартуы да бар. Тарылғанға тақым қысар. Тобықтыны торуылдар. Теріскейдің де теңелері бар. Кәсіптен бірнеше басшылар кетер. Рақымберді атаға (шығыста) құран бағышталар. Сәуірде сынымен Жарқынбек оралар. Домалақ ана қол жаяды. Жақсылар көбейеді. Ақшам түскенде жын болады.

Жетісу төрінен көтерілер пенделер болады, абай болу керек. 30 әулиеге шақ түседі. 99 шырақ жанады. Ойпаттар өзгереді. Айнала қорған болады. 7 айда жетістік бар. Ақтоған әулиеге жол сапармен шешілер. Қалпе бақсы бабалар бас көтерер. Кешегі жол байлау салған пенделер қудаланар күн туар. Жақсылыққа табан басар күн шуақты күн түсер. (Ақпан 2018 жыл) https://btk.atazholy.local/qiamet-syn-sagaty-belgileri/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *