III-Қиямет сағаты 2018 жылдың бірінші жартысындағы рухани сынақтар белгілері.

Бөлім: Қиямет-Сын сағаты белгілері 123

Мамыр; Жылы кезең басталады. Бірақ арасында суық өзін еске салып тұрады. Табиғи құбылыстар басталады. Су апаты астан-кестен келер. Тосын уақиғаға толы жер асты дүмпуі де ықтимал болмақ.  Қызғалдақ жер бетінде әсемдігімен көрініс береді. Мамыржай кезең маң–маң басар. Екінің бірі есепке ілінеді. Жөнсіз елірмелік көбейеді. Тұтқиылдан қауіп алатындар көбейеді. Ара-жігі ажырайтындар көбейеді. Айқас кезеңі басталады. Шашты жауып, етек-жеңді ұзартпаудың салдарынан қысқа етектілерге кесірлік, жесірлік келеді. Бақтан тайдырар шумақ өлең жырлары туындайды. Мамырға ескіліктің кілті түседі. Бауырға ем түседі. Есіктер ашылып, тесіктер бітеледі. Шалқып тасып жүргендерге тиым салына бастайды.  Қарғыс шешіліп, шағымдар азаяды. Үкіметтен көзқарастары өзгере қарайтын пенделердің жүрегінен әруақ оқ атып жүрекке жылу кірер. Сынақтан өтпеген ел билеушілер сабалақ жүндей үркіп жүрекке үрей кірері. Басар жер таулары тарылып, бір-бірін улауға шығар. Құрметті қасіретке айналдырар. Айша ана туы биіктер. Туға қарамай мән де бермей өзара тартыс басталар. Кешегі бір-біріне сый беріп сыйласқан сығыр көздер бірін-бірі түтеп жер. Ел аузындағылар арпалысқа түсер. Шырылдаған жан-ұя кешегі сайраннан тыйылып  қыспақ жаулар. Түмен баба құдірет көрсетер. Қырғи болып түлкінің көзін шұқыр. Қас батырлар қолға алар жайттар өтер. Оттың басы қоңыр болады. Сүйектерге алтын түседі. Мамырда зияраттап топ-топ пенделер келер. Хабарда отырар пенделер де бас қосып іс оңға басар. Тағдыр тауқыметін көргендер оңалар. Жақсылықтың жарығына ұмтылар пенделер көбейер. Қасиеті мықтылар дәріс алар. Ашық ақиқат бастау дәрісімен ақпараттар көбейер. Мен-мен басқан, көлбең басқан көк етектілер де жетер, абай сал шайпау сөздермен. Қуанышты хабар жетер күндер көбейер.

Маусым айы; Жер қызып өзінің бабына енеді. Бір толқын самал жел есіп тұрады. Жанға да жайлылық сезілер. Шарықтау кезеңі. Шымбайға бататындар шыңғырады. 2 санының сынағы түседі. Аяғын тең баспағандардың аяғы теңеледі. Тентірегендер телміреді. Жұлдызды сағатынан хабар түседі. 2 жаудың арасын жауластыратындар көбейеді. Айша ана халықты есепке тартады. Жүрекке ота жасататындар көбейеді. Ыстық алқымды бунайтын пенделер көбейеді. Шыбын жанды пенделер шырыл қағар. Табанға ине кіргендей тітіркену басталар. Ластанған лай суды балық та ішпес Балқашта. Орманға барса талайлар орманнан адасар, жоғалар жәйттар болар. Балалар мінетін шеңбер үзіліп түсіп, апатқа ұшырар періштелер бар. Ата-ана қарғысы көбейеді. Білім шыңдалады. Тағдырға таңба түседі. Түстер оңалады. Жүрек жарылардай қуанышты хабарлар да халыққа жетер.  Ағарғаннан қуат келеді. Көктен келер ақпарат шалқасын берер. Бес жұлдыздан әуен, үн келеді. Тұрар ата қайта оралады. Есеп қисап шешіледі. Әруақ әрбір пендесін қолға алар шақ жетер. Дүние дөңгелеп парсыға кетеді. Мамай батыр келеді. Жол салынады. Өгізге күн туады. Күн күркіреуі жиілер. Артынан жарқыраған күн туар. Тартыстан бәйге бар. Қорқыт ата қоңыраулатып күтіп алар көптен күткен пендесін!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *