Намаз оқу хикметінің сырлары және құранды зерттеу тәсілдері.

Бөлім: Құранды зертеу тәсілдері 173

        Намаз оқу дін құлшылығының ортасы болып және жалбарыну, тәубеге келу арқылы; сенімді жетілдіруге негізделген сәжде рәсіміне жатқанымен де негізінен құлшылық жасаудың ірге тасы болып табылады. Ал иманды алыстан келтіру үшін және шүкірлік құлшылық амалдарын жасау үшін ғибадат, тәлім, үлгі, өнеге алу арқылы орындалатын, адамзатқа қызмет қылу намаздары ұлттық салт-дәстүрі, ислам құндылығының ірге тасы болып және үмметтік ерекшелік әдет-ғұрыптық тарихи дәуірлік оқиғаларға байланысты намаздарды орындау амалдары арқылы ғана атқарылатынын жадыңызға тоқып алыңыз. Және бұл амалдар әрбір құлшылық қылушы пендеге жол-жоба болып беріліп, шежіре тарихқа, иман негіздеріне жалғануға, жаратқанның хикметті істерінен хабар алумен атқарылады.

     Намаз оқу сәждесі арқылы жаратқанға сыйыну тек ислам діні арап халқына оқылғаннан бастап пайда болған емес. Адам атамыз жаннаттан қуылуға бұйрық алғанда, Раббымыздан намаз оқу сөздерін үйреніп алып, жаратқанға жалбарыну арқылы алғашқы тәубенің қабылдануымен, Адам атамыздың күнәсінің кешірілуімен басталады. Сонымен ғана құнды ғибадаттың, яғни тарихта өткен ғұламалар мен пайғамбарлардан, дәуірлік оқиға мен ата-бабаларымыздың орындаған намаздарынан үлгі-өнеге алумен, намаздарды орындау ғана діннің негізгі ірге тасы болып саналады. Ал егер намазды оқумен және масһаб ұстанымымен және тек бес парыздық құлшылықпен ғана иман келтірдім деген пәтуа бойынша, онда адамзат туғаннан жанатта тұрып, Адам-ата, Хау анамыз сияқты бір ғана күнәмен шектелетін болса, онда намаз оқумен ғана тәубеге келумен, шүкірлік намаз орындау амалдарын орындамай-ақ, қайтадан жаннаттық болып және де тарихи оқиғалармен де байланысты пайғамбарлық нұсқаулар мен елшілік істерге, намаз орындау ғибадаттарын жасамаса болар еді.

Сондықтан да масһаб жол, Ханафи масһабы тура жолға бастайды деген жалған адасу болып шығады. Себебі; жол дегеніміз Адам атамыздың алғашқы тәубеге келуінен де бұрын, құдайлық сөз негізі болып жаратылып, қиямет-қайымға дейін жалғасатын сөздер құпиясы мен замандық оқиғалар мен мезгілдік хикметті істерден тұратын жеті әлемнің адамзаттың тағдыр кітаптары екені де сөзсіз. Ал, масхаб ғалымдарының сүйенген пәтуасы бойынша; Мұхаммед пайғамбарымыз намаз оқудың шартын, қағидасын неге 5 парызбен ғана алды деген құпияның сырына үңілсек: «Негізінен намаз оқу саны алты: Бірінші намаз-памдат, таң, екінші намаз-бесін, үшінші намаз- екінті, (намазды-кер), төртінші намаз-намазшам, ақшам, бесінші намаз-құтпан, алтыншы намаз-үтір уәжіп.

       Енді бұл намаздардың шығу тарихына үңілсек; Адам ата таңертең ерте тұрып, құдайға шүкірлік жасап, аман-есен ұйқыдан оянғанына рахметін айтып және сол күннің несібесін тілеп, екі ракәт таң намазын оқыды. Бұдан бізге таң намазы парыз болды. Сондықтан таң намазын Адам атадан бері Аллаға жақындау үшін құлшылықтың негізі болып аманат болып қалды. Аталарымыз бұл намазды «Ерте тұрған еркектің несібесі артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» деп, еркектің намазды оқумен тіршілігі басталып, ал әйелдің еріне, үй-отбасына қызмет жасауымен намаз орындайтынын астарлап ескерткен. Ыбырайым пайғамбарды Намрут патша отқа тастады, бірақ ол отқа күймей сау-саламат шықты. Ол сондықтан шүкірлік қылып, құдайға рахметін айтып, соңынан төрт бас бесін намазын оқыды. Содан біздерге бесін парыз болып қалды. Ал намаздыгер Жүніс пайғамбардан қалды. Ол балық ішінде 40 күн жатып, аман-есен шықты. Ол үшін төрт бас намаз оқыды, сондықтан намаздыгер-екінті бізге парыз болып қалды. Намаз бесінді жөйттердің қоршауында қалғанда Иса пайғамбар да оқыды. Намазды оқып тұрса жөйттердің қоршауынан құтылыпты. Сонан бізге бесінге бір сүннет тағы қосылды. Мұса пайғамбарымыз Тұр тауына аман-есен барып қайтқанда, Аллаға шүкірлік айтып, жұлдыздар көрініп болған соң, төрт бас намаз оқыды.

      Бұл да бізге содан бері құтпан парыз болып қалды. Мұхаммед пайғамбарымыз Миғражға көтерілу құрметі мен және үш үкім-аят кітапты жаратқаннан сыйға алған құрметіне үш бас намазын оқыды, сондықтан ол бізге үтір-уәжіп болып қалды. Ал, енді ақшам намазының парызының пайда болу хикметінен мысал берсек; «Иса осыдан алты күннен кейін Петір, Жақып пен Жоханды ертіп алып, бір биік таудың басына оңаша көтерілді. Сонды оның сыртқы түрі үш елшінің көз алдында өзгеріске түсті. Киімдері жарқырап, жер бетіндегі бірде-бір шебер ағарта алмайтындай тым аппақ болып кетті. Сонда ежелгіде өмір сүрген Ілияс пайғамбар мен Мұса пайғамбар пайда болып Исамен сөйлесті.» (Марқадан; 9-тарау) Осыдан кейін ақшам үш бас (Мұса, Ілияс, Ғиса пайғамбарлар кездесу құрметіне) парыз болып қалды.

   Енді Мұхаммед пайғамбарымыз осы намаздардың бәрінің араларын жалғаушы, бірлеуші болып, әрбір парызға және бесіннің бір парыз, бір 4-ракәт сүннетіне екі рәкәттан шүкіршілік жасап намаз оқыды. Сонымен барлық намаздарда екі рәкәт сүннет оқу Мұхаммед пайғамбарымыздан қалды. Барлығын жүйелеп намаз оқудың өзі енді бөлек амал болып, барлық намаз орындау амалдарына жалғанушы, орта кітапқа айналу үшін пайғамбарымыз сүнеттерімен сандық мәндерін толықтырып; рукух-32, 64-сәжде, 72-тәкбир, 288-тасбих пен құранға дейінгі басқа кітаптарға, пайғамбарлар нұсқауларына жалғануды да осы сандар мәндерімен көрсетіп кетті.

      Сонымен намаз оқу құлшылығы иман келтірудің қай кітабына жататынын білгіңіз келсе, аятта: «Ендеше түнеген мезгілде әрі таң атырған уақытта Алланы пәктеңдер. (16) Көктер мен жерде, кешке және түскі уақытқа кіргенде, барлық мақтау Аллаға лайық.» (30-17) Намаз оқуды 16, 17 сандарымен көрсетудің астында үлкен мағына тұрғанын ескертеді. Сонымен бірге, намаз оқу және пайғамбарымыздың сүннеттері арқылы 30+17=47 санды кітаптарға және Мұхаммед сүресіне жалғануды сандар тағлымы ескертіп тұр. Мұсылманға намаз оқудың маңыздылығы да, осындай белгілермен жеңілдік беріліп, пайғамбарымыздың үмметіне айналуға масхабтың маңыздылығы осында болғанымен, бірақ 47-сүренің ішіндегі 38-аяттарды яғни намаз амалдарын орындау енді ислам дініндегі үлкен рухани сынақ болып, барлық адасушылық та осыдан пайда болады.

     Мұхаммед пайғамбарымыздың намазы яғни сүннеттері дегеніміз осы 38- (11) санға және 38+47=85 (13;31) сандар жүйесімен жан ғылымын меңгерудің негізгі сыры пайда болады. Және иман келтірудің алғашқы 60 бұтақты көрсеткіші болған, алпыс аяттардан тұратын 30-шы сүренің ішкі сырына үңіліп көрсек; «Бұл Алланың уәдесі. Алла уәдесінен айнымайды. Бірақ адамдардың көбі білмейді.» (30-6) деген 6 санды аяттың өзі, «Әлмисақ уәдесі» болған, сөз ғылымын меңгеру мен рухани сүннеттелуді, өнер және салт-дәстүрді меңгеруді ескертеді. Енді: «Ал енді иман келтіріп, ізгі іс істегендер; бір бақшада сыйланады.» (30-15) деген 15-санда аятпен әуелі діл бақшасын қалыптастыруды ізгі істер мен сауап жасау арқылы, мұсылмандық қарыздарды өтеп және содан сый алып барып намаз оқуды меңгеруді ескертеді. Бұл аятқа дейін 14 санымен толық мұсылман болуды, яғни ақиретке иман келтіруді ескертеді.

      Жоғарыдағы ескерткен 16; 17-ші аяттармен енді Алланы пәктеу, яғни бой ұсыну амалдарымен және 18 санды аятпен Аллаға мадақ айту, сүйген құлдарына пайғамбарларға, әулие-әмбилерге салауат айтып құран оқуды ескертеді. 21 санды аятпен әйел, еркек арасындағы жұбайлық тату-тәтті өмір мен махаббатты ескертеді. Осындай сандардың тізбекті мәндеріне мұқият үңілу арқылы қандай амалдардың өз орнымен орындалу реттілігін ескерту арқылы құлшылықтың маңыздылығын ашық ескертіп тұрғаны да даусыз. Мысалға жұбайлық, от басылық өмірдің беріктігі және махаббаттың да қалыптасуы үшін; 20 санды намаз орындау амалынсыз атқарылмайтынын білдіреді. Және бұл аяттардың рухани тұрғыда көмес, ғайып белгілері болып, әрбір аят насихатының жұбы, пары болып, сөз астарын да шешу керек екенін ұмытпаған жөн.

    Енді 31 санды аятпен жоғарыдағы аяттардың реттілігі мен рухани жүзді (жүз ет, мал қуаты, тән тазалығы) бірлеп, бой ұсынып, ар-ұяттың заңдылығын меңгергеннен кейін: «Аллаға бой ұсынған түрде Одан қорқа отырып, намазды орындаңдар. Әрі ортақ қосушылардан болмаңдар.» (30-31) деген үкіммен даналықты меңгеріп, тақуалар намаздарын яғни сопылық дәреженің басталатынын ескертеді. Бірақ, осындай жағдайда сопылық жолдамыз деп намаз оқудың ғана соңына түсіп сәжде жасаушыларға 32-санды «сәжде» ұғымымен: «Сондай олар дінді бөлшектеп, топтарға бөлініп, әрбірі өз алдындағыларға мәз болғандар» (30-32) деген ескертуден сәжденің соңына түскен түрлі топтар мен біздің масһабшы ағайындарымыз да өздерінің алдындағы оқыған кітаптарына, алған біліміне ғана мәз болушылар екендігін көрсетіп тұр.

   Оған себебін келесі аяттан: «Қашан адам баласына бір бейнет жетсе, олар Раббыларына ықыласпен жалбарынады. Сосын Алла, қашан оған өз тарапынан бір мәрхамет таттыртса, сонда олардың кейбіреулері, Раббына ортақ қосады.» (30-33) деген 33-аятты асудан аса алмайтындар Алланың достарына, періштелеріне жақындап уахи және кітап алудан бас тартқан, өліктер қайта тіріліп, адам баласымен қатынас жасамайды деп ортақ қосушылар адасуға ұшырайтынын ескертеді. Енді хаж сүресінде «Қағбаны тәуап қылу» (22-29) (51) сандық мәндермен байланысты болып, сондықтан тек 29 санды қажылық жасауды; «Әрине залымдар, білмесе де көңілдері тартқан жаққа кеткен. Алла адастырған кісіге кім тура жол көрсетеді. Сондай-ақ оларға ешбір жәрдемші жоқ.» (30-29) деген насихатпен ақиреттен дос, яғни туған жеріңді, ойпаттарын зияраттап, жер рухына жалғанып, піріңді тауып, көктегі, туған жердегі қазына «біріңе» жалғанбай құр қажылыққа барып, көкке Ыбырайым жолына жалғанбақ болып адасатындарды ашық ескертеді.

   Және 51 санның бүкіл құраннан көлденең алғандағы насихат «хатте» аталған құпия сырын былай қойғанда, қарапайым ғана 29 саны; 9; 19; 29; мәнді, 3 түрлі рухани өлімнен өтетін тәубе сатыларынан тұратынын да біле бермейміз. Сондықтан сандар тағлымы «теологиясына» аса абай болуды; «..Ол есепшілердің ең жүйрігі.» (6-62), яғни есепсіз құранды тәпсірлеп, амал қылғандарға тура жол көрсетуші де болмайтынын, жәрдемші серігі де иман болып зейнеттелмейтінін ескертеді.

     Сонымен жоғарыда баяндаған «Ақ төбе» болып қажылыққа, Алла жолында соғысушы қажырлыққа жетуді; «Алланың рахметінің әсерлеріне қара. Жер жүзі өлгеннен кейін оны қалай жандандырады. Рас Ол, өлілерді тірілтеді, Оның әр нәрсеге күші толық жетеді.» (30-50) деген үкіммен, яғни 50 санымен ескерткен, қазақта мұндай жағдайда тылсымнан аянмен ескертілуін; «Аруақтың басы көтерілді» деп құрбан шалып, ас беріп, зияраттау намаздары болған. Ал, жоғарыдағы 51 санды қажылықтың сырына келсек; пенденің сабыр қуатының жетілуімен, тәннің сарғаюымен байланысты; «Әлбетте бір жел жіберсек те сонда егіннің сарғайғанын көрсе, әрине олар, одан кейін қарсы шығады.» (30-51) деген насихатпен әбден қажып, сарғайып, сабырлықты меңгеру арқылы қажылықтың орындалатынын және осыған ұқсас жүздеген аяттарды да ислам ғалымдары ертегіге айналдырып алғаны да хақ.

   Сонымен бірге қияметтік сағаттарды да теріске шығарып, адам баласының жаны қиямет-қайымда бірақ тіріледі деп және ол тірілу өте қашық, өліктер тіріліп хабарын бермейді, ұрпақтарына көрініп тілдеспейді, яғни ашық құран аяттарымен берілген ескерту, үгіттерді де «жын-шайтаннан» деген пәтуалармен аяттарға ортақ қосып, құдайға, хикметтеріне ашық жала қойып, масхаб діншілерінің өздері де зұлымдыққа түскендерін байқамайды. Және пайғамбарымыздың; «…жындардың зияндылығына сенуге байланысты ырымшылдық жоқ.» (979-өсиет) деген ескертуді мүлде жалғанға шығарумен, масһаб білімінің негізі де жындардың зияндылығын ырымға және міндетті намаздың шартына айналдырып, күдіксіз серік қосып, Аллаға ортақ қосатыны да хақ. Енді дін ғалымдарының үлкен қателігі де және аудармашылық сауаттылық білімнен пайда болатын, мысалға; Жоғарыдағы аятта «жер өлгеннен кейін» емес, « жердің жүзі» өлгеннен кейін, яғни тәндегі 100 ет (бет-жүз) топырақтан пайда болған жүзіміз толық шірігеннен кейін қайта жандандырады деп ескертеді.

    Бұл тұрғыда да Халифа Алтай атамыздың аудармасы мен өзге құран аудармаларын салыстырып көрсеңіз; «Жердің жүзін» яғни екі аралық нәрселер туралы ұғымды; «жер өлгеннен кейін» немесе «жерге жан бітіргеннен кейін» деген сөздермен алмастырудан ғана жалпы құранның философиялық, жаратылыс логикалық тұрғысында да қателіктер мен насихаты пайда болған. Соған байланысты жалпы ислам дінінде өлілер қиямет-қайымда, яғни жерді өлтіріп қайта тірілткенде ғана тірілеміз, сол уақытта бір-ақ рет есепке тартыламыз деген ертегі ұғым пайда болғаны да хақ.

    Сонымен, толық 60 бұтақты иманды меңгеруді «Рұм» сүресінің де соңғы аяты, бүкіл сүренің тұжырымы мен іс жүзіндегі нәтиже көрінісі соңғы екі аятпен бекітілген; «Осылайша Алла, білмегендердің жүректерін бітейді. (59) Мұхаммед енді сабыр ет. Аланың уәдесі хақ. Сенбегендер сені оңай көрмесін.» (30-60) (90) Сонымен бұл сүре иман келтірудің білімі болып, сондықтан бұл сүрені меңгере алмаудан жүректердің мөрленетінін ескертеді. Яғни мұсылмандық иман келтіруде; 59 санымен діни білімді, құран насихаты мен пайғамбар өсиеттерін дұрыс меңгерумен ғана 60-шы аят сабырлықты масһабтық діншілер ұғымымен «тәуәсил жасауды» меңгереді екен. 60 санды иманның белесі пайғамбар намаздарын толық орындаумен ғана нәтиже береді.

    Және алғашқы 60 бұтақты иманның 9 санды тәубелік амалдармен ғана зейнеттелетінін де білгеніңіз жөн. Сонымен, осындай иман келтірудің 9 сандық белгілермен, 10 санды көктік тәубелік кезеңдерден; (9;19;29;39;49;59;69;79;89;99) 6-шы тәубелік асуынан (59)-сандық белестерді меңгеру арқылы ғана жүрек көздерінің ашылып, Мұхаммед пайғамбарымызбен жолығуды, тура жолды әрі қарай жалғастыруды ескертеді. Бұл сүре негізінен ата жолының 9 жыл сынақ арқылы жүрек ашу сатыларының кезеңдерінен өтіп, оны меңгерудің қағидаларын, хикметтерін насихаттайды. Енді бұл «Рұм» сүресі ислам дініне кіріп, толық иман келтіру қағидасының ғылымын көрсеткен сүре болса, ал қазақ елі қашаннан Адам атамыздан бастап ислам дініндегі барлық намаздарын жинақтап орындаушы, бірлеуші ел болғандықтан, көптеген бауырларымыздың туғаннан діл білімі, ана қаны, сүті арқылы жүректері зейнеттелген және тәрбиесі де дұрыс ағайындарымыз арамызда жеткілікті.

   Сондықтан қазіргі көптеген намаз оқушы және мемлекеттеріміздің ғылымда, шаруашылықта, мәдениет саласындағы істерін орындаушы ағайындарымыздың намаздарын тура жолда емес деп жоққа шығара алмаймыз. Онда жаратушымыздың біздерді әулие бабаларымыздың рухани иманынан, «алтауының бірлігінен» жаратылғанымызға да күпірлік жасаймыз. Бірақ, оларды толық иман келтірген деп тағы да айта алмаймыз. Оған себеп, еліміздің негізгі дін ұстанымы «Масһаб» болып, діннің бір бөлшегі және жол деп түсінгендіктен 32 санды топтардың, адасушылардың ішінен мемлекетімізбен бірге халқымыз да кіріп кетеміз де, біздің жаратылыстан берілген ескі аманат иман қуатынан әлде қайда төмен тұрған орта топтық амалмен ескі иманымыздың өзін тазарта алмайтынымыз хақ.

      Енді қарапайым ғана «Сәжде» сүресінің тәпсіріне, яғни барлық құлшылық амалының насихаты болған және Құранды 30 параға бөліп меңгерудің реттілігіне, тура жолдың негізгі қағидасына жүгінсек; Бұл сүреде де 16 санымен; «Олардың жамбастары төсектерінен ажырап, Раббыларынан қорқа дәмете жалбарынады. Сондай-ақ олар берген несібемізден тиісті орынға (зияраттау, құрбан шалу) жұмсайды.» (32-16) ескертумен нәпіл және төсекті тастап, үйінен шығып, жер кезіп, киелі орындарды зияраттап мал жұмсап орындайтын намаздарды ескертеді. Енді бұл аяттың насихаты түсінікті болу үшін; «Ал енді сондай қарсы келіп, ахиретте Маған жолығуды жасынға шығарғандар, міне солар; тозаққа әзір түрде қойылады.» (30-16) Олай болса; «Маған жолығу» яғни Алланың «ӨЗІНЕ» жолығу болып, Алла достарын, біздің еліміздегі дін имамдарының әулиелер рухын «Алладан «БАСҚА» яғни жын емес, тек «шайтанға» теңеуден өздерінің әзір тозақтық екенін ашық ескертеді.

     Осы екі аятпен және 31-сүредегі аятты қосып ойлансаңыз, Алланың өзіне жолығу дегеніміз уахи, аян, түс көруден пайда болатын тіл білімін ескертіп тұрғанын түсіне аласыз. Сол сияқты сәжденің құпиясын, насихатын толық меңгергіңіз келсе, онда енді 32-ші сүреден солға қарай, осындай тәсілмен салыстырып оқитын болсаңыз, масһаб дін ғалымдарының, хазірет, шейхтардың да зұлымдығын, мейлі қандай жағдайда да қазақ тіліне сауатсыз аударылған құрандар арқылы да анықтауға болады. Бұндай намаздарды пайғамбарымыз да көп орындап, оны жорықтар кітабын меңгеру деп атайды. Ал құран бойынша бұл намаздарды орындау; Кеф-18; Таһа-20; Әнбия-21 сүрелер арасын, яғни інжіл мен тәуратқа және көптеген пайғамбарлар мұғзижасына құран арқылы жалғануды көрсетеді.

     Енді осындай намаздардың негізгі себептерін іздеп көрейік. Сонымен иман келтіру сүресі 30-шы сүре мен тақуалықты қалыптастыруға арналған яғни құран үгіт, насихаты арқылы сәжде жасауды 32-ші сүрені меңгеру үшін, енді екі арадағы 31 санды сүренің ата-анаға шүкірлік негіздерінің насихат сүресін аттап өту де мүмкін емес. Және шүкірлік амалдарының Таһа санды сүреге қосылу үшін аятта: «Көрдіңдер ме? Рас Алла Тағала сендерге көктердегі, жердегі нәрселерді бой ұсындырды. Және сендерге көрнеу, көмес нығметтерін толықтастырды. Сонда да ешбір білімі, тура жолы не нұрландырушы кітабы болмаған кейбір адамдар, Алла жайында таласады.» (31-20) Сендер үшін Рас Алла тағала көрсетуші, білдіруші, Алланың жаратқан нығметтерін араларыңда үлестіруші, құдіретті тәңірлік, қолдық бейнеленген сипаты деп ескертеді де, енді Алла Тағаланың сипатын білімнен, тура жолдың ілімінен және нұрландырушы кітаптардан іздеңдер деп ескертеді. Бұл сүре 34-санды аяттардан тұрып; «…Күдіксіз Алла (Т) толық білуші хабар алушы.» (31-34) деген ескертумен аяқталуының өзі Алла Тағаладан хабар алмай сәжде сүресіне, тақуалыққа да жолай алмайсың деген ескерту деп білген ақылға да дұрыс болар.

      Білім, ілім туралы жоғарыда ескерттік, алда қалай оқылып жатқаны туралы нақты дәлелдер келтіре жатармыз, ал онда нұрландырушы кітабымыз қандай болады?- деген сауалдың болуы да даусыз. Әуелі, атажолының Раббымыздың көрсеткен нұсқауларымен және біздерге оқылып жатқан намаздар үлгісін көрсетіп кетейік; Біздердің орындауымызда; Бес уақыт намаз муфтият ғалымдары көрсетілгеннен еш айырмашылығы жоқ, тек әрбір намаз артынан міндетті түрде тасбих тартылып, сосын өзіңе тілек тілеп болғаннан кейін, міндетті түрде құран оқып, аруақтарға дұға жасап, бірақ тілек тілемейсіз. Бұндай жағдай мешіттерде жұма намазында қателіктермен оқылады. Және 2-3 жылдың беделінде ғана жұма намаздарынан кейін таспих тартылып, құран бағышталатын болғаны да хақ.

      Бірақ қазақ еліндегі көптеген мешіттерде бұл амал мүлде орындалмайды, аруақтарға құран бағыштау серік қосу деп қабылданады. Сонымен менің баратын мешітімде жұмада таспихтан кейін дін имамымыз арап тілінде, тек өз сенімін бекіту үшін, біздерді арап тілін түсінбейтін жамағатты куә қыла отыра, өзіне арнап арапша дұға жасап, сосын құран оқылғаннан кейін тілек тілейді. Бұндай амалдар негізінен әулиелерге зиярттау барысындағы орындалатын намаз оқуына жатады. Зияраттаған кезде әуелі құран оқып, яғни намазды оқып, сосын таспих тартпай, аруақтарға арнаған салауат дұғамен бірге, артынан өзіне де керекті тілекті қоса тілейді. Және әрбір пенде өз іштерінен қолын жайып, жасырын да үнсіз тілек те тілейді. Ал мешітте имамдар арап тілінде дұға жасап, тек өздері үшін тілек тілеп, артынан аруақтарға құран бағыштағаннан кейін, қабірдің басында отырғандай амал жасауды әдетке айналдырған. Мейлі қалай болса да, аруақтарға құран бағыштау барлық мешіттерде орындалатын болса, онда масһабтың халық мүддесіне, қазақ дәстүріне, Ясауи іліміне жақындап бірігуі болып табылар еді деген ізгі ниетіміз ғана бар.

      Ал енді масһаб имамдарының түсіндіруінен ата жолындағы намаз оқудың өзгешеліктің бірі аруақтардың көрсетуінде нәпіл намаздар шүкірлік және тәубе намаздары болып бөлінеді. Тәубе намаздары жұмаға мешітке жиналғанда, намаз алдында немесе кейін де оқуға болады. Бұл намаз; Төрт рәкәттан 12 рәкәтқа дейін оқылады. Немесе екі рәкәт мешіттерге, киелі орындарға сәлем есебінде де оқылады. Бұл намазда әрбір рәкәтта 10 фатиха, 10 ыхылас, 3 құрайыш сүресімен оқылып, барлық зікір саны 23 болу шарт. Енді тәуба намазының күнделікті тақуалық жолына толық түскендер үшін батамен, аянмен ескертілетін тәуба намазын екінті намазын оқып алғаннан кейін, екінті уақыты мен ақшам намаздарының дәл ортасында 4 рәкатпен оқылады. Бұл уақытты аудармашылар, дін зерттеушілер «Сахар» уақыты деп Ясауи бабамыздың атағанын мойындап, бірақ оны «памдат», яғни таң намазының алдында деп қателеседі.

   Сахар уақыты деп тозақтың ашылып, қайнайтын уақытына сәйкес, осы екі аралық уақытты Ясауи бабамыз өзі көрсеткенін де білгеніңіз жөн. Ал шүкірлік нәпіл намаздары түнде бір немесе екі рет ұйқыны бөлумен, құтпан мен таң намаздарының арасында орындалуы тиіс. Бұл да жоғарыдағыдай тәсілмен оқылып, бірақ құрайыш сүресінің орнына 3 рет Філ сүресін оқу керек. Сонымен бұл намаздар 69 санды тәуба белесінен өтіп, тура жолын ұзартуға ниеттенген, кітап алуға байланысты; күнделікті 5 уақытты енді 8 уақыт намазға айналдырумен тұрақты орындағанда ғана нәтижесін береді. Сондықтан бұндай жағдайға да жету үшін құдайдың жәрдемі, тыныштығы да болу керек. Тіршіліктік істерді меңгеріп, бала-шағаны өсіріп, жұмыстан қол босап, өзіңді енді бірыңғай Алла жолына сәждесін толықтыруға арнаған жағдайда ғана мүмкін болатынын естен шығармаңыз.

     Ал бұл жағдайға жету үшін де алдымен пайғамбарымыз оқыған, орындаған; 50 сауап алу жолындағы намаздардың, заманға қарай ерекшеліктерін алдағы басылымдарда баяндалатын хикмет, зікір амалдарына қарай көрсете жатармыз. Бұл қазіргі таңдағы ата жолының яғни Ясауи бабамыздың, пайғамбар намаздарының масхаб білімімен, ерекшеліктерімен оқылуы да және намаз орындалу ерекшеліктері де күрделі деп түсінгеніңіз абзал.
Ясауи ілімінің намаздары мен масһаб намаздарының қателіктері. 5-ші кітаптан. Толық нұсқасын http://btk.atazholy.local/ сайтынан оқуға, жүктеп, көшіріп алуға болады)

Құдай патшалығының хикметінің білінуі.

     «Бауырластар! Иса Масихтің қайтіп келуі (жерге түсуі) мен біздің (періштелердің, аруақтардың) Оның қасына жиналуымызға байланысты сендерден мынаны өтінеміз; өсекке, пайғамбарлық сөздерге немесе біз айтыпты, (сахабалар, бұрынғы сопы-ғалымдар) біз жазыпты деген жалған пікірлерге иланып, Иса Масихтің көктен келетін күні болып қалған екен деп абыржып қорқып қалмаңдар. Ешкім сендерді амалын тауып (ақырғы заман деп), алдап кетпесін. Себебі Иса Масих келер алдында адамдар Құдайдан безіп, Оған (Алланың құдірет қолына, аруаққа) қарсы шығады және әділетсіздіктің қолдаушысы, кейін, мүлде құритын кісі пайда болады. (Заңшы, парызшы, діншілер Масһаб-кітап-кісі) Олар Құдайға және Оның ұлылығын білдіретін бар нәрсеге (хикметтерге, әулие-әмбилер мен аруақтарға) қарсы тұрып, өздерін олардан жоғары қояды (ғалым, сопы, философ, теолог), тіпті Құдайдың киелі үйінде (мешіттерде, шіркеулерде) отырып алып, «мен құдаймын» («білімдімін» маған ғана сеніңдер) деп жариялайды… Күні бүгінге дейін сол кісіні (бұзық ғалымдықты) қандай күш ұстап тұрғанын білесіңдер. Себебі оған белгіленген уақыт бар. Әрине адамдардың Құдай заңына қарсы тұрғызатын құпия күштер, қазірдің өзінде әрекет етуде, бірақ соларды ашық шығармай ұстап тұрған қасиетті күшті (әулие-әмбилер, ғалымдарды) алдымен Құдай алып кету керек. Оның заңына қарсы тұрушы кісі содан кейін шығады. Бірақ оны Иса Масих қайтып келіп (жерге түсіп), бәріне салтанатты түрде көрінгенде аузынан шыққан бір леппен (рух, бата, көркем сөз) мүлдем жояды. Ал Құдай заңына қарсы тұрушы кісі келгенде шайтанның әрекетіне сай зор күш қуат, әр түрлі алдамшы ғажайып істер (қулық, сиқыр, сананы теріске тәрбиелейтін діни ағымдар, зікір, дұға) мен кереметтер көрсетпек.

    Ол кейін құритындардың бәрін күллі жамандықтармен тура жолдан адастырады. Себебі олар өздерін құтқаратын шындықты (уахи-бата, аян, түс, ем-шипа) жақсы көрмей, жүрегіне жолатпайды. Сондықтан да Құдай оларды өтірікке иланып, түзу жолдан оп-оңай адасатын қылып қояды. Сонымен шындыққа сенбей, әділетсіздікке құмартқандардың бәрі сотталатын болады.» «…Сондықтан.. кейбіреулердің басқа ілімдерді үйретулеріне және аңыздармен, ұлан-ғайыр шежірелермен (өзге ұлттардың, діни соғыстарының) шұғылдануына тыйым сал. Бұлар сенім арқылы білінетін Құдайдың ісіне (күнәдан ақталу, рухани тазару) қызмет етудің орнына көп дау-жанжал тудырады. Осы бұйрықтың мақсаты-пәк жүрек, таза ар-ұждан мен шынайы сенімнен бастау алатын сүйіспеншілікті ояту. Кейбір адамдар бұлардан бас тартып, (ұлттық рухына сәйкес келмейтін ескірген діни сенім, шежірелерді дәріптеп) көп мылжыңдыққа түсіп адасып кетті. Олар Тәурат (Құран, масһаб) заңының ұстаздары болғылары келеді, бірақ өз сөздерін де (сөз астарын, тәпсірді) табандылықпен пайымдап жүрген ілімдерін де өздері дұрыстап түсінбейді. Ал тиісінше қолданса (сөз астарын меңгерсе), Тәурат (Құран) заңының игілікті болатынын білеміз.

     Оның Құдай алдында ақталған (уахи-бата, аян алатын) біздерге емес, заң мен билікке бағынбайтындарға, зұлымдар мен күнәкарларға, қасиетсіздер мен дінсіздерге, ата-анасын не басқа біреуді өлтірушілерге (жихадшыл, бүлікшіл діншілерге), бұзылғандар мен жыныстық азғындыққа түскендерге, кісі ұрлаушыларға, өтірікшілер мен жалған ант беретіндерге, яки дұрыс ілімге қайшы әрекет еткендердің бәріне (діни секта, парызшы діншілерге) тыйым салатынын түсінеміз. Бір-біріңмен таласқандарыңның өзі масқара! Одан да әділетсіздікке неге төзбеске, неге ақыларыңды жегізбеске? Керісінше, сендер әділетсіздік жасап өз бауырластарыңды тонайсыңдар! Әлде әділетсіздердің Құдай патшалығынан орын алмайтынын білмейсіңдер ме? Алданбаңдар: азғындар, жалған тәңірлерге құлшылық етушілер, неке адалдығын бұзушылар, нәпсіқұмарлар, еркекжанды еркектер, ұрылар, дүниеқоңыздар, маскүнемдер, өсекшілер және (ақылды) тонаушылар үшін Құдай Патшалығында орын жоқ!

    Бұрынғы кейбіреулерің сондай болдыңдар, алайда сендер күнәдан тазарып, енді Иеміздің (Раббымыздың) және Иса мәсіхтің құдіретімен және Құдайымыздың Рухы арқылы Оның қасиетті халқы болып ақталдыңдар. Осы ілім мадақталуға тиісті Құдайдың ұлы Ізгі хабарында мәлімденген. Ол соны уағыздауды маған аманаттады.» (Інжілден елші істері).

    Осы үзіндіден ғана қазақ жерінде болып жатқан дінге байланысты оқиғалардың сонау екі мыңжылдықты және одан кейін ислам діні толық бекігеннен кейін де қайталанған шежіренің, замандық, дәуірлік белгілерінің, оқиғаларының қайталанып түрленуі болып жатқанын көрсетеді. Сондықтан жаратушымыз құран, тәуратты қайталайды деп ескертуінің астарында тәураттықтардың парызшылардың, Ғиса пайғамбардың соңына ерген елшілерді қалай қудалап, соттап жазалап, жазғырса, сендер де қайталайсыңдар деген белгінің, аяттың үкімі тағдыр болып, елшілік істерді жалғастырушы бір тұтас ел болу үшін, халқымыздың маңдайына қазақтың ел тағдырына, бұрыннан болған және қазіргі таңда да қайта жазылып жатқанын көреміз.
Ясауи ілімінің намаздары мен масһаб намаздарының қателіктері. 5-ші кітаптан. Толық нұсқасын http://btk.atazholy.local/ сайтынан оқуға, жүктеп, көшіріп алуға болады)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *