Әтештік қылық сомдаған,
Талай еркек паңданған.
Терісін отқа жандырып,
Қадамын алшақ салдырған.
Көктен алмай үлесін,
Сау тамтығы қалмаған.
Көп сөзіне ергіш боп.
Денесін құлдай талдырған.
Әтештік жағдай оңай ма?
Қоқиланып шақырған.
Су перісі Сүлеймен,
Оңдырмай оны сабаған.
Арғымақ пенен әзелге,
Жете алмай парқын сындырған.
Шошаңдаған талайдың,
Ізіне түсіп өкпе қаттырған.
Шығысынан келетін,
Қуаттың көзін жаптырған.
Сұлу төрден қағылып,
Дайындап жүр орын тозақтан!
(Маусым айы 2018 жыл)
**** ***