Зікір-Көңілдің құсы

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері-9; Зікір 82

Көңіл құсы қалықтап,

Көгінде аспан самғаса.

Кірбің кірмей көңілге,

Жүрегің оны құптаса.

Жер бетінде көп жалғыз,

Құлшылықпен бір Аллаға,

Аяланар еді баршаңыз

Сыйдырып ала қанына.

Жәдігөйлікке салына.

Ымырт жапса көңілді,

Күмән баурап сенімді.

Қошемет болмай жүректе,

Сабылып аққан тілекке.

Тірілмес еді жан үні.

Көңілдің көзін шау алған,

Көңілшектік оянса,

Жүрекке тамыр жалғанған.

Шарқ ұрып көңіл көншімей,

Сауалды қойып тылсымға,

Тұрама мінді іздемей.

Налыған жауап ала алмай,

Көпшілік жұр мұны ұғынбай.

Селқостықпен қарайды,

Көңілдің кілтін таба алмай.

Мазасын алып жүректің,

Көншімей көңіл қарайды.

Қадалған көз бен сұқтарды,

Алыстатып арбайды.

Жете алмай алда мақсатқа,

Көңілің шіркін жылайды.

Көңілдің кілті қайда деп,

Мазаңды алып тынбайды.

Мекені оның арыңда,

Ұжданмен өлшер өнімін.

Аяғы көңіл иманда,

Мен мұндаға жүретін.

Басқартып ақ жүрекпен,

Шығады алып түнектен.

Шырғалаң болса жолыңда,

Тайсалмай алға басатын,

Ер жүрек деп атаған

Қамалын түнек бұзатын.

Қияны алыс бастырып,

Асудан биік астырып

Табады көңіл мұратын!

(Маусым 2018 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *