Қамкөңіл, имандылық

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері-9; Зікір 127

Қамкөңіл пенде жаныңа,

Жылулықты сыйлайды.

Табылып әр кез қасыңда,

Жақсылықты жақтайды.

Жамандық ерсе соңыңнан,

Қалқан болып қорғайды.

Бір ауыз жылы сөзімен,

Пейіліңді түртіп қозғайды.

Ақ жолын сілтер жаныңда,

Осындай пенде табылса.

Алланың бұлда сыйы деп,

Нық сеніммен қабылда.

Ақ пейіл жылы сөзімен,

Орынды мінез көрінген.

Жүрекке енер қуатты

Дауыстың жарқын үнінен.

Келісті, жөнді келбеттен,

Аңғарып оны танырсың.

Нұр ұшқынын көзінен,

Леп шығар айтқан сөзінен.

Қаталдық және танытар,

Сезілсе жамандық көңілден.

Көңілді қайта бағыттар,

Ісінен Құдай жерінсең.

Нағыз досты саған жалғайтын,

Жақының болар өмірден.

Соңынан оның ере біл,

Күдіксіз нық сеніммен!

(Маусым 2018 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *