Жазылып көкте тағдырың,
Ақиретпен саудаң, шат күнің.
Таразыға түсіп ниетің
Тартылар болар тар күнің.
Деген сөз бар қазақта
Тимесін кесірің ұрпаққа.
Қарғыс алма, алғыс ал,
Сауап қыл, адал мал тап та.
Қарайласар Құдай да,
Кенелсең алғыс сауапқа.
Түсінген мұны тереңнен,
Тамырын жаяр тарапқа.
Көңілге түйіп, жаз жадқа,
Қиналып басыңа күн туса.
Саудалас жаратқан Алламен
Ниетті бекіт амалға.
Не жаздым, демей Құдайға
Сауалды қойсаң намазда.
Құлшылықпен амал қыл,
Қайтарар жауап сауапқа.
Бақ қонды, деп кей басқа,
Ас та төк қылып ысырапқа.
Батса да күнәға кейбіреулер,
Аман жүр деп, сөз айтпа.
Жүгіртіп ойды сан-саққа,
Күпірлік сөзді айтпаққа.
Құдайдың бұлда сындары,
Тозаққа кейін салмаққа.
Үңіле білсең тұңғиыққа,
Жүрегі олардың тыныш па.
Құдайын жақын таныған,
Тағдыры таза болмас па?
Күпірлік ойды түймесең,
Тағдырдан тағлым сыр білсең.
Құдайға жаққан пендесін,
Жаратқан өзі сый берген.
Тағдырдың болып иесі,
Тылсымнан жалғанып киесі.
Жамандық қандай болса да
Құтқарылар жақын пендесі.
Құдайдың жақсы көрмегі,
Тазартып тағдырын бергені.
Аруағынан алса ақ бата,
Жүрекке иман, зейнет кигені.
Адамзаттың болмақ кемелі,
Пенденің аян көрмегі
Көңілің қош, жүрек тыныш боп,
Болашақтан хабар білмегі.
Тұрлаусыз байлық өткінші,
Жылытпас байлық жүректі.
Баз кешер түбі жалғаннан,
Кебінін ғана алып кетпегі.
Шірімес байлық көктегі,
Көк тәңір жалғыз әсері.
Байлығы қазақ жинаған,
Жарық боп жанар тектері.
Тәңірлік сипат көктегі,
Тағдырлар жазу өрнегі.
Тағдырына қазақ табынып,
Бір тәңірге болып сенгені.
Жер көктен жалғыз әсерді,
Ислам боп діні бірленді.
Түсіріп көктен, жерден өндірер,
Бір Алла сипат БІЗДЕРІ.
(Шілде 2018 жыл)
***** *****