Жасама қиянат адамға,
Есеппен жүріп қашанда.
Келтіру үшін бас пайда
Төмендеп кетпе арамға.
Дүниенің білімін жисаң да,
Артық көріп мастанба?
Білемін деген күпірлік,
Дана боп ақылың артса да.
Өз басыңды қадірлеп,
Өзіңді-өзің жүр мінеп.
Біреудің арын таптама,
Ділмарсып сөзбен сын іздеп.
Өз сөзіңді асырып,
Көп күнәңді жасырып.
Жасама анық қиянат
Біреуді сөз қып састырып.
Өзгенікін жек көріп,
Қателік деп, кем көріп.
Ақтай жүрме өзіңді
Өз ісіңді құп көріп.
Өзіңнен ізде кемшілік,
Өзіңді жазғыр ділді меңгеріп.
Қателік тауып бойыңнан,
Түзетуге қыл тірлік.
Адамның бәрін тең көріп,
Жамандама өзге елді жек көріп.
Жақсы мен жаман жасырын,
Білместіктен шығар жындылық.
Діл, дін, тілің аманат,
Береді Құдай жобалап.
Құдайсыз амал іс қылма,
Алдыңнан шығар қиянат.
Елдігің болмай ұлт болмас,
Ар, ұят, ұждан жоғалтпас.
Атадан қалған жолын біл,
Арсыздықты салтқа алдырмас!
Құдайсыз қурай сынбасын,
Ой жоруды әдет қылмассың.
Таза ақыл- ойға қиянат,
Заманға күйлеп оңбассың.
Атадан қалған аманат,
Адамдық жолы сырын тап.
Қиянатың болса жолына,
Болғаның арсыз хайуан нас.
Ғылымсыз пенде хайуансың,
Мал табу болып арманың.
Ел бағудың сырын меңгермей,
Қиянатшыл қалай болмассың?!
(Шілде 2018 жыл)