Панаң болар сабырлық,
Озарсың пенде сынақтан,
Алдын алып, пәлені қашыртқан,
Машайыққа болар жақынан.
Іріңдеген тәнде жаралар,
Сабырлықтан жазылар.
Күйіп, піссең дертіңді,
Уыты артып ушығар.
Бойдағы жының сеп болар,
Топ еткізіп тап қылар.
Қиын-қыстау кезеңге,
Уайыммен дертің асқынар.
Қылаңы қалса уыңның,
Өзгеріп қан суыңның.
Жүрегіңде бөлшегі,
Қызметіне тұрар ұрының.
Бүлдіреді денеңді,
Иістен сасық өнеді.
Қамдан оған ертерек,
Шақырар сырттан бәлені.
Меңгеріп қол өнерді,
Әр істің болсаң шебері.
Дәрумен шығар қолыңнан,
Құдайдың сый берері.
Төзімде де келер себеп боп,
Көрсетер, осы шын дерек.
Артыңның да жөнін біл,
Еріп жүрген бар жүрек.
Уды умен қайтарсаң,
Үнінен құран шипа алсаң.
Сабырлыққа күш бермек,
Көкпен жерге жалғансаң.
Нұрдың уы жарық қой,
Күнәні жағар болып бой.
Алланың өзі көктен сәулесі,
Келеді Бізден анық қой.
Сабырмен болды жазылған,
Аюптан ғибарат қалдырған.
Сабырдың суын ішумен,
Бұлағына түсіп жуынған.
Сабырдан су ішкізген,
Қазақтың салты дәстүрмен.
Төбеден, табаннан жейсің, деп
Уәдесі Алла бекіген.
Жерінде қазақ ойпаттар,
Алтын, күміс бұлақ бар.
Өрісі, бойды тазартып,
Сабырлыққа жалғанар.
Сабырдың түбі сары алтын,
Бәйбіше тоқал ал салтын.
Немерге қуат қосатын,
Ақ жаулық байлық нұр алтын.
Номадтық нәсіл қазақта,
Алты кие рұқы алашта.
Шүкірлік пен қанағат,
Ар, ұят, ұждан талапта!
(Шілде 2018 жыл)