II- Болжам, шындық және тажалдықтың философиялық түсінігі

Бөлім: Шындық пен шын және болжам философиясы 108

        Алдыңғы тақырыпта баяндалғандай шындықты құран және барлық дін кітаптары мен философиялық еңбектерден де алуға болады. Бірақ оның қаншалықты шындық екенін қалай ажыратамыз. Міне осы тұрғыда діннің құлшылығының сәждесі яғни намаз оқу, тазару амалдарының қажеттілігі, тақуалықтың, сопылық ұстанымдардың маңызы пайда болады. Бірақ, оған енді тажалдық білімнің және оның қызметшілері шайтан жамағаттары қарсы тұруын қалай түсіндіре аламыз. Бұны философия ілімінде философиялық ой қабаттары деп көрсеткенмен, бірақ оның өлшемі, қанша қабат болып оны қалай меңгеру керектігі мүлде ұмыт қалған.

Сонымен шындықтың шынға айналуы құран аяттарының ғайыптағы сырлары көмеске, яғни көк пен жер арасына түсуімен оны шындық түрінде адамзаттың өнімі әулие-әмбилер, пайғамбарлар және оларға арнаулы қызметке тұрған адамдардың өлгеннен кейінгі толық рухани көшірмесі, виртуалдық, өрістік бейнесі болған аруақтар арқылы түрлі оқиға, бейне, бата түрінде оқыла бастайды. Бірақ барлық адам баласы мұны түсініп немесе оған амал қыла алмайды. Сондықтан тағдыр деген адамға берілген жанға жазылған кітап болып, сол кітап жасына және рухани жағдайына қарай қайта жазылып, түзетулер енгізіліп оқылып жанға жазылып отырады.

Қазақ дәстүрінде мүшелге бөлу, адамның жасына қарай өз орнын да белгілеп отыру және түрлі қиындықтарға түскендегі құрбан шалу, аруақтарға арнап шелпек пісіру, иіс шығару, шырақ жағу т.б. амалдардың бәрі осы шындықпен байланысқа түсуге, яғни шындықтан өзіне аян – тағдыр алуға негізделген. Бұл сырды пайғамбарымыздың да білгені және кейбірлерін намаз қылып орындағаны да хадистерден, насихаттардан белгілі жағдай. Бірақ ол заманда пайғамбарымызға «Сені тек шариғат ісіне қойдық» және «Көбін елемей өтетін пайғамбар жібердік» деген аят үкімімен арап халқына бұл шындық туралы, оны меңгерудің сопылық амалдарының аз ғана бөлігі мәлім екенін ескертеді. Сондықтан қандайда бір жағдайда ел алдында беделге ие болған пенденің, мейлі қауым болсын, өз надандығын жасыруға тажалдық әрекетке баруға ібілістің көмекке келетіні де құранда берген уәдесі де ашық ескертілген. Бірақ сендердің араларыңнан аз ғана топ өкілі тура жолда болады, яғни шындықтың қағидасын меңгереді деп те ескерткен. Сонымен қазақ еліне арап түбегінен үнемі қазіргі кездегідей ақпараттық шабуыл жасап, бұрынғы ескі сүрлеуге қайта-қайта салып жіберіп, қазақ халқын шындық жолынан тайдырып отырғаны бұл дәуір ғана емес.

      Енді сәл шегініс жасап, елдің тағдыры мен ел басы тағдырының тұтас болатынына, қандай халық немесе қауым болса сондай ел билеуші жіберуіне дәлел келтіре кетсек. Қазақ еліне кеңес үкіметінен еншісін бөлек алып шығу ол ел тағдырымызда жазылған және сол заманға байланысты келетін рухани тазалықты қалайтын қауым да сонау кеңес заманында өмірге келіп, тәрбиеден, сынақтардан өте бастағыны да хақ. Әрбір нәрсені жұбымен жаратуы да, оның пары да болуы хақ болса, Нұрсұлтан мырзамен бірге ел басқаруға талай азаматтар да тағдыр сынынан өтіп, бірақ Құдайдың қалауы Нұрсұлтан мырзаға түскені де бекер емес. Бұл шындық болып, ел басымыздың анасына да аян берілгені де көп оқырманға мәлім. Астананың да шындық түрінде бейнесі алдын ала жаратылып оның ел басымызға оқылып, оны орындап шыққаны да енді шынға айналды.

Бірақ ел басымыз оны ашық мойындап, бұл маған аянмен, уахи болып оқылған десе онда бұл тажалдарға үлкен жол ашып; ел басшыны халық алдында қуып кеткен, жынды қылып беделіне түсіруге де жол ашар еді. Сондықтан елбасымызға Құдай жұбын, рухани көш басшысын да тағайындап, Ақ ұл атты Қыдырәлі Тарыбай ұлын елші қылып қазақ елінде рухани қозғалыс болып, халық шындық аянын көріп көптеген жүктің түскені хақ. Бірақ біздерге де бұл сынақ болып, осындай тажалдық білімді ғылыммен соғысу, ақпараттық түрде шындықты жариялау арқылы Құдай еркін білімді қауымға түсіндіру керек болды. Бұдан біздер керісінше бұл шындығымызды, меңгерген қасиетімізді дүниеге, мақтанға айырбастап, Құдайдың қолдауын ала алмай тажалдардың үстем болуына және ел басының өзін масқара  болып тажалдың қызметшісіне айналуына жол бердік. Яғни шындық өлді, себебі шынға айналуға мүмкіндіктің барлық жолына тажалдар отырып алды.

      Сонымен рухани үстемдік алған ескі масһабтық біліммен және оған жәрдемге тұрған зиялы қауым өкілдері сөз ұғымдарын,  қуатын, түсінігін мүлде жоғалтуға яғни иманды жоюға соғыс ашты. Ол үшін сенім қуатын, адамзат бойын, сыртқы жарығын және арын қалыптастыратын шындықты иман деп атап, иманның жетілу, зейнеттелу жолын кесіп ендігі иманды деген білімді, кітаптан көп оқыған яғни бүгінгі, кешегі және ертеңгі шынды ғана болжай білетіндер іс басына келіп хазірет, дін басшы, сенат ағасы, заңгер, дін сарапшы, дін ғалымы, теолог, философ болып шыға келді. Сондықтан мұндай мамандықты меңгеру үшін шындықтың, уахи алудың, сопылық тазалықтың, үлкендік ақсақалдықтың маңызы жойылды. Себебі суға яғни жанға жазылатын ақпараттардың маңызы болмай, орнына тасқа жазатын жастар мен құмға жазып бір-бірінен аумайтын құм сияқты сусылдаған білімді меңгергендер том-том кітап жазып әулиелік дәрежені Құдайдан емес ел  биліктен тақ, дәреже арқылы меңгеретін сипатқа ие болды.

Сондықтан енді бастың, мидың қабілетін арттырудың маңызы жойылды. Себебі адам рухани тұрғыда менің өзге жазбаларда, кітаптарымда баяндалғандай шайтанмен, жынмен тұтастықта болады. Шайтан қуатының кем болуы да қан азуын туындатып, ал артық болып тазармауы да қан азуын туындатады. Жын қуаты да сол сияқты ер азаматтарда әйелдік жын қуат гормондар басым болса бойкүйездік, ынжықтықтан бастап белсіздік, бір жыныстылық және еркекке еректің құмарлығы сияқты ауруларға, дерттерге тап болатыны да хақ. Ал әйел халқы керісінше еркекке айналып, бала тууы мен күйлеу қуаты әлсіреп, туса «көтсіз-тексіз» дертті бала тууымен арты жаппай ұлттық сипатымыздың жоғалуына апарып соғады.

     Ал, бүгінгі шынға жүгінсек осындай елге айналып та үлгірдік. Онда шындығымыз, яғни болашағымыз қандай болады? Міне барлық мәселе осыған келіп тіреледі. Шындық Құдайдан келуін тоқтатқан жоқ. Уахи да аян да тағдырға байланысты оқылып жатыр. Қалай десеңіз мысалы ел басының тағдырында қазақ елінің әлеуметтік жағдайын да жақсартып қана қоймай, рухани жағдайда жетіліп әлем алдында үстем болуға бұйырғаны да хақ. Бірақ ол ағамыз өз құрбыларының, қызметке алған уәзірлерінің қақпанына түскенмен тұрмай Құдайға да ашық қарсы сөз айтып, яғни «Қазақ елі Ханафи масһабында ғана болған» деген сөзімен Ясауи бабамыз бен жүздеген әулие және Абай-Шәкәрім философиясына халық алдында ашық қарсы болды.

Сонымен не болды дейсіз? Құдайдан тез арада қазақ елінің екі күнін қайтып бермесе ажалға үкім түсетін ескерту келгенін мен ашық баяндап сайт беттерінде жарияладым да. Тажалдарға көмекке тұрған елдің бірлігін бір-біріне бүгінгі шынды көрсетіп; қырылдық, бодан болдық, Назарбаев билігі жерді де, жердің астындағы бәрін де сатып, енді құдай ештеме жаратпайтын болды деген пәтуа айтқандар бұған қуанғанын да жасырған жоқ.

Ал шынына жүгінсек, солай сияқты көрінгенмен тарихи оқиға әлемдік тағдырдан қазақ халқының секіріп аттап өтуі мүмкін бе? Жоқ әрине. Қайта осы уақиғаларды азайтып, кейбір мемлекеттердің жүздеген жыл өткенін қысқа уақыт ішінде орындап өтуге үлес қосқан барлық Назарбаев билігіндегі болған, қазіргі өткен жемқор болып сотталғандарға да рахмет айту керек. Себебі түбі бұл оқиғалар қазақ тағдырында жазылғандықтан өзің немесе туысың ондай жағдайға ұшырауы әбден ықтимал еді. Бұл шындықты бірақ қазіргі зиялы, білімді, керемет болжампаз саясатшы данагөйлер де, жазғыш, білгіштер де, ғалымдар да түсінгісі келгенімен миларына бұл кірмейді. Неге десеңіз, олардың милары салқындап, терілері түлемей, ар қабы жетілмегендіктен де айуандар сияқты «көнтерлі» болып кеткен. Бұл тұрғыда терісі жұқа және қанында діл білімінің үнін сақтап, жатыр жерін тазартып, аяқ-басын қорғап, жер рухымен жалғанып ақпарат беріп отыратын бастық қатындардың басында аз миы суға, буға айналып, қанындағы сөздері кәпір жынға немесе шайтан қолына  айналып алған.

Ал бас деген осы шындықтың нығметінің есігі болып, оның есігін жабудың амалын ібіліс меңгергендігі сонша, енді бас киіммен жүрудің өзі жындылық, мәдениетсіздік немесе ескіліктің қалдығы болып саналады. Бұл европа христиан елінің өз дінінен айырылғаны былай тұрсын ислам елдерін де азғындыққа, шындықтан айырылуға мәжбүрлегені соншалықты қазақ деген ең ары қуатты елдің өзі бастың қадірін мүлде жоғалтып алдық. Сондықтан ел билігі болсын, білімді, тәрбиелі қатындар болсын ар қуаты шала, онда қандарындағы имандары да әлсіз, жүректері де жабық.

      Енді осы жерде тажалдар бейнеленген шынды тағы да бұл шындыққа қарсы қойып үлгіреді. Әлемнің бар ғұламасын, европа елдерінің жүздеген жыл бас киімсіз де дамып алдыңғы қатарлы ел болып, жалаңбас қатындардан да керемет балалар туылып жатқан жоқ па?-деген білімдерін яғни шынды алға тартады. Әрине олардың бұл пайымдау пәтуасына қарсы тұруға шама жоқ. Себебі осындай жоғарғы лауазымды, ғалымдардың түгелдейі жалаңбас, қатындары көтін де көшеге ашып шыға береді, сонда да тұрмысы, жағдайы өзін орап алып, бұл заманда тірісінде ешкім көрмеген ақиретті уайымдап әлекке түскен біздерден әлде қайда артық па? Әрине дүниелік тұрғыдан артық. Ал дін дегенің кітапта ғана жазылып енді Ханафидан басқа әулие болмау керек және пайғамбарымыз да бұл жолдың алдында жіп есе алмай қалғасын, құран деген жаттап алса болды жас баланың да әулие-қари болатынына Ержан бастаған имамдар тобы дәлелдеп жатқан жоқ па?

Ал дін ісін жалаңбас еркек түгіл, жалаңбас қатын да тым әдемі халық алдына шығып, Құдайдың жаңылысқанын, қазақ ел билігі түзетіп жатқанын да алға тартса не дейсіз? Бірақ сонша ғұлама болған, ел басшыларының әулиесі бар қазақ елі, соғыс жүріп жатқан елден бетер неге қырылып жатыр? Әрине бұған да білімділердің жауабы дайын. Қалай десеңіз, оның өзі ел билігіне барса бәрін түзеп,  ешкім өлмейтіндей және халыққа жатып жейтіндер қазба байлықты таратып, қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын заманды білім жүзінде орнатып берері да сөзсіз. Бірақ ол үшін енді оларға Назарбаев билігін құлатуға көмек берсеңіз болғаны, сізге де майлы сүйектің басы тиіп қалуы рас.

Ал енді мейлі ертегі болса да шындығына келсек; Күнәні Құдай жаратпайды, оны Абай атамыз да ескертіп кеткен. Түп иеміз бізді сынау үшін ібілісті жаратып, ал күнәні жаратуға ібіліс періштесіне ұлықсатын беріп қойған. Сондықтан да оның періштелік Алла алдындағы қызметі 72 санмен Жын деп аталып, адамзаттың бұл санды аттап өтуі, бұл қуатсыз жаралуы да, бұл періштелікті меңгермей жаннатқа кірудің немесе бақытты болуымыз да мүлде мүмкін емес. Енді бұл жағдай жыныстық нәпсі және өнер-біліммен, адам баласының ойлау қабілетімен яғни бастың жағдайымен тікелей байланысты. Енді басты жылы ұстап, терінің мың рет түлеуін қамтамасыз етпеген жағдайда; «Қара басып», «Басы қатып», «Миы ашып», ар ұяттың жағдайын да меңгеру мүмкін емес. Жалаңбас жүретіндердің ең тәуірінің өзі жартылай арсыз, сондықтан шындықты қабылдауы да жартыкеш арлылық дәрежесіндей ғана болмақ.

     Қазіргі қазақтың жан ахуалының психологиялық білімі де европалық ескі. Итті зерттеген білімнен пайда болғандықтан арсыздық яғни иттік сасық иістен жиренбейтін жағдайда қандай қан тазалығы және шындық туралы әңгіме, білім айтуға болады? Енді бұл тұрғыда ондай қалай ел басымыз көрегендік жасап соншама істерді меңгерді деген сауал қойыңыз. Бұл жерде тағдыр туралы және реинкарнация білімі туралы ілім пайда болады. Бірақ бұл білімді меңгеру үшін де шариғат тазалығы мен ислам қағида парыздарын да меңгеру керек. Ондай мәселені қозғау бүгінгі таңда ол да мүмкін емес. Себебі тажалдар бұл жағын да ойластырып алдын ала дінді меңгеру жолына келген жастардың да, үлкендердің де алдына тосқауыл қойып, мыңдаған кітаптар жазып, жүректеріне қарсылық шайтанды сіңіруге жәрдем жасап қойған. Нанбасаңыз Мұхидин Иса ұлы мен Қайрат Жолдыбай атты дін ғалымдарының жазған еңбегімен ғана танысып көріңіз, егер оны таразылайтын шындық кітабыңыз болса.

Онда шындық кітабы дегеніміз не? Құранда кітап берілгендер деген ұғым бар. Қазақ елі көптеген әулиелердің және пайғамбарлар отаны болғандықтан біздің жанымызбен бірге келетін әулиелік кітабы бар елге жатамыз. Міне сондықтан екінің бірі емші, көріпкел  бола алатындықтан да арап білімділері мен өзге діндер тарапынан қудаланып жатқанымыз бұл тұрғыда тажалдардың қалайда қазақ рухының босанып бостандыққа шықпауына жан алып жан берісуде. Сонда тағдырымен кітабын ала келген Нұрсұлтан мырза болып, қазіргі жалаңбас жүрмек түгіл мүлде исламға қарсы болса да; «Кәпірлер Алланың нұрын аузымен өшіруге тырысады, бірақ Алла өз нұрын тамамдайды» деген уәдеге сәйкес ел басымызға «Нұр» -ын толық беріп, аянмен жол көрсетіп, халықтың жағдайын жақсартуға мүмкіндік бергенімен «Сұлтан»-дығын меңгере алмай ажал құшуы ғажап емес. Әрине бұл жағдай ел биліктен үміткерлердің қарсы саяси ұйым құрып, әкесін өлтіргендей өш ала алмай жүргендердің қуанышын туындатқанмен, керісінше бұл қауым өкідерінің тұтастай қайғы-қасіретпен мүлде тарихтан із-түссіз жоғалатынына наныңыз мейлі нанбаңыз өз еркіңізде, ал біздер үшін шындық. Құдайдың жарлығымен ендігі өскелең жас қауым да, бұқара халық өкілдері де аруақтарының басы көтеріліп шындық кітабын алып ақиқатқа әрбір жаңа туған аймен бірге жүректері ашылып, қазіргі білімді ел басқарған қауымға қарсы Құдай өз жамағатын қалыптастырып жатқаны да хақ. Бұл енді екі ұшты қазақ еліне, әсіресе қазіргі білімді қауым мен діншілер қауымына өте қауіпті күш. Сондықтан Нұрсұлтан мырзаның осы жағдайын беделін пайдаланбай, тізгін келесі ел басқарушыға осы қалпында өтетін болса, онда бұл ел билік тұсындағы діншілер мен білімді қауым өкілдері халықтың да бір-бірінің де қудалануына ұшырап, көпке дейін кек алу, өш қайтару сияқты әрекеттер етек жаятыны да хақ.

Сырт көзге заңмен бағындырып халықтың бірлігін сақтап отырған сияқты болғанымен, жалпы қазақ елінің ішкі бірлігі бұзылып, тек қолайлы жағдайды күтіп отырғаны да сөзсіз. Ал аруағының қорланғанын, білімді қауымның, діншілердің мазаққа айналдырғанын бұқара халық толық ұғынса, қазақ елінің аруақтанып көтерілуін тосатын ешқандай әскер де, күш те жоқ. Әскерлердің өзі бұқара халық жағына шығып, залымдарды ашық жазалауға қатысуы мүмкін. Әрине ондай жағдайдан құдай сақтасын деп тілеңіз. Сондықтан қандай да бір өз ұлтының тағдырына бей-жай қарай алмайтын білімді, ел билеген азаматтар алдын-ала қам қылып, аруақтан келетін уахиға, әулиелер батасына ғана жүгінумен бұл сыннан жеңіл түрде, әлемде рухани жетілудің жаңа даму сатысына алғашқы болып өте аламыз. Партия арқылы қарық қыламыз дегендер де райыннан қайтып халыққа Құдай арқылы ғана жақындаудың дұрыс жолын таңдаған да абзал болар еді.

Және бұл шындықтың жолын осы бастан меңгеріп жатқан өзге ұлт өкілдері де жеткілікті. Әсіресе орыс ұлты бұл тұрғыда ата жолына келіп өз ұлтына да, арсыздыққа ашық қарсы шығып сапқа тұрып жатқандары жеткілікті, ал енді білімді ғалымдары да келіп қосылатын уақыт та таяп қалды онда, қазіргі білімді тажалдардың жағдайы мүлде масқаралық жағдайға түсері де хақ.

(жалғасы бар)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *