Жүрек(76)

Бөлім: Зікір өлеңдер 99

Отты жүрек, қызыл тіл,

Адамдыққа жата ма?

Зілсіз жүрек, мұңсыз шер,

Тереңге бойлай ала ма?

Дүниелік тұрса жоғары,

Ақиреттік қала ма?

Жүрекке жұқан тот,

Ауыртпай оны қоя ма?

Кестелі ой, сөз маржан,

Жүрекке енбей қоя ма?

Сиқырлы сырлы әлемнен,

Алдыртпай хабар қоя ма?

Отты жүрек, қызыл тіл,

Жынды қылмай тұра ма?

Білектің күшін арттырып,

Бірді жыққан мақтанға.

Әсемдік деп жалғанды,

Сауық-сайран салғанға.

Оты жанып ыс қалар,

Жүректі тот басқанға.

Сорлы жүрек қатайып,

Айналмай ма жындарға?

Шайтаннан шыққан жындарды,

Сынақ қылған жалғанға.

Артыңа еріп қалмаса,

Жалғанбақ қайта құранға!

Оң солың және артыңда,

Өз қауымыңнан жүрек абайла!

Күйгелектік, салақтық,

Надандықтан шығады.

Жүрек көзі жабықтық,

Жан өлтіріп тынады.

Ар-ұятты ұмытып,

Нығметінен Алла тияды.

Аяғың мен қолыңның,

Тазалығын жояды.

Олақтыққа себеп боп,

Шайтаннан жын шығады.

Көз қырағы болса егер,

Зеректікті оятар.

Құлақ болса естігіш,

Көңіл көзін оятар.

Кең пейілді адамның,

Ақылы да молаяр.

Еңбек сүйгіш болса егер,

Тазарып еті қатаяр.

Қосылса бәрі бірігіп,

Жүректің көзі ашылар.

Күйгелектік дертіне,

Шипамен ем қонар.

Жүректерді Алла қосады,

Өзіңде қандай болғанда!

Зілсіз жүрек, мұңсыз шер,

Адамзатқа сын азғанға.

Мұңлы жүрек, сырлы тіл,

Сөз қадірін білер дүр.

Жүректе иман көбейткен,

Қадірін сөздің білген құл.

Сыбырын жүрек үнінің,

Басқарған ақыл сезімін.

Иманды жиған жүрекке,

Естілігі қазақ тегінің.

Ар-ұятпен дерттісің,

Арсыздарға жындысың.

Бір жүректі әлемге,

Қосылып үнің естірсің!

Көресің өзіңді сорлыдай,

Көптердің ісін жақтырмай.

Күресерге шамаң жоқ,

Жалғыз қалған бақсыдай!

(Шілде 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *