Сенімсіздік(108)

Бөлім: Зікір өлеңдер 114

Сенімсіздік жайлаған,

Індет болып тараған.

Қай ортаны алсаң да,

Күмәнсіз қадам баспаған.

Күдікте болар сорлылар,

Болашағын білмей қор болар.

Алдыңғы өмірі бұлыңғыр,

Ішім, жемге малша байланар.

Өлшеніп берер Алладан,

Тағдырға түскен жазудан.

Қолыңа тиер несібе,

Екі қол іске амалдан.

Пенделер көп үмітте,

Сақтаған ойды жүректе.

Дүние байлық деп жинасам,

Бақытты боп өмір сүруге.

Алдыңғы күнім не болар,

Ақиретпен жоқ өлім ойланар.

Жүректе дүние татымен,

Ене алмай иман жоғалар.

Күрсініп күнім не болар,

Кедей боп қалсам деп ойлар.

Қорқынышпен түрлі алысып,

Тәуекелін мүлде жоғалтар.

Сеніммен иман қорғалар,

Ғылымның дәні қанда бар.

Сенімсіз ұлттық нанымсыз,

Құдайсыз пенде қор болар.

Құдайсыз қурай сынбасын,

Бақ дәулет басқа қонбасын.

Ескерер болса әр адам,

Қабылдар еді Құдай ықыласын.

Дәстүрін ата-баба ұстанса,

Ар-ұятты пенде қолға алса.

Ажырап арам ойлардан,

Түнектен жанды босатса.

Ықыластан шығар махаббат,

Жүрек тез тоттан тазарат.

Құлшылығын көбейтіп,

Сенімсіздік дерті жоғалат.

Жеті ата жұртына жалғанып,

Жетемен сана оянып.

Құдайдың нұрына шомылар,

Бой өрісі болса жарық тазартып.

(Тамыз 2018 жыл)

***   *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *