Алла жолында соғыс(109)

Бөлім: Зікір өлеңдер 106

Ер жүрек батыр бабалар,

Тылсымнан түртіп оятар.

Мылтықсыз майдан басталып,

Өлілер бастап жол салар.

Тоғыз жыл жүкті арқалап,

Түнектен шығып жан босап.

Ирімін тағдыр иіріп,

Болашаққа басар адымдап.

Нық басып алға қадамын,

Жол ортада тоқтап қалмасын.

Құлшылық, шүкір, зияратың,

Бастаған ісің оңалсын.

Жүрегін соғар Алла деп,

Төбеден, аяқтан ризық кеп.

Рұқымен бабалар жалғанып,

Зейнетің алған болар сеп.

Ізігілік істер жалғасын,

Табумен Раббың қолдасын.

Аманаттар алған жүк болып,

Тазарып қайта жаңарсын.

Күнәдан тағдыр ақталсын,

Тазарып көгі қазақтың.

Әлемге қуат қосуға,

Періште біткен қолдасын.

Жеріңді қазақ аралап,

Ойпатты көбейт жаңалат.

Құранмен суғар тектік ағашын,

Тамыры терең жалғанад.

Ойпатты жерден сауығып,

Мың түлеп тері тартылып.

Тегіне қазақтың жалғанып,

Номадтық нәсіл жаңғырып.

Қазаққа қонып шын бақыт,

Су, бұлақ болар жер жақұт.

Гауһар тас, құты тау мен тастан,

Бес қуат тегі тұрар жалғанып.

Орман сай жұмақ жердегі,

Қасиетпен салған өрнегі.

Көк майса алқап, шөл дала,

Қуат боп нәсілдер өнбегі.

Ойпатты жерлер жалғанған,

Көкпенен жұлдыз шам болған.

Раббының нұры шығатын,

Мүлкінен аспан нұр жауған.

Адамзат қайта жер басқан,

Ойпатты жерден таралған.

Баратын қайта ел жұртың,

Қадірі Ол Алла бастаудан.

Алланың үнсіз тілінен,

Зікірмен құран үнінен.

Тағдырға жол-жоба алып,

Мәңгілік Менін өсірген,

Тектілігі ұлттың ділінен!

(Тамыз 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *