Тағдыр кітабы(121)

Бөлім: Зікір өлеңдер 119

Ақиретте болар азабың,

Дүниемен байлық арамың.

Күміс жіптен үзіліп,

Хабарын алмай Алланың.

Сергелдеңге салынған,

Талай пенде алданған.

Ақиретпен ісі жоқ,

Надан болып қарайған.

Ақ нұрдан алмай үлесті,

Молда, имам адасты.

Ардан келер білімді,

Шығарып жолдан шатасты.

Алтай менен жалғасқан,

Батыспенен шығыстан.

Солтүстік пен оңтүстік,

Арасын шарлап қыр асқан.

Жер ана рұқы аруақтан,

Ойпатты орын жарықтан.

Нәсілің өсіп өнгенді,

Қайтадан пенде жер басқан.

Насихат боп сан қылған,

Ғылымы жанға айналған.

Тағдыр кітап қолыңда,

Теріс деп мұны кім шыққан?

Жамандық болса тағдырдан,

Қол ісің оң солыңнан.

Күпірлік қылып Құдайға,

Пенделер қарсылық танытқан.

Кітабыңды алып қолыңнан,

Тазартып етпен малыңнан.

Ақталса қаның күнәдан,

Сынағың кетер жолыңнан.

Көгіңде құпия тағдырдан,

Маңдаймен пешене жазылған.

Басыңда қадір қалмаса,

Қубастық маңдай сорланған.

Әлемде арсыз салт қылған,

Індеті жынмен таралған.

Қазаққа келіп бұл әдет,

Ажырап кітап тағдырдан.

Мәңгілік қалай ел болмақ,

Құдайсыз қурай сындырмақ.

Замана тағдыр сындарын,

Меңгермей қиямет күн тумақ.

Алланың жібі тіл, сөзбен,

Өрілген ақыл тегіңмен.

Тарқатқан жібін қатындай,

Болмаңдар жынды есірген.

Тағдырың қол екі кітабың,

Оң мен солдан берілген.

Ғылымың жанға жазылып,

Маңдайдан тағдыр пешенең!

Тағдырың үш несібең,

Көріп, естіп бекіткен.

Екі қол ісі қарекет,

Таза ақыл-ой баспен бекітсең!

Иманың білім жаныңа,

Ашылған кітап тағдырға.

Үш несібе біздерден,

Айналған өмір жұлдызға!

(Қыркүйек 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *