Жалаңаштық-арсыздық

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №3 123

Шаранамен туылғанын,

Жалаңаш қалып жылағанын

Ұмытты бүгін көп надан,

Шайтанның суық қолынан.

Арсыз, ұятсыз қарашы,

Еркек пе әлде ұрғашы.

Есі кірмеген баладай,

Жыртық, жамау ар қабы.

Шын надан шайтан ұрғашы,

Жәндікке ұқсас байқашы.

Жас баладай есі кем,

Жын-шайтан оның ұқсасы.

Айтсаң ақыл тазалық,

Қырсығар саған ыза боп.

Менде деп шаруаң болмасын,

Сен емес, жүрген адам ғып.

Қарашы өзі адам ба?

Көз ұялар қарауға.

Жәндік әлде хайуан ба,

Әйтеуір адамға санама.

Шашын жайған пері ме?

Қиған шашты дерті ме.

Еркекке ұқсап мәз болған,

Жын-шайтанның өзі де.

Тырнағы бар сояудай,

Бет көрінбес бояудан.

Әтірсіз шықса көшеге,

Айырмасы аз хайуаннан.

(қаңтар 2014 ж)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *