Ақыл-ой

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 141

Жандылар ақылмен жан асырайды,

Хайуан аңын, жәндік жемін бақылайды.

Жаралыс бес қуат-ақылдан алса нәрін,

Ал, алты ақылсыз адамдық құралмайды.

Алты ақылмен рухын адам тазартады,

Жалғандық, күмәннан ақ-қараны ажыратады.

Оймен сонда ақылға қуат беріп,

Бесті беріп, алтыны алып жетіге жалғанады.

Адам атаң ақылы болған еді қабырғасы,

Ардан сауыт,  қоршап тұрған ой жарығы.

Оң жағынан Хау ана жаралғанды,

Туған ай ислам таңбасы ақылдан басталады.

Басы  ерден әйелдер жан боп таралғанды,

Нәзіктер осындайдан қысқа ақылды аталады.

Әйелдердің басы ақылдың кені болып,

Ақ жаулық ердің байлығы деп аталады.

Әйелдер басы бөлек, сезімге қанға жалғанады,

Нәзіктер қаны таза болса, ақылды бола алады.

Қаны азса, жоғалып, түсінік, сөз қуаты,

Төсекпен қандай текті ерді де аздырады.

Жақсы әйел жарты иман ерлерге деп,

Пайғамбардан қалған өсиеттер көп.

Білімің болады деп екі түрлі,

Діл білімін аналар ақ сүтімен береді деп.

Ақылдың бұл кені еді тегінен ұлттың,

Қанына байланған еді нәзік жұрттың.

Тәрбиесін қызыңның бере білмей,

Қысқа ақыл да қалмады ішінде жұрттың.

Ұзын ақылды қысқа ақыл еді өсіретін,

Ақылмен рухың тазарып, ойың да жетілетін.

Арсыздық, ұятсыздық европа салтын алып,

Отырған бұтағыңды ұлтыңның өзің кестің.

Әйел азса ұлтың да, ақыл тозар,

Рахымсыз, мейірімсіз салтың болар.

Ерлер азып, ой жоғалып, егін өспей,

Қиямет мезгілі деген осы болар.

Пайғамбардан шапағат сыйы болар,

Қырық сегіз санымен оның өлшемі бар.

Екі жарты бір бүтін болып ер мен әйел,

Қабырға- иман зейнетінен қуат алар.

Ал енді аңдып жүрген екі жүз бар,

Бұл жүздерді тазартып жүгіңді ал.

Екі жүзге қырық сезгізді қоса білсең,

Мұраң деген бақара сүресінде аяты бар.

(қаңтар 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *