Жомарттық (139)

Бөлім: Зікір өлеңдер 123

Атымтай Жомарт көңілі,

Аңқыған жұпар иістей.

Сезілсе көңіл тоқыны,

Ар-ұжданды намысшыл

Болса қанның бұрқылы.

Әдептен озбай сүннетке,

Бағына білсе ол құлы.

Жайдары жарқын көңілді,

Ата-ананың боп қызы.

Қаны таза бойжеткен

Құлпырған гүлдей қырмызы.

Болар еді елдің шын көркі

Тал бесіктен жалғанған

Әкенің тегі өрісі,

Жатырында алтын бесігі.

Тектілік болса көк сыйы,

Жаңғырар номад нәсілі.

Жеті жан түгел өсірген,

Бой жетіп пісіп жемісі.

Шырағы жанып ерінің,

Ұрпақпен толар кемдігі

Қасиетпен келіп теңдігі.

Оянар елдің өр рұқы.

Өсірген қызың ендігі,

Миуасы ащы жемістей.

Артына кетіп көңілі,

Шақырсаң қайтып келместей.

Ажырап жүректен жер үні,

Сасып жүр тірі өліктей!

Қанында қызыл түйірі,

Азайып ұят тұр өнбей.

Жомарт көңіл қызда жоқ,

Ар-ұжданды қылмас керектей.

Жаны өлі қалып жобасыз,

Діл жібі болмай жібектей.

Құмарлық құштар мастықпен,

Қосылған ерге түс көрмей.

Тағдырда болмай бүтіндік,

Бақ қонбас басқа бой жетпей.

Тар заман болды ұлтыңа,

Сараң мен арам жанды көбейтпей.

Рұқ минут, жан секунт боп,

Соға ма уақыт бірлетпей?

Бір кісі бүтіндік өмір басы еді,

Ер, әйел қуаты өрмектей!

(Қыркүйек 2018 жыл)

**** ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *