Аманат -мирас ұрпаққа(141)

Бөлім: Зікір өлеңдер 108

Нұр жинап алтын, күмістен,

Жасырып оны еліткен.

Бөлек тілмен бөлшектеп,

Асыл сөзден ой кеткен.

Таза ұстамай терісін,

Жинаған әлем перісін.

Айыр тілді пенделер,

Бірде от бірде су ішкен.

Аманатын артына,

Меңгермей оны қалдырса.

Уәдесін Раббқа бұзғаны,

Қастандығы болып жанына.

Сөзінде ұлттың мәні бар,

Құдайдың салған үні бар.

Бойында жеті өріспен,

Құраннан үнмен ой алар.

Өрісін жуып таза ұстар,

Ата жол дәстүр салты бар.

Қанағат, шүкір амалсыз,

Ғапылға намаз айналар.

Ескіліктің алмай киімін,

Ақылға қоспай ой үнін.

Әр заманда сөз құны,

Өзгеріп тұрмақ шындығын.

Зейнет киім тылсымнан,

Алмасаң елдің жұртынан.

Ардан сауыт кім берер,

Ақталмай шайтан, жыныңнан.

Ар мен киім қадірін,

Жеті несібе жарығын.

Алмаған пенде оңа ма,

Естімей тылсым ақ үнін.

Сөзбенен астың арамын,

Аздырмай ділін ананың.

Меңгермек ар білмін,

Жетемен ашар санасын.

Жетемен жеті қабаттан,

Жеті ата рұқын жалғантқан.

Сөз салмағын аңғарып,

Арсыздықты болмас ұнатқан.

Шұбарланған қызыл тіл,

Жетесіздің сырты бұл.

Ішінде суық қары бар,

Көңіл артқа кетіп тұр.

Ыстықты іштен басарға,

Ішсең шөлің қанарға.

Мөлдір судың тұнығы,

Зерде, зейін ашарға.

Теңізге терең сүңгіген,

Інжу маржан тергізген.

Ғылымнан қуат алғандар,

Санамен ойлап білгізген.

Масһабтың атын жамылып,

Мүддесінен ұлттың жаңылып.

Есеңгіреп ес кірмей,

Дінші мен билік жүр қаңғырып.

Ауылға қайтар күн бар ма,

Аманатын баба ақтауға.

Жүктерін қалған тарих боп,

Арқаламай адал бола ма?

Жанымен рұқты жалғарға,

Нақылмен сөзін аларға.

Ғылымын жанның меңгеріп,

Аруақты ұлт қайта боларға!

(Қыркүйек 2018 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *