Ақ ілімі(166)

Бөлім: Зікір өлеңдер 111

Қазығұрттың етегін,

Қырық шілтен жайлаған.

Ақ ілімге жалғанып,

Алла нұрын таныған.

Қасиетті тау тастың,

Көп сыры бар жасырған.

Нұқ пайғамар кемесі,

Басын тіреп тоқтаған.

Тіршіліктің бастауын,

Қазғұртттан бастаған.

Қазақ жері Құдайдың,

Назарына шалынған.

Зияраттаған пенделер,

Үніне құран жалғанған.

Табан мен төбеден,

Аппақ нұрға малынған.

Артына ерген шайтаннан,

Ойпаттан өтіп арылған.

Шын ниетпен сұранса,

Қаралықтан аршылған.

Екі қол іспен жалғанған,

Қиындық келсе тағдырдан.

Жәрдем сұрап Алладан,

Нұрымен Раббы тазарған.

Жүрек түбі тазарған,

Қаннан шайтан жанғаннан.

Жібі үзілген тағдырды,

Оны қайта жалғаған.

Жұпар иіс байлықтан,

Ақ жаулық қуат қосылған.

Қазақтың иісі бойына,

Сіңіріп қайта жаңғырған.

Шариғат ісі парыздан,

Жеті өріс киім алдырған.

Дәретсіз барған пенделер,

Аманатты таптаған.

Жамандықты қостырған,

Шайтаннан жын жалғанған.

Адам ата, Хау ана,

Қолдауын пенде алмаған.

Ата жолы — ақ жолынан,

Ақ бата болып басталған.

Әлемге ислам бірлігін,

Айша ана туымен жалғаған.

Қазақтың елі сыналған,

Ақ қарасын айырған.

Қияметтің соғып сағаты,

Нәсілін тектің жаңғыртқан.

(Қараша 2018 жыл)

*****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *