Діндар болса да, құдайсыздар деп кімдерді атаймыз?

Бөлім: Ата жолы кітабы №1 145

/* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

Дененің «шамы» көз. Көзің кіршіксіз таза болғанда өмірің нұрға кенеледі. Ал егер аш көз болсаң, өміріңді қараңғылық басады. Сондықтан өміріңде нұр орнына қараңғылық болмасын, байқа! Егерде бүкіл өмірің нұрға кенеліп қараңғы жерің қалмаса, онда ол шамның саған сәулесін төккені секілді түгелдей жарық болады.» (Ізгі хабар 11-тарау. 34-36).

 Ғиса пайғамбарымыздың ескертуі бойынша ақыл жарығының шамын (шырағын) өшіретін және діншінің ең бір осал жері аш көздік. Қазақ елінде болып жатқан дін аралық сынақтардың бір себебі осы жоғары лауазымдағы діни сауаттылардың және кейбір әкім қара, ояздардың ақылдарының саяздығы мен аш көздігінен, тіптен Алла жолында мал жұмсау түгіл өздігімен халықты тазартуға ниеттенген емші т.б. сауап іздеген пенденің бәрін қудалауда. Яғни, інжіл амалдарына шамға «шырақ» жағу, артық хайыр жасап және жанды сүннеттеу  амалдарына қарсы. Діни сауатты аталған топтар діннің тек жер анамен нәсілдік байланыста, жер кезіп табан арқылы ғана (тәурат, інжіл, забур) жан ғылымы болып, ақирет өмірі тек ақиреттік болған жандармен байланысқа түсіп және оларға бодау төлеп қана өз нәтижесін беретінін ұмыттырып, тек көк арқылы, яғни періштелер арқылы ғана байланысу керек деген ұғымды тықпалауда. Сондықтан мен оларды алда бес парыздан басқаны білмегендіктен алтымен араздасып шариғатты жол қылып, халықты адастырушыларды; «парызшылар»  деп атауды жөн көрдім.

 Сонда егер тек «намазхан» болса, онда арап ұлты сияқты негізгі құранның оқылу тазалығы мен белгілі болған үгіті мен парыз үкімдерді ғана қадағалаушы, яғни парызшы. Олар үшін тәубаның бір-ақ сатысынан өтіп тек ғибадат жасау маңызды. Ал тәуба ішіндегі күнәдан құтылу үшін, тағы тәубаның белгілі сатылары болып шүкірлік амалдарының дәстүрлік сипатынан басқа ғұрыптық және қосымша артық хайыр жасау арқылы сауапты көбейтуге болатыны оларға беймәлім. Сондықтан тәубаның негізі діннің тура жолының тазару амалының бір көрінісі шайтанның ықпалына еріп, ақыл ойы тұтқынға түсіп жүйке ауруына ұшырағандарды жынның ықпалынан арашалап, тазартып, иман келтіру үшін жер кезіп (ақыл,ой-Әлиф лам мим) есіктерін табу болып табылады. Құранда; «Жақсылық пен жаманшылық тең емес. Жамандықты ең көркем түрде жолға сал. Сол уақытта сені мен екеуіңнің араңдағы дұшпандық болған біреу, өте жақын достай болып кетеді. (34) Бұл қасиет сабыр еткендерге ғана нәсіп болады. Сондай-ақ бұл сипаттарға зор несібелілер ғана ие болады» (41-35).

 Осындай иман есіктері арқылы нұрдан үлес алып, емшіліктің жоғарғы дәрежесіне жету діннің биік шыңы болып есептеледі екен. Енді Інжілге жүгінсек: «Бір күні Иса біреуді мылқау қылып қойған жынды қуып шығады. Жын шыққан соң мылқау сөйлей бастады! Жұрт бұған қайран қалды. Бірақ кейбіреулері: «Анау жындарды солардың әміршісі безбүлдің (яғни, әзәзілдің бастығымен шайтанмен) күшімен қуып шығады!» деп жала жапты. Басқалары Оның билігін (аруақтың құдіретін) сынау үшін Исадан көктің құдіретімен бір кереметті көрсетуін талап етті. Бірақ ойларын білген Иса оларға былай деп жауап қайырды. – Жікке бөлініп, өзара соғысып жатқан әрбір патшалық жойылып бос қалады. Өзара ұрыс-керісте тұрып жатқан әр үйдің шаңырағы ортасына түсіп күйрейді. Егер шайтан өзіне-өзі қарсы соғысса, оның патшалығы қалай жойылмай тұра алар еді? Ал сендер мені жындарды безбүлдің (яғни шайтанның) күшімен қуып шығады дейсіңдер. Егер Мен жындарды соның күшімен шығаратын болсам, онда сендердің шәкірттерің оларды кімнің күшімен қуып шығарады? Сондықтан айтқандарыңның бұрыстығын өз шәкірттерің әшкерелейді.! Бірақ Мен жындарды Құдайдың құдіретімен қуып шығамын, демек, араларыңда Құдайдың патшалығы орнаған! Күшті біреу үйін қару-жарақпен күзеткенде оның дүние-мүлкі қауіпсіз. Бірақ онан да күшті біреу шабуыл жасап жеңсе, әлгінің сеніп жүрген бүкіл қару-жарағын тартып алып қолға түскен олжасын үлестіріп жібереді.» (11-тарау 14-22).

 Бұл өсиеттің сырын  құранда да қайта-қайта ескерткен. Иманың күзетшісіз болса түбінде айырылып жол байлау болатынын ескертеді. Құранда; «Әркімнің алды-артынан Алланың әмірі бойынша өкшелеп, қорғаушы бар. Расында бір қауым, өзін өзгертпейінше Алла, оны өзгертпейді. Сондай-ақ егер Алла, бір қауымға бейнет тілесе, Сонда оны ешбір қайтарушы жоқ. Әрі олар үшін Алладан өзге жәрдемші жоқ.» (13-11) Ғиса пайғамбарымыз Құран түспестен бұрын осы аятты түсіндіріп өткен. Сондықтан құдай патшалығының басты  қағидасы да Алла жолында мал-жанымен соғысу  болып және емшіліктің құпия сырларын меңгеріп, халықты әр түрлі сыртқы және іштегі кірлерден тазарту амалдарына жатады. Тәурат, Інжілдің негізгі қағидасы жынмен күресіп жеңіп шығу болса, онда қазақта  әулие бабаларымыз түгелдей жуық меңгеріп, небір кереметтер көрсеткен. Ал ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ақ бақсылықты сиқырмен, яғни қара бақсылықпен (магия, теріс дұға т.б.) шатастырып емшілік істерді дінші ағайындарымыз «шерік қосу» деп ашықтай мазаққа айналдырғанын қалай түсінуге болады? Сол сияқты кезінде «зікіршілер гипноз» деп де дау шығарған діни сауатты діншілеріміз өздері ораза кезінде тарауих намазымен бірге қалай зікір айтады екен? Жаратқан саңырау немесе соқыр ма екен?

Әулие бабаларымыздан келе жатқан дәстүрдің бірі қашаннан жын ауруларына шипа тауып емдей білген. Олай болса қазақ жерінде Құдай патшалығы қашаннан орнаған, болған! Онда Тәуратта, Інжілде, Забурдің де негізгі намаздар орындау амалдары қазақ халқында деп біліңіз. Енді араптарға түп аталарынан келе жатқан қылықтың бірі немесе әдетті аурудың біздің еліміздегі көрінісі десе де болғандай;  «Иса сөзін аяқтағанда бір парызшы кісі Оны түскі тамаққа үйіне шақырды. Иса барып, дастарқан басына жантайды. Оның тамақ ішер алдында діни қол жуу рәсімін орындамағанын ( дұға амалдарын орындамай, тек қол шайғанын) көріп, парызшыл таңқалды. Алайда Иса оған былай деді;  — Парызшылар, сендер ыдыс-аяқтарыңа сыртқы тазарту рәсімін жасай бересіңдер, бірақ ішкі дүниелерің алдамшылық пен арамдыққа толы! Ей түйсіксіздер, сыртын Жаратқан ішін де жаратты емес пе? Ең дұрысы мынау: иеліктеріңнен мұқтаждарға қайыр беріңдер! Сонда барлық нәрселерің де адал болады» (11- 37,41).

 Енді осы өсиеттің сипаты қазақ елінді қайталануда. Пайғамбарымыз ескерткендей бес уақыт намаз есігіңнің алдындағы өзенге бес рет шомылумен бірдей, яғни намаз оқысаң сыртқы кіріңнен түк қалмайды. Сондықтан қазақ діншілдері де сол тек намаз оқып намазхан аталсаң болды деп, ал іштегі кірден арылтатын сауап істер мен артық хайыр жасауға тыйым салып ел ішінде аш көздікті қалыптастыруда. Өліктер ұрпақтарының құрбан шалып, ұрпақтарының ақыретті еске алып зияраттауына мұқтаж, сол мұқтаждықты өтеуді; бодау төлеу амалы, жазия немесе Алла жолында мал жұмсап, артық хайыр жасау деп атаған. Онда біздің мешіттен бастап зияраттауға тыйым салып, аруақты арам дегендердің іштеріне шамнан «шырақтан» жарық түспеген арамзалар болып табылады. Сондықтан ондайларға жаратушы  үкімін Ғиса пайғамбарымыздың өсиетімен ескертсек; «Бірақ парызшылар (намазхандар), сендер қасіретке қаласыңдар! Тіпті жалбыз, тасшөп және басқа да әр түрлі майда-шүйде дәмдеуіш шөптердің оннан бірін садақа бересіңдер (намазхандар тек құрбан айтта ғана құрбандық шаласыңдар), бірақ та әділдікке және Құдайға деген сүйіспеншілікке (құрбандық, қасиетті жерлерді зияраттау, тазару, тәубеге, шүкірлікке) көңіл бөлмейсіңдер. Біріншісін де істеп, екіншісін де қалдырмауларың дұрыс болар еді. Парызшылдар (намазхандар) сендер қасіретке қаласыңдар! Мәжілісханаларда (мешіттер, өлікті жерлеу т.б.) төрде отыруды, әрі базарларда (ақпарат тарату орындары, баспасөз беттері) қошеметтеуді ұнатасыңдар. Дін мұғалімдері мен парызшылдар, екіжүзділер сендер қасіретке қаласыңдар! Белгі қойылмаған молаларға ұқсайсыңдар, жұрт олардың қабір екенін білмей үстімен жүріп арамданады.» (11 тарау 42-44 аяттар).  «Сонда Таурат заңын (Құранның арапша мағынасын) үйретуші ғұламалардың бірі: -Ұстаз! Бұл сөзіңіз бізді де ренжітеді,-деді. Иса бұған былай деп жауап берді:  -Тәурат заңын (немесе құранды арапша) үйретуші ғұламалар, сендер де қасіретке қаласыңдар! Адамдардың мойындарына көтеруге тым ыңғайсыз борыштарды (арапша құранды жаттату, шариғат деп ғұрыптық істерге тыйым салу, әр түрлі дұғалар, тек арап еліне ғұмыра жасату т.б.) арқалатып қоясыңдар, бірақ өздерің сол жүктерге саусақтарыңның ұштарын да тигізбейсіңдер.» (11 тарау 45,46).

 Негізінен Ислам дін ғұламалары, имамдар  көпшілік алдында зияраттауды теріске шығармайды, бірақ өздері сол әулиелерге, киелі жерлерге барып сәлем бермек түгіл қабірлердегілерді ұмыттырып, белгісіз болып кеткен ата-баба аруақтарының бастарын көтеріп белгі қоюға кіріскен керуеннің жолын кесіп, соттатып өздері де тірі өлікке айналып, белгісіз молаға айналуға жуықта жаратушы тарапынан жауабын алатынына күмәніңіз болмасын оқушым. Себебі, өздерінің құранды босқа жаттап мағынасын білмегеннен кейін мойынына кітап болып жүктеле бермек. Таудың өзі құранды толық алуға бас тартқанмен арап танушы діншілер бас тартпайды. Сондай дін бұзар ғұламаларға Ғиса пайғамбарымыз; «Тәурат заңын (құранды) үйретуші ғұламалар, қасіретке қаласыңдар! Сендер құтқарылу туралы білімнің кілтін (аруақ заңдылығын)  тартып алдыңдар, өздерің де кірмедіңдер (зияраттамадыңдар), кіргісі келгендерге кедергі жасадыңдар.» (11-тарау 52) Сондықтан Інжіл қағидасымен өліктерге құрмет және емделу, тазару амалдарын орындап қудалануға түскендерге (ата жолын уағыздаушыларға) Ғиса пайғамбарымыз: «Достарым, сендерге айтамын; тәнді өлтірсе де кейін басқа ештеңе істей алмайтындардан қорықпаңдар! Сендерге кімнен қорқу керек екенін айтайын; өлтіргеннен кейін тозаққа түсіре алатын Құдайдан қорқыңдар! Сендерге тағы айтамын: Одан қорқып, Оны терең қастерлеңдер!» (12-тарау 4).

 Халықты шындықтан бұру үшін Ғиса пайғамбарымыздың өсиет аяттарын ешқандай ислам ғұламаларының пайдаланғанын көрмейміз. Ал сондай діни сауаттылар інжілдің де сандық мәнімен орын орнына қойып есеппен жүйелеп оқыса Мұхаммед пайғамбарымыздың көрсеткен және өсиет еткен шариғат заңдылығының негізі екенін және көптеген құран аяттарының түсіндірмесі шығатынын білер еді. Сондықтан бұл өсиет аяттарды құранда ескертілген даналықтың белгісі Лұқа елшінің жазбасынан алып, Ғиса пайғамбарымыздың өзінің жерге кім болып түсетінін көрсететін, қазіргі таңдағы қазақ жеріндегі болып жатқан діни оқиғалар осы аяттарға байланысты екенін аңғаруға болады.. «Сендерге айтамын: Мені адамдар алдында мойындаған әркімді Мен де Билеуші ретінде көктен қайтып келген кезде Құдайдың періштелерінің алдында мойындаймын. Бірақ Менен жұрт алдында танған әркімнен Мен де Құдайдың періштелері алдында танбақпын. Көктен келген Маған қарсы сөйлеген әркімге кешірім беруге болады, бірақ Құдайдың Киелі Рухына қорлаушыларға кешірім болмайды.» (12-тарау 8-10).

 Ғиса пайғамбарымыз ешқашанда мен құдаймын демеген, керісінше періште сипатта қиямет мезгілдерінде билеуші болып, яғни періштелерге халықтар дұғасын жеткізуші болып келетінін ескерткен. Алланың сүйікті құлдарына, яғни періштелерге тіл тигізгендер тәубасына қарай кешіріліп, ал Киелі Рұхқа-аруаққа тіл тигізудің кешірілмейтін күнә екенін ескертеді. Сондықтан қазақта Алла кешіреді, бірақ аруаққа тіл тигізгендер кешірілмейді, аруақ атқан оңбас деп бекер айтпаған. Олай болса ашықтан-ашық аруақты қорлаған басылымдар және «Рұхқа табыну шайтани іс» деп мақала жазған діншілдер құдайсыздар аталып, міндетті түрде жуық арада жазаларын алмақ! Ал үкімет құзырлы орындарынан тек шаруашылықты (экономика) дамытып адамдардың құлқын толтыру арқылы ғана бақытты «зайырлы» (қайырлы) ел боламыз деп ұрандатып жүрген кейбір дәулеттілер мен әкім қараларға Ғиса пайғамбарымыз; « Бір бай кісінің егіндік жері мол өнім береді. Ол ішінен; «Не істесем екен? Астығымды жинап қоятын жерім жоқ,-деп ойланады. –Былай істеймін; қамбаларымды бұзып, үлкейтіп қайтадан саламын. Сосын өзіме; көп жылға жететін мол қорың бар, енді дем алып, ішіп-жеп, көңіліңді көтер деймін». Бірақ Құдай оған: «Ей түйсіксіз пенде, бүгін түнде жаның алынады! Сонда сенің жиып-тергенің кімге қалады?»-дейді. Өзі үшін байлық жинап, бірақ Құдаймен қатынасында бай болмаған адамның ақыры осылай болады.» (12-тарау16-21).

 Шаруашылықты меңгеріп, жер өңдеу мен өндірістің үнемді тәсілдерін жетілдіру, еңбек ете білу діннің басты қағидасы, бірақ тек ақшаң болса, артық қоймаң мен қазынаң болса зайырлы, өркениетті елге айналып еркіндікке жеткенмен құдайдың құрығынан,  ел апаттары, әр түрлі қасіреттер мен өлімнен қашып құтыла алмайсың деп ескертеді. Сондықтан қазіргі таңда шалағай шыққан заңнан немесе құдайсыз діншілдердің арбауына түсіп жерінен, яғни ұлттық дінінен ажырап, әр түрлі жол байлау қыспақтарға түсіп жүрген бауырларға ата жолының ақиқаттың бастауы болып, әлі әлемге қазақ елінің мәртебесін паш ететін уақыттың да таяу екенін аруақтардың, яғни Құдайдың Киелі Рұхының атынан құран ұстап алдын-ала ант беруге болады! Себебі сондай қауымға Ғиса пайғамбарымыздың жолдауынан: «Шағын қауым қорықпа! Патшалығын тапсыруға ризалық еткен. Мал-мүліктеріңді сатып (құрбан шалып) мұқтаждарға үлестіріңдер! Осылай өздеріңе «тозбайтын қалта» жасап, таусылмайтын байлықты көкте жинаңдар. Сол жерде оған ұры да жақындамайды, оны күйе де жемейді. Байлықтарың қайда болса жүректерің сонда.» (12-тарау 32) Ал Құранда; «Шүбасыз садақа беруші әйелдер, сондай-ақ Аллаға көркем борыш бергендер, (тиісті орындарға мал сарп қылғандар) оларға неше есе арттырады әрі олар үшін көркем сыйлық бар. (18. – інжіл саны) Сондай Аллаға, Елшісіне иман келтіргендер, Міне солар, Раббыларының қасында шыншылдар және шейіт болғандар. Олар үшін сыйлықтар және нұрлар бар. Ал сондай қарсы келіп, аяттарымызды жасынға шығарғандар, міне солар, тозақтық.» (57-19) «Аллаға, ахирет күніне иман келтірген бір елдің; аталары не балалары яқи туыстары болса да Аллаға, Елшісіне қарсы келгендерді сүйгенін көрмейсің. Міне солардың жүректеріне Алла иман жазған әрі оларды Өз жағынан бір нұрмен қолдаған. Және оларды астарынан өзендер ағатын әрі онда мәңгі қалатын бейіштерге кіргізеді. Алла, олардан разы, олар да Алладан разы. Міне бұлар (осы сандық мәндегі), Алланың жамағаты. Жақсы біліңдер. Дау жоқ, Алланың жамағаты, олар құтылушылар.» (58-22).

 Иман жүрекке зейнеттеледі, ол үшін 58 санның құпиясын, яғни сүре амалдарынан өту керек екен. Қазақ халқына бұл амалдар оңай. Ол Құдай заңдылығы, Алланың патшалығын мойындау! Демек, елді бірлікке шақырып, салт-дәстүрімізді, ғұрпымызды жаңғырту жолында ата жолында халықты тазаруға және емдеу шараларын жасап, дінге  шақырушыларға шейіттік  (сахабалық, елшілік) дәрежелер беріледі екен. Бұл аяттарға байланысты қай елдің көкте мол қазынасы (рухани байлығы), сол елге де жұлдыздардан (Құраннан) Алланың нұры түсіп, жаңбыр да мол, астық та бітік, жер қазынасы да молынан көрініп, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайды екен. Сондықтан да Ғиса пайғамбарымыз: «Бес торғай екі теңгеге сатылмай ма? Дегенмен олардың біреуін де Құдай ұмытпайды. Тіпті бастарыңдағы шаштың да саны Оған белгілі! Сондықтан адамдардан қорықпаңдар: Құдай үшін сендер көптеген торғайлардан да қымбатсыңдар!» (12-6).

 Саналы сауатты діншілер! Әрқайсыларыңның үстіңде және арттарыңнан сол боз торғайлар түс, аян болып ене алмай шырылдап жүргенін ұмытпаңдар. Аруақ жоқ деп барыңнан бас тартсаң, өзің де жоғалатын тылсымның басты заңдылығы. Сол торғайларды құранда да; «Олар, көктен және жерден алды-артындағы нәрселерді көрмей ме? Егер қаласақ оларды жерге жұтқызамыз не үстеріне көктен кесектер түсіреміз. Рас мұнда Аллаға берілген әр құл үшін ғибрат бар.» (34-9). Егерде осы аяттың ғана сандық мәнімен жұбын, сосын парын тауып, одан барып бірнеше сүрелердің пайда болатынын білсеңіздер, ғибрат алар едіңіздер де, өз-өздеріңе және арттарыңнан ерген халыққа да зұлымдық жасамаған болар едіңдер құдайсыз діншілер! Бес торғайы екіге қосылып аққу, сұңқарға айналғандардың көбісін әкім қаралармен бірігіп надандықпен таспен атып тастадыңдар. Аққуға тас атқанның түбі, аруақтың назына қалатыны шәксіз. Құс тілі мен құс ілімін (түс ілімін) сұңқарлық  қасиетсіз пайғамбар бола алмайтынын білмейді діншілдер.  Діни сауатты болсаңдар астарлы аяттардың құпия есебін сандық мәнімен шешіп, сүресін тауып көрсетіңдер!

Әлемде неге 2012 жылы қиямет оқиғасы болады деп дүрлігіп жатуында да негіз бар. Ол, інжіл қағидаларының 12 санымен берілген үкімдерге, ескертулерге байланысы бар. Егер 2012 жылын екілікпен дәрежелесек; 32-сан Сәжде Алланың бұйрығы, уәдесі келуін ескертеді. Ал енді інжілдегі 11 санына «Рахман +Рахим» =11 санымен ғибадаттың толық негізін Құран сүресімен «Құт-аб» (Һұд) болып шығады. Олай болса намаздың ортасы бес парызды орындау арқылы адамзатқа берген жаратқанның «Рахим» ды алып, сосын алтыншы «Рахманға» сәжде жасау, әр ел өз жол жобасын (шарио) тауып, ілімнің білімін іздеп, яғни «Биссимилляһи»-12-ні біліп, 23-пен мүмін аталумен нәтижеленеді. Сондықтан сопылық амалдарға жататын 11 санымен өрілген таспихтың құпиясы осыдан кейін ғана басталады. Бірақ ислам әлемі оны ұмытып, дін намазын орындауды қысқартып тастағанымен,  қазақ әулиелері аянмен ұрпақтарына үйретіп көрсетуде. Тек өкінішке қарай Ата жолының негізгі жауы, сол әулиелердің қасиетті ұрпақтары. Дін сауатын меңгеріп, діни сауатсыздарды заң шығарып қудалап, жеңіске жеттік дегенімен, керісінше олардың нағыз қасиеттің шыңдалуына көмектесуге септігін де тигізгенін мойындау керек.

Дінің негізгі белгісі тақуалықты меңгеру, Алла жолындағы соғыстың сынағының негізі қалайда өз туысқаның, бауырыңнан немесе үкімет тарапынан болсын қудаланып жапа шегу керек. Егер өзің жасаған қылмысқа қарай жаза тартсаң ол жапа болып есептелмейді. Өзің істемеген немесе жазықсыз әділ ісіңе жапа көріп, оны сол қалпында қабылдап, сынағына төзіп, әділ істен бас тартпай, адамнан емес құдайдан қорқуды Алла жолында соғыстың басты қағидасы болып табылады. «Ар қайда?Рахым қайда? Әдеп қайда? Быт-шыт боп неге жүрміз әрбір сайда? Көз жұмып, «Көппен көрген ұлы той» деп, береді бұл надандық кімге пайда? Жатпалық жалқауланып тіпті жайға! Жайлы ақыл ойланалық жанға пайда? Кейінгінің қалмалық обалына! Сонда мақұл боламыз бір құдайға.» (Шәкәрім ата аманаты).

 Бабалар аманатын шекпенін жауып өздеріне қайтаратын күн жетті бауырластар! Сондықтан иманды тек Алла береді деген үмітпен жаратқанның адастырған ғалымдарымызды, діншілерімізді, жазушы қауымдарының жүректерінде ана сүтімен келген қандағы тілге байланысты ділдік 11 -«уақ» жұлдыздық белгіге ана тілінің, сөз қуатының инедей иман жарығының сәулесі түссе, есін жиып өлген ұжданы тірілсе, жоғалтқан «ар»-ын іздер деген үмітпен және ағайынымыз ұрпақтарының алдында масқара болып, еліне еткен еңбектері зая кетпесін деген ниетпен тек бұл ақпараттар белгілі болғанның бөлшегі ғана. Қашанда екі көзің бірі-біріне жау болғандай негізгі басты жауымыз ата жолының ішінде ақу, сұңқар болып, шариғатқа қарсы тырнақ сояудай, бұтта шалбар, басты жартылай орай салған, ақыл-есі кеміс, тілі мүкіс, толық дәреті де, намазы да бойында жоқ, батаны өзі ойдан, түйсіктен, сезімнен сылқытып жүрген ақ жолдықтарымыз. Оны түзейтін ел болып қолға алатын Алладан нығмет беріп қойғандардың сиқын жоғарыда көрсетіп кеттім. Енді кім қалай түзейді деген көп қайғы ғана жанды жегідей жеген жайы бар. Қатын басқарып ел болып дін түзелмейді. Егер ер болып туып, ата жолын қуып, бақ берсе аспайтын, сор келсе саспайтын ұжданға берік ақ жолдық азаматтарды қайта Айша ананың ақ туының астына шақырамын. Біздердің қазіргі таңда жетістігіміз де бар, жетпейтін әлі үйренетініміз де бар. Жетістігіміз ақ жолдың басты қағидасы, ғылымы, болашақта үйретіп тарататын мөр ашу қағидасы мен Құранның ислам әлемінің ойына келмеген, бірақ аталарымыз меңгерген бақсылық мұғижалар қағидасы мен емшілік істер және құранның құпия сырларын меңгеру тақуалық амалдары бар. Онымен қоса әлемді қазақ елінің алдында тізе бүктіретін құпия қазыналардың, мұрағаттардың белгісі, орындары, құпия шежіре сырлары және Отырар кітапханасының аянмен көрсеткен, зияраттап белгіленген, болашақта ашылатын есігінің кілті де бар.

Біздің мақсатымыз мен ғана білейін дегендей атақ, дәреже алу мақсат емес, керісінше ең кемістік сынағымызда сол болып, аманаттарды орындарына егелеріне табыстап, сол мұрағаттарға еге болып, сырын оқып, әлемге танытатын қасиет егелерін дайындауда. Егер оқырман сізге ордаға барып аруақтардан бата алуға аққу, сұңқарлармен кездесіп жүздесуді Алла бұйырған болса тартынбаңыз барыңыз, бірақ бойында киімі, аузында сөзі, намаздары, әдебі қазақ дәстүрлі әдет-ғұрпына сай болмаса немесе өзі әдемі, ал үйінде арсыз киіммен, шариғатқа жат қылықтармен байқалған пенделері, орда мүшелері болса ол ақ жолдық немесе бізден емес! Таза емес жерде таза аруақ болмайтынын, күнделікті тұрмыстық тілінде ауыздан таза сөз шықпаған пендесінде де таза бата болмайтынын ескерсеңіз болды. Батаның да ғылыммен, сөздің астарымен және сандық мәнімен, қуаттық шамасымен өлшеніп, болашақта қалай зерттеу  құпиясын да жариялайтынымыз сөзсіз. Сондықтан сондай жауапсыз пенделерден жәбір көргендерге ақ жолдан мүлде безу керек деген ой емес, керісінше сын айтып, көпшілік болып жөндеп тазару жолына қайта салайық, бірге үйренейік. Сонда да ескерту де пайда бермейтін, қасиетті мақтанға, табыс көзіне айналдырып, көкірегі аспанда, аманатты арамдап, ақ жолды теріс қылып, елдің арасына жік салған, алда да бүлдіре беретін мен білем «Білдіман» шайтанның арамызға кіргізген сарбаздары деп біліңіз де жария әшкерелеп, соларға тыйым салатын заң шығарған әділеттілік болар еді үкімет тарапынан.

Егер аруақ қалай сөйлейді адам баласы арқылы  деп Аққу, сұңқарларға  күмәндансаңыз онда киелі кітаптарға қайта иман келтіру үшін Інжілді сандық мәнімен Құранмен салыстырып оқып көруді ұсынамын.  Мысалға; Інжілде елші істері 2-тарау; «Бұлар сендер ойлағандай ішіп алған емес, қазіргі уақыт таңертеңгі тоғыз ғой. Қайта ежелде Жоел пайғамбар айтқан мына сөздер орындалып жатыр: « Құдай былай дейді: осы заманның аяғында, Мен өзімнің Рухымды бүкіл адамзаттың үстіне төгемін. Ұл-қыздарың пайғамбарлық сөз айтады, жас жігіттерің аян, қарттарың түс көреді. Сол күндері Мен құл-күңдерімнің үстінен Киелі Рухымды төгемін, олар да пайғамбарлық сөз айтады. Мен аспан мен жерде қан, от және бұрқыраған түтін сияқты кереметтер мен ғажап істерді көрсетемін. Иенің ұлы да салтанатты күні келмей тұрып, күн түнекке, ай қанға айналады. Ал Иемізге (рұққа) сиынған әркім құтқарылады.» (2-15, 22)  2012 жыл арасында күн мен айдың ерекше тұтылуы болып осы киелі кітапта жазылған оқиғалар әлемде болып адамдардың үрейі ұшып, кәпірдің өзі мұсылман болуға құтылуға ұмтылатын, топ-топ болып дінге кіретін заман басталады. Онда неге қазаққа келген құдайдың тойына бармаймыз? Сонда адамдар арасына билік жүргізу толықтай Алланың сүйген құлдарына беріледі де; «Араларыңдағы кейбіреу бір даулы мәселе туралы келіспей қалғанда қалайша Құдай алдында ақталмағандардың (парызшылардың) сотына жүгінуге дәті барады? Неге мәселені Құдай халқының (аруақтардың) алдына қоймасқа? Болашақта құдай халқының адамзатқа билік айтатынын білмейсіңдер ме? Адамзатқа билік ететін өздерің болған соң, ұсақ-түйек даулы мәселелерді шешуге жарамайсыңдар ма? Біздердің (біртұтас адамдардаң) періштелердің үстінен де билік айтатынымызды білмейсіңдер ме? Сонда күнделікті өмір мәселелерін әлбетте шеше алуға тиіссіңдер?» (1-ші хат 6-1,4).

 Қарама-қарсы дауға түскен кезде біздердің, яғни бір тұтас адамдардың алдына жүгініп бата, аян, түс көру арқылы даулы мәселелердің шешілетінін екі ғасыр бұрын айтып кеткен. Онда ондай құдай патшалығының көрінісі қалай болмақ? Ғиса пайғамбар; «Құдай Патшалындағы жағдайды мынаумен салыстыруға болады: Бір патша баласының үйлену тойын өткізуге дайындалып, қызметшілерін шақырған кісілерін алып келуге жібереді. Алайда сол адамдар келгілері келмейді. Патша басқа қызметшілерін жұмсап: — Шақырылғандарға айтыңдар, мен қонақасымды әзірлеп қойдым, өгіздер мен бордақылаған торпақтар сойылып, бәрі дайын тұр. Тойға келе беріңдер! дегізеді. Бірақ олар шақыруды елемей, біреуі егіндік жеріне, біреулері саудасына кетіп қалады. Тағы басқалары қызметшілерін ұстап алып қорлап, өлтіріп тастайды. Мұны естіген патша каһарланып, әскерін жұмсап, әлгі кісі өлтірушілердің көздерін құртып, олардың қаласын өртеп жібереді. Сонан кейін қызметшілеріне: -Той дайын, ал шақырылғандар оған лайықсыз болып шықты. Енді жол тораптарына барып, кімді кездестірсеңдер, соларды тойға шақырып алып келіңдер! деген жарлық береді. Жан-жаққа аттанған қызметкерлер кімді кездестірсе-жаманын да, жақсысын да, бәрін жинап алып келеді. Той болған жер адамдарға лық толады. Патша келгендерді көруге  кіргенде тойға сай киім кимеген біреулерді көріп, одан: -Достым, мұнда той киімінсіз қалай кірдің?-деп сұрайды. Ол үнсіз қалады. Патша нөкерлеріне:-Мынаны аяқ-қолын байлап, сыртқа қара түнекке лақтырыңдар! деп бұйырады. –Сол жерде зар еңіреп жылап, қинала тістенетін болады. Себебі шақырылғандар көп, ал таңдап алынғандар аз» (22-тарау 1, — 14).

  Бұл өсиеттің сандық мәні құрандағы хаж, яғни зияраттау амалдарымен сәйкес болуы да көп мағынаны астарлап көрсетеді. Құдай тойына шақырылғандар қазақ елі егемендік алысымен дін соңына түсіп ізденіп, қазақ әдет-ғұрпынан, салтынан бас тартып, арапшыл тақуа болып, бірақ аянмен шақырушы болып келген аруақтардың кісілігін мойындамай, аянға мән бермей, дұрыс жорымай, ақырында жан үйлері өртеніп, жүректері мөрленіп, арап тілі мен сөзінен басқаны менсінбей тек құранды жатқа соғып жүрген және байлық соңына түсіп немесе білімді аталып жүрген жазғыштар, айтқыштар, әкім қаралар болып табылады. Ал соңына қалай болса солай тойға келіп, бес парыздық той киімін кимей түбінде тозақтық болып аласталатындарға аққу, сұңқарлар аталып шариғат амалдарын да толық орындамай және бір келіп жағдайын түзеп намазхан болып мешіттерге тығылып аруақтан теріс айналғандар тобын жатқызуға болады. Бірақ құдайдың той әлі басталған жоқ, берілген азық желінген жоқ. Сондықтан таңдау да, шақыру да әлі жүріп жатыр. Негізінен той киімін қамдап, бірқалыпты иманын жалғандыққа айырбастамағандар, 9 жыл сынақтан діндерін аман алып өткендер тойдан үлес алуы сөзсіз. Сондықтан мейлі қандай салада болсын; қойшы, егінші, ғалым, ел басқарушы, әкім, ояз, қолына қалам алған өнерлі сөз шеберлері және дінші т.б. қазақ бауырларымды осы тойға шақыра отыра; «Жаман жеміс беретін жақсы ағаш жоқ. Әр ағаш өз жемісімен танылар: «шомырттан өрік, жабайы бұтадан жүзім жиналмас. Ізгі адам жан дүниесіндегі игілікті қазынадан игілік алып шығады, ал зұлым адам жан дүниесінен арамдық алып шығады. Жан дүниең неге толса, аузың соны айтар. Басқаларға үкім айтпаңдар, сонда сендерге де үкім шығарылмайды. Айыптамаңдар, әйтпесе өздерің де айыпталасыңдар, кешіріңдер, сонда сендер де кешірілесіңдер. Беріңдер, сонда сендерге де беріледі: шайқап, нығыздап, толтырып, тасып төгілген мөлшерде салып беріледі. Қандай өлшемді қолдансаңдар, Құдай сендерге де сонымен өлшеп береді.»  Және ата жолы адасушылар, діни сауатсыздар деп қолындағы бар мүмкіндікті пайдаланып, Құдай үкіміне қарсы тұрып елді адастырғандарды да; «Неге бауырларыңның көзіндегі тікенді көре тұра, өз көзіңдегі бөренені байқамайсың? Өз көзіңдегі бөренені көрместен: «Бауырым, кәне, көзіңнен тікенді алып тастайын» деп қалай айта аласың? Әй, екіжүзді! Әуелі көзіңнен бөренені алып таста, бауырыңның көзіндегі тікенді содан кейін анық көріп, алып тастарсың!» (Інжіл)  Ғиса пайғамбар Мәриям ұлы.

«Бұл дүниеде де, ақиреттеде де Мәриям ұлы Ғисаға адамдардан ең жақыны менмін. Пайғамбарлар аналары бөлек, бір атадан туған бауырлар, ал діндері бір.» (3443-х) «Жаным қолында болған Алламен ант етейін, расында, араларыңа Мариям ұлының әділ сот болып түсуіне жақын қалды, ол крестерді сындырады, шошқаларды жояды, жизаны (бодау, құрбандық, зияраттап тазару) мансұқ етеді және мал-дүние ешкім оны алмайтындай дүниеде көбейтеді.» (993-х) «Араларыңа Мәриямның ұлы түсіп, имандарың (аруақтарың) өз іштеріңнен өткенде қалай болар екенсіңдер?!» (1374-х)= (13;74; дәрежесі15). Бұл сандар Мұхаммед пайғамбарымыздың ақ жолға берген куәлігі. (Құранмен, інжіл аяттарымен салыстыр, оқы!)

Құрметті дін қандастар және ата жолы құдайшыл бауырластар! Енді біздерге бірігіп ашық ақпараттық кеңістікке шығып, құран арқылы ұлы күрес ашып, қасиетті кітабымызды әлем алдына шығарып, бабаларымыздың жүктелген аманатын ақтап және жалғастыратын уақыт жетті! Діннің тек намаз оқудан ғана тұрмайтынын; тәубе, намаз орындау, намаз оқу, намаздарды толық орындау, артық хайыр жасап Алла жолында соғысып, сөз, тіл ой еркіндігін қалыптастыру және де шығармашылық шабыт, емшілік, елшілік істерді меңгеру қарапайым шаруамен дәрежелі қызметкер немесе дінші бәріне ортақ қарапайым ұлттық үлгісін көрсете біліп, тура жолдың қазаққа тән үлгісін әлем алдында көрсетуге, құранның құпиясы қазақтың ежелгі сақ сөздерінде жасырылғанын дәлелдеуге бірігейік демекпін. Оған қазіргі таңда жеткілікті дәлел және тәжірибелер де жинақталып қалды. Енді тәжірибе алмасып бір-бірімізбен бөлісетін кезең туды. Сондықтан әуелі құранымыздағы БІР аятты (бір сөз емес) неге арап танушы діншілердің осы уақытқа (17 жыл) дейін түгендеп, орнына қоймағанын, неге халықтан жасырғанын, діни сауаттыларынынан көп болып сұрайық!

Егер де Құрандағы бір аяттың жоқ екенін дін ғалымдары әдейі жасырған болса, онда ой-сананы жабу үшін қазақ еліне жасалған ұйымдасқан әрекет және дінді бұрмалау әрекеттері болып есептеледі. Ал егер де осы уақытқа дейін бір аяттың жоқ екенін білмегендері болса, онда олардың құранды зерттеуші ғалым екендігінің өтірік  және діни сауаттары жоқ екендігіне өздері осы әрекеттерімен ғана куә болады. Олай болса қазақ елінде ислам танушы қандай да бір топ немесе жеке діни жолда болсын сопы ғалым немесе құранды қорғауға тиісті білімді тақуаның мүлде жоқ екенін көрсетеді. Егер теолог ғалымдар, философ зерттеушілер, тіл мамандары болғанның өзінде құран аудармаларын салыстыра отыра зерттеп, ондаған жыл өтсе де бағасын бермей тыныш отыруының өзі дінге қайшы ғылымға жат әрекет!

 Енді қарапайым халыққа діни сауатсыз аталған біздерге дін ғалымдарының баспасөз, ақпарат бетінде жария еткен қателіктерін және бүкіл халыққа ортақ оқылатын түсінігі терең аударманың растығын мойындаған пәтуасы керек! Бұндай қадам дәстүрлі дінімізді құрметтеп меңгеруге, жалпы халыққа иманға жол ашуға тиіс және діншілердің осындай тәубаның ішіндегі тәубасы арқылы елге келетін көптеген сынақтарды жеңілдетуге Құранның ақиқатын ашуға мүмкіндік туады. Сонда ғана Қазақ елінің тіл, сөз байлығы әлемде алдыңғы қатардан табылатынын растайтын хикмет пен дәлелдер ашыла бастайды. Және әлем білмеген құпия намаз орындау, оқу, жаратылыс сырларының сандық мәнімен осы Халифа Алтай атамыздың еңбегі арқылы айқын білінетінін, қазақ елінің бірден-бір мақтанышына айналары даусыз. Бұл аудармада кітап арқылы ислам әлеміндегі теология ғылымын және жан ғылымын меңгерген қазақ әулиелері екенін дәлелдейтін құраннан екінші дәлел де бар. Бүкіл ислам әлемінің тәпсіршілерінің сауаттылығының ақ-қарасы сол құпиямен анықталары даусыз. Үшінші;  құран арқылы оншақты тәпсірдегі қателіктердің ғылыми құпиясын, сандық, сызықтық бейнесін жариялап, тағы ислам «намазхандарының» бәріне ортақ серік қосқан қателігін құран арқылы жария етеміз!

Бұл қадам бір-бірімізді кемсіту емес, керісінше діндердің бірленуіне, адасқан жалған діндердің тізе бүгіп, әлем ғылымының жаңарып түрленуіне, сана қуатына жол ашады. Сонан кейін бүкіл әлем ғалымдарын, діндерін бей-жай қалдырмайтын жарияланатын кітап бар. Дінді бөлшектеп әлемде, қазақ елінде де қасірет және надандықтың ұрығын өсіріп жатқан дін бұзарларға Құран насихаты, ғылымы арқылы соғыс жариялап, ақ-қарасын әшкерелейтін кез туды!  Ата жолының, ақ жолдың ақиқаттың бұлағы екендігіне нақты дәлелдер болып, шежіренің жоғалған, үзілген, өзгертілгендерін анықтайтын, осы уақытқа дейін тығулы жатқан қазына, көрсететін мұрағаттар да бар, бірақ үкімет тарапына хабарлағанымен оған құлақ асар емес. Сол мұрағаттарды әлем алдына көрсетуге, мәдени ақпараттағы бауырластарды да ат салысуға шақырамын. Бұл біздердің ғана емес бүкіл түркі әлемінің ортақ байлығы, әлем алдында Алты Алаштан бүкіл пайғамбарлардың тарағанын дәлелдейтін мақтанышымыз, рухымыз. Бірақ бұл жағдайлар енді осы уақытқа дейін қарсылық көрсетіп, аяттарды, қазақтың дәстүрлі дінін, ғұрпын, сөзін, тылсымнан аруақ баталарын, «қандай әулиелік?» деп аққу, сұңқарларды мазаққа айналдырғандар үшін дәл сондай түрде өздеріне сынақтар арқылы ретімен жауабы да болу керек! «Айыптама, сонда айыпты болмайсың, үкім шығарма сонда өзіңе де үкім түспейді!». Аталарымыз бір жаманшылықтың түбі жақсылықпен аяқталады, сондықтан ақырын сұраңдар деген ескертуі бар. Ал құранда; «Және де олар: «Алла өлтірген біреуді (кісіні) тірілтпейді» деп, Алланың атымен қатты ант ішті. Олай емес, Өлікті тірілту Алланың шын уәдесі. Бірақ адамдардың көбі білмейді.» (16-38). Сондықтан зияраттап Рахманға сәжде жасағандарды діни саутсыздар деп өздеріне Алладан нығметке берілеген артықшылық, қызмет, дәрежелерін пайдаланып; Өліктер адамға пайда да зиян да тигізе алмайды деп Алланың достарын, берілген аяттарды, аманаттарды ақтаған, кітап алған әулиелерді мазаққа айналдырғандарды жазалау үшін енді; «Алла, оларға қайшылыққа түскен нәрселерін анықтау, қарсы болғандардың өтірікші екендігін білдіру үшін өліктерді тірілтеді» (39) «Бір нәрсенің (қияметтің мезгілінің) болуын қалағанда, сөзіміз тек қана оған: «Бол» деу; сонда бола қалады.»(16-40).

 Ол уақытта күн мен ай тұмшаланып әрбір пендесіне, мемлекеттерге үкімдер түседі де, Ерен ғайып қырық шілтен әскерімен елді аралап; «Олардың мазақ қылғандары өздерін тозақ болып баурап мойындарына жүктеледі және адастырғандарынан да жүктеледі, қараңдар үстіне артқандары нендей жаман жүк!» «…Сақ болыңдар! Оларға (сақтан үлгі алуға бас тартқандарға) азап келген күні солардан қайтарылмайды. Олардың мазақ қылған нәрселері бастарына жетеді.» (11—8).  «Сендер Алладан өзге қалағандарыңа табыныңдар. Расында, зиянға ұшырағандар, қиямет күні өздерін де, үй-іштерін де зиянға ұшыратқандар болады. Сақ болыңдар! Міне осы анық зиянға ұшырағандық» де. (15)  «Олардың үстерінде (қара шекпен-жын, ашу, ыза) де оттан түнектер; астарында (табаннан, тізеден қара шөңге) да түнектер болады. Міне Алла құлдарын осы арқылы қорқытады. Әй құлдарым! Менен қорқыңдар.» (39-16) «Кім Менімен бірге болмаса, сол Маған қарсы, кім Менімен бірге жинамаса, сол шашады. Ендеше сендерге айтамын: адамдардың жасаған бүкіл күнәлары мен Құдайды да қорлауларына кешірім беруге болады, бірақ Құдайдың киелі Рухын (аруақты) қорлаушыларға кешірім беруге болмайды. Көктен келген Маған қарсы сөйлеген әркімге кешірім беруге болады, бірақ Құдайды Киелі Рухына (аруаққа) қарсы сөйлейтіндерге не осы заманда, не келешекте кешірім болмайды.!» (Ғиса пайғамбар. М; 12-тарау 31-32).

Қарасай ауданы Алғабас ауылы Бейбітшілік №6. Қыркүйек айы, 2010 жыл.

Байтасов  Тоқберген  Кескір ұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *