Діл мінезі(174)

Бөлім: Зікір өлеңдер 103

Тұрақсыз мінезден,

Шикілік тұрар түбінде.

Алаңдаған көп жастың,

Ділі әлсіз бүгінде.

Әлсіз ділден талайлар,

Жалғанар қара нәсілге.

Жат жұрттың әдетін,

Әдеп қылған елінде.

Қазақылық нәсіл жоғалып,

Азған қуат тегінде.

Қарсылыққа жалғанып,

Жаны айналған өліге.

Ұғымсыздық бой алып,

Сөз киесін білуге.

Аналық сүтті сіңірмей,

Сөйлеген өзге тілінде.

Қаннан қуат жоғалып,

Асқынған ауру еліңде.

Діл сақтарлық ғылым жоқ,

Қаттылық артып қан тегінде.

Құндылық қалмай жастарда,

Ұлт жойылар түбінде.

Үш тілменен сайраған,

Меңгермей ұрпақ ділін де.

Тоты құстай сөйлейтін,

Жаттанды сөзбен білімде.

Елге билік еткендер,

Зұлымдық қылған еліне.

Дүниеге мас ессіздер,

Дұшпандық қылған жеріне.

Қиямет сынын соқтырып,

Жауабын берер түбінде,

Бауралып жатыр азаппен,

Антұрғандық сөзінде.

Құдайсыз қурай сынбасын,

Болмаса серті көңілде,

Ібілістің болдың ұрпағы,

Жансыз қалып өлуге!

(Қазан 2018 жыл)

****  *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *