«Жұмақ әйел затының табаны астында» деп дана аталарымыз өсиеттеп кеткен. Бұл мақал біздің ата салт-дәстүріміздің әйел теңдігін сақтау мен құрметтеудің көрінісі мен жалауы десек те болады. Сондықтан гүлді жұлмауға, гүл өскен жерді себепсіз басып ластамауға тыйым салып отырған. Гүл – ұжмақтың белгісі деп түсінген аталарымыз. Қыз баланы да гүлге теңеп, өлең-жырдың арқауы қылған. Түбі жат жұрттық деп болашағын болжап, қырық түрлі зиянды қылықтардан сақтануды бесіктен бастап үйретіп, болашақ өмірге таза қасиетті ұрпақ әкелуін, ана болып құрметтелуін, ден саулығының мықты болып, өмірдің даналықтарын бала кезінен меңгеруді қалыптастырған.
Қазағымыздың қазіргі жаратқанның сыйына бөленіп, дайын байлыққа белшеден батып, өзара бөлісе алмай ұрлап, тығып, шетелге асып жатуымыздың өзі осы дана бабаларымыздың, қасиетті аналарды тәрбиелеп әйел затын табиғатына қарай сақтап, тәрбиелеп біздердей артында ұрпақты қалдырып көктегі несібеміз сөз бақшамызды өсіріп болашаққа аманат етіп қалдыруында. Шәкәрім атамыз; «Ал және сондай иман келтіріп, түзу ғамал істегендер, ұжмақтық болып, олар онда мәңгі қалады.» «Кім өсиет етушінің қателескенінен немесе кінәлы болатындығынан сезіктенсе, араларын түзелтіп қоюдың оқасы жоқ. Расында Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді» «Енді, Мені еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын және Маған шүкірлік қылыңдар да қарсы болмаңдар.» (2-82,2-152) Құран аяттарын сана-сезімді, есті қалай жетілдіруді астарлап, өлеңмен өрнектеп түсіндіріп және орыс империясы кезінде ашықтан-ашық баспасөзге де жариялауға беріпті.
Жемісті, жақсы иісті бұл бәйшешек, Ойлансын ұлан болса сөз ұғарлық,
Аралайық, пайдасын көрем десек. Ақылдың шолғыншысы –ойқұмарлық.
Ұғымды, милы жастың ойын қозғап, Таза талап талпынып ойды айдаса,
Ұқтырар талай тәлім, талай есеп. Байқалар-көрнеу таса, жоқ пен барлық.
Болса да кейі ұсақтау, кейі кесек. Азат ақыл ойланбай мида жатса,
Тікенсіз гүл, жылансыз кен болмайды, Шіріп, тозып тартқызар ол бір зарлық.
Тікеннен жиіркеніп жеміс жесек. Сырын сынар талапты ер табылғанда,
Жақсы мінез, жаман ой айқындалар, Бұл бақшада мысал көп ой қозғарлық.
Осыны ұғайық деп ентелесек. Өкініштің үлкені — ойы тарлық
Тәтті жеміс, нұрлы гүл керек қылмас Ондайда ақыл болмас жұбанарлық.
Боққа төккен саламға тойған есек.