Ой –көлік, әйел-гүл, адамзаттың діл бақшасы.

Бөлім: Ата жолы кітабы №2 168

       Адам баласының басқа жаратылыс егелерінен шексіз көркем айырмашылығы артын, алдын, бүгінін байқап ойлай білу қабілетінде. Хайуан да ойлайды, бірақ болашағын аңғарып, артын шежіре тарихын білуі мүмкін емес. Сондықтан көру, есту қасиеттерінен жаратылған көп нәрселерден кем болсақ та, есесін оймен, ойшылдықпен толтырамыз. Сол оймен бармайтын жер баспайтын тауымыз жоқ. Бәрінен де жарықтан да, дыбыстан да жүйрік және бәрінен де кемел. Тек өлгенде ғана тоқтар сол ойлар. Ұйқы кезінде де еріксіз ойлантып қояр. Кім екен сол ақыл-ойдың кемесін жүргізіп тұрған? Сондықтанда; «Өліктер мен тірілер тең емес» деп ескерткен жаратушымыз. Мәңгілік өмірдің құпясын ашатын да жанды өсіретін де өшіретін де ой болар. «Жер мен көктің арасы теріс ойлар деп ескерткен» аятта. Демек ойдың да иісі, түсі бар. Дүниелік ойлар сасық болып, темекі шегуден,  әжетқанада, арақ ішілген жерлерде, сондай бас қосқан жерлерде айқай-шу, әндердің жемісі болса, жұпар иіспен мешіттерде, құлшылық орындарда, таза ауа мен Алла тағаланың ерекше жаратқан қасиетті орындарында, әулиелер зираттарында пайда болып тұрады. Ондай жұпар иісті жерлерді аяттарда; «Ойпаттарды басып өтесіңдер» (зияраттайсыңдар) деп ескерткен. Кеңістікте ойлардың жүретін жолдары да бар. «Теңіздегі кемені (ақыл-ойдың) мен қозғап тұрмын» деп ескерткен аятта. Сол кемеден үлесіңді үнемі толтырып отыру үшін түнді жаратып, ұйқыны мінезіңе қарай беріп, ақылыңа қарай жан, дене киімін жаратқан ойлана білсін деп. Сондықтан сыртқы «үлде» киіміңе қарай қарсы алса, ішкі «бүлде» жан киімің көркем сөз қорыңа қарай шығарып салар деген сонан қалған. Өзіңнің ішкі сырың қандаймын деп ойласаң солай киінесің, сыртыңды бейнелейсің. Әйелдеріміздің көпшілігі қазіргі таңда өзін жез өкшемін деп ойлау қалыптасты. Себебі тәнін ұялмай жалаңаштап, ұят шекарасынан аттап өтті. Ішкі сыры да, періштелігім де, мінезім де осындай деген ұғымды көрсетеді. Жыныстық қасиеттік ұясын хайуан ғана көрсетіп жаба алмайды. Жыныс ұяларын көшеге көрсетіп жүру ақылдың азуының белгісі. Неге? Енді ой ғылымына үңіліп көрсек.

      Иман өлшемі ұят болса, сол ұятты қалыптастыратын да ой. Бірақ бар нәрсенің жақсы жаманын оймен табу мүмкін емес. Білім ақылмен жұмсамаса, қайта зиянын тигізіп надандықты тудырады. Білімді адамның бәрі ұятты емес. Мына ел ұятты, сол елдің істегенін істеп тек солай жүрсек болды десек, сол елдің сөзін сөйлеп, жер бетінен тұқымыңмен қоса жоғалып кетесің. Рұх есебі шықпайды, өспейді. Рұхтың да саны, өлшемі бар. Екі жұптан тұрады. Құранда сондықтан болар; «Мен сендерге есту, көру, ойлау қасиеттерін бердім, сонда да түсінбейсіңдер ме?» деп ескерткен. Түсіну қасиеті тек ана тілге ғана тәуелді түрде өседі. Қазақта мал тапқыш пендені ақылды санау қалыптасқан. Мал, дүние Алладан берген несібе сынақ, қалай жұмсайды деген. Енді Құрандағы түсінікке байланысты аяттарды төмендегідей  жүйеге біріктірсек: Есту қасиеті; дұрыс тамақтануға, (арам ас жемеу) зинақорлық жасамау, дұрыс киіне білу және таза сөйлеуге тәуелді. Көру қасиеті; тамақтануға, тән тазалығына, ұйқыға және тәнді қоршаған ортадан қорғауға киімге тәуелді. Ойлау қасиеті; ана тіліне, алған тәлім-тәрбиеге, дәстүрге, ұлттық ерекшелікке және түс көру қабілетіне байланысты. Осы үш қасиеттің жиынтығынан және бес сырттан келетін қуаттардан сөз туындайды. Ал тіршілік үшін жинаған сөз қорын ақыл деп атаймыз. «Ақыл — сөзде, мейірімділік — көзде» деген нақыл бар. Барлығы жиналып жанға қызмет жасайды. Жандағы белгіні осы қасиеттердің жиынтығын сезім деп атаймыз. Сезімдер жүйесін жүйке деп атау қалыптасқан ғылымда. Сезім қуатының екі белгісі бар. Түн және күн теңдігінен тұрады. Сыртқы қоршаған ортадағы ауыспалы мезгіл уақытына «Уақ»-қа байланысты қуат теңдігін сақтау әр пенденің өмір сүру ерекшелігіне тығыз байланысты. Сол теңдіктен пенде мінезінің  көктемі, жазы, күзі, қысы болып ауысып тұрады. Қазіргі қазақ халқының жалпы мінезі үнемі қыста қысылып жүрміз. Әйтеуір жанымызға бір отын жылуы жетпей жатқан сияқты болып іздеп кеттік, не іздеп жүргенін өзі білмей жүргендер қаншама. Ашуланшақтық әзілді түсінбейтін, іш тарлық, қызғаншақ көре алмаушылық пайда болып, бәрінің шешімі көп дүние табуда деп жарысқа түсіп кеттік. Тек көріп ойланатын немесе қалай естісе солай ойланатын қалыпты тауып алдық. Қараңғылық қазақты тұмшалап басып келеді. Ойымыз қараңғылыққа жұтыла бастады. Оған жарық қайдан аламыз? Әуелі жүйеге келтіріп көрсек. Ақыл сөзге тәуелді болса, сөз ес пен жадқа (зейінге) байланар. Естің күзетшісі тәрбие, салт-дәстүр болса шекарасын ұят қалыптастырып қорушы болар. Жад  — білім, ғылым, естіген, көрген болмыстардың түйіні, жемісі. Сана осы қасиеттердің жиынтық мөлшері болып, жүректе ұясы болып ынсапқа байланар. Ақылдың жұмсауымен сананы іс-қимылға, сөзге айналдырсаңыз АР-ға қуатқа айналып қайта еске қызметке келер. Сол сезімдер жүйесін жұмсайтын жан болар. Жан егесі тек Алла тағала, беретін де алатын да бір өзі. Ол күнді де түнді де жаратушы. Сондықтан жанның қараңғылығынан құтылу үшін тек жаратушымызды танып жан шуағын сұрауымыз керек екен. Сонда ғана санаға жарық түсіп, сана ашылып қуаттар қозғалысқа айналымға келіп сезім қалыптасады, аясы кеңиді. Сондықтан жан емшілерінің (психолог) жанды өзің басқарасың, сырттан жәрдемсіз өсіресің деп айтып жүргендері негізсіз көбі тек долбар. Оған дәлел;  Құранға жүгінсек ойлау қабілеті де жұп. Көріп ойлану және естіп ойлану. Демек әйелдік ой және еркектік ой. Әйелдер көріп ойланса еркектер естіп ойланады.  Тәндік сипатқа тығыз байланысты. Тән ылғалдығына, ағзаның таза жұмыстарына байланысты ғана көру қасиеті қалыптасады. Есту көру теңдік (ынсаптық) белгісін тәлім және тәрбие ғана қалыптастырар. Қазақта қыз тәрбиесіне ерекше мән беріп көру қасиетін шектеген «Қызға қырық үйден тыйым» деп көп естітіп тәрбие берген. Үй шаруашылығын, үй-ішінің тіршілік харекетін көбірек көрсетіп өсірген. Ер балаға естігенінен көргенін көп болсын деп, үнемі сырттағы шаруашылықты кеңістікте, табиғат аясында көп болуды тапсырған. Сонан барып; Көп жасаған біле ме, көпті көрген біле ме? деген нақыл қалған. Ұяда не көрсе ұшқанда қиядан шалар. Ер адамда қалай естісе солай ойлану қабілеті болса, әйелдерде керісінше, қалай көрсе солай қабылдайды. Неге?

      Себебі адам баласының қанында 11 жұлдыздан болып, сол жұлдыз  азығын тағам және сөз арқылы сіңірсек енді тәнде, жанда күн мен айдың жарығы, нұры болып, жалпы адам тәніндегі ақпарат асқазаны 13 санын береді. Сондықтан уақытымен жеткілікті дәрежеде күн ай қуатын алмаса ауру туындайды сана жабылады. Бірақ жыл саны 12. Сондықтан әйел заты ай несібесінен нәр алып, ай болып жанынан нұр еркекке беру жүктелген. Ер пендесіне күн несібелік болып жаратылған. Жұлдыз сәулесі жалпы адам баласына ортақ несібе тек қабілет, қасиетіне қалай туылған тегіне, ақыл-ой тазалығына, т.б көптеген адамгершілік қасиеттеріне байланысты көктік несібе, ризық. Еркек табиғаттан нәр алып күн нұрынан қуатты жарық бөліп шығарар. Айдың түспейтін қуысы болмас, көлеңкеге де жарық береді. Ал күн түспейтін жер көп. Әйел заты еркектің аяқ асты байқамағанын байқап жиыстырып отырса, еркек жақынды байқамай қашықты байқап отырар, алысқа жарығын түсірер.  Ой ортақ болып, тек білім, ғылым, көп оқу ғана теңейді таразы басын. Ортадағы сол безбенді (мизанды) ұстап теңестіріп тұратын тек Құран білімі. Қыздың жолы жіңішке деп мінез тербеліс жиілігін меңзеген қазақта. Айдың да 4 мезгілі бар 7 күн көктем, 7 күн жаз, 7 күн күз, 7 күн қыс болар. Сол тербеліс әйел мінезіне де әсер етіп, жиі өзгеріске ұшырап отырады. Әсіресе ай толған уақыттарда қауіпті. Еркек ауруымен ауырған күн түспеген әйел заты осы күндері өзгеріске ұшырайды. Жын аурулар қозады. Ондай аурумен ауырған ер пендесі ай түспеген тек жыл мезгіліне тәуелді өзгереді. Еркек мінезі баяу қалыптасады және солай сабырлық сақтауға бейім. Пайғамбарымыз өсиетінде; «Егер тау орнынан көшіпті десе сеніңіз. Егер сізге әлдеқандай бір еркектің мінез-құлқы өзгеріпті десе оған сене көрмеңіз, өйткені ол түптің түбінде қалпына қайта келеді.» (87-х) Себебі еркек жылдық тербеліске тәуелді. Сондықтан да қандай да ауру, әдетті жұқтырған әйелді қалыпқа келтіру ер пендеге қарағанда күрделі қиын. Тез өзгеріске ұшырап, шектен шығып, арнасынан асып кетуден жасынан қанына сіңірген тәрбие, ұят қана тежеп тұрады. Бірақ бар адам бір қалыпта болу мүмкін емес. Білім алып көп көрген сайын қайта тегіне, қалпына тартып кетеді немесе сол алған білім шеңберінен шыға алмайды. Сол теңдікті қалыптастыру үшін нәпсіні берген жаратушымыз. Әйел нәпсісі естуге құмар болса, еркек нәпсісі көруге құмар. Нәпсі басым болса, жеңіп кетсе, әйел өсекші өтірікшіге айналып, еркек зинақор, парақор әйелдік мінез қалыптасып, жылтыраққа құмарлық, көрсе қызар, өзін-өзі әдемі көрсетуге тырысып, иіс суы бұрқырап, өзін-өзі бояп жүргеніміз қаншама. Яғни қарама-қарсы мінез пайда болады. Қоғамдағы еркек мінезді әйелдер мен әйел мінезді еркектердің көбейуі сондықтан болар.

      Болашағын ешкімге болжауға жазбаған, тек қасиетті кітаптарда ескерткен. Тек қарама-қайшылық жағдайға түскенде өліктер арқылы ескерту беремін деп ескерткен. Жандық және тәндік әрі жоқ пендеге барын базарға салып жіберсе тек қасірет ауру арқылы ескерту түседі. Түбі көзге көрінбейтін қасіретпен аяқталары ақиқат! Осы ерекшеліктерге қарай әйелді еркекке және керісінше түрлендіру «Гендерлік саясат» мүлдем қисынсыз, әрі жаратушыдан ұлықсат берілген лағнет етушілердің лағнеті бар. Ондай түрленуді шайтан адам дейді, аятта мейлі еркек мейлі әйел болсын. Әйел пендесіне қиыннан қиыстыру міндеттелген болса, ер пендеге қиыннан жол табу жүктелген. «Тек еркекті ғана елші қылдым» деген аятта. Жолды да Алла тағала ғана сілтейді. Сондықтан «Еркектердің дәрежесін әйелдеден артық қылдым» деп ескерткен. Пайғамбарымыз; «Кімде-кім мұсылман дінінде жоқ жаңалық ойлап тапса, ол жоққа шығарылады. (770. х) Дін ісінде жаңалық ашамын деуден аулақ болыңыз. Сіздерге дейінгі өткен халықтар дәл осы себептен опат болған.» (306. х) Дін Алланың сөзі! Алланың сөзіне өзгеріс енгізу түзету апаттарды шақырады. Басқа бәле тілден. Аулақ, аулақ бәлекет өздерімен кетсін! «Ер бала жасын керер, қыз бала қасын керер» деген нақыл бар қазақта. Ой түзелмей сөз түзелмес! Өзің сүйкімді болмай, сөзің сүйкімді болмайды. Адамдардың бәріне сүйкімді болу мүмкін емес, тек «Құдайсыз қурай сынбайды» деп ойлаған пенденің аузы дуалы халыққа жағар қылығы. Әйел тек қылығымен ғана сөзі сүйкімді көрінеді. Шет елден келген ауру әйелдердің сөзін сөйлеп, жүгін көтеруге болмайды. «Кітап арқалаған есек» деп ескерткен ондайларды аятта. Сол сияқты еркек пен әйелдің жүгі бөлек. Жан ұя  құрып, бала туып, тәрбие беріп, өсіре алмаған, ерін піріндей сыйлай алмаған  әйел қашанда ауру, күн шуағы түспеген жеміс ағашы тәрізді. Алла тағала әйел затын тек сонымен ғана сынайды жарылқайды жәннатта! «Қатын дауысты еркекте қуат болмас, еркек дауысты әйелде ұят болмас» деген дана қазақ. Астарын оқысаңыз «Қатынның еркекке дауыс көтеруі ұят болса, еркектің қатынға айтқаны қуат болар». Еркегін Пірім деп сыйлағанға ғана КЕМ-ПІР— (еркектің жартысы) деген қасиетті биікке жетер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *