Мінез тегі қасиет

Бөлім: Ата жолы кітабы №2 143

      Бүкіл 18 ғалам сөзден ғана жаратылып, сол сөздің алты жағы болып, биіктігі тақ, көлденеңінен жұп болып белгіленген. Сондықтан белгілі дәрежеде қандай бір жаратылған нәрсе келесі бір болмысқа айналарында  белгілі бір тербеліске, жарыққа, иіске, болмаса дыбысқа айналады. Ал ол нәрселер көзге көрінбейтін кеңістікте сөзбен қайта бейнеленгенде сандар жиынтығын құрайды. Құран жалпы сөздердің қуаттық есебі болып, бүкіл жаратылыс сандар жиынтығы арқылы қамтылған. Тек қалай оқу тәсілін меңгеру керек. Енді жалпы сөздер қасиетін ұғу үшін тақ санын пайдаланып, білімін ұғу үшін жұп сандық мәнмен оқып отыру шарт. Енді арап тілінде аяттардың тербелістік қасиеттік құпиясы  беріліп ем шипа болса, ал жалпы үгіт насихатын білу үшін басқа тілге айналдыру керек.  Әлемге ортақ сөздердің ұғымы сандар жүйесімен анықталып, ал әрбір ұлттың өз тілінде үндік таңбалар жүйесімен белгілеу арқылы белгілі ұғымдар пайда болып сан мәнімен оқу арқылы аяттардың ғылыми насихаты пайда болады. Аяттардың сандық, есептік тізбегіне байланысты да түсінігі кеңіп немесе кеміп отыруын байқауға болады. Сондықтан құран сөздерін аударғанда Алла тағаланың жаратқан бүкіл нәрсесіне әр ұлт өз тілінде ат қойып шығу шарт.  Құран сөзі өзге тілге айналғанда төрт мағынаны беріп отырады. Барлық дау-дамай тудыратын да осы пайда болған ұғымдардың өлшемі мен қалай пайдалана білу мен аудармашының ойшылдық қабілетінде. Әлемнің жаратылыс нәрселерінің арасын жалғап тұрушы  ортақ қатынас құралы яғни тіл (үн) мен сөздің (дауыс) арасы сан.

      Енді әрбір сандар жиынтығының сызықтық бейнесі немесе белгілі көрінісі бар. Ол сызықтық бейнені адам баласы өз ойынан құрастыра алмайды, жаратушыдан уахи, аянмен көрсетіліп сөзбен салыстырып жорып барып мән-мағынасын анықтайды. Демек сызықтық бейнелердің яғни сандық тізбектердің де тақ және жұп екі белгісі болады. Сол шамасына қарай нәрсенің немесе сөздің ішіндегі тақ және жұп белгілерінің азды-көпті жиынтығы сол нәрсенің негізгі қасиетін сыртқы кеңістіктегі шегін, үйін белгілейді. Ал қасиеттер жиынтығы төрт жақты мұнараға айналып, тек Алла тағала жаратқан құпиялармен қосылып, Алла алдында қосылып жұп болып отырады. Осындай қатаң тәртіпті «Менделеев кестесінен» көз жеткізуге болады. Жұп санды жаратылған, түсірілген нәрсенің белгілі қасиеті, мәліметі, болмысы шектеліп, заңдылығы бекіген деп түсінсек, тақ ұғымын өзгеріп толықтыруға қажетті тек Алла нұрымен өлшеніп, қосылып айқын болуға тиісті нәрселердің нәтижелер шегін айтамыз. Сондықтан белгілі өлшемі, бейнесі және сандық құпиялары яғни сөзі бар барлық жаратылыс егелерінің алғашқысы да соңғы нәтижелері де белгілі қуаттық шамасы бар періштелер болып шығады.  Мінез күрделі кісі періштесі болып тәндегі сол қасиетімен айқын болатын бөлшектердің (періштелердің) өзара қатынасына тәуелді. Енді оң қолыңызға қарап отырып «АДАМ» төрт саусақ деп, екеуі әйелдік екеуі еркек болып, тек нәпсіні жеңіп барып,  қосылып, бірігіп барып бес саусаққа айналып, ұжмақ есігін ашады екен, әйелден еркектің сұрауы болса, еркектен әйелдің сұрауы бар. Бес саусақ қашанда бірдей емес, демек теңдікті тек Алла тағала береді. Өзі жаратты, өзі теңейді, өзгерту мүмкін емес! Себебі жарата алмаймыз. Қолыңнан келсе балаңды ұрпағыңды мінезін, қасиетін, тағдырын өзгертіп көр. Жоқ, құдайдан тілеп қана дұрыстайсың, онда да қылығын, ойын, еңбек ету қабілетін ғана, бірақ берілген мінезін емес. Сол мінез қайдан неден туындайды екен, есебін шығаруды оқырманның өзіне қалдырып, түсінігін қасиетті кітаптан жіктеп көрсек. Тек саналмайтын дүние болмайды, сондықтан сезімнің тәндік, тілдік белгілі саны 19, ал жандық дыбыстық саны да 19 болады. Адам баласының жаратылыста жерден алған үлесі, тұрақты несібесі. Есті қалыптастыратын 19 белгі әйелде болса, 19 белгі еркекте болады.

      Бар заттың тегі сөз болып, ерекшелікті ат қоюмен айқындасақ,  тілін білген, сөз астарын меңгерген  пендеге қасиетіне болмысына қарап қазақтан артық ат қоя білетін ел болмас. Қызды періште деп атап, күйеуге бергесін келіншек деп, «Іншек» деген құпия сөзді қосып айтамыз. Демек ДІН сөзінің ІН (үн) белгісі күйеуге тиген әйел баласында Д (сөз) қуаты, таңбасы күйеуінде болу керек. (Алдыңғы басылымда таңбалар есеп жүйесін береміз.) Бала туып еркіндігі шектеліп күйеу мен ошақтың берекетін, бала тәрбиесін ғана ойлаған әйел затын «қатын» деп атаған. Қатаңдау естілетіні де бағынышты бол деген бұйрық. Қазақтың Қа-сы қатында тұр. Қа-бастапқы нәсіл, құраушы сөз қуаты. Еркек ұрығынан пайда болып оны «тындырып»-тазартып өңдеуші әйел заты тек күйеуі бар болса ғана «ҚА-ТЫН», болмаса жоқ. Қатын әйел затының асыл қасиеті. Ал күйеуге ақылшы, шаруашылықтың басшысы болып, ел таныған кезде «әй-ел» деп атаған. Ел- нәсілдердің, белгілі бір тілдік үнге топтастырылған кеңістікте, адам азығында болатын  жермен, ұлттық ерекшелікпен байланысты үн қуаты. Сондықтан үн қуаты бар әйелдің жыныстық қабілеті де қасиетті.  Кей жағдайда от ағасы өмірден озып, орынбасар болып қалған әйел затына да байланысты аталған. Ұлды ұяға, қызды қияға қондырған шақта «ана» аталып ерекше құрметке бөленген. Яғни Алла тағала тарапынан өз міндетін орындаған болып есептеледі. Сол аналар ішінен елге ақылымен, қиыннан қиыстыра білуімен танылған, сөз және іс шипасымен, ерекше қасиетті аналарды «дана» деп атаған. Аналардың данасы биік шыңы «Мариям» анамыз болады. Себебі өмірге рух арқылы пайғамбарды әкеліп ақ сүтін берген. Қалған пайғамбарлар көбі өз анасын толық ембеген немесе жетім қалған. Сондықтан жетімде Алланың жасырын сыры, сынағы бар. Жетімді тәрбиелеу сауапты іс деп есептеледі. Тіл мен сөз бар жерде пайғамбар да бар. Сондықтан әр үмметтің әр халықтың үлгі тұтар өзінің іштерінен шыққан сөздің даналары, әйелдік тазалықтық белгісі, үлгісі бар аналары да бар. Айша анамыз қазақ әйелдері үшін әйел затының арының, үлгісінің үлкен белгісі.  Елін сүйген ерге, сол үшін жан пида еткен еркекке, өзінің ерекше сұлулығына қарамай, тегімен де санаспай, жастығына қарамастан барлық кедергіні аттап өтіп ер жігітке жар (тоқал) болуды қалап, өзін құрбандыққа шалған.  Ер азаматты жоғары ұстай білген. Үстемдікті аңсамаған, үстем еркектің жолына өзін құрбан ете білген. Сөзді елшілер арқылы түрлендіруші бір Құдайдың өзі болса, онда әйел затына берген жәннатқа шығар көркем мінездің 6 баспалдағы  бар. Ол үшін тәрбиелі қыз атанып, сосын күйеуге тиіп, келіншек болып Құдай берген балаларды өмірге әкеліп ақ сүтін беріп, қатын болып, қиындықтарды жеңе біліп, ерінің орынбасары болып қана жоғарғы сатыларға жету. Сондықтан даналық қасиет болып қалыптасса, бесіктен белі шықпай жатып еркекпен теңестіру ақымақтық іс болып, орысқа бодан болғанымыз аздай сығандардың  ел кезген сөзін сөйлеп, надан болмайық ағайын. Жаннат әйелдердің аяғының астында. Сол жәннаттың есігі жерге дейін етекпен қымталып, төбесін жаулықпен жауып  қоймаса ұшып кетеді. Аяғы арамданып, балтыры арам көздермен сұқтанған қыздан жақсы ұрпақ шығпайды, аналық сүті де толық құнары болмайды. « Құт-келіннің аяғынан.» Ал жыныстық мейірімділік, жіңішкелік белгісі періштелік таңбасы болып үкіммен дәлелі Алладан түскен. Қазақ қана ойлап тапқан жоқ. Сол мейірімділіктің, періштеліктің ылғалдылықта өмір сүріп иістену, кебу қасиеті бар. Заттық сипаты — нұр.  «Әйел адам гүлмен тең, дымды сүймек, Көзінен жасы шықса, бойына ем… Білектей арқасында өрген бұрым, Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.. Бұраң бел, бойы сұлу, кішкене аяқ, Болады осындай қыз некен-саяқ…Біреуді көркі бар деп жақсы көрме, Лапылдақ көрсе қызыр нәпсіге ерме! Әйел жақсы болмайды көркіменен, Мінезіне көз жетпей көңіл берме!.. Жоқ болса қатыныңның жат өсегі, Болмаса мінезінің еш кесегі.  Майысқан, бейне гүлдей толықсыған, Кем емес алтын тақтан жар төсегі.» деп Абай атамыз да әйел затындағы  нәзіктік, мейірімділіктің, мінездің әйел затына  жаратқанның берген көркем сыйы екенін ескерткен. Ал мейірімді адам баласы қашанда әлсіз болады, себебі алысты болжай алмайды. Қателесу шарт. Оған үнемі қорған, демеу керек. Бірін өсірсең бірі кемиді. Алла тағалаға ғана тән жұмыс теңестіру. Ойланайық ағайын! Ер азаматқа Алла тағала екі мінез берген, Ер пенде болып пендешілік істерін орындаушы болса, еркек болып Алла бұйырған шекарадан аспай өмір атты өзенге өз үлесін қосу. Сондықтан «Еркек тоқты құрбандық» қашанда. Осы екі мінезден ауытқыса қатындар қатарын толтырады, бірақ оны «Екі жүзділік» деп атаған. Сондықтан әйел затына көбейту таңбасын берсе, еркек затына қосу таңбасын берген. Үнемі көбейтіп отырам десең тағы жаңылысасың, қоспасаң көбеймей қалады. Ал көбейтіп қоса берсең шектен шығып тығырыққа тіреліп ой да, ақыл да жетпей қалады. Алу мен бөлуді ортаға тастаған. Кімнен нені аласың, нені бересің біріңе-бірің деп, бала мен дүниені сынақ қылып қойған да теңдік амалын табуды қасиетті кітаптар арқылы көрсеткен. Сондықтан болар аталарымыз: «Әйел дүние ұстаса желге ұшар, еркек бала бақса жер құшар» деп аманат нақыл айтыпты.  Келіңіз, енді қасиетті кітап арқылы тағы да ой туралы ойланып көрейік.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *