Мікір-хайла асынған,
Қызығын дүние таныған.
Мал, байлығы сүйгені,
Артық көріп жаныннан.
Қызуы мастық басылмай,
Маңдайдан соры аршылмай
Ғаріптікке байланған,
Айламен орын қазып-ай.
Ібілістің ісін білмейді,
Ашылған көкті көрмейді.
Қара бұлтты үйіріп,
Кісімсіп елге сөйлейді.
Жол-жобасын білмейді,
Хабарына Құдай сенбейді.
Сынық түскен сәуленің,
Көрнеуіне ілмейді.
Ішіндегі аласы,
Жанының бар жарасы.
Шат-шадыман бақытқа,
Дүниемен көз қарасы.
Сөзі мен өзі бөлінген,
Ақылы алған біліммен.
Есепсіз ойын терістеп,
Тұрлаусыз әдетпен дерттенген.
Кенелер еді ау бір жаны,
Тұрлаусызға байлаулы.
Түріп өтсе түңлікті,
Жалғанып ұлтпен парасы.
Көрер еді хақ жүзін,
Жалғанып жеті үнімен.
Кітабын алып құраннан,
Ілімін Алла меңгерген.
Таза ақыл баста тұра ма?
Шіриді бос жатқанда.
Ақирет, өлім ойламай,
Ашылмас жете, сана да.
Көп сауысқан, қайыршы,
Қайғы-мұңға батар ма?
Тағдырға налып, аятқа,
Көңілін дендеп аңдар ма?
Көптің соңын күзетпес,
Артын үзер әскер бар,
Тұрлаусыз дәурен тыз етпес,
Желдей есіп жоғалар.
Жылуы кетіп өң бойдан,
Қу бастықты сән қылған.
Көп жындының ойнасы,
Шайтаннан жын тудырған!
(Қараша 2018 жыл)
**** *****