Құлшылық құпиясы немесе Құраннан бір үзік сыр

Бөлім: Ата жолы кітабы №2 100

Байтасов Тоқберген Кескір ұлы.
Құлшылық құпиясы немесе Құраннан үзік бір сыр
2-ші кітап
Алматы-2007 жыл

Егер біреуге білімсіз діни ұйғарым берілсе, оны берген адам күнәкар саналады. Егер біреу жақын адамына шындықты біле тұра жалған ақыл айтса, оның әлгі жақынына үлкен зиян тигізгені. Алла алдында мақтанарлық күрес түрі — бас кесер басшылар мен қысым жасаушыларға қарата айтылған ақиқат. Мұхаммет пайғамбар өсиеті (х-796,37/2)

 

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын !

      Бұл кітапшаны Құраннан үзік бір сыр деп атап, қазіргі таңда қазақ жерінде «Қазақпын», азаматпын деп, етегін жауып есі кірген ұл-қыздарымызға, өткен өмірге тарихқа бей-жай қарай алмайтын, көк жиекті көріп өскен ұлағатты ақсақалдарымызға ой тастау мақсатымен осы шағын шығармалармен жаратушымыздың асыл сөздерін талқылауға ортаға салуды жөн көрдім. «Халық айтса қалып айтпайды» деген асыл дәстүр белгісін ырым еттім. Неге үзік сыр?  Сырдың сынын өміріңмен қиыстырып, жалғауын өзіңізге бердім оқырман. Жаратушымыздың түсірген, жаратқан әрбір нәрсенің алты жағы болса, сол нәрсенің тегінде яғни көрінбейтін құпия белгісінде ғайыптық сипатының 3 түрі және түсі (рең) болуы шарт! Себебі әрбір жаратылыс тегі жұп пен тақтан парымен болады. Қандайда бір нәрсенің түрленуі тақтан басталып, жұпқа айналып кеңістіктен орнын тауып отырады. Сол көрінбейтін кеңістік өлшем ғайып, тылсым немесе «эфирлік» «ақирет» заңдылығы деп аталады.  Қай уақытта да білімге құштар пенденің болмысты болжап, ғайыптан хабар алуға жан құмарлығының болуы заңдылық. Алла тағала жаратылыстан солай жоспар беріп қойған. Тек ол жоспар заманына қарай өзгеріске түсіп немесе ғылымы ашылып отырады. Қазақ халқының қазіргі таңда, сол ғайыпты болжауға құмарлығы яғни жан тәбеті (кармасы) ашылды. Сондықтан болар дін танушы да көп, дінді танытам деуші де көп, әр түрлі пікір таластар айтылып та жазылып та жатыр. Әркім өз білгенін істеп те жатыр да, ешбір кедергі жоқ, кәдімгі майдан, сөз соғысы. Құранға жүгінсек екі түрлі дін соғысы бар. Бірі жеңіл, бірі ауыр. Жеңілі бір елді халықты қаруланып басып алып, еріксіз мәжбүрлеп, өз таным нанымын, діндік дәстүрін енгізу болса, екіншісі; үгіттеу, насихаттау арқылы жеке пенделерді сол жердегі халықа, дін ақиқатын ерекше белгілер арқылы көрсетіп, білім ғылыммен ұштастырып, өмір сүру ерекшелігін қалыптастырып, салтқа, дәстүрге айналдыру керек. Әрине бұл ауыр соғыс аталып ұзақ жылдарды, төзімділікті, қажыр, қайратты және ғылым, білімді әсіресе философиялық, ой таным шешендік мектебін қалыптастыруды меңгеруді қажет етеді. Сондықтанда  мылтықсыз сөз майданы болып есептеледі. Себебі өз туысыңмен, қандасыңмен, жақыныңмен ақыл-оймен, сабырмен соғысуды қажет етеді. Қазіргі таңда қазақ елінде жүріп жатқан осы мылтықсыз сөз, ақпарат майданы. Заманына сай түрлі ақпараттық сөз әскерлері де бар. Бұл майданның негізгі қаруы қалам және ақпараттық көрсетілім, басылым мекемелері. Әрине шындық қашанда артта, ақыл алда, ортада ой жүреді. Ой төрешісі білім болса, негізі ғылым болу шарт!  Ғылымның екі көрінісі сипаты бар, бірінші сипат; түп негізі атасы –ілім, екінші өнімі-білім. Әрбір адам баласына ортақ қазына кітаптар болып табылады. Сол кітаптарды негізге алу үшін де дәлел керек. Қасиетті кітаптардағы білім көзі нақтылық шындық білім көзі болып, өмір сүру барысында қоршаған ортаға байланысты алып жатқан,  үйреніп жатқан біліміміз күмәнді білім болу шарт. Себебі ол үнемі түрленіп өзгеріске түсіп отыру керек. Егер алған біліміміз жеткілікті бәрін білемін деген білімділігіне күмәнсіз елде, қоғамда қашанда азғындыққа, күнәнің ықпалына түсіп жер бетінен жоғалып отыратыны тарихтан мәлім. Ал алған білімді мүлде жоққа шығарсақ онда адамзат дамуы тоқталмақ. Сол екі араның төрешесі толықтық, анықтық білім болу шарт.  Яғни біздің өмір сүру барысында қателіктерге ескерту және заман өзгерісіне байланысты түзетулер келіп, әрбір пенденің шабыт атты қасиет көздері арқылы, заманына сай дәлелдері түсіп отыру керек.

     Енді бар құпия да, талас та осы түсетін, оқылатын дәлелдерде жатыр. Сол дәлелдер тегі шежіре тарих болып қалыптасып, әр халықтың өмір сүрген ортасындағы дәстүрлік  ерекшелігі болып, нәтиже көрінісі қылығы сол дәлел айтушы пенденің білімі болмақ. Әуелі өзіңді таны, тіліңді ұқ, ата-анаңды құрметте, жан-жағыңа қарап салыстыр, сонда мені де танисың деп тұр сырлы әлем. Көре алмассың көместі, бірақ ғылыммен анықтап, біліммен сезесің, тек ғайып болмысыма ақылың-ойың жетпейді деп ескертеді Алла тағала. Кезінде Әл-Фараби, Низами, Фердауси, Архимед, Сократ, Ұлықбек, т.б. ғалымдар ірге тасын іліммен құйып, біліммен қабырғасын қалап, «Сандыбат» атты алты жақты сарайлар тұрғызып қабырғаларын ғылым құпиясымен өрнектеп, бос жерлерін толтырып, жөндеп күтіп ұстауды ұрпақтарға аманат еткен. Білім сарайдан көкке көтерілер есікті салу үшін, кілтін жаратушымыздың ескертуімен, пайғамбарымыздың сілтеуімен,  аманатқа қиянат жасамай тапсыра білген Арыстан баба болса, Әзіреті Сұлтан Құл қожа Ахмет атты түркі ұлы халқының мақтанышына айналып, сол сатыны көкпен жалғап, Ақсақ Темір көреген деген атпен әлемде аты қалған қолбасшы, басына теңдесі жоқ ескерткіш мұра салып, басын иіп тағзым еткен. Әулие бабамыздың мұрасына, салған ізіне түсінбек түгіл, зерделеп таныспай-ақ мешіттерде, құзырлы орындарда айтуды былай қойсын, сол әулие бастарын да көркем бейнеге түсіріп, осы уақытқа дейін алданып келгенімізді дәлелдеп жатыр кейбір дін танушы топтар. Яғни олардың пікірлерінше; Яссауи бабамыздан бастап қателесіп,  Аллаға серік қосып, дінде жалған сөйлеп, құлшылықта қателесіп келіппіз. Оған енді егемендік алып есімізді жинап, қайта арап тілін оқып барып, көзіміз жетіп немесе олар жеткізбек болып жатыр екен. Тарихта да қателіктер болып ғасырлар бойы адасып келіппіз. Сонда да адасқан халыққа қасиетті кітапта берген уәдесін жаратушымыз өзгертіп, сәжде жасап, намаз оқумен ғана шектелетін, арапша оқып арапша ойлана білетін, ислам мемлекеттеріне бермеген орасан зор байлықты, бейбітшілік өмірді, қазақ халқына неге сыйлапты Алла тағала? Осындай ой пікірді тек мешіттер мен құзырлы орындарда еститін болсақ, енді ол бейне таспаларға сол әулие бастарында түсіріліп, қарапайым халыққа Құраннан олар үшін түсініксіз сұрақтарды қойып, жауабын өздері қолма қол шешіп беріп жатқан дін танытушылар да таңсық емес. Ал шындығында солай ма екен? Қандай да болсын істің немесе сөздің қоршаған ортада тарихта белгісі, ізі болады. Жер бетін кезіп көрсеңіз, жамандықтың белгісінен апаттардан қалған керемет құрылыстары болып, қандай халық екенін тек аңыздар арқылы білсек, ал жақсы адамның міндетті түрде ұрпағы жалғасып, тілі, ғұрпы сақталып, артында жасаған істері аңызға айналып, өзінің де киесінен белгі қалып отыратыны ақиқат. Ондай адамдарды Алланың досы «Әулие және әмби» деп атайды да құрмет көрсетіп, қай ел болмасын мақтаныш тұтатыны даусыз. Ал біздің халыққа жол көрсетуге бұйырылған пенделерімізге ерекше қазақ тарихында бұрын соңды кездеспеген індет тымауы пайда болды. Атқамінерлеріміз орыстан жұқтырған «Европа» тымауымен ауырса, дін танытушыларымыз «Арап» кеселіне шалдықты. Бірақ «Әулие аттаған оңбас» деген қазақта сөз қалған. Сол бауырларымыздың болашақта Алла тағаланың қаһарына ұшырап, бірін-бірі жаулап, соғысып, болашақ ұрпақтарына зияны тимесін деп надандық пен адамдықтың арасы бір-ақ қадам екенін ескертуді жөн көріп, енді сол дін танушы қандастарыма көкейлеріне қонымды болу үшін, өздерінің меңгерген тәсілімен, бірақ әдейілеп бір саусағымды бүгіп, кейде бір аятпен ғана түсіндіріп, кейде аятты да жалпы көрсетпей жасыра отырып, негізгі есептерін тығып қойып, өздері шешсін деп қасиетті кітаптан бір үзік сыр тастадым алдарыңа ағайын!

      Аталар батасымен ат қойып, аянменен жол салып «Ақиқат бастауы» деген екі кітапты көптеген оқымыстыларға, дін танушы мамандарға, теледидар майталмандарына ұсынған едім. Мақтау сұрап жүрмегендігімді де айттым, түсінбеді ме әлде мен түсіндіре алмадым ба? Кемшілігін тапсын, жетпейтінін айтсын, талқыға көпшілікке салсын деп шабыт та іздеп бардым. Сол іздегенімді сендерден, аруаққа қарсы дін танушылар және көкірегі соқыр әкімдер арасынан таптым. Енді ұрыста тұрыс болмас. Тарихқа түкіріп, жаратушымыз түсірген асыл сөздерді арзан ақшаға айырбастап, пәтуа жасап, халықты ұйытып жатқандардың надан екенін дәлелдемекке бел будым.Өмірден өткен даналардан, өсіп келе жатқан және арттағы ғұлама болар балалардан кешірім сұрай отырып;  Алладан рақым, пайғамбардан шапағат, аруақтардан көмек сұрап, бүкіл аруаққа, қазақ дәстүріне қарсы дін ғұламаларынан бастап, жан емшілерін (психолог), арап танушылар, теологтар, тәпсіршілер, сопы тақуалар, т.б келіңдер, халық алдында таразыға түсейік демекпін ағайын. Менің білгенім «Сәни дәптер», көргенім, оқығаным Құраннан дәлел және аруақтар арқылы алған аян. Қолымда қазақша Құраным, ұраным ақ жол! Шартым Халифа Алтай атамызды арап тілінің маманы екенін мойындау. Болмаса арап тілінің маманы екендігіне сол араптарды мойындатқан дәлел құжаты болу шарт!  Екінші шартым төрешілікке барлық саладан ғалымдарды және сөз қадірін меңгерген ғалымдарды қойып, таразысы халық болып, қояр дүниеміз әрбір сүрелерді жиынтықтап, ғылыммен бөліп, 16 қырлы 10 қабырғалы білім сарайын тұрғызып, сызықтық жүйесін сызып, фәни жалғаннан көрінісін тауып, ахирет қақпасынан өте біліп, болмыстық болжамдық бейнесін ғылыммен сәйкестендіріп көрсетіп, қазіргі танымал ғылым жүйелерімен айқындап, түйіспейтін жерін Құран аяттары есептер жүйесімен көрсету болсын. Әрине танымал болған ғылым мен қасиетті кітаптардың аяттары сәйкес келмейтін жерлері көп, сондықтан құпия сызықтық белгісін көрсете білу шарт. Бос сөзді дін танушы қауым әуре болмай-ақ қойсын. Әрбір айтылған, әсіресе жазылған сөздің де болашақ ұрпақ алдында жауабы бар! Судың да сұрауы бар екенін ескерейік!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *