Сансыз бапқа салауат,
Нұр есігін ашқан тат.
Жол көрсетіп игілікке,
Құдайдан алған аманат!
Тағдырға жол-жобасы,
Ақталса адам баласы.
Аян, уахи алатын,
Құдайдың хикмет хабары.
Мұң шертетін тылсымнан,
Үнінен домбыра, қобыздан.
Жалғасын табар керемет,
Шындықтың құпия сырынан.
Қарсылық күшке төпейтін,
Жігер берер екжейтін.
Таза ақылдан ой салып,
Шырағың жанар сөнбейтін.
Сырдың бойын жағалап,
Керуен өтер сағалап.
Құлағын тіксе ақ бақсы,
Кітабына құпия жалғанбақ.
Атадан қалған мирасқа,
Құраннан құпия кітапқа.
Ортақ боп, асар мерейі,
Жалғанып көкте біз досқа.
Екі игілік, жол-жоба,
Пайғамбардан бұл мұра.
Ғазилік – іс басы,
Шаһиттік- игілік шаңыраққа!
Шаңырағын атаң сақтаған,
Жесір мен жетім болмаған.
Тегін қауым аздырмай,
Аталар жолын ұстансаң!
Шаһиттей сауап жинаған,
Нәзіктер арын сақтаудан.
Ошағын тектің өшірмей,
Бәйбіше, тоқал салтынан!
Ғазилік игілік іс басы,
Өлінің болса ризасы.
Құдайсыз қурай сындырмас,
Дәстүрі қазақ мирасы.
Жер кезумен ойпатты,
Қанмен күнә жумақты.
Құрбандық арнап құранмен,
Игілік аманат жалғасты.
(Желтоқсан 2018 жыл)