Ажалсыз әскер(210)

Бөлім: Зікір өлеңдер 121

Адуын күш сермер алыстан,

Зауалдың басын қайтарар.

Тасыма болған керілік,

Таба алмай көзін адасар.

Ғаламат әсер айдыннан,

Қуатын алар ілігіп.

Тамшыдан теңіз жиылған,

Көгіне қайтқан бу болып.

Қарысқан қәрі жілікке,

Жиылған кетер қаралық.

Торығып күй кеш басыңнан

Жеңіске жеткің асығып.

Қиыр мен шығыс, батыстан

Бір хабар келер зарығып.

Көкжиек, жұлдыз, аспаннан

Қажетіп өтеп тәңірдің,

Қолы боп жиылған ажалсыз

Әскері жетер қалыңдап.

Бас пенен мойын арасы

Аяусыз бөлінер ажырап.

Ажалсыз әскер өлмейтін,

Әркімде бар әруақ.

Екі қол ісің сөйлейтін,

Тағдыр боп қайта оралмақ.

Буынсыз тіл, сөз буып,

Көзіңмен өмір жалғанбақ.

Жаратылыстың алып бейнесін,

Жаман сөз жыланға айналмақ.

Суық қол болып оралып,

Басыңа бәле орнатпақ.

Шығарма іштен шұбарды,

Тұрмасын ой тілден ажырап!

(Желтоқсан 2018 жыл)

***  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *