Әрбір сөз де жаратылған жұбыменен,
Діннің де болады жұбы, пары деген.
Шариғат-дін ісі тарихпен бекітілген,
Тәпсірлерде; «Масһабтық» білім деген.
Құдай ісі — шариғаттың жұбы білсең,
Мүміндер көп жан көзімен, кітап көрген.
Інжілде Ғиса пайғамбар көркем сөзбен,
Қонатын бұл киелі рухтан, қасиет деген.
Су мен отпен тазартсаң малдық тәнді,
Ал сөзбен тазартасың рух пен жанды.
Рухыңның киесі қонар, қолдау салып,
Ғисадай пайғамбардан алсаң қолды.
Рухтың да бар пары мен жұбы,
Анаң жерден, келеді жердің рухы.
Адамзаттың шырағы Мұхаммед боп,
Табанмен тазарып, ақталар діннің ісі.
Аяқ-ыдыс, әрі соңы деген бұл ұғым еді,
Бар жандылар аяқпен іздер несібені.
Аталардан нақыл мен аманаты,
Жүрген аяққа жүргем болып ілігеді.
Рухың ағаш, аяқпен болып белгі,
Үш ағаштан тегіңді тіреу дейді.
Үш ағашқа ат байлау діннің салты,
Алақанға жазған тағдыр белгің енді.
Қолың Тәурат, білімі және ісімен ағарады,
Тіл мен сөз, өнермен қолға байланады.
Ал көңілдің сарайын Зәбур атап,
Дәуіттей бабаңмен ар сауыты қаланады.
Құдай ісін меңгеруді Інжіл деген,
Алдыңғы үш кітаппен інжу терген.
Бір мысал үгітінен жазып өтсем,
Ғисаның Петір атты шәкіртінен.
Кесария деген елде жүріп уағыз айтқан,
Корнел атты әділетті қазы биі болған.
Бір күні аян келіп бір Құдайдан,
Петірден уағыз тыңда деп бұйырған.
Бұл ел өзге дінді, еместі мүлде Христиан,
Парызшылар бас қосуға олармен тыйым салған.
Петірге де құдайдан уахи хабар келді,
Түсіріп дастарханды көктен жаратқан.
Жан-жануар, түрлі жәндік, құстар да бар,
Деді құдай ұста да бірін сойып жеп ал.
Бас тартып; О, ием арамдарды мен жемеймін,
Дегенде дауыс келді қатаң бұйырған –Ал!
Және айтты, Құдай өзі тазартқан бұл мал,
Тазартса құдай, пендесіне болмақ адал.
Саған іздеп келетін елшілер бар,
Шақырғанға бармасаң, боларсың зар!
Корнелден де шақырушылар келіп жетті,
Шәкірттерін ертіп Петір еріп кетті.
Парыз болған ережеге қарсы шығып,
Құдайдың берген аянын қабыл етті.
Корнелде қазы болған жан еді әділетті,
Қайыр мен садақаға, мінәжатқа болған епті.
Құдайдың ризашылығына осылай бөленгесін,
Петірмен тазарсын деп бұйрық жетті.
Петірді күтіп алып Корнел де жамағатпен,
Қарсы шығып алдынан тағзым еткен.
Бұл жағдай өз еркімен болмағанын,
Құдайдан алған аяндарын баян еткен.
Петір сонда жорыды да өзінің аяндарын,
Адамзатты арамға, қасиетсізге айырмауын.
Татулыққа, туыстыққа шақырсаң адамзатты,
Қонады киелі рух, өзі құдай таңдағанын.
Ал исламда надандық бар кәпір деген,
Оқымаған намазды дінде жоқ бұлар деген.
Өзге түгіл, өз туысын дінсіз арам атап,
Бес парызбен ғана дін исламда болу деген.
Және бар қазағымда болған жынды,
Тегіңді қазақшалай бар деген жазу үлгі.
Ағаштың орысшасы «Ов» -ты алсаң,
Құдайдың емес дегенді «Орыс құлы».
Діншілер аруағыңа Құран оқып сыйынба деп,
Зияратиасаң досыңды іздеп, дінсіздік деп.
Бар діннің кітабы мұны айтып тұрғанменен,
Ел билік тыйым салды заң жүзімен.
Қазақтың әдет-ғұрпы, дәстүр салты,
Құранда бар түрлі үкіммен және аяты.
Білмесеңдер дегенді, түк сендер емессіңдер,
Інжіл, Таурат және атадан қалған ғұрыпты.
Қазақты ата жолы сақтаған Адамдықты,
Адамдаққа қарсы боп тажал шықты.
Қияметте 30 түрлі тажалдық білім болып,
Дегенін пайғамбардың ел билік растап шықты.
Партия құрып өкпемен дауын айтқан,
Орыс түгіл, өз ұлтын да айдап салған.
Адамдық па дүние үшін ел таласқан,
Терістеп Құдай сөзін өзара ырылдасақан.
Бар білімді әлемнен түгел жинап алып,
Дейміз енді европадай білімді ел болалық.
Арсыздықтан ол елдер құрып жоғалуға,
Құдайдың түскен лағнетін де көрді халық.
Аспаннан, жерден түрлі–түрлі болып қауіп,
Талайлар жатқанымен апаттардан ажал тауып.
Ел басқарған, зиялылар жүрегі тастан ба екен,
Жоба көрмей, жол іздемей дінін тауып.
(Б.Т.К желтоқсан 2013 ж)